Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМ-214 анатомия.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
763 Кб
Скачать
☆

8.Жүректің клапандық аппаратының құрылысы

8)   Жүректе екі қақпақша (клапан) бар: атривентрикулярлы және  айшық.  Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады.         Жүрек қызметінің екі фазасын  бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу). Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әр фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін  қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады.  Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен қанмен толады. Осы кезде қанның қуыс және өкпе көктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады. Бұл айшықты клапандардың ашылуына себепші болады, ал қан қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет төмендеп,  ол қанның қарыншаларға қарай кері ағуына жағдай жасайды. Сөйтіп жүрек клапандарының ашылып- жабылуы жүрек қуысындағы қысымдардың өзгеруімен байланысты.  

9.Жүректің булшықеттік қабатының құрылысы.

9) Жүрек қабырғасының қабаты негізінен көлденең жолақты бүлшықет тінінен түратын ортаңғы - myocardium-нен түзіледі. Сыртқы - ерісагdium - сірлі қабық болып табылады. Ішкі - endocardium - жүрек куысын астарлайды. Миокардтың қаңқалық бүлшықет тіндерінен айырмашылығы жекелеген көп ядролы талшықтардан түрмайды, олар бірядролы жасушалардың - кардиомиоциттердің торы болып табылады. Жүрек бүлшықетінде екі бөлімді ажыратады: жүрекшелердің және қарыншалардың бүлшықет қабаттары. Екі бөлімнің талшықтары да екі фиброзды сакинадан - anuli fibrosi - басталады, олардың біреуі ostium atrioventriculare dextrum-ды, ал екіншісі ostium atrioventriculare sinistrum-ды қоршап жатады. Бір бөлімнің талшьщтары екінші бөлімнің талшықтарына өтпейді, сондықтан жүрекшелер, қарыншалар жеке жиырылады. Жүрекшелерде беткей және терең қабаттардағы бүлшықеттерді ажыратады: беткей бүлшықет, көлденең орналасқан талшықтардан, тереңдегісі -бойлық талшықтардан түрады. Беткей қабаттағы бүлшықет екі жүрекшені қоршап жатады, тереңдегісі - әрбір жүрекшені жеке қоршайды. Қарын-шалардың бүлшықеттері үш қабаттан қүралған: беткей қабат бойлық талшықтардан түрады, олар оң жақтағы фиброзды сақинадан басталып, сол қарыншаға келіп, жүрек үшында бүрама - vortex cordis - түзеді де, ішкі бойлық қабатқа өтеді. Сыртқы және ішкі қабаттардың арасында орналасан ортаңғы кабаттың талшықтарьт азды-көпті циркулярлы жүреді, соның өзінде беткей қабаттағыдай емес, бір қарыншажан екінші қарыншаға өтпейді, әр қарынша үшін дербес болып табылады.   Нервтік бұлшықеттік байланыстырушы будалар мен түйіндер. Жүректің ырғақты қызметі мен оның жеке камераларының бүлшық-еттерінің жұмысын үйлестіруде жүректің өткізгіш жүйесі деген күрылым маңызды қызмет атқарады. Жүрекшелердің бүлшықеттері қарыншалар-дың бүлшыкеттерінен фиброзды сақиналар арқылы бөлінгенмен, олардың арасында күрделі нервтік-бүлшьщеттік байланыс болады. Оның күрамына кіретін бұлшықет талшыктарының (өткізгіш талшықтар) ерекше күрылысы бар. Олардың жасушалары миофибрилдерге кедей де, саркоплазмаға бай, сондықтан ақшылдау. Олар кейде жай көзге ақшыл боялған жіпшелер түрінде көрінеді және көлемі жағынан кәдімгі жүректің бүлшықет талшықтарынан үлкендеу болғанымеқ олар бастапқы синцитидің аздау дифференциацияланған бөлігі болып табылады. Өткізгіш жүйеде түйіндер мен будаларды ажыратады. Қойнаужүрекше түйіні - nodus sinuatrialis - оң жақ жүрекшенің қабырғасының салқынқандылардың sinus venosus-ына сәйкес келетін бөлімінде орналасқан (sulcus terminalis-те жоғарғы қуыс вена мен оң жақ қүлақша арасында). Ол қүлақшалардың бүлшыкетімен байланыскан және олардың ырғақты жиырылуы үшін маңызы бар. Жүрекше-карынша түйіні - nodus atrioventricularis - оң жак жүрекшенің қабырғасында, үш жармалы қақпақтың - cuspis septalis -қасында орналасқан. Жүрекше бүлшықетімен тікелей байланысқан түйін талшықтары жүрекше-карынша будасы - fasciculus atrioventricularis (Гис будасы) түрінде қарыншалар арасындағы қалқаға айнала жалғасады. Буда карыншалар қалқасында екі аяқшаға - cms dextrum et sinistrum - бөлінеді, ал олар аттас қарыншалар қабырғасына барып, солардың эндокард астындағы бүлшықетінде тарамданады. Жүрекше-қарынша будасы жүрек жүмысы үшін үлкен маңызы бар, өйткені сол арқылы жүрекшелерден қарыншаларға жиырылу толқыны берілш, соның нәтижесінде жүрекшелер мен қарыншалардың систола ырғағы реттеледі. Демек, жүрекшелер өзара қойнау-жүрекше түйіні, ал жүрекшелермен қарыншалар жүрекше-қарынша будасы арқылы байланысады. Әдетте, тітіркену оң жақ жүрекшеден қойнау-жүрекше түйінінен жүрекше-қарынша түйініне, ал одан жүрекше-қарынша будасы аркылы екі қарыншаға беріледі

10.Қолқа оның бөліктері,топографиясы,тармақтары.

10) Қолқа,aorta, қан айналыс жүйесіндегі ең ірі артерия қан тамыры; жүректің сол қарыншасынан басталады, дененің барлық тіндері мен органдарын қанмен қоректендіреді.

Қолқа қабырғаларының серпімділігі артерия қан тамырлары бойымен қанның үздіксіз ағып тұруын қамтамасыз етеді. Қолқаның жүректен бадана тәрізді кеңейіп басталған бөлігі – қолқа баданасының қабырғасы мен қолқаның айшықты қақпақшалары бірігіп, Қолқа қойнауын (синусын) түзеді. Сүтқоректілерде қолқа жүректің сол қарыншасынан шыққаннан соң, жоғары көтеріліп, омыртқа бағанасына және артқа (адамда – артқа және төмен) қарай бұрылып, қолқа доғасын құрайды.Қолқаның көк еттегі тесігіне дейінгі бөлігін – көкірек қолқасы, ал оның көк еттен кейін орналасқан құрсақ қуысындағы бөлігін – құрсақ қолқасы деп атайды. Құрсақ қолқасынан кезегімен жалпы сыртқы және ішкі мықын артериялары таралған соң, орталық құйымшақ (адамда – орталық сегізкөз) артериясына айналады. Жүректен қолқаға қан 120 – 130 милиметр сынап бағанасы қысымымен, 0,5 – 1,3 м/с жылдамдықпен ағады. Қолқаның қабырғасы: интима (ішкі қабығы), медиа (ортаңғы) және адвентиция (сыртқы) қабықтарынан тұрады. Олардың орташа ұзындығы 500 микрометр, ені 150 микрометр.Қолқада үш бөлімі болады: 1) pars ascendens – жоғарылааған бөлігі 2)arcus aortae-қолқа доғасы . 3)Pars descendens aortae-қолқаның төмендегіш бөлігінен тұрады

11 . Қолқа доғасының тармақтары .

Қолқа доғасының ойыс жағынан бронхтар мен айырша безіне артериялар кетеді . Ал дөңес жағынан жоғары қарай мынадай 3 сабау шығады .

  1. Truncus brachiocephalicus .

  2. A. corotis communis sinistra .

  3. A . subclavia sinistra

12. . Иық бас сабауы , топографиясы , тармақтары , қанмен жабдықтау аймақтары .

Қолқа доғасының бастапқы бөлігінен басталады . Ұзындығы - 4см . Жоғары , оңға көтеріліп , оң кеуде бұғана буыны артқы жағында 2 тармаққа бөлінеді .

  1. 1 . Оң жалпы ұйқы артериясы / A. corotis communis dextra |

  2. Оң бұғана асты артерияы (A. subclavia ).

КЕңірдек алдында қалқанша безге тармақ береді . Thyroidea ima )

13. Сол жақ жалпы ұйқы : топографиясы , тармақтары , қанмен жабдықтау аймақтары .

A. corotis communis Қарқанша шеміршек пен тіласты сүйек денесінің деңгейінде 2-ге бөлінеді :

1. A. corotis externa

2. A. corotis interna

Сыртқы ұйқы артериясы . /A. corotis externa / Бас пен мойынның сыртқы бөлігін қанмен қамтамасыз етеді . Басталған жерден жоғары көтеріліп , m. digastricus-тің артқы қарыншасы мен m. Stilohioideus- тің артқы жағында орналасып , құлаққасы безін тесіп өтеді, төменгі жақ өсіндісінің мойнында 2 тармақ береді :

  1. A. maxillaries

  2. A. temporales superficiales

Топографиялық ерекшелігіне байланысты 3 топқа бөлінеді :

Алдыңғы топ : A. thiroidea Superior , A. lingualis , A . facialis .

Ортаңғы топ : A. pharyngea ascendens , A. temporalis superficialis , A . maxillaries .

Артқы топ : A. occipitalis , A. auricularis post. A. sternocleidomastoideus .

Ішкі ұйқы артериясы / A. corotis interna/ Жалпы ұйқы артериясынан басталады . Бас сүйек негізіне көтеріліп , самай сүйектегі – canalis coroticus-ке енеді . canalis coroticus-тің иілгендігіне қарай онда алдымен тік жүріп , содан кейін алдыңғы медиалды бағытта жүріп , самай сүйектің ұшында , foramen lacerum жанында бассүйек қуысына енеді , canalis opticus қасында A. Ophtalmica – ға тармақ береді . Содан кейін қатты және торлы қабықты тесіп тармақтар береді : Rr . coroticotympanici , A. Cerebri ant , A. Cerebri media , A. Choroidea , A. Communicans post .

14. Жоғарғы қуыс вена : түзілу көздері , топографиясы .

V . cava superior Жоғарлаушы қолқаның оң және сәл артқы жағында орналасқан . Жуан 2,5 см , бірақ қысқа 5-6см сабау . Оң жақтағы 1-қабырғаның төспен қосылатын бөлігінде A. brachiocephalica sinistra + dextra –дан пайда болған Төстің оң жақ жиегін бойлай 1 , 2 – қабырға аралықтың артын бойлай 3- қабырғааралыққа дейін төмен түседі . Жүректің оң жақ құлақшасына келіп , оң жақ жүрекшеге құяды . Артқы қабырғасы оң өкпе артериясы және венасымен жанасады . Бұл екеуі де оны көлденеңінен қиып өтеді . Оң жақ өкпе венасының жоғарғы жиегі деңгейінде оң жақ өкпенің түбірі иіліп жоғарғы қуыс венаға құяды .

15. Төменгі қуыс вена : салалары , топографиясы .

V. cava inferior Ең ірі вена сабауы . 4 – бел омыртқа деңгейінде қолқа доғасының 2-ге бөлінетін жерінде сәл төмендеу оңға қарай 2 мықын веналарының бірігуінен түзіледі . Төменгі бөлігінде m. psoas- тың медиялды бөлігімен жанасып , кейін оның алдына өтеді , көкеттің foramen vena cavae арқылы кеуде қуысына өтіп тікелей оң жақ жүрекшеге құяды . Тікелей төменгі қуыс венаға құятын салалар 2 топқа бөлінеді :

1. Қабырға қасылық : V. lumbales dextra et sinistra , V. frenica inferior .

2. Ішкі ағзалық : V. testicularis , V. renalis , V. suprarenalis dextra , V. hepatica .

16 . Өкпе сабауы , өкпе веналары : топографиясы .

Truncus pulmonales вена қанын оң қарыншадан өкпеге әкеледі . Қолқа доғасының астында 4-5 кеуде омыртқа деңгейінде 2-ге бөлінеді :

  1. Pulmonales sinitra – сол өкпеге aorta ascendens-тің алдынан өтеді .

  2. Pulmonales dextra – ұзындау , оң өкпеге aorta ascendens – пен жоғарғы қуыс вена артынан өтеді .

2еуі қосылып – өкпе бөліктері , сегменттеріне , олар бронх пен ұсақ артерия , артериола , прекапилляр , капиллярға тармақталады .

V. pulmonales – артерия қанын өкпеден жүрекшеге әкеледі . Капилляр + бронх + сегмент+ өкпе бөліктері қосылып ірі венаға айналады . Бұл вена 2-ге бөлінеді : оң жақта 2еу , сол жақта 2еу . Өкпе сабауы горизонталды бағытта сол жүрекшеге келіп , оның жоғарғы қабырғасына құяды .