Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМ-214 анатомия.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
763 Кб
Скачать
☆

4.Жүректің қызметі:

4)Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады. Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар. Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады. Адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады.

5. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі

5) Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі Жүрек артериялары оң және сол жақ тәждік артериялары жартылай айшықты қақпақшалардың жоғарғы жиектерінен төмендеу басталады. Сондықтан систола кезінде жүрек артериялары кіреберіс кақпақша-лармен жабылады да, ал артериялардың өздері жүректің жиырылған бүлшықетімен сығылады. Осының әсерінен систола кезінде жүректің қанмен жабдықталуы кемиді. Қан тәждік артерияларына, қолқаның сағасында орналасқан осы артериялардың кіреберісі жартылай айшықты қақпақшалармен жабылмайтын диастола кезінде келеді. Оң жак тәждік артерия - a. coronaria dextra - қолқадан оң жақ жүрекшенің сырт жағынан тәждік жүлгемен жүректің оң жақ жиегін орап өтіп, оның артқы бетінен ауысады. Ол бүл жерде артқы қарынша-аральщ тармаққа - r. interventricularis posterior-ға жалғасады. Бүл соңғы артқы қарыншааралық жүлгемен жүректің төбесіне дейін төмен түсіп, сол жерде сол жақ тәждік артерия тармағымен анастомозданады.

Оң жақ тәждік артерияның тармақтары оң жақ жүрекшені, оң жақ қарыншаның алғы қабырғасының бір бөлігі мен бүкіл артқы қабырғасық сол жақ қарьшшаның артқы қабырғасының кішкене бөлігін, жүрекшеаралық пердені, қарыншааралық перденің артқы үштен бірін, оң жақ қарыншаның емізікше бүлшықеттері мен сол жақ қарыншаның артқы емізікше бүлшықетін канмен қамтамасыз етеді.

Сол жак тәждік артерия - a. coronaria sinistra - колқаның сол жақ жартылай айшықты қакпакшасының қасынан шығып, сол жақ жүрекшенің алдындағы тәждік жүлгеде орналасады. Ол өкпе сабауы мен сол жақ кішкене қүлақшаның арасында екі тармақ береді: жіңішкелеу, алдыңғы, қарыншааралық тармақ - ramus interventricularis anterior және ірілеу, сол жакты айналып өтетін тармак - ramus circumflexus.

Бірінші тармақ алғы қарыншааралык жүлгемен жүректің үшына дейін түсіп, сол жерде оң жак тәждік артерияның тармағымен анасто-мозданады. Екінші тармақ сол жақ тәждік артерияның негізгі сабауының жалғасы ретінде жүрек жүлгесімен жүректі сол жағынан орап өтіп, оң жақ тәждік артериясымен қосылады. Осының нәтижесінде бүкіл тәждік жүлгесінде горизонталды жазықтыкта орналасқан артериялық сакина түзіледі, одан жүрекке перпендикулярлы тармактар шығады. Сақина жүректің жанама (коллатералды) қан айналымы үшін кажетті бейімделу болып табылады. Сол жақ тәждік артерияның тармақтары сол жақ жүрекшені, сол жақ қарыншаның бүкіл алдыңғы қабырғасының көп бөлігін, оң жақ қарыншаның алғы қабырғасының бір бөлігін, қарын-шааралык перденің үштен екі бөлігін және сол жақ қарыншаның алдыңғы емізікше бүлшықетін қантамырлармен жабдықтайды.

Жүрек артериялары дамуының әр түрлі варианттары байқалады, соның салдарынан қанмен жабдықтау бассейндерінің ара қатынастары түрлі болады. Осы түрғыдан жүректі қанмен қамтамасыз етудің үш формасын ажыратады; екі жүрек артериясын бірдей дамыған бірқалыпты форма, сол жақ тәждік және оң жақ тәждік формалар. Тәждік артериялардан басқа жүрекке бронхиалдық артериялардан, қолқада оның төменгі бетінен "қосымша" артериялар келеді, өкпе мен өңешке операция жасағанда жүректің қанмен қамтамасыз етілуін нашарлатпау үшін бүларды біліп, ескеру керек.

Жүректің ағзаішілік артериялары, тәждік артериялары сабаулары мен олардың ірі тармақтарынан жүректің 4 камерасына сәйкес жүрекшелер (rr. atriales) мен қүлақшалар (rr. auriculares), қарыншалар тармақтары (гг. ventriculares), перделік тармактар (rr. septalis anteriores et posteriores) шығады. Олар миокардқа еніп, оның кабаттарының саны, орналасуы және қүрылысына сәйкес тармақталады: алдымен сыртқы қабатта, содан кейін ортаңғы қабатта (қарыншаларда), ең соңында, ішкі қабатта; содан кейін емізікше бүлшықеттеріне (аа. papillares) және жүрекше-қарыншалық қақпақшаларға енеді. Бүлшықет ішіндегі артериялар әрбір қабатта бүлшықет будалары ізімен жүріп, жүректің барлық қабаттары мен бөлімдерінде бір-бірімен жалғасады.

Бүл артериялардың бірқатарының қабырғасында күшті дамыған еріксіз бүлшықеттер қабаты болады, олар жиырылғанда тамыр куысы толық бітеледі, сондықтан бүларды "түйыктаушы" артериялар деп атайды. "Түйықтаушы" артериялар уақытша түйіліп қалса (спазм), жүрек бүлшықетінің дәл сол жеріне қан келмей, миокард инфаркты дамуы мүмкін.