Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
korporativtik_karzhy_shpor (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

2. Негізгі капитал ұғымы және корпорация қаржысын ұйымдастырудағы оның рөлі.

Корпорацияның негізгі капиталы, құрамы. Корпорация жүйесіндегі негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы /бір жылдан астам уақыт/ пайдаланылатын өзінің бастапқы заттай нысанын /пішінін, түрін/ сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мына топтарға бөлінеді:

үйлер /тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма/

ғимараттар /көпірлер, жасанды қоймалар/

өткізгіш тетіктер /жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар/

машиналар /бумен жұмыс істейтін және іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, көтергіш крандар, монометрлер, таразылар/

тасымалдау құралдары /жолаушылар мен жүк таситын машиналар, көлікке тіркемелер/

құрал-саймандар мен жабдықтар /шкафтар, бактар/

шаруашылық құрал-жабдықтары /диван, сейф/

жұмыс және өнім малдары;

көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;

жерді өңдеуге жұмсалған күрделі шығындар;

басқа да негізгі құралдар /кітапхана қорлары және тағы басқалары/

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігінде қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған басы артық жабдықтар жатады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

Материалдық активтер сатып алыну мақчсатына қарай төмендегідей үш топқа бөлініп есептелінеді:

негізгі құралдар

тауарлы-материалдық қорлар

қаржылық инвестициялар

Мысалы, корпорацияның қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалану мақсатында сатып алынған көлік құралының негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлы-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Корпорацияның өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімді қаржы салымы мақсатында алған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептеледі.

3. Амортизацияны есептеу жолдары мен әдістері

Амортизация, оны есептеу және негізгі капиталды жаңартудағы орны. Корпорациядағы негізгі құралдар өндіріс процесінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдарды алуға түра келеді.

Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) - тозудың құндық көрінісін білдіреді. Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу процесінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі.

Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму процесінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техника дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми техникалық прогресстің өсуіне байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты және т.б. өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да оның құны соғұрлым төмендейді. Сөйтіп, еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай корпорацияларына қымбат және тозыңқыраған машиналар мен көліктердің құрал-саймандардың және т.б. негізгі құралдардың орнына арзан әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.

Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми техниканың өркендеуіне байланысты толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Корпорацияларда өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланып келген негізгі құралдапрдың сапалық тозуына әкеліп соқтырады. Барлық корпорациялар қандай меншікте болса да өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады.

Корпорацияларда негізгі құралдарды есептеудің келесі әдістері қолданылады:

құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі;

құнды орындалған жұмыстың /өндірілген өнімнің/ көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі /өндірістік әдіс/;

жылдамдатып есептен шығару әдісі:

а/ қалдық құнының кемуі /қалдықты азайту/ әдісі;

ә/ сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару /куммулятивтік әдіс/ әдісі;

№ 4 Билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]