Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
korporativtik_karzhy_shpor (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

3. Капитал құнын бағалау әдістері.

Капитал құны – корпорацияны және оның қаржылық іскерлігін реттеу болжауды бағалауға мүмкіндік беретін қаржы менеджментінің маңызды түсініктерінің бірі және корпорацияның іскерлігінің барлық түрлерін қаржыландыру үшін басқарманың капитал тарту шарттарын (жағдайларын) көрсетеді. Капиталдың ағымдағы, шекті, мақсатты құны ажыратылады.

Капиталдың ағымдағы құны - капитал құрылымын сипаттайды және баланстық бағамен қатар рыноктық бағада да көрсетілуі мүмкін. Олардың әрбірінің өздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Баланстық бағалаудан негізгі кемшілігі – капиталдың нақты құны мен оның көлемінен ауытқуы болып табылады.

Нарықтық баға – айтарлықтай нақты болып табылады, себебі корпорацияның бағалы қағаздарын рынокта сатудан алынатын нақты табыстарын анықтайды. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 – II ҚР 3 “Акционерлік қоғам туралы” заңына сәйкес корпорацияның өз акционерлерінен акцияларды рыноктық құнмен сатып алады.

Ағымдағы құн акционерлердің, пайшылардың капитал тарту және жасалған несиелік келісім шарттар мен коммерциялық несиелеу шарттары бойынша анықталған шығындарды есепке алғандықтан, ол басқарманың өткен кезеңдердегі іскерлігін бағалау жоспарындағы мүддені көрсетеді.

Капиталдың мақсатты құны – қарыз қаражаттары мен меншікті қаражаттар арасындағы күтілетін қатынасын сипаттайды. Корпорация қаржылық рычаг әсерін пайдаланып қосымша қарыздық қаржыландыруға ұмтылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мүддені капиталдың жаңа құрылымы және оған сай келетін барлық қаржыландырудың жалпы құны көрсетеді.

Корпорациялық капиталдың жеке элементтеріне белгілі бір қатынас түрінде нақты мәселеге тәуелділігін ескере отырып,капитал әрбір элементтің құны және оның аталған қатынастағы үлесі негізінде бағалануы тиіс. Жалпы капиталдың құнын WACC-ң орташа салмақталған әдісімен есептейді:

WACC= qi Ki

Мұндағы, qi – қаржыландырудың жалпы соммасындағы I-ші көздің үлесі.

Ki - I-ші көздің бағасы, %.

№ 24 Билет

1.Корпорацияның қаржы саясаты

Кез келген компания қызметінің негізгі 3 маңызды қаржылық көрсеткіштері бар:

өнімді сатудан түсімдер, табыс, ақша қаражаттарының ағымы.

Түсімдер – аталған кезеңдегі өнімдер мен қызметтерді өткізуден түскен есептік табыс, табыстың ақшалайжәне ақшалай емес формаларын көрсетеді.

Табыс - өнімді өткізуден түскен есептік табыспен өткізілген өнімге кеткен шығындардың айырмасы.

Ақша қаражаттарының ағымы – белгілі бір кезеңдегі компанияның алған және төлеген ақша қаражаттарының айырмасы.

Қаржылық талдаудың мақсаттары мен міндеттері:

-ұзақ және қысқа мерзімді тұрғысынан жоспарлау;

-компанияның қаржылық тәуекелін басқару;

-компанияның қарыздық құнды қағаздарының және артықшылығы бар акцияларының инвестициялық тартымдылғын атлдау, олардың рейтингін анықтау;

-потенциалды банкроттылықты талдау;

-инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау;

-бизнестің нарықтық құнын бағалау;

-бетке алған нарықтық стратегияларды қаржылық негіздеу.

Негізгі (операциялық) қызметтен ақша қаражаттарының ағымдары компанияның тікелей таза табысын қалыптастыратын операцияларымен қалыптасады.

Компанияның негізгі қызметі табыстың негізгі көзі болып табылатындықтан, ол ақша қаражаттарының да негізгі көзі болуы тиіс.

Қаржы саясаты - коғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясатын жасау үдерісінде мемлекеттің алдына қойған мақсатын орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік салаға әсер етудің белсенді құралы болып табылады.

Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, қаржы ресурстарын жиынтықтап, шоғырландырудың және оларды экономикалық саясаттың даму бағытттары бойынша бөлудің міндеттерін шешеді,

Қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасынан түрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]