- •1.Сөздік жұмысы.
- •2. Берілген ғылыми түсініктемені оқып, сол бойынша оңай және қиын сұрақтар кестесін құрастырыңыз.
- •Қазақ тілінің тарихы
- •4. Шетелдік туристерге қазақ тілі туралы лебіз айтыңыз.
- •Мәтінді түсініп оқыңыз, аударыңыз. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •4. Төмендегі мәтінді оқып, өз пікіріңізді қосыңыз.
- •Дидактика туралы жалпы түсінік
- •3 Апта Орфоэпия және орфография
- •1.Мәтінді оқып, сөздік арқылы аударыңыз, мағынасын түсініңіз. Педагогика пәні және міндеттері
- •Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
- •Білім беру
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тыңдалған мәтінге тапсырма:
- •6. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.
- •8.Қорытынды сабақ ретінде.
- •1.Сөздікті пайдалана отырып мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсініңіз.
- •Оқытуды ұйымдастыру
- •Психологияның даму тарихы
- •2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз.
- •3. Мәтінді әңгімелеңіз.
- •5. Жоғарыдағы мәтіннен ықпал түрлеріне мысалдар келтіріңіз.
- •1. Мәтінді оқып, сөздік пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз. Психологияның маңызы
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Берілген етістіктерді өткен шақта жеткізіңіз.
- •6. «Психологияның маңызы» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз, баяндаңыз. Мағжан Жұмабаев
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым
- •Мәтінгее жазбаша 7-8 сұрақ жазыңыз.
- •Сұраққа ауызша жауап беру арқылы мәтінді әңгімелеңіз.
- •Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
- •Мақал – мәтелдер – халық психологиясының айнасы
- •8. Мақал-мәтелдерді қажетті сөзбен толықтырыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз. Ж. Аймауытов (1889 - 1931) – психолог
- •Даму және тәрбие
- •Тұлға –тәрбиенің объекті және субъект
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •4.Тәрбие деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазыңыз.
- •5.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
- •6.Қазіргі педагогика туралы баспасөз материалдарын талдаңыздар.
- •10 Апта Терімсөздер (термин)
- •Берілген жұрнақтар арқылы төмендегі сөздерден термин жасаңыз.
- •Сөз тіркестерін жасалуына қарай топтаңыз.
- •Сөйлемнің екінші жартысын табыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Ондағы мақсат мәнді конструкцияны табыңыз. Терімсөздердің қай салаға жататынын, анықтап көріңіз.
- •Күрделі сөйлемдердің мазмұнын мақсатында, мақсатпен сөздерін пайдалана отырып, айтыңыз. Төменде берілген сөздерді пайдаланыңыз.
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз.
- •Әдептілік
- •11 Апта
- •1.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңіз. Эмоциялар мен сезімдер
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •12 Апта Фразеология: қайнар көзі, типі, құрамы
- •4. Аудармасын табыңыз.
- •1. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •13 Апта
- •Сөздіктану
- •1. Мәтінді оқып, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.
- •14 Апта Аударма мәселесі
- •1. Сұхбатты оқып, аударма мәселелерін баяндаңыз.
- •2. Мәтіндерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •3.Курсивпен аударылған сөздердің баламасын беріңіз.
- •4. Қазақ тіліне аударыңыз.
- •15 Апта
- •Тақырып: Тұтас педагогикалық процестегі оқыту
4.Тәрбие деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазыңыз.
5.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
Тәрбиенің мақсаты, қалыптасып келе жатқан, жеке тұлға, әлеуметтік тәжірибе, жан-жақты үйлесімділік, тұлғаның дамуы, көп ғасырлық тарихы, әртүрлі ғылымдардың тоғысуы, әлеуметтік факторлар, әсер етуі, педагогикалық пікірлер, әлеуметтік қатынастар, саналы іс-әрекет, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуы, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер, ең маңызды белгілер, саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы, сапалық өзгерістер.
6.Қазіргі педагогика туралы баспасөз материалдарын талдаңыздар.
10 Апта Терімсөздер (термин)
Терімсөз ілімі – әр алуан ғылым мен техника салаларына, олардың қызметіне байланысты терімсөздердің жиынтығы; терімсөз жүйесі бір-бірімен ұғымдық, лексика-семантикалық, сөзжасамдық, грамматикалық деңгейде байланысты болады. Терімсөздер жүйесін, оның мағыналық және грамматикалық ерекшеліктерін, сөзжасамдық сипатын, лебіздегі қызметін зерттейтін сала – терімсөзтану делінеді.
Терімсөздің негізгі ерекшелігі – ғылым мен техника саласы бойынша белгіленген ұғымның атауы болады, ерекше анықтамасы (дефинициясы) беріледі; логикалық жүйеге негізделген нақты семантикасы, лебізде келісілген қолданысы болады. Яғни атау терімсөздік жүйеге толықтай еніп, қолданыста жүйелі жұмсалу үшін, саналы түрде келісіледі, терімсөз комиссиясы бекітеді. Мысалы: тіл білімі: дыбыс жүйесі, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис т.б. сөзжасам: сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық мағына, туынды сөз, уәждеуші тұлға т.б. сөзжасамдық ұя: сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық саты т.б.
Терімсөз табиғатына тән нәрсе – бірмағыналылық, дегенмен, бірмағыналылықты сақтау барлық жағдайда мүмкін бола бермейді. Өзге де тілдік бірлік сияқты терімсөздің де мазмұны мен мағынасы бар: терімсөздің мазмұны – оның әуелгі терімсөздік түсінігі де, мағынасы – терімсөз ретіндегі сипаты. Терімсөздің мағынасы мен мазмұны сәйкес келіп, бір-бірін анықтап, мағына мазмұнды ашуы тиіс.
Қазақ тіліндегі терімсөздер жүйесінің жасалуын:
Төл негіздер арқылы жасалған терімсөздер;
Шетел тілінен енген терімсөздердің баламалық негізде (калька) аударылуы арқылы жасалған терімсөздер;
Өзгеріссіз енген шетелдік терімсөздер – деп бөлуге болады.
Берілген жұрнақтар арқылы төмендегі сөздерден термин жасаңыз.
-шы, -ші, –ты, -ті, -сыз, - сіз, -лық, -лік, -ма, -ме, - у, -ым, -ім, -ман, -мен, - нама, -шілік, -шілдік, -ғыш, -гіш.
салғырт, қамық, жемір, енжар, әкім, ұқсас, төре, дауыс, бір, ора, көбею, теңеу, азаю, қыстыр, жалға, ғұмыр.
Сөз тіркестерін жасалуына қарай топтаңыз.
а) матаса байланысқан сөз тіркесінің лексикалануы арқылы жасалған терімсөздер:
ә) қабыса байланысқан сөз тіркесінің лексикалануы арқылы жасалған терімсөздер:
Адам құқығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, БҰҰ-ның Бейбітшілікті Қолдау жөніндегі операциялары, шегаралық өзендер БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі, кеден салықтары, әуе құқығы, Ғарыш құқығы, Заң ғылымдарының халықаралық Ассоциациясы, халықаралық еңбек ұйымы, халықаралық теңіз құқығы, халықаралық ұйымның жарғысы, адам құқығы т.б. аймақтық келісімдер, арнайы атташе, бейтараптық жүк, қабылдаушы мемлекет, қысқаша қол қою, мемлекеттік сапарлар, уақытша сенімді өкіл, халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, баспана құқығы, баспасөз конференциясы,шегаралық шарттар, халықаралық шарттар, халықаралық терроризм, ортақ нарық, суық соғыс, сенім хат, сыртқы қарыз, қоғамдық пікір, ұлттық күш, халықаралық валюта қоры.
