- •1.Сөздік жұмысы.
- •2. Берілген ғылыми түсініктемені оқып, сол бойынша оңай және қиын сұрақтар кестесін құрастырыңыз.
- •Қазақ тілінің тарихы
- •4. Шетелдік туристерге қазақ тілі туралы лебіз айтыңыз.
- •Мәтінді түсініп оқыңыз, аударыңыз. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •4. Төмендегі мәтінді оқып, өз пікіріңізді қосыңыз.
- •Дидактика туралы жалпы түсінік
- •3 Апта Орфоэпия және орфография
- •1.Мәтінді оқып, сөздік арқылы аударыңыз, мағынасын түсініңіз. Педагогика пәні және міндеттері
- •Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
- •Білім беру
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тыңдалған мәтінге тапсырма:
- •6. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.
- •8.Қорытынды сабақ ретінде.
- •1.Сөздікті пайдалана отырып мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсініңіз.
- •Оқытуды ұйымдастыру
- •Психологияның даму тарихы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •5. Жоғарыдағы мәтіннен ықпал түрлеріне мысалдар келтіріңіз.
- •1. Мәтінді оқып, сөздік пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз. Психологияның маңызы
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Берілген етістіктерді өткен шақта жеткізіңіз.
- •6. «Психологияның маңызы» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз, баяндаңыз. Мағжан Жұмабаев
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым
- •Мәтінгее жазбаша 7-8 сұрақ жазыңыз.
- •Сұраққа ауызша жауап беру арқылы мәтінді әңгімелеңіз.
- •Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
- •Мақал – мәтелдер – халық психологиясының айнасы
- •8. Мақал-мәтелдерді қажетті сөзбен толықтырыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз. Ж. Аймауытов (1889 - 1931) – психолог
- •Даму және тәрбие
- •Тұлға –тәрбиенің объекті және субъект
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тәрбие деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазыңыз.
- •5.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
- •6.Қазіргі педагогика туралы баспасөз материалдарын талдаңыздар.
- •10 Апта Терімсөздер (термин)
- •Берілген жұрнақтар арқылы төмендегі сөздерден термин жасаңыз.
- •Сөз тіркестерін жасалуына қарай топтаңыз.
- •Сөйлемнің екінші жартысын табыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Ондағы мақсат мәнді конструкцияны табыңыз. Терімсөздердің қай салаға жататынын, анықтап көріңіз.
- •Күрделі сөйлемдердің мазмұнын мақсатында, мақсатпен сөздерін пайдалана отырып, айтыңыз. Төменде берілген сөздерді пайдаланыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз.
- •Әдептілік
- •11 Апта
- •1.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңіз. Эмоциялар мен сезімдер
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •12 Апта Фразеология: қайнар көзі, типі, құрамы
- •4. Аудармасын табыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •13 Апта
- •Сөздіктану
- •1. Мәтінді оқып, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •14 Апта Аударма мәселесі
- •1. Сұхбатты оқып, аударма мәселелерін баяндаңыз.
- •2. Мәтіндерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •3.Курсивпен аударылған сөздердің баламасын беріңіз.
- •4. Қазақ тіліне аударыңыз.
- •15 Апта
- •Тақырып: Тұтас педагогикалық процестегі оқыту
13 Апта
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Сөздіктердің қандай түрлерін білесіздер?
2) Сөздіктану ұғымын қалай түсінесіз?
Сөздіктану
Тіліміздегі барлық сөздерді жинақтап, жүйелеп, бір ізге түсіру, сөйтіп сөздік түрінде жинау үлкен ғылыми-тәжірибелік мәні бар іс саналады. Сөздік – жазу мәдениеті мен халықтың рухани мәдениетінің, ғылымы мен білімінің дамуына, өзге тілді көрші халықтармен араласуына, түсінісуіне игі ықпал ететін, экономикалық, мәдени, саяси қарым-қатынас жасауда басты қажеттілік болып табылатын, жалпыға ортақ құндылық. Сөздік – белгілі бір тілдегі сөздердің әр түрлі мақсатқа (анықтамалық, түсіндірмелік, энциклопедиялық, аударма т.б.) байланысты қоғамдағы қажеттілікке орай (балаларға, студенттерге, ғалымдарға, жалпы көпшілікке, тіл үйренушілерге, туристерге, белгілі мамандыққа қатысты) арналып жазылған сөздердің жүйеленген жиынтығы.
Сөздік өзінің мақсатына сай реестр (тізбе) атаулардан, сөздік мақалалардан, түсініктемелерден құралады. Сөздіктің ақпараттық қызметі мен ондағы нақтылықтың көрінісі энциклопедиялық сөздіктер мен түсіндірме сөздіктерден айқын аңғарылады. Сөздіктану – тілдегі барлық сөздік қордың әр түрлі сөздіктерде жинақталып, жүйеге түсірілуін, сөздіктердің жасалу тарихы мен теориясын, сөздік жасаудың қағидаларын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Тіл білімінде лексикография саласы (грек. lexikos – сөздікке қатысты) және grapho – жазамын) сөздік жасау қағидаларын, оның теориясын зерделеуді, яғни сөздік материалын сұрыптау, орналастыру, стилистикалық жіктеу қағидаларын, сондай-ақ сөздіктерді жасау тәжірибесін анықтауды мақсат етеді. Бұл терімсөз кез келген тілдегі лингвистикалық сөздіктердің жиынтығын белгілеу үшін де қолданылады.
Мәтінді оқып, өз пікіріңізді қосыңыз.
Қазақ сөздігінің тарихы түркі тіл білімінің ең ірі тұлғасы, атақты ғұлама ғалым ХІ ғасырда ғұмыр кешкен М. Қашқаридың “Диуани лұғат-ат түрік” атты салыстырмалы-тарихи сөздігінен басталады. “Диуани лұғат-ат түрік” - ХІ ғасырдың өзінде-ақ, барлық түркі тілдері туралы байсалды, байыпты ғылыми тұжырымдар жасаған энциклопедиялық еңбек. Мұнда түркі халқының дүниетанымдық көзқарасы мен ділі айқын көрініс тапқан. Әдеби қолданыстағы барлық екі әріпті, үш әріпті, төрт әріпті, бес әріпті, алты әріпті, жеті әріпті сөздердің мағынасын анықтап, нақты тілдік деректермен көрсеткен.
Қазақ тілі лексикасын алғаш салыстырып зерттеген ғалымдардың бірі – неміс ғалымы Г.Ю. Клапрот (1783-1835). Оның 1825 жылы жазған еңбегінде алдымен қазақ халқы туралы қысқаша тарихи анықтама, одан соң түрік, қазан татары, тобыл татары және монғол тілдерінің сөздерімен салыстыра отырып жасаған қысқаша французша-қазақша сөздікше берілген.
Н.И. Ильминский 1860-1861 жылдары Қазанда шыққан “Материалы к изучению киргизского наречия” деп аталатын еңбегінде қазақ тілінің грамматикалық жүйесін зерттеуге арналған алғашқы еңбек болып табылады. В.В. Радловтың “Опыт словаря тюркских наречий” атты көлемді сөздігі (4 том, 8 кітап) түркі тілдерінің сөз жүйесі мен лексикографиясын зерттеу тарихында елеулі орын алады. Сөздіктің құрастырылуы техникасы күрделі: реестрде алдымен түркі сөздері авторлық транскрипциямен берілген. Л.З. Будаговтың “Сравнительный словарь турецко-татарских наречий” атты жұмысы тек нағыз қажетті де керекті сөздердің салыстырмалы түрде түсіндірілуін мақсат еткен. Сөздіктегі барлық сөздер түбір тұлғасында берілген, яғни барлық туынды сөздердің формасы түбірмен негізімен бір ұяда қалыптасқандығы көрсетілген, тіпті кейбір жағдайда керекті сөзді іздеу барысында барлық берілген мақалаларды толық қарастыруға тура келеді.
Т. Бокиннің “Орысша-қазақша сөздігі” 1913 жылы тілмаштық қызметке арналып жарық көреді. Барлығы 1082 сөз қамтылған.
Қазақ сөздігінің дамуы кеңестік кезеңге тән. Бұл жылдардың басты жетістігі тұңғыш рет қазақша “Қазақ Совет энциклопедиясының” он томдығы жарық көрді. Оның бас редакторы академик М. Қаратаев болды.
“Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің” он томы жарыққа шықты, жалпы редакциясын басқарған – профессор А. Ысқақов; орфографиялық, орфоэпиялық, этимологиялық, диалектологиялық, фразеологиялық, синонимдер сөздігі, антонимдер сөздігі, жиілік сөздік, әр түрлі ғылым саласы бойынша түсіндірме сөздіктер, аударма сөздіктер, терминологиялық сөздіктер шықты.
