- •1.Сөздік жұмысы.
- •2. Берілген ғылыми түсініктемені оқып, сол бойынша оңай және қиын сұрақтар кестесін құрастырыңыз.
- •Қазақ тілінің тарихы
- •4. Шетелдік туристерге қазақ тілі туралы лебіз айтыңыз.
- •Мәтінді түсініп оқыңыз, аударыңыз. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •4. Төмендегі мәтінді оқып, өз пікіріңізді қосыңыз.
- •Дидактика туралы жалпы түсінік
- •3 Апта Орфоэпия және орфография
- •1.Мәтінді оқып, сөздік арқылы аударыңыз, мағынасын түсініңіз. Педагогика пәні және міндеттері
- •Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
- •Білім беру
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тыңдалған мәтінге тапсырма:
- •6. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.
- •8.Қорытынды сабақ ретінде.
- •1.Сөздікті пайдалана отырып мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсініңіз.
- •Оқытуды ұйымдастыру
- •Психологияның даму тарихы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •5. Жоғарыдағы мәтіннен ықпал түрлеріне мысалдар келтіріңіз.
- •1. Мәтінді оқып, сөздік пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз. Психологияның маңызы
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Берілген етістіктерді өткен шақта жеткізіңіз.
- •6. «Психологияның маңызы» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз, баяндаңыз. Мағжан Жұмабаев
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым
- •Мәтінгее жазбаша 7-8 сұрақ жазыңыз.
- •Сұраққа ауызша жауап беру арқылы мәтінді әңгімелеңіз.
- •Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
- •Мақал – мәтелдер – халық психологиясының айнасы
- •8. Мақал-мәтелдерді қажетті сөзбен толықтырыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз. Ж. Аймауытов (1889 - 1931) – психолог
- •Даму және тәрбие
- •Тұлға –тәрбиенің объекті және субъект
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тәрбие деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазыңыз.
- •5.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
- •6.Қазіргі педагогика туралы баспасөз материалдарын талдаңыздар.
- •10 Апта Терімсөздер (термин)
- •Берілген жұрнақтар арқылы төмендегі сөздерден термин жасаңыз.
- •Сөз тіркестерін жасалуына қарай топтаңыз.
- •Сөйлемнің екінші жартысын табыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Ондағы мақсат мәнді конструкцияны табыңыз. Терімсөздердің қай салаға жататынын, анықтап көріңіз.
- •Күрделі сөйлемдердің мазмұнын мақсатында, мақсатпен сөздерін пайдалана отырып, айтыңыз. Төменде берілген сөздерді пайдаланыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз.
- •Әдептілік
- •11 Апта
- •1.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңіз. Эмоциялар мен сезімдер
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •12 Апта Фразеология: қайнар көзі, типі, құрамы
- •4. Аудармасын табыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •13 Апта
- •Сөздіктану
- •1. Мәтінді оқып, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •14 Апта Аударма мәселесі
- •1. Сұхбатты оқып, аударма мәселелерін баяндаңыз.
- •2. Мәтіндерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •3.Курсивпен аударылған сөздердің баламасын беріңіз.
- •4. Қазақ тіліне аударыңыз.
- •15 Апта
- •Тақырып: Тұтас педагогикалық процестегі оқыту
1. Мәтінді оқып, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
Еңбек
Адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі- еңбек. Еңбек-адам тіршілігінің басты шарты. Еңбек-адам психологиясын, адамдардың бір-бірімен ынтымақты қарым-қатынасын қалыптастыратын негізгі фактор.
Еңбек процесі қызметкерді арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын және еңбек тәртібін қажет етеді. Жеке адам қоғамнан тыс жеке еңбек етіп, өз қажеттерін қанағаттандыра алмайды. Қоғаммен байланыстағы еңбек қана адамға зор қуат беріп, психикасын байытады.
Еңбек үстінде адам өзіне, қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық т.б) қалыптастырып отырады. Адам өз еңбегінің жұртқа пайдалы екендігін, одан шығатын нәтижені сезіп, отыруы тиіс. Еңбек өнімді, пайдалы және шығармашылықты болуы керек. Оған күшті ерік-жігер, қайрат керек. Тұрлаулы, нәтижелі еңбек шыдамды, ұқыпты адамның ғана қолынан келеді. Жалқау адамда шығармашылық еңбек болмайды.
Жас баланың еңбек дағдылары жанұяда қалыптаса бастайды. Мектепке дейінгі баланың үй ішіне көмектесу-еңбек процестерінің нақты көріністері. Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесі-баланы жүйелі түрде еңбек дағдыларына үйретудің бірінші қадамы.
Жаңа сөздер
әрекет-действие
білім жүйесі- система образования
дағды-привычка
қуат(күш-қуат)-сила
өндіру-добывать
ұқыптылық-аккуратность
игілік-благо
2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Адам тіршілігіндегі еңбекті қалай түсінесіз?
2) Әр адамның істеген еңбегі қандай болуы керек?
3) Жас балада (нәрестеде) еңбек дағдылары қай уақыттан бастап қалыптасады?
3. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз, сөз тіркестерін құрастырыңыз.
4. Берілген сын есімдермен сөйлем құрастырыңыз.
Нәтижелі, шыдамды, ұқыпты, басты.
5. Төмендегі тіркестердің мәнін мысалмен түсіндіріңіз.
Тіршіліктің басты шарты, материалдық игіліктерді өндіру, ынтымақты қарым-қатынас.
Сөздердің синонимдерін атаңыз.
Дағды, қуат, икемділік, жалқау.
7. Берілген мақал-мәтелдердің, нақыл сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.
Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройыңды кетірер.
Еңбек сүйгіщтік-адамның адамдық қасиетінің өлшемдерінің бірі.
Еңбек адамның мінезіндегі өзімшіл сипаттарды жоюға көмектеседі. Ш. Айтматов
Қысқаша баяндап беріңіз. Сіздің отбасыңызда кім еңбекқор?
9. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
10. Мәтіннің төртінші абзацын қайталап оқып, күнделікті өмірден мысал келтіріңіз.
1.Мәтінді оқып, орысшаға аударыңыз.
Іс-әрекет
Іс-әрекет адамның өмір жолын анықтайды. Іс-әрекет арқылы адамның рухани өмір байлығы: ақыл-ойы, қиялдау қабілеті мен ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады. Іс-әрекет үстінде сана қалыптасады. Сана іс-әрекет кезінде қалыптаса отырып, сол іс-әрекет арқылы көрінеді.
Іс-әрекет-әлуметтік категория. Адам өзін табиғаттан саналы түрде ерекшелеп көрсетеді. Ол өз алдында мақсат қояды, соған жетуге әрекеттенеді.
Іс-әрекеттің қандай түрі болса да қозғалыс күйінде өтеді. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі ара-қатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекетті реттеп отырады.
Табысқа жету немесе сәтсідікке ұшырау адамның ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі іс-әрекетке әкеледі. Мәселен табысқа жету адамды талаптандырады, екінші жағынан масаттанушылықты туғызады. Сәтсіздік адам бойында қалыптасқан мінезге қарай жұмысын тоқтатуын немесе жаңадан әрекет жасауы мүмкін.
Іс-әрекеттің қандайы болсын адамды қажытады. Қажу организм күшінің іс-әрекет процесінде табиғи таусылуы. Шаршау-қажыған адамың көңіл күйі. Шаршау сезіміне адамның жұмысқа көзқарасы, дене және ой қызметіне дағдылану дәрежесі де енеді.
Жаңа сөздер
Іс-әрекет-деятельность
Жігер-энергия
Икемділік-сплсобность, ловкость
Қозғалыс-движение
Табысқа жету-достигнуть успеха
Сәтсіздік-неудача, безуспешность
Қажу-утомление
Таусылу-истощение
Масаттанушылық-самодовольство
Қажыту-утомить
2.Төменгі сөздермен психологиялық мәндегі сөз тіркесін құрастырыңыз.
Іс-әрекет, ерік, жігер, икемділік, қозғалыс, сәтсіздік, қажу
3. Етістіктердің мағынасы түсініп, сөйлем құрастырыңыз.
Таусылу, шаршау, реттеу, ұшырау, талаптану
5.Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.
1) Іс-әрекет арқылы ..
2) Сана іс-әрекет кезінде ...
3) Психика мен іс-әрекет арасында...
4) Табысқа жету немесе сәтсіздікке ұшырау...
5) Қажу, шаршау адамның...
6. 1)Мәтінді мағыналық жағынан бөлімдерге бөліңіз.
2)Жоспар құрыңыз.
3)Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.
7. Ерік, жігер, сәтсіздік сөздерін септеңіз (тәуелді септеу)
Үлгі: әрекет-әрекеті
А.әрекеті
І.әрекетінің
Б.әрекетіне
Т.әрекетін
Ж.әрекетінде
Ш.әрекетінен
К.әрекетімен
7.Қортындылау үшін пікірталас тақырыбы:
1)Іс-әрекет-әлеуметтік категория
2)Іс-әрекет адамның өмір жолын анықтайды
3)Іс-әрекет қандайы болсын адамды қажытады.
