Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_s__1179_az_t_PIP_mamnd_konspekt.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137 Кб
Скачать
☆

3 Апта Орфоэпия және орфография

Әрбір халықтың әдеби тілінде айтылудың жалпыға бірдей ортақ, қалыптасқан бірыңғай нормалары болады. Сол нормалар жайындағы ережелердің жиынтығы орфоэпия деп аталады. Әрбір әдеби тілдің орфоэпиясы дыбыстар мен дыбыстар тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерін ғана емес, сонымен бірге сөздер мен фразалардың да дұрыс айтылу ережелерін қамтиды. Мысалы Аманкелді [Амаңгелді], көнбеді[көмбеді], ұзын[ұзұн] сөздерін айтқанда ішіндегі дыбыстардың бір-біріне әсер ету, соған орай өзара үндесу ерекшеліктерін сақтау керек.

Қазақ тіліндегі дыбыстар табиғатына қарай сөз ішінде бір-бірімен тіркесу қабілетіне ие, олар бір-бірімен үндесіп, жымдасып келеді. Қазақ тілінің байырғы сөздерінде нг, нғ, нм, нп дыбыстары тіркесі айтуда ұшырамайды. Сөз бен қосымша арасында, сөз бен сөз арасында көбіне дауыстылармен қатар келетін қатаң дыбыстар ұяңданады (п→б, қ→ғ, к→г), мысалы: ала кел [ала гел], үйге қарай[үйге ғарай], Ботакөз[ботагөз] т.б. Яғни алдыңғы дыбыс өзінен кейінгі дыбысқа әсер етіп тұр, бұл құбылыс тіл білімінде ілгерінді ықпал деп аталады. Керісінше соңғы дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсер етуі кейінді ықпал деп аталады жамбады, тірегі, сұрағы, сөз жоқ[сөжжоқ]. Көрші дыбыстардың бір-біріне әсер ету арқылы өзгеруі тоғыспалы ықпал деп аталады он қабатты[оңғабатты], бес жүз[бешшүз].

Сөздің дұрыс айтылуында ерін үндестігін сақтаудың да маңызы зор. Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін ерін үндестігі дейді, яғни сөздің бірінші буынында еріндік дауыстылар (о, ө, ұ, ү) келіп, екінші буында езулік е, ы, і келсе олар ө, ұ, ү болып айтылады: өмүр, орұн, күлүп т.б.

1-жаттығу. Төмендегі сөздердің дұрыс жазылуын көрсетіңіз.

Өлөң, қомбады, көссүз, мімбе, башшы, көгөнүс, келалмады, жаспала, таспауыр, қайтағұру, көрөдү, түскөн, көңүл, тұңғұш, өзөңге, қағазғалам, біссіз, күннөн-күңгө, бүгүңгү, кейіңгі, түнгү, сеңгісі келмеді, үлкөңғалым, келгеммен, баралмады.

2-жаттығу. Сөздерді ықпал түріне қарай топтастырыңыз.

Жазса, ошжақ, көбжер, жұмышшы, теққана, сөшшең, ажжылда, тешшық, жалғаңған, тірегі, жауабы, ашша, жүжжыл, сұрағы, түңгө, балалар, оңғап, бешшүз, Нұргелді, оңгүн, омбес, көсалажүр, сембеді.

1.Мәтінді оқып, сөздік арқылы аударыңыз, мағынасын түсініңіз. Педагогика пәні және міндеттері

Педагогика- тәрбие туралы ғылым. Я.А.Коменский-педагогиканың негізін салушы.

Педагогика адам баласының тәрбиеленуі мен білім алуын зерттейді. Педагогика дегенiмiз тәрбие, бiлiм туралы ғылым. Ертеде педагогика философия ғылымында болды. 17 ғасырда педагогика философиядан бөлініп шықты. Педагогиканы филсофиядан бөліп қараған Я.А.Коменский: «Ұлы дидактика»да қарастырылған Педагогиканың алғашқы мәні «үлгі аларлық» дегенді білдіреді деп түсіндірген. Педагогиканың зерттеу пәні, қызметі бала, адам-солардың тәрбиесi, білім беру, қалыптасуы, дамуы. Педагогика пән және ғылым. Ғылым дегенiмiз - объективтi ақиқатқа жетуге заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған жүйелi түрде құрылған бiлiмнiң жоғары формасы. Пән дегенiмiз- ғылыми материалды жүйелi түрде қарапайым тiлде оқырмандарына жеткiзу түрi. Педагогиканың нысаны-қоғамның мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстары.

Алғашқы педагогикалық ой-пiкiрлер шығыс елдерiнде пайда болды. Орта ғасырда мұсылмандық, монастырлық мектептер пайда болды. Педагогикада гуманистiк бағыт 15-16 ғ.ғ пайда болды. Алғаш гуманистiк бағытты ұстағандар Әбунасыр әл-Фараби, Әбурайхан әл-Бируни, Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла. Алғашқы тәрбие туралы ой қозғаған грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель, Тертуллиана. Қазақ даласына Еуропалық мектеп үлгісін енгізген Ыбырай Алтынсарин. Педагогиканың салалары салыстырм­алы, ұлттық, әлеуметтiк‚ мектепке дейiнгi, бастауыш мектеп‚ орта мектеп, жоғары мектеп, әскери, өндiрiстiк педагогика және олардың тарихы, пән әдiстемелерi. Педагогиканың категорияларына (негiзгi ұғымдарына) оқу‚ оқыту‚ тәрбие, бiлiм алу‚ даму‚ қалыптасу жатады. Тәрбие дегеніміз аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжiрибенi беру процесi, жаңа ұрпақты өмiрге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамассыз ету. Бiлiм дегеніміз ғылымдар жүйесiнен бiлiм берiп, танымдылық, iскерлiк, дағдыны қалыптастыру, көзқарасын тұрақтандырып, адамгершiлiк т.б қасиеттердi дарытып, шығармашылық күштi, қабiлеттi дамыту.

Жаңа сөздер

Есебінен-насчет

ақиқат-истина

аға ұрпақ-старщое поколение

қабiлет-спообность

қабырғасы-стена

нығыз кептелген-притянутые

жетілдірілді-достигла

жүйелілігі-систематизация

анағұрлым-больше

қанат жайды-распространилась

болмыс-натура

ой-пiкiрлер-мнение

3.Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Педагогика қандай ғылым?

ә) Педагогиканың негізін салушы кім?

б) Педагогика дегеніміз не?

в) Педагогикада қандай ұғымдар кездеседі?

г) Алғашқы педагогикалық ой-пiкiрлер қай елдерде пайда болды?

д) Тәрбие дегеніміз не ?

е) Білім дегеніміз не?

4.Сөздікті пайдаланып мына сөз тіркестерін аударыңыз, сөйлем құрыңыз.

Педагогика салалары, бастауыш мектеп‚ орта мектеп, жоғары мектеп, өндiрiстiк педагогика, пән әдiстемелерi, аға ұрпақ, жас ұрпақ, тарихи тәжiрибе, білім беру процесi, жаңа ұрпақ, еңбекке дайындау, қамтамассыз ету, ғылымдар жүйесi, дағдыны қалыптастыру, көзқарасын тұрақтандыру, адамгершiлiк қасиеттерi, шығармашылық шабыт, қабiлеттiлікті дамыту.

5.Берілген етістіктерді қалау рай формасында жіктеңіз.

Еңбек ету,бағыттау, ұғу, қабылдау, жетілдіру, негізін салу.

6. Мәтіннен педагогикалық терминдерді теріп жазып, есте сақтаңыз.

7. Жаңаша педагогикалық ой-пікірлердің жүзеге асуы? деген тақырыпта шағын эссе жазыңыз.

1.Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]