Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менеджмент УМК+.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қорытынды

Топтың ұйымшылдығы – топ мүшелерінің бір біріне көңіл бөлуі. Ұйымдағы ұйымшыл топ жақсы жұмыс істейді, әрі мүның өзі бүкіл ұйымның тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Топтық пікірлестік – жеке адамдардың көзқарасы, ойы бір жерден шығатын, ниеттес, көңілдес болуы, топ бірлігін, ұйымшылдығын, ауызбірлігін жақтауы.

Лекцияға әдістемелік нұсқаулар

Әдістемелік нұсқау ретінде басқаруды ғылыми негізде қарастыра отырып, ондағы адам қызметі маңыздылығын анықтау. Адам қызметі қағидалары мен түрлерінің ерекшеліктерін нақтылап, оның тәжірибе жүзінде қолданылуын игеру керек.

Әдебиеттер

  1. Анафияева Ж. Менеджмент: Оқу құралы. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 2008. – 146 б.

  2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.

  3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.1996

15- тақырып. Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі

Мақсат: басқару стильдерін талдап, тиімдісін таңдау

1.Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары

2.Стиль түрлері және олардың сипаттамалары

1.Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары

Басшы жұмысының стилі – оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердң, амалдардың іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі-бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі. Басшының дербес және жалпы стилі болады. Дербес стиль нақты құбылыс – оны түгелдей, егжей-тегжейлі қабылдауға болмайды.

Басшының дербес стилі алуан түрлі объективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:

  • Іс-әрекет сипаты;

  • Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс;

  • Психологиялық қасиеті;

  • Орындау тәртібінің жағдайы т.б.

Стильдің қалыптасуы – бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты процесс. Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.

  1. Стиль түрлері және олардың сипаттамалары

Мемлекеттік басқарудың негізі болып адамның рөлі, орны және қоғамның басқарудың объектісі ретінде болуы есептеледі.

Демократиялық басқарудың негізі – адам үшін күнделікті қызметі, жұмысы кәдімгі жағдай болып,

оның өзін-өзі ұстауға қабілетті болуы және жауапкершілікті мойындауы болып табылады. Сондықтан, сыртқы қадағалау мақсатқа жетудің бірден-бір жолы болып есептелмейді. Басқарудың мұндай стильі өкілеттікті дегалиттеуді қарастырады. Демократиялық басқару мынадай сызба бойынша жүзеге асырылады: адам – қоғам – мемлекет. Ұлттың прерогативасы мемлекеттен кең және азаматтық, қоғамның өзін-өзі басқарудың институтын енгізеді. Демократиялық басқару қандай да мемлекеттік құрылымда болуы мүмкін. Мысалы, Англияның монархиялық жүйесі демократиялық институттардың болуына кедергі жасамайды. Ал Жапонияда монархия демократия мен коллективизм үйлестірілген. Демократия заңдарды қабылдаумен, Конституция жазылуымен бекітілмейді. Мемлекетпен демократиялығын молшылық деңгейімен, биліктің басынушылықпен күресуінен, шенеуніктер коррупциясы мен қылмысты көруге болады.

Авторитарлық басқару негізі – адам еңбек еткісі келмей, жауапкершіліктен қашып, атаққұмар, басқаға өзін басқаруға мүмкіндік береді. Сондықтан, еңбек нәтижелілігін көтеру үшін оны зорлап бақылау қажет. Авторитарлық басқаруда жауапкершілік пен бақылау биліктің жоғарғы деңгейіне шоғырландырылған, көшбасшы жеке билікті имеденеді. Ал қызметкерлер оның жарлықтарын орындаумен айналысады. Басқарудың демократиялық стилі анархизмге, ал авторитарлық – тоталиторизмге негізделген.

Анархиялық басқаруда әртүрлі жағдайларға, заң мен факторларға ешкім араласпайды. Ал тоталитаризм кезінде қоғамның барлық салаларын мемлекет толық қадағалайды.

Халық керекті және орынды мемлекеттік құрылымды таңдайды. Ол адамдарға молшылық әкеліп, экономиканың нәтижелілігін және әділетті бөлуді қамтамасыз еткенге дейін белгілі мерзімге таңдалады. Мемлекеттік жүйеге ең алдымен, халық кедейшілігі, әлеуметтік және т.б. Құлдыраулар қауіп төндіреді.

Орталық биліктің мемлекет құрамына кіретін әкімшілік, ұлттық бірліктермен қарым-қатынас сипатына қарай мемлекеттік басқару жүйесі координациялық және субординациялық болуы мүмкін.

Координациялық басқару федерация және конфедерация түрінде жүзеге асырылады. Федерацияда мемлекеттік биліктің бірыңғай органы бар, ал конфедерацияда жоқ. Федерация мүшелерінің өздерінің конституциялары, заң шығарушылық, орындаушылық және сот органдары болуы мүмкін. Сонымен қатар мемлекеттік биліктің бірыңғай федеративті органдары құрылады. Жалпы азаматтық, ақша бірлігі орнатылады.

Конфедерация құрған мемлекеттер толық тәуелсіздікті сақтап, өзінің мемлекеттік билік пен басқару органдарының иеленеді. Белгілі мақсаттағы әрекеттерді сәйкестендіру үшін (жоғарғы саяси, әскери және т.б.) мемлекеттер бірлескен органдар құрады.

Субординациялық басқару қатал әкімшілік бағынуға бұйрықтарды орындауға мәжбүрлеуге негізделген. Субординациялық биліктің мысалы ретінде КСРО-ның мемлекеттік жүйесі бола алады, онда билік республикалардың облыстардың партиялық комитеттеріне бағынады және орталық комитеттің бұйрықтарымен жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болып саналады.

Қорытынды

Басшының стилі - бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі. Басшының дербес және жалпы стилі болады. Дербес стиль нақты құбылыс – оны түгелдей, егжей-тегжейлі қабылдауға болмайды.

Лекцияға әдістемелік нұсқаулар

Басқару стилінің мәнін ашу үшін басқару әдістерінің классификациясына ерекше көңіл бөлу керек. Берілген дәрісті оқу үшін міндетті түрде басқарудың әлеуметтік - экономикалық аспектілерінің негізгі бөлімдерін талдап, білу қажет.

Әдебиеттер

  1. Анафияева Ж. Менеджмент. ОӘК, Астана, 2008 ж.

  2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.

  3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.

8. ПӘННІҢ ОҚЫТЫЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Оқу-әдістемелік кешенде студенттің курс бойынша материалдарды игеруі үшін қажетті материалдар толық қамтылған. Өзіндік жұмыс тапсырмалары үшін әдебиеттер тізімі де ұсынылған. Курс бойынша жақсы балл алу күнделікті сабаққа қатысымынсыз мүмкін емес. Сондықтан студенттер сабақ кезінде сабаққа белсенді қатысуға қызығушылық білдіруі керек. Себебі, қорытынды бағаны көтеру үшін белгілі бір пайыз көлемін иеленеді. Барлық тапсырмалар берілген уақытында орындалуы керек және материалдарды талқылау үшін дайындықпен келуі керек. Сонымен бірге студент сабақ барысында қажетті ақпараттарды ала алады. Аралық бақылауды және қорытынды емтиханды кешігіп тапсыруға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Студенттің білімі практикалық және СОӨЖ, СӨЖ сабақтарында бағаланады.

Практикалық сабақта студенттер дәріс сабақғында алған білімдерін қаншалықты терең түсінгендігін дәлелдейді және қосымша материалдар бойынша сабақ айтады. Уақыт шектеулігіне, студенттер санының көптігіне байланысты сабақта тақырып бойынша тест тапсырмаларына жауап беруге болады.

Студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) бойынша өткізілетін сабақтарда келесідей нысанда өткізіледі: тақырып бойынша талқылауға арналған сұрақтар, мәнжазба және баяндамаларды талқылау, студенттің тақырыпқа қатысты сұрақтарына жауап беру.

Талқылауға арналған сұрақтар – студенттің дәріс сабағында алған теориялық білімін бекітуге мүмкіндік беретін СОӨЖ-да орындалатын тапсырмалардың бірі. Оған студенттер алдын-ала берілген сұрақтарға үйден дайындалып, сабақ барысында оны ортаға талқылауға салады. Сұраққа қатысты әрбір студент өз ойын білдіруге мүмкіндік алады және олардың талқылау нәтижесінде мол ақпарат алуына жол ашылады.

Мәнжазба – студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі.

Мәнжазба жазу төмендегідей тәртіпте жүзеге асырылады:

  1. Мәнжазба тақырыбы оқу жылының басында студенттерге таратылады;

  2. Мәнжазба тақырыбын таңдау «таңдау еркіндігі» принципіне негізделе отырып жүргізіледі;

  3. Мәнжазба жазуға студенттің қабілетіне және тақырыптың күрделілігіне байланысты 1 ай, 1 семестр уақыт беріледі;

  4. Мәнжазба жазбаша формада аттестация уақытына дейін қорғалады.

Мәнжазба төмендегідей бөлімдерден құрылуы керек:

  • кіріспеден;

  • негізгі мәтіннен;

  • қорытындыдан;

  • пайдаланылған әдебиеттен.

Мәнжазбаны орындауды 6 кезеңге бөлуге болады:

  • тақырып таңдау;

  • әдебиет таңдау және оқу;

  • мәнжазба жоспарын құру;

  • нақты және статистикалық материалдарды жинау және өңдеу;

  • мәнжазба жазу;

  • мәнжазбаны қорғау.

Мәнжазба тақырыбы ұсынылатын тақырыптардың ішінен өз бетінше таңдалады. Кей жағдайда тізімде болмаған тақырыпты студент өзі ұсына алады. Тақырыбы таңдалғаннан кейін каталог бойынша қажет әдебиет тізімі қаралып, таңдап оқылады. Студенттің басты міндеті – қазақстандық, ресейлік және шетелдік әдебиеттің ішінен тек мәнжазбаның таңдалған тақырыбына қатысты сұрақтарды мазмұндайтын оқулықтар, журналдар мен мақалаларды ғана таңдау. Әдебиетті таңдап оқығаннан кейін студент мәнжазбаның мұқият ойластырылған жоспарын құруы керек, ол оның негізгі сұрақтарын неғұрлым толық ашуға мүмкіндік береді. Жоспар – бұл мәнжазбаның негізі, оның қалай құрылғанынан барлық жазбаша жұмыстың деңгейі тәуелді болады.

Әдебиет таңдалып, жоспар құрылып, нақты материалдар алынып және сәйкесінше өңделгеннен кейін мәнжазба жазуға көшуге болады. Бұл кезеңде жұмыс жоспарын нақтылауға, маңызды сұрақтарды пункттер мен подпункттерге бөлуге болады.

Мәнжазба сәйкесінше безендірілуі керек. Безендіруге қойылатын талаптар төмендегідей:

  1. титулдық бет;

  2. жұмыс жоспары мен атауы;

  3. кіріспе;

  4. негізгі мәтін;

  5. қорытынды;

  6. әдебиет, мұнда нормативтік – құқықтық актілер, сонымен қатар авторлар аты-жөні алфавиттік тәртіпте құрылады.

Жұмыстың мәтіні мұқият тексерілуі және қолмен түсінікті жазылуы немесе компьютерде терілуі керек. Мәнжазбаның беттері нөмірленуі керек.

Баяндама – студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі. Ол студенттің ғылыми ізденуіне дағдыландыратын тапсырманың бірі. Баяндамада тақырыптың өзектілігі сипатталып, тақырып мазмұны логикалық тізбектілікпен, жүйелікпен орындалуы қажет.

СӨЖ тапсырмалары студенттің өз бетімен орындайтын келесідей тапсырмаларды қамтиды: өз бетімен қосымша ізденуге мүмкіндік беретін сұрақтар тізімі, практикалық немесе СОӨЖ сабақтарында орындалатын әр тақырып бойынша қысқаша тест тапсырмалары, аралық бақылау тапсырмалары (коллоквиум сұрақтары, тест тапсырмалары) және емтихан сұрақтары.

Тест тапсырмалары практикалық немесе СОӨЖ сабақтары барысында студенттің тақырыпты меңгергендігін бағалау үшін қажет. Мұндай тест тапсырмалары уй тапсырмасын сұрауда уақыттың шектеулігіне қарамастан студенттердің барлығын бағалауға мүмкіндік береді.

Студенттің білімін бағалау мақсатында екі аралық бақылау ұйымдастырылады. 1-шісі 7 аптада, 2-шісі 15 аптада. Курс бойынша аралық бақылау аясында студент ауызша нысанда коллоквиум немесе жазбаша нысанда тест сұрақтарына жауап беруі қажет.

Коллоквиум тапсыру студенттердің ауызша жауап беруге және пәннің негізгі ұғымдарын терең түсінуге дағдыландырады және семестр бойына 2 рет жүргізіледі. Коллоквиумға дайындалғанда сұрақтың мазмұнына байланысты дәріс материалдарын, сонымен қатар негізгі және қосымша әдебиетті пайдалануы керек.