Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
korporativtik_karzhy_shpor (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

2. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді қарыз көздерін компанияның тарту және пайдалану мақсаты.

Кез келген бизнестің негізі оның жеке капиталы болғанымен, экономиканың көптеген салаларында шаруашылық субъектілерінің пайдаланатын қарыздық қаржы көлемі олардың өз жеке капиталының көлемінен әлдеқайда көп болады. Осыған байланысты қарыздық капиталды тарту мен оны тиімді пайдалану шаруашылық субъектілерінің өз қызметінде жоғары көрсеткіштерге жетуін қамтамасыз етуге бағытталған корпатаративті қаржыландырудың маңызды функцияларының бірі болып саналады.

Корпарация пайдаланатын қарыздық капитал оның қаржылық міндеттемелерінің жалпы біріккен көлемін сипаттайды (қарыздың жалпы суммасын). Бұл қаржылық міндеттемелер қазіргі заманғы шаруашылық практикасында төмендегідей болып жіктеледі:

  1. Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер (пайдалану уақыты 1 жылдан жоғары мерзімге берілетін қарыздық капитал);

  2. Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер (1 жылға дейінгі уақытқа берілетін қарыздық капиталдың барлық түрлері).

Қарыздық қаржыны тартуды басқару процесі төмендегідей кезеңдерден құралады:

1. Алдыңғы кезеңдегі қарыздық қаржыны тарту мен апйдалануға талдау жасау. Бұндай талдаудың мақсаты қарыздық қаржыны тартудың түрлері мен құрамын және көлемін анықтау, сол сияқты оны тиімді пайдалануды бағалау болып атбылады.

2. Алдағы кезеңде қарыздық қаржыны тартудың мақсаттарын анықтау. Бұл қаржылар белгілі бір нақты мақсатқа бағытталып, оларды алдағы уақытта тиімді пайдаланудың негізгі шарттарының бірі болып саналады.

3. Қарыздық қаржыны тартудың шектеулі көлемін анықтау.

Бұл қаржының ең жоғары мөлшері негізгі екі түрлі жағдайларға байланысты болады:

а) қаржылық леверидждің шектеулі эффектісіне.

б) жеткілікті дәрежедегі қаржылық тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне байланысты.

4. Әртүрлі көздерден тартылатын қарыздық капиталдың құнын бағалау. Бұндай бағалау ішкі және сыртқы көздерден тартылатын аемдық капиталға қатысты қолданылады.

5. Қысқа және ұзақ мерзімді негізде тартылатын қарыздық қаржылардың көлемдерінің қатынасын анықтау. Қысқа және ұзақ мерзімді қарыздық капиталдың көлемін анықтаудың қажеттілігі оларды алдағы кезеңде пайдалану мақсаттарына байланысты негізделеді. Бұл процес кезінде қарыздық қаржыны пайдаланудың толық және орташа мерзімі анықталады.

6. Қарыздық қаржыны тартудың түрлерін анықтау.

Бұл түрлер қаржылық несие шеңберінде; тауарлық несие (коммерциялық); т.б. болып бөлінеді. Корпоративтік облигациялардың эмиссиясы да көптеген елдерде кең таралған.

7. Негізгі кредиторлардың құрамы мен қарыздық қаржыны тарту көздерін анықтау.

Бұл құрам қарыздық қаржыны тарту түрлерімен анықталады. Негізгі кредиторлар болып ұзақ уақыт бойына коммерциялық байланыста жұмыс жүргізіп келе жатқан тұрақты субъектілер, сол сияқты есептік-кассалық қызмет түрлерін көрсететін коммерциялық банктер болып табылады.

8. Несие тартудың тиімді жағдайларын қалыптастыру.

3. Акция және оның түрлері.

Акция — акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. Онда көрсетілген сома акцияның нақты бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады.

Акциялардың түрлерi

1. Жай акция дауыс беруге енгiзiлетiн барлық мәселелердi шешкен кезде акционерге дауыс беру құқы¬ғымен акционерлердiң жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда диви¬дендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақ¬стан Республикасының заңдарында белгiленген тәр¬тiп¬пен оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алу құқығын бередi.

2. Артықшылықты акциялардың меншiк иелерi – акционерлердiң жай акциялардың меншiк иелерi – акционерлерiне қарағанда қоғамның жарғысында белгiленiп, алдын ала айқындалып кепiлдiк берiлген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгiленген тәртiппен мүлiктiң бiр бөлiгiне басым құқығы бар.

Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс.

3. Егер:

1) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселенi қараса;

2) артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшiн белгiленген мерзiм өткен күннен бастап үш ай iшiнде толық мөлшерiнде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бередi.

5. Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешiмi) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивиденд¬тер алуға қатыспайтын “алтын акцияны” енгiзуi мүмкiн. “Алтын акция” иесiнiң акционерлердiң жалпы жиналысының, директорлар кеңесi мен атқарушы органның шешiмдерiне қоғам жарғысында белгiленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. “Алтын акция” ку¡ландырған вето қою құқығы басқаға берiлмеуге тиiс.

№ 22 Билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]