Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менеджмент УМК+.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қорытынды

Сонымен басқару шешімін қабылдау менеджердің негізгі функцияларының бірі. Басқару шешім процесі бірнеше стадияларға бөлінеді және сипаттамаларға байланысты бірнеше түрі болады.

Лекцияға әдістемелік нұсқаулар

Осы лекцияны қарастыру барысында менеджменттің басқару әдістеріне аса көңіл аудару керек және де әсерететің факторлардың сипаттарына назар аудару керек.

Әдебиеттер

  1. Анафияева Ж. Менеджмент: Оқу құралы. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 2008. – 146 б.

  2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.

  3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.

  4. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.

  5. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.

  6. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997

  7. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995

  8. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995

  9. Опалев А.В Умение общаться с людьми. Этикет делового человека. М: Культура и спорт, Юнити 1996

Тақырып 9 - Рыноктық экономикадағы басқару әдістерінің жүйесі

Мақсаты: Басқару әдістерінің классификацияларының әдістемесін қарастыру, олардың ұйым қызметіндегі маңыздылығы мен қолдануы.

1. Басқару әдістерінің мәні

2. Экономикалық басқару әдістері

3. Басқарудың ұйымдастыру – жіктеу әдістері.

1. Басқару әдістері – бұл белгілі нәтижеге жету үшін басқару субъектісінің объектіге әсерінің тәсілдерінің жүйесі. Басқару әдістерінің теоретикалық негізі терең және мұқият өңдеуді қажет етеді. Өйткені басқару құралының аса белсенді қазіргі оны дұрыс қолданбауында теріс зардаптарын алып келуі әбден мүмкін. Бұл басқару механизмінің деформациясы немесе дұрыс құралмауында терең қарастырылады.

Басқару әдістерінің классификациясында бірнеше шарттары бар. Алайда адамдар мен ұжымдарға олардың олардың мүдделеріне қатысты (қарастыратын) қатынас құралдарды қолданудың мағынасы бар. Сондықтан да қатынастар құрамы бойынша: экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік-психологиялық. Берілген сыныптамада (классификация) негізі жеке жұмысшылардың (қызметкерлердің) еңбекке, тұтыну мен мүдделерін қарастыру. Нақты осылар адамдардың мінезін анықтайды.

  • Экономикалық әдістер табиғат, қоғамның объективті әлемінің даму заңдылығы мен әлеуметтік – экономикалық заңдарға негізделеді. Осы әдістердің қолданылуы тұлғаның, ұжымның және қоғамның экономикалық мүдде жүйесіне сүйенеді.

  • Ұйымдастыру-ұйғару әдістері – адамдардың барлық деңгейдегі шаруашылық және басқаруындағы құқықтары мен жауапкершілігіне негізделеді. Бұл әдістер басшының билікті қолдануын, бағыныштыларының жауапкершілігін және ұйымдастыру қатынастарының жүйесін құруды қажет етеді.

  • Әлеуметтік-психологиялық әдістер – қоғамдық көзқарастың құрылуында және дамуында, қоғамдық және дамуында, қоғамдық және индивидуалды мағынасы бар бағалылықта – жақсылық пен зұлымдық тұлғаға қатынас негізінде құрылған. Басқару тәсілін таңдауға болады. Тәжірибе бойынша, ең жоғарғы ықпал, әрбір әдіс басқасын толықтыруы мен күштеу негізінде қолданылғанда пайда болады. Нақты бір адамға қатынас құралын таңдаған жағдайда, оның жеке тұлғалық қасиеттерін, еңбекке деген толынысын, оған материалдық немесе рухани құндылықтың артық екенін ескереді. Басқарудың әдісін таңдауда бизнес мақсатынан, жекеменшік пен шаруашылықтан, кәсіпорын көлемінен, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ететіндігін, кадрлардың даярлылығының деңгейінен, нарық құрылымымен, мемлекеттің агробизнеске қатынасының саясатынан байланысты. Басшы барлық басқару әдістерін толық меңгеруі тиіс, жоғары экономикалық мәдениетті игеруі, құқықтық қатынас саласынан тәжіриеблі және психолог, тәрбиелеуші болуы керек.

2. Басқарудың экономикалық әдістері - бұл экономикалық ынталар мен жетістіктер жиынтығы, өндіріске тікелей емес, жанама әсер етеді, қоғамға керекті бағытта кәсіпорын жұмыскерлердің қызметін ұйымдастыру.

Экономикалық әдістер жүйесі өзіне 2 үлкен топты қамтиды: орталықтандырған тікелей есеп айырысу және шаруашылық есеп айрысу.

Басқарудың экономикалық әдістер жүйесі барлық шаруашылық жетіктерге сүйенеді: жоспарлау, экономикалық талдау, экономикалық ынта және т.б.

Басқарудың экономикалық әдістері - өндіріске тікелей емес, ол жанама әсер ететін, кәсіпорынның қызметі мен қызметкерлерінің қоғамға керекті бағытта ұйымдастыратын экономикалық рычагтың жүйесі экономикалық қызығушылық мемлекеттің, ұжымның және тұлғаның қызығушылығына мүмкін болатын қоғамда жүйені құрады. Осы қызығушылықтар арасында далектикалық қарама – қайшылықтар бар. Бұл қарама – қайшылықтар жасанды емес, бастапқыдан, объективті болады.

Әрбір қызметкер біріншіден өзінің еңбегінің нәтижесіне, екіншіден өндірістік ұжымның еңбегінің нәтижесінде, өзі мүше болып табылатын, үшіншіден жалпы қоғамдық өндірістің нәтижесіне қызығушылық білдіреді. Бірінші орында қоғамның қызығушылығы, содан кейін өндірістік ұжым мен әрбір тұлғаның қызығушылығы болу керек. Қоғамның бар болуының материалдық жағдайын туғызбастан, оның өмір сүруінің қамтамасыз етуінсіз, тұрақтылығын қамтамасыз етуінсіз тұлға мен ұжымның қалыпты болуы мүмкін емес. Ұжымның қызметінің жақсы шарттармен қамтамасыз етуінсіз әрбір қызметкердің тиімді дамуы мүмкін емес. Жеке тұлғаның, ұжымның және мемлкеттік қызығушылықты саралау әрқашан күрделі мәселе болды. Ол бірқатар тапсырмаларды шешуді қамтуы, мысалы; бөлу мен тұтыну қорлары арасында, жалақы мен қолдау қорлар арасында әр кезеңде аса рационалды қатынас орнату болып табылады. Басқарудың экономикалық әдістерін қолдану экономикалық заңдар мен қоғамдық дамудың категориялары барлық жүйелерін пайдалану үшін қажетті. Экономикалық әдістер жүйесі екі үлкен бөліктен (топтан) тұрады; тікелей орталықтанған есеп беру және шаруашылық есеп беру.

Тікелей есеп беру материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың орталықтанған жоспарлы бағытталған бөлу мен қайта бөлудің кеңейтілген өндірістің макропропорциясын қамтамасыз ету мақсатында негізделген. Бұл әдіс төтенше жағдайлардың зардаптарын (табиғи және техногенді) жоюда және басқа жағдайлар қатарында, субсидия түрінде, субвенция және дотация түрінде.

Шаруашылық есеп беру бағалық категориялардың пайдалануының реттеуші құрал ретінде, шығындардың өндірісте және өнімдерді жүзеге асыру негізінде болады.

Басқарудың экономикалық әдісінің жүйесі шаруашылықтың барлық шартына жүгінеді, олар; жоспарлау, экономикалық талдау, экономикалық ықпал ету және т.б.

Жоспарлау. Басқарудың ғылыми түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етілуіне: басшылар мен мамандардың лауазымдық өкілеттілігін (бөлу), басқару кадрларын даярлау және олардың тәжірибесін жоғарылату, басқару технологиясын жүргізу, басқару еңбегін қамту.

Өндірістің жоспарлы басқарылуы мен басқару қызметкерлерінің бірлігін, ұжымның жоспарлы және динамикалық дамуын қамтамасыз етеді.

Қоғамдық өндірістің прогрессивті құрылысының басты маңызы, оның тұрақты және пропорционалды дамуы, ғылыми – техникалық және өндірістік потенциалды пайдалану болып табылады. Осы тапсырмаларды орындау жоспарлауды түрақты түрде жақсартуды талап етеді. Оның негізгі жолдары мыналар: нарықтық құрылымның кең есебі, жоспарлы көрсеткіштердің – жақсартылуы, олардың бағыттылығын соңғы нәтижеге жеткізу; болжаулар мен болашағы бар жоспарлардың қызметін нығайту; ұзақмерзімді, қазіргі және жедел жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету прогрессивті экономикалық нормативтерді енгізу; техникалық құралдарды қолдану; тиімді жұмыс үшін биржа, көрме және аукциондарды пайдалану, келісім – шарт қатынастарды дамыту.

Экономикалық талдау. Экономикалық реттеудің маңызды талабы, барлық бөлімшелерге тең экономикалық жағдайлар туғызу, тең еңбекке тең еңбек ақымен қамтамасыз ету. Алайда, еңбектің тиімділігін ескеру қажет және қолдау шарасын оның деңгейімен белгілеу керек.

Кең ұғымда экономикалық реттеу өндірістің дамуында мынадай экономикалық шарттарды қамтиды; баға, өзіндік құн, кредит, пайда және т.б. Осы шарттарды қолдану комплексті және жүйелі түрде болады.

Реттеу әдістерінің жүйелі және комплексті пайдаланудың соңғы мақсаты – объективті шарттарды қоғамдық даму заңдарының әлеуметтік – экономикалық тиімді жүзеге асыру үшін тұлға, ұжым және қоғам мүддесінде құру.

Мүдделердің бірлігі әлі өндірісте, бөлуде, айырбас пен қоғамдық өндірістік өнімді тұтынуда оптималды қолдануды білдірмейді. Экономикалық мүдделер – динамикалық, қозғалыс категориясы болғандықтан экономикалық жағдайлар оған реттеуші немесе тежеуші ықпал жасау мүмкін. Сондықтан да барлық жағдайда басқарудың механизмінің барлық жағдайын қарастырған жөн болады.

  1. Басқару әдістер жүйесінде ұйымдастырушылық – жіктеу әдістері ерекше орын алады. Олар өзіне басқару субъектісіне объективті ықпал ету тәсілдерін күш және билік беделіне негізделіп қамтиды - заң, жарлық, қаулы, бұйрық, ұйғарым, нұсқау және т.б.

Бұл әдістер басшы мен қызметкердің әрқайсысының міндеттерін, құқықтарын, жауапкершілігін анықтайды, сонымен қатар басқарудың әр деңгейі мен звеносына қатысты.

Олар жоғарыда тұрған билеушілердің мүддесін орындалуына қызметкерлердің персоналды жауапкершілігімен қамтамасыз етуі керек.

Ұйымдастырушы - жіктеу әдістерінің негізі – кез келген қоғамда бар, кез келген әлеуметтік - экономикалық жүйеде бар ұйымдастырушылық қатынастар. Сол тарапта басқарудың неше түрлі қатынастары қалыптасады. Кез келген нақты ұйымдастырушылық қатынастар - бұл өзіне құқықтық қатынастарды және жауапкершілік, билікті қамтитын субъективті - объективті қатынастар.

Ұйымдастыру – ұйғару әдісінің негізі – кез-келген қоғамда объективті болатын, кез келген әлеуметтік – экономикалық жүйедегі ұйымдастыру қатынастары. Олардың негізінде басқарудың көпжақты катынастары құрылады. Кез келген ұйымдастыру қатынастары – бұл алдын ала өзінің құрамына енетін құқықтар мен жауапкершілік билікті білдіреді. Ұйымдастырудың қатынастары объективті тек қоғамдық дамудың тек қана заңымен емес, сондай-ақ әлеуметтік – экономикалық және саяси шарттармен, объективті және субъективті табиғатқа ие.

Кез келген жағдайда ұйымдастыру қатынастары биліктің иерархиясын құрудың негізі қызметін атқарады, яғни құқық пен жауапкершілік қатынас жүйесін білдіреді. Олардың тиімді жұмыс істеуі үшін, екі негізгі шарт қажет:

- Басқарудың субъектісі мен объектісінің ұқсастығын құратын (тудыратын) құқық пен жауапкершіліктің тұрақтылығын әр деңгейдегі жағдайы.

- Басқару деңгейлерінің құқық пен жауапкершілік тұрақтылығы, осының негізінде аралық деңгейі басқару жүйесінде берілетін құрал болады.

Ұйымдастыру ұйғарым әдістері басқаруда жан-жақты алайда оларды ықпал ету бағыты бойынша бөлуге болады. Ықпал ететін шарттар регламенттер, нормалар, ережелер, басқару талаптары, жауапкершілік және өкілеттілік, бұйрықтар мен ұйғарымдар болып табылады.

Ұйымдастыру – ұйғарымдық әдістер үш топқа бөлінеді.

  • ұйғарымдық;

  • ұйымдастырушылық – тұрақтандырушы;

  • қатаңдылық (тәртіптілік).

Ұйғарымдық және тәртіптілік басқару әдістері әрқашан ұйымдастыру-тұрақтандырумен бірге, регламенттеуді, нормалауды және ережелеуді қамтамасыз етеді. (сур. 7). Бағыттардың әрекеті келесілер:

Әлеуметтік – экономикалық жүйенің ұйымдастырушылық құрылымының тұрақтылығын және олардың функционалдауының шарттарын қамтамасыз ету.

  • әлеуметтік – экономикалық жүйеде, билікте болатын әрбір процесстің бағынуы.

  • осының негізінде барлық ұйымдастырушылық – ұйғарымдық әдістер комплексте жүйенің тұрақтануында қолдану керек.

Регламенттеу сондай-ақ басқарудың әдісін қамтиды.

  • жалпы ұйымдастырушы, кәсіпорын мен билік органдарының құрылысының принципін анықтайды;

  • құрылымдық, билік органдарының құрылымын анықтайды, яғни басқарудың деңгейі мен бөлімшелерін теру;

  • қызметтік, әрбәр тұлғаның қызметтік статусын анықтайды;

  • функционалды, билік құрылымының және қоғамдық ұйымның қызмет ету реті;

Нормалау. Бұл басқару нормативтерді пайдалануға арналған. Норматив ұғымын норма түсінігімен айыру керек. Норма – бұл өлшем, табиғи және антропогендік процесстердің ағымының жағдайлары. Норматив – бұл шартты бөлу. Нормалау басқару әдісіне келесі нормативтер жатады:

  • уақыт (тұтынушыға тауар бірлігіне жұмсаған уақыт);

  • саны (1 мың адамға шаққандағы медицина қызметкерлер саны)

  • өлшем (зақым келтіретін заттар концентрациясы 1 м3 өндіріс орын)

  • өңдеу (уақыт бірлігіне өндірілетін, өнім көлемі);

  • қатынастың (оқу орындағы студенттер мен оқытушылардың қатынасы)

Нормалар мен нормативтердің пайдалануы өте маңызды оларды дұрыс пайдаланбаған жағдайда нашар нәтиже алып келуі мүмкін.

Ережелеу. Бұл ұйымдастыру – ұйғарымдық басқару әдісінің кең саласын алып жатыр. Ол өз құрамына әр түрлі ақпараттандыруды кіргізеді.

  • алдын алу;

  • талқылау;

  • танысу;

  • кеңес және т/б.

Ережелеу басқару әдісінің мақсаты қызметкерлерді ойланбаған, ақиқатталмаған немесе тәжірибесіз әрекеттерді, соңында ауыр қателік немесе соттық жауапкершілікке тартылатындай әрекеттерді таныстыру.

Басқарудың ұйымдастыру-ұйғарымдық әдістері

Ұйғарымдық

Ұйымдастыру – тұрақтандырушы

Тәртіптік

Регламенттеу

Нормалау

Ережелеу

Жалпы ұйымдастыру

Уақыттық

Алдын - алу

Құрылымдық

Сандық

Анықтау

Қызметтік

өлшемдік

Танысу

функционалдық

өңдеулер

кеңес

Сәйкестік