Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМ-214 анатомия.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
763 Кб
Скачать
☆

70. Айырша без, құрлысы мен қызметі қанмен жабдықталуы.

Thymus- Кеуде қуысының алдыңғы жоғарғы бөлігінде төс тұтқасы мен денесінің артында орн. Оң және сол бөлігі бар. Lobus.---Жоғ.шеті кеуде қуысының шегінен асады,төс тұтқасының жоғ.жиегімен шығып кейде қалқанша безге жетіп т-ды.

Көлемі жасқа байланысты өзгермелі. 1 жаңа туған нәресте 12 гр, жыныстық жетілуге дейін 35-40гр бұдан кейін инволюция басталады. 25 жаста 25гр, 60 жаста- 15гр, 70 жаста 6гр дейн жетеді. Пішіні ұзарады себебі бездің латеральды және төменгі бөлігі атрофияланады.

ТОФОГРАФИЯСЫ. Балаларда-жоғ.шекара төс тұтқасы 1-1,5см, төменде 3,4 ал кейде 5 қабырғаға жетеді. Ересектерде әдетте бездің мойындық бөлімі болмайды,оның жоғарғы жиегі төс тұтқасының артқы жағында мойындырық тілігінен төмен қарай түрлі қашықтықта жатады.Төменгі жиегі екінші қабырға аралыққа немесе 3 қабырғаға сәйкес келеді.

ҚҰРЛЫСЫ- Айырша без сыртынан дәнекер тінді капсуламен жабылған,ол бездің ішіне оны кішкене үлестерге бөлетің үлесаралық қалқалар шығарады, Әрбір кішкене үлесше қыртыс және милы заттан тұрады. Қыртыс заты эпителиий жасушалары торынан түзіледі,оның ілмектерінде айырша безінің лимфоциттері орналасады. Милы затында эпителий жасушалары жалпақтанып және мүйізденіп айырша безінің денешіктерін түзеді.

ҚЫЗМЕТІ- айырша безі қызметтерінің ерте жоғалуынан иммундық жүйе қызметі әлсірейді. Үлесшелердің эпителий жасушалары лимфоциттердің айырша безінің өзінде өзгеруін реттейтін гормон жасап шығарады. Кейде толысқан жаста айырша безі мен басқа да лимфа ағзаларының паталогиясына байланысты иммундық үрдістердің ерекше бұзылуы байқалады.бұл операция кезінде наркоз бергенде кенеттен өліп кетудің себебі болуы мүмкін. Айырша без иммундық жүйенің орталық ағзасы болып табылады.

ҚАНМЕН ЖАБДЫҚТАЛУЫ. Айырша бездің ішкі кеуделік қолқа доғасының және иық бас сабауынан тармақталатын тимустық тармақтар rr.tymisi қанмен қамтамассыз етеді. Тимустан веналық қан иық бас және ішкі кеуделік внеаларға ашылады.

73. Лимфа түйіндері, құрылысы мен қызметі қанмен жабдықталуы: Лимфа түйіндері , nodi lymphatici,  пішіні дөңгелек немесе сопақша келген, лимфатамырларының бойында орналасқан, лимфоциттердің түзілу процесі (лимфоцитопоэз) жүретін шеткі қантұзу мүшесі. Лимфа түйіндері сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Ол коллаген талшықтарынан, аздаған эластин талшықтарынан және миоциттерден құралған. Дәнекерүлпалық қапшықтан лимфа түйіндері ішіне тарала енетін дәнекерүлпалық перделікгер бір-бірімен торлана жалғасып, лимфа түйіндерінің негізін (стромасын) құрайды. Олардың аралықтарында лимфа түйінінің негізгі қызметтерін атқаратын оның паренхимасы орналасады. Паренхиманың негізін ретикулалы ұлпа құрайды. Лимфа түйіндері сыртқы — қыртысты заттан, ішкі — бозғылт заттан және осы заттардың аралығындағы — қыртысмаңы (паракортикальды) аймақтан тұрады. Қыртысты затты лимфобласттардан, макрофагтардан, дендритті жасушалардан және лимфоциттерден түзілген лимфа түйіншелері және қапшық пен түйіншелер аралығындағы шеткі қойнау құрайды. Бозғылт затты перделікгер, орталық қойнаулар, лимфоидты ұлпадан құралған жүмсақ баулар түзеді. Қыртысмаңы аймағын перделікгер, аралық қойнаулар мен төменгі лимфа түйіншелері және жұмсақ баулар құрайды. Шеткі, аралық және орталық қойнаулармен ретикулалы ұлпа арқылы лимфа сүзіле ағып, механикалық және биологиялық тазартулардан өтеді. Лимфа түйіндерінде фагоцитоз арқылы бөгде заттар жойылады, Т-және В- лифоциттер, иммунды денелер түзіледі. Лимфа түйіндері организмдегі қорғаныс және қантұзу қызметтерін атқарады

74. Бадамша бездерінің , құрылысы мен қызметі қанмен жабдықталуы: Бадамша, миндалины (tonsіllae) — мұрын, жұтқыншақ, ауыз қуысының аралықтарына орналасқанбездер. Бадамша лимфоидты тіндерден құралады, иммундық жүйеге жатады және организмді қоршаған ортаның зиянды микробтарынан қорғайды. Сәбилерде, жасөспірімдерде Бадамша жақсы қорғаныс қызметін атқарады. Ересек адамдарда лимфоид тіндерінің бірте-бірте дәнекер тіндеріне айналуына байланысты Бадамшаның қорғаушы қасиеттері азаяды. Бадамша таңдай, тіл, жұтқыншақ, түтіктік Бадамшалары болып ажыратылады. Таңдай Бадамшасы жұп болады, көмейдің(ауыз қуысының жұтқыншаққа өтетін шекарасы) екі бүйірінде, ал тіл Бадамшасы сыңар болады, тілдің түбірінде, шырышты қабық астында орналасады.Жұтқыншақ Бадамшасы біреу, жұтқыншақтың жоғ. және артқы қабырғаларының аралығында жатады, ал бір жұп түтіктік Бадамшалар жұтқыншақтың мұрын бөлігінде және есту түтігінің жұтқыншаққа ашылатын тесігін қоршай орналасады. Бадамша асқынғанда жұтыну, тыныс алу қиындайды. Бадамшаның үлкейіп қабынуы баспа (ангина, тонзилит), аденоид жұқпалы ауруларына шалдықтырады

77. Эндокринді мүшелердің классификациясы: Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады.

79. Гипофиз, құрылысы, топографиясы, қызметі: Гипофиз аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.

80. Гипофиздің қанмен жабдықталуы: Оған келетін қан гипоталамус арқылы өтеді сондықтан гапоталамустың нейросекрециялық торшаларынан бөлінген биологиялық белсенді заттар аденогипофизге өтіп, оның троптық гормондарының түзілуін күшейтеді. Гипофиздың қанайналымы төменгі және жоғарғы гипофизарлық артериялармен жүзеге асады, олар ішкі ұйқы артериясының тармақтары. Жоғарғы гипофизарлы артерия гипоталамустан өтіп миға барады, гемокапиллярларға тармақталады; бұл капиллярлар жиналып порталды венаны құрайды, екіншілік капиллярлы жүйені құрайды Жоғарғы және төменгі гипофизарлы артериялар бір-бірімен анастомоз құрайды. Веналық қан мидың қатты қабатының қуысты және қуысаралық синустар арқылы жүзеге асады

82.Бүйрек үсті безі glandula suprarenalis-құрсақарты кеңістікте,сәйкес бүйректің жоғарғы ұшының үстінде орналасқан жұп мүше.Бүйрек үсті безі алдынан қабысқан конус пішінді.Оң бүйрек үсті безін алдынан қарастырған кезде ол дөңгеленген бұрыштары бар үшбұрышқа ұқсайды.Сол бүйрек үсті безінің ұшы жалпайған ол жарты айға ұқсайды.Бүйрек үсті безінің әрқайсысында үш бетін ажыратады:алдыңғы,facies anterior.артқы facies posterior,төменгі facies renalis.Бүйрек үсті бездер XI-XIIкеуде омыртқалары тұсында орналасқан.Оң бүйрек үсті безі солға қарағанда төмендеу орналасқан.Артқы беті көкеттің бел бөлімімен,алдыңғы бауырдың висцералді бетімен және он екі елі ішекпен,ал астыңғы иілген бүйректік бетімен оң бүйректің жоғарғы ұшымен беттеседі.Оң бүйрек үсті безінің медиалді жиегі,margo medialis,төменгі қуыс венамен шектеседі.Бүйрек үсті безінің әрқайсысы бүйрек маңындағы шелмайда жатады.Оң және сол бүйрек үсті безінің алдыңғы бетінің бір бөлігі палиеталді ішастармен қапталған.Ересек адамда бір бүйрек үсті безінің салмағы -12-13г,ұзындығы-40-60мм,биіктігі немесе ені-20-30мм,қалыңдығы2-8мм.

Бүйрек үсті безінің беті кедір бұдыр,әсіресе сол бүйрек үсті безінің алдыңғы бетінде терең жүлге қақпа,hilus,айқын көрінеді,олардан мүшенің орталық венасы шығады.

84.Қалқанша маңы бездері, құрылысы, топографиясы, қызметі, қанмен жабдықталуы: Қалқанша маңы безі, glandula parathyroidea, пішіні сопақша немесе домалақ тәрізді, қалқанша безінің артқы бетінде орналасады. Ұзындығы 4-8 мм,ені 3-4мм, 2-3мм. Қалқанша маңы безінің айырмашылығы- түсі ашық болады. Қалқанша маңы безінің гормоны-паратиреокрин немесе паратгормон деп аталады. Гормон бұлшықеттің және жүйке жүйесінің қалыпты қызмет атқаруын, қанның құрамында кальцийдің қажетті мөлшерін қамтамасыз етеді. Кальцийдің реттелуі паратгормонның және Д витаминнің қатысуымен болады. Бұл бездің қызметі нашарлағанда адамның қаңқа бұлшықеттерінің қозуы күшейіп, созыла алмаған соң, дене дірілдеп, селкілдеп , сіреспе п.б. Қалқанша маңы безінің қызметі күшейгенде сүйектен шыққан кальцийдің қан құрамындағы молшері көбейеді. Сүйек тіндерінде остеодистрафия пайда болады. Сүйек құрамы өзгеріп, сынғыш келеді. Бұл ас қорыту мүшелері мен жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін бұзады. Ми қыртысының қозуы нашарлайды, адамда солғындық п.б.88)

84.Қалқанша без,glandula thyroidea,ішкі секрециялық бездердің ішіндегі ең ірі тақ без.Ол мойынның алдыңғы аймағында,көмей мен кеңірдектің жоғарғы бөлімдерінің аралығында орналасқан.Бездің оң және сол үлестері,lobus dexter et sinister,және қылтасы,isthmus glandulae thyroidea,ажыратады.Қалқанша бездің оң және сол үлестерін бір-бірімен жалғастырушы қылтасы,кеңірдектің I-Iiжартылай сақиналы шеміршегінің маңында орналасқан.Кейбір жағдайларда қалқанша без қылтасы кеңірдектің I шеміршегінің тұсында немесе жүзік тәрізді шеміршектің доғасында жатады.Кейде қалқанша без қылтасының мүлде болмауы жиі байқалады,мұндай жағдайда қалқанша без үлестері дербес орналасады.Қалқанша без қабырғасының құрылысы.Сыртқы,дәнекер тінді-фиброзды қабық,ол кеңірдек пен көмеймен бітіскен.Соның әсерінен көмей қимылдағанда,қалқанша без орнын ауыстырады.Бездің ішіне капсуладан дәнекер тінді қалталар шарбақшалар тармақталады,олар түйіншелерден құралған үлесшелерге бөледі.Түйіншелердің қабырғасы ішінен текше пішінді эпителиалді түйіншелік жасушалармен көмкерілген,ал түйіншелердің ішінде қою сұйықтық-еоллоид орналасқан.Коллоид құрамында қалқанша без гормоны бар.Қалқанша бездің безшелік түйіншектік эпителийінің қызметі йодты жинау қабілетіне ие.

85. Қалқанша бездің қанмен жабдықталуы, қызметі: Қалқанша маңы бездері қанмен қамтамасыз етілуі , қызметі . Артериялар : 1. A. A.thyroidea superior et inferior 2. A. oesaphagales 3. A. trahealis Веналар :Аттас веналар . Қызметі : Организмде Кальций мен фосфор алмасуын реттейді . Бездерді алып тастаған жағдайда адам сіреспе тартылу әсерінен өліп кетуі мүмкін .

86. Қалқанша маңы бездері қызметі, қанмен жабдықталуы: Қалқанша бездің қанмен қамтамасыз етілуі , қызметі . Артериялары :Жоғарғы полюс : A.thyroidea superior( Сыртқы ұйқы артериясының тармағы Төменгі полюс: A. thyroidea inferior( бұғана асты артериясының мойын – сабау тармағы ) . Веналары : Жоғарғы , ортаңғы қалқанша венасы Төменгі қалқанша венасы Қызметі : Туа дамымаған болса , микседема және критинизм ауруларына шалдығады . Сүйек жүйесі тіндерінің дұрыс дамуы , зат алмасу , нерв жүйесінің қызметі және т.б без гормонына байланысты . Кейде без қызметінің бұзылуынан зоб ауруын туындатады . Без өндіретін тирокальцитонин Кальций мөлшерін реттейді . Гиперсекреция кезінде Базедов ауруын туындатады

87. Жыныс бездерінің эндокриндік бөлігі, құрылысы, топографиясы, қызметі: Еркектерде аталық без testis, әйелдерде ovarium.Жыныс жасушаларымен қатар екінші реттік жыныс белгілеріне жауап беретін жыныс гормондарын қанға бөледі. Аталық бездегі эндокринді функция атқаратын интерстиций, ол қан және лимфа капиллярлары қасындағы иреленген шәует өзекшелері арасындағы борпылдақ дәнекер тінде орналасатын аталық бездің интерстициалды эндокриоциттерінен түзілген (Лейдинг жасушалары). Аталық бездің интерстициалды эндокриноциттері аталық жыныс гормоны-тестестерондарды бөледі. Аналық безде эстроген және прогестерон жыныс гормондары түзіледі.Эстрогенніңң түзілетін жері жетілген түйіншелердің дәнді қабатымен қатар, аналық бездің интерстициалды жасушалары. Түйіншелердіңі(фолликулалардың) өсуі мен интерстициалды жасушалардаң белсенділігі гипофиздің фолликулын және сары дене гормондарының әсерінен жүреді. Сары дене гормондары овуляцияның басталуы мен жасушалары аналық без гормоны-прогестернонды бөлетін сары дененің түзілуіне әсер етеді. Прогестерон қынаптың шырышты қабығын ұрықтанған жұмыртқа жасушны қабылдауға дайындайды да, жаңа түйіншлердің өсуін тежейді.

88. Ұйқы безінің құрлысы, топографиясы, қанмен жабдықталуы.: Ұйқы без Panсreas асқазан астында, ұзын көлденең бағытта орналасқан паренхиматозды мүше. Ішастармен экстраперитональды жауып орналасқан. Іш қуысының жоғарғы бөлігінде,ішастардың артында және кіндік пен сол қабырға астылық аймаққа тұспалас орналасқан. Топаграфиялық ораласуына қарай.Басы Caput 1-3 бел омыртқаларының аралығында орн. Денесі Corpus 1бел омыртқаның тұсында,Құйрығы. Cauda 11-12 кеуде омыртқаларының тұсында орналасқан. Басы алдынан артына қарай қалыңдау орналасқан. Басының алдыңғы төменгі бетінде – ілмек тәрізді өсінді Processus uncinatus . Басымен денесінің шектескен жерінде тілігі- incisura орналасқан.Ұйқы бездің басында Қосымша ұйқы без түтүктері ( Ductus pancreaticus accessorius) қалыптасып, 12 елі ішектің кіші бүртігіне ашылады. Денесі – Үшқырлы призма тәрізді. Беті – FASIES Алдыңғы ,Артқы. Төменгі. ЖИЕГІ. 1.Жоғоры. 2. Алдыңғы. 3. Төменгі. – ажыратады. Құйрығы. – басына қарағанда жоғары бағытталып, көк бауырдың төменгі қапталында орналасқан. Құйрығынан ұйқы бездің негізгі түтігі DUCTUS PANCREATICUS. Басталып мүшенің денесі мен басына солдан оңға қарай өтіп 12 елі ішектің үлкен бүртігіне жалпы өт түтігімен қосылып ашылады. ТОПОГРАФИЯСЫ. 1. Іш қуысының жоғары бөлігінде. 2 Ішастардың артында. 3 Кіндік пен сол қабырға астылық аймаққа тұспалас орналасқан.Денесі 1 бел омыртқа тұсында, Құйрығы 11-12 кеуде омыртқа тұсында орналасқан.СИНТОПИЯСЫ. Артқы беті.- 1.V. CAVA INF және КӨКЕТПЕН шектескен Төменгі беті. – A. MESENTERICA SUP. шектеседі. ҚҰРЛЫСЫ. Күрделі түтікті ұяшықты без және ішкі секреция безіне жатады. Бойынан бөлініп шығатын сұйықтығына қызметіне қарай аралас безге жатады. Ұйқы бездің Негізгі массасы ұйқы безі бөлшегі құрап,сыртқы секреторлық қызмет атқарады. Бөлшектерінің аралығында ішкі секреторлық,инкреторлық немесе эндокринді бөлігі Лангерганс атты аралшықтар орн.Секретін 12- елі ішекке құяды. Аздау Қанға инсулин гормонын бөледі .ҚАНМЕН ҚАМТАМАССЫЗ ЕТІЛУІ. Артерия. 1. AA. pancreatica duadenalis sup ant.et post.- асқ.12 елі ішек артериясының тармақтары. 2 A. pancreatica duadenalis inf.- жоғ. шажырқай арт. Тармағы,3. A. Pancreatica –Көк бауыр арт. Тармағы ВЕНА. Ұйқы без веналары – көкбауыр венасына –ол өзі қақпа венасының құйылымы.,НЕРВ. Парасимпатикалық, симпатикалық.

Ұйқы безінің эндокриндік бөлігі, құрылысы, топографиясы, қызметі

89 Параганглийлер (хромофинді денелер) құрылысы, топографиясы, қызметі: Түйін жанындағы денелер. Адреналды немесе хромафинді жүйенің бос қалдықтары және қосымша симпатикалық ағзалар болып табылад. Өйткені олар симпатикалық нерв жүйесімен өте жақын көршілес, симпатикалық сабаудың түйіндері тораптарынан медиалды немесе дорсалды орналасады. Бүйрекүсті безінің милы қабаты сияқты оларды да хромафинды жасушалар болады. Параганглилерге мына түзілістерді жатқызады. Corpora paraorticа ,glomus caroticum, glomus coccygeum. Хромаффинді денелердің қызметі бүйрекүсті безінің милы затының қызметіне ұқсас.

90. Жұлын құрылысы, топографиясы: Жұлын құрылысы, топографиясы. Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Ж ұ л ы н омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық 43см, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып 1-2 бел омыртқа тұсында ми сүйірі тәрізденіп бітеді. Сыртқы құрылысы: Жұлын бойында мойын және бел-сегізкөз буылтыөтары болады. Мойын буылтығынан қолды, бел-сегізкөзден аяқты жүйкелендіретін жүйкелер шығады. Жұлынның сыртқы бетінде 5 жүлгесі және1саңылауы болады. Алдыңғы ортаңғы саңылауы алдыңғы бетінде сагитталды бағытта орналасқан. Ал артқы бетінде ортаңғы ж.лгесі болады. 2еуі жұлынды симметриялы 2бөлікке бөледі.Жұлынның алдыңғы бетінің ортаңғы саіылауының бүйір жағында алдыңғы бүйір жүлгелер орналасады. Олардың оң және сол алдыңғы түбірлер шығады. Ал артқы бетінде артқы бүйір жүлгелер арқылы жұлынға оң жәнесол артқы түбірлер енеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді. Ішкі құрылысы: Ақ және сұр заттан турады. Сұр заты субтанция грисея деп аталады. Ортасында орналасып, жан жағынан ақ запен өоршалып жатады. Сұр зат жұлынның оі және сол жақтарында вертикалды орналасқан 2бағана түзеді. С.з.ның ортаынан жұлын ми сұйықтығы өтетін орталық өзек canalis centralis ӨТЕДІ. Өзектің жоғарғы жағы бас миының 4-қарыншасымен байланысады, төменгі жағы жуандап, терминалды қарыншамен тұйық аяқталады. Орталық өзектің өабырғасы эпендимамен астарланады. Сұр заттың әрбір бағаны алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінеді. Жұлынды көлденең кескенде сұр заттың пішіні «Н» әрпіне ұқсайды.Алдыңғы cornu anterior.артқы c.posterior. сүйір мүйіздері болады. Жұлынның кеуде бөлімінде және 2жоғарғы бел сегменттері деңгейінде бүйір мүйіздері болады. Ақ заты сұр затының айналасында орналасып, жүлгелер арқылы 3бойлық жіпшеге бөлінеді. Алдыңғы funiculus anterior. Бүйір f.lateralis. артқы жіпшелер f.posterior бөлінеді. Артқы жіпше мойын және жоғарғы кеуде бөлімдерінде аралық жілгеше арқылы тағы 2будаға бөлінеді. Олар: нәзік және жіңішке будалар. 2буда да осы аттармен сопақша мидың артқы жағына ауысады