Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
korporativtik_karzhy_shpor (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

2. Корпорацияның жалпы табысы, оның құрамы мен құрылымы.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық шаруашылық іскерлігі нәтижесінде жауапкершілік принципі тауар (қызмет, жұмыс) төлемін өтеуде және өндірістік процесті қаржыландыруды қамтамасыз етуде кредиторлардың талаптарын орындай алмаған жағдайда, яғни кәсіпорын банкроттылыққа ұшыраған кезде жүзеге асады. “Дәрменсіздік” түсінігі кәсіпорынның тауарлар (қызмет, жұмыс) төлемін өтеуде кредиторлардың талаптарын орындай алмағандығын, есеп айырысу шотында міндетті сақтандыру жарналары мен салықтарды төлеуге қажетті ақша қаражаттарының жоқтығын білдіреді. Төлемақы , пеня, неустойка төлемегені үшін кәсіпорынды дәрменсіз деп атауға болмайды, яғни санкция сомалары кредиторлық қарыз болмайды.

Банкроттылықтың пайда болу себептері: Басқа да көптеген құбылыстар сияқты банкроттылықтың да өз пайда болу себептері бар. Кәсіпорын іскерлігінің сәтсіз болуы –кәсіпорын мүлдем немесе тек әлсіз ықпалын тигізетін сыртқы (объективті) фактор мен тікелей кәсіпорын жұмысының ұйымдастырылуына тәуелді ішкі (субъективті) фактордың өзара әрекетесуінің нәтижесі болып табылады.

3. Корпорацияның қаржы саясаты

Қаржы саясаты қаржыны корпорацияның құрылтай құжатында белгіленген страдегиялық және тактикалық міндеттерге, мысалы, тауар (қызмет) нарығында жайнасымды күшейту, сатудың қолайлы мөлшеріне, актив пен меншік капиталдың пайдасы мен табыстылығына жету, сонымен бірге төлеуге қабілеттіктің және баланстың өтімділігін сақтау, меншік иелерінің (акционерлердің) әл-ауқатын арттыру сияқты мақсаттарға қол жеткізу үшіе орынды пайдалануды қарастырады.

Қаржы саясатының мағынасы келесі буындардан құрады:

  1. Қаржыны басқарудың жоғары кірістілікті және коммерциялық тәуекелдерден қорғауды ұштастыратын оңтайлы тұжырымдамасын әзірлеу;

  2. Ағымдағы кезеңде қаржы ресурсы пайдаланылатын негізгі бағыттарды анықтау;

  3. Қойылған мақсаттарғажетуге бағытталған практикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру.

Қаржы саясатының стратегиялық міндеттері мыналар болып табылады:

  1. Пайданы экономикалық өсу көзі ретінде барынша ұлғайту;

  2. Капиталдың құрылымы мен құнын оңтайландыру, корпорацияның қаржылық тұрақтылығын және іскерлік белсенділігін қамтамасыз ету;

  3. Корпорация қаржысының меншік иелері (акционелрлер, құрылтайшылар) инвесторлар мен кредиторлар үшін ашық болуына қол жеткізу;

  4. Корпоративтік бағалы қағаз эмиссиясының, қаржы лизингінің, жобалық қаржыландырудың көмегімен капитал тартудың нарықтық механизмін пайдалану;

  5. Корпорация қызметінің нарықтық жағдайларға үйлесетін стратегиялық мақсатын белгілеу және оған қол жеткізу жолдарын іздестіру есебінен, қаржының жай-күйін диагностикалау негізінде қаржыны басқарудың (қаржы менеджменті) тиімді менеджерді әзірлеу

№21 Билет

1.Корпорация қызметіндегі меншік капиталдың қызметі.

Компания қаржысының негізі болып саналатын меншік капиталы экономикалық мазмұны жағынан келесідей құрамдас бөліктерден тұрады:

Жарғылық капиталдан (жай және артықшылығы бар акциялар);

Қосымша капиталдан (егер акциялар өздерінің есеп құнынан жоғары бағамен орналастырылса);

Бөлінбеген пайдадан, ол компанияның қызмет ету кезінен тапқан табысы.

Шетел компанияларының баланстық есеп берулерінде меншік капиталы дәл осы түрде сыныпталады. Қазақстандық кәсіпорындарда бөлінбеген пайданы неғұрлым ежелеу сыныптайды (резервтік капитал, резервтік қорлар, жинақ қорлары, өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы, есепті жылдың бөлінбеген пайдасы).

Меншік капиталын басқару міндетіне келесілер жатады:

меншік капиталының мақсатты мөлшерін анықтау;

қажет болған жағдайда меншік капиталының мөлшерін бөлнбеген пайда немесе қосымша акциялар шығару есебінен ұлғайту;

жаңадан шығарылатын акциялардың мақсатты құрамын анықтау (жай және артықшылығы бар акциялардың үлесін);

дивиденттік саясатты анықтау және жүзеге асыру.

Меншік капиталының мақсатты мөлшерін анықта барысында есте сақтайтын жай, біріншіден, оның өсуі компанияның қаржылық тұрақтылығының жоғарылауы және акционерлердің, несие берушілердің, инвесторлардың оған деген сенімінің арта түсетіндігі. Екінші бір жайт, кәсіпорын капиталының белгіленген мөлшері кезінде меншік капитал үлесінің өсуі оның табыстылығының төмендеуіне әкеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]