Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_s__1179_az_t_PIP_mamnd_konspekt.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137 Кб
Скачать
☆

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Психология қандай ғылым ?

2) Адамның жан дүниесін қандай тәсілдер арқылы зерттеуге болады ?

3) Психология ғылымының мұғалімдер үшін қандай маңызы бар ?

4) «Психология адамның өзін – өзі тәрбиелеуіне көмектеседі» дегенді қалай түсіндіресіз?

5) Өз ерекшелігін ажырата білуге жәрдемдеседі ме?

6) «Күнделікті өмірде психологияның маңызы қандай ?» -

деген сұрақтар төңірегінде өз ойыңызды білдіріңіз.

3. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз .

Түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, әдет, мінез, ұжым, ұғым.

4. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрастырыңыз.

Психология, міәнез, ой, қабілет, қызығу, әдет – ғұрып, тұрмыс – салт, ереже

5. Берілген етістіктерді өткен шақта жеткізіңіз.

Табыну, жәрдемдесу, білдіру, қарастыру.

6. «Психологияның маңызы» тақырыбында эссе жазыңыз.

7 апта

1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз, баяндаңыз. Мағжан Жұмабаев

(1893 - 1938)

Мағжан поэзиясында адам жан – дүниесінің сыры мен қыры маңызды орын алады. Оның «Педагогика» (1922) атты еңбегі педагогикалық психологияны қамтиды. Бұл еңбегінде Мағжан жан көрінісін білу, сезім, қайрат деп үшке бөледі. Олардың өзара табиғи үйлесімін Абай тұжырымымен байланыстырады.

Кітапта «зейін» туралы да біраз деректер бар. Автор шәкірттерде зейін даму үшін әсердің күшті, жаңа болуы керек деейді. Ол кейбір оқушылардың зейінсіз болуының себептерін де ашады. Бұған дененің немесе жанның шаршауын, бейғамдықты т.б. жатқызады. Бейғамдықты болдырмау үшін терең, ұзақ тәрбие қажет.

Ол бұл еңбегінде ойлау, ұғым, ой қорытындылары, ішкі сөйлеу т.б. мәселелерді, ерік – жігер рефлекс, әдет категорияларына да талдау жасаған. Ақын тілдің адам өміріндегі маңызы жайлы былай дейді.: «Ұлттық тілі кеми бастауы, ол – ұлттың құри бастағанын көрсетеді». Бұл ұлттың тілінде, сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұр.

Ол педагогика мен психологияның тығыз байланыста екендігін, яғни шәкірттердің жан дүниесі ерекшеліктерін ескеру керектігін ескертеді.

Жаңа сөздер

Қыр – сторана

Зейін – внимание

Шаршау – уставать

Бейғамдық – беспечность

Ой қорытындылары – заключительные идеи

Ерік – жігер – воля

2. Сұрақтарға жауап беріңіз

а) Мағжан Жұмабаев туралы не білесіз?

ә) Оның «Педагогика » атты еңбегі ғылымның қай саласына арналды

б )Мағжан Жұмабаев жан көрінісерін қалай жіктейді?

в ) Мағжан Жұмабаев зейін туралы не айтқан?

г) Мағжан Жұмабаев тілдің адам өміріндегі маңызын қалай көрсеткен?

3. Берілген конструкциялардағы асты сызылған сөздердің жасалу жолдарына назар аударыңыз, олардың қай сөз табына жататынын анықтаңыз.

Бейғамдықты болдырмау үшін, дененің немесе жанның шаршауы, табиғи үйлесім, оқушылардың зейінсіз болуы себептері, ой қорытындыларына талдау жасаған.

4. Мәтіннен психологиялық терминдерді көшіріп жазып, талдау жасаңыз.

5. Жан - дүниесінің сыры мен қыры, шәкірттердің жан – дүниесі ерекшеліктері, көріністері деген ұғымдардың мәнін мысалдармен түсіндіріңіз.

6. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Сыр, сезім, ерекшелік, әсер, зейін, бейғамдық, тәрбие, әдет, ерік, себеп, жігер.

7. Берілген сөздерді орфографиялық ережеге сай етіп жасаңыз.

Жан көрүнүстері, үйлөсүм, тұжұрым, ұғұм, сөйлөу, өмүр, тұрмұс.

8. Берілген етістіктермен сөйлем құрастырыңыз

Қамту, бөлу, байланыстыру, шаршау, талдау, ескерту.

  1. Мәтінді оқып, мағынасын түсініңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]