Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
korporativtik_karzhy_shpor (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

6 Билет

1. Корпорацияның қаржы саясаты

Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады. Қаржы саясаты ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қарай, сондай-ақ өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы, құрылымды құрайтын басқа да салалардағы, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып қалыптастырылады. Қаржы саясаты ақша-несие саясатымен тығыз байланысты. Қаржы саясатының мазмұны, нысаналы бағыты және тиімділігі қоғамдық құрылыстың сипатымен, өндіріс-құрал- жабдығын меншіктену түрлерімен анықталады. Қазақстанда қаржы саясатын жүзеге асыру шаралары ҚР Конституциясында, елдің Бюджет жүйесі туралы заңы мен Салық кодексінде, республиканың жыл сайынғы қаржы жылына арналған Республикалық бюджеті туралы заңдарында, басқа да заңнамада, ел Президентінің жарлықтары мен жолдауларында, республика Үкіметінің қаулыларында айқындалған. [1]Қаржы саясаты - коғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясатын жасау үдерісінде мемлекеттің алдына қойған мақсатын орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі.Осыған байланысты қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік салаға әсер етудің белсенді құралы болып табылады.Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, қаржы ресурстарын жиынтықтап, шоғырландырудың және оларды экономикалық саясаттың даму бағытттары бойынша бөлудің міндеттерін шешеді,Қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасынан түрады.

2. Капитал

Капиталдар нарығы - Капиталистік экономикалық қатынастардың дамуы капитал категориясын әрі қарай зерттеуді талап етті: жаңа концепциялар мен ой-пікір, тұжырымдардың пайда болуын тіледі. Жақтаушылары басым көпшілік капиталға берілетін екі негізгі анықтаманы қолдайды:

бірінші — капитал деген құрал-жабдықтар жиынтығы («заттық» концепция),

екінші — капитал деген ақша сомасы («монетарлық»).

Екі жақта капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады дейді. Осымен қатар «капиталдар нарығы» деген түсінік бар. Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объеьктісіне байланысты, осы түсінікке анықтаманың екі варианты болуы ықтимал.

Бірінші вариант. Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі: станоктар, машиналар, ғимараттар т.б. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады. Капиталдар нарығының негізгі субъектілеріне бизнес сферасы және хаусхолд сферасы жатады.

Факторлар нарығындағы капиталға сұраныс — бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Көрініс жағынан бұл фирманың инвестициялық жобаларына жұмсайтын қаржы құралдары болып табылады. Физикалық капиталдың фирма меншігіне айналуына, немесе, оның уақытша пайдалануға берілуіне байланысты, төлемдер екі түрге бөлінеді:

капитал қызметтерінің толассыздығы (пайдалану бағасы) үшін төлем;

капиталдық активтер (сатып алу-сату бағасы) үшін төлем болып бөлінеді.

Капитал қызметтерін пайдалану құны капиталдың ренталық (прокаттық) бағалануы болып табылады. Бұл нарықтық котировка түрін, немесе, фирманың капиталдың бір бөлігін жалға алғаны үшін оның иесіне төлейтін сома түрін алады. Активтің бағасы — капитал бірлігінің қандай уақытта болмасын сату, немесе, сатып алу бағасы болып табылады.

Екінші вариант. Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдарының нарығының құрамды белігі болып табылады. Ақша нарығы мен капиталдар нарығы қарыз капиталының туындысы, екіншілік нарықтар болып табылады. Осылардың әрқайсысының өз инструментары, яғни айналыста болатын нақты қаржы бағалылықтары болады. Осылардың бір-бірінен айырмашылықтары бар және олар төмендегі жағдайлармен байланыста болады:

статусымен (акция, немесе облигация);

меншіктің типімен (жеке, немесе, мемлекеттік);

іс-өрекет ету мерзімімен;

өтімділік дәрежесімен;

қауіп-қатер сипатымен (банкроттық, немесе нарықтық) және қауіп-қатер дәрежесімен (қатерлі, аз қатерлі, қатерсіз).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]