- •1.Жүректің жасына байланысты ерекшеліктері.
- •2.Жүректің қабырғасының құрылысы:
- •3.Жүректің топографиясы:
- •4.Жүректің қызметі:
- •5. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі
- •6.Жүректің веналары.
- •7.Жүректің жүйкеленуі
- •8.Жүректің клапандық аппаратының құрылысы
- •18. Көмейдің бұлшық еттері : құрылысы , қызметтері .
- •19 . Көмейдің шеміршектері , құрылысы .
- •17. Көмей құрылысы , топаграфиясы , қызметі .
- •20. Көмейдің байламдары мен буындарының құрылысы .
- •22.Бронхтар
- •25.Өкпе құрылысы,қызметі.
- •27.Өкпе қапшығы,құрылысы,топографиясы,қызметі.
- •30.Бүйрек,ren,жұп экскреторлық мүше.
- •31.Бүйрек топографиясы мен қызметі:
- •32.Несепағар құрылысы, жасына байланысты рекшеліктері.
- •34. Несепқуықтың құрылысы мен Жасқа байланысты ерекшелігі.
- •36)Несеп шығаратын өзектің құрылысы:
- •1)Еркек несеп шығаратын өзек қабырғаларының құрылысы:
- •2)Әйел несеп шығаратын өзек қабырғаларының құрылысы:
- •37)Несеп шығаратын өзектің топографиясы мен қызметі:
- •38) Еркек несеп жыныс мүшеолері. Жасқа байланысты ерекшелігі:
- •39)Атабез құрылысы, топографиясы мен қызметі,
- •51. Сыртқы жыныс мүшелері: құрлысы, топографиясы, қызметі.
- •52. Асқазан: құрылысы, топографиясы, қызметі, қанмен жабдықталуы.
- •54. Онекіелі ішек: құрлысы, топографиясы, қызметі қанмен жабдықталуы?
- •55. Мықын ішек: құрлысы, топографиясы, қызметі қанмен жабдықталуы?
- •56. Жуан ішек: құрлысы, топографиясы, қызметі қанмен жабдықталуы?
- •57. Асқазан мен жіңішке және тоқ ішектердің іштің алдыңғы қабырғасындағы проекциясы.
- •59. Жіңішке ішектің жасына байланысты ерекшеліктері?
- •61. Ұйқы безінің жалпы сипаттамасы. Балалардағы ерекшеліктері.
- •62. Ұйқы безінің құрлысы, топографиясы, қанмен жабдықталуы.
- •Қанмен қамтамассыз етілуі.
- •63. Ұйқы бездің іштің алдыңғы қабырғасына проекциясы.
- •64.Бауырдың қызметі. Балалардағы ерекшеліктері.
- •65. Бауырдың құрлысы, топограпиясы.
- •Топографиясы.
- •66. Бауырдың қанмен жабдықталуы мен жүйкеленуі.
- •67. Өт қапшығының құрлысы,топографиясы,қызметі.
- •68. Бауырдың іштің алдыңғы қабырғасына проекциясы.
- •70. Айырша без, құрлысы мен қызметі қанмен жабдықталуы.
- •91.Жұлынның қабықтары.
- •92. Жұлынның қанмен жабдықталуы
- •93. Жұлынның жастық ерекшеліктері
- •94.Мидың қанмен қамтамасыз етілуі
- •95.Ішкі ұйқы артериясының тармақтары,топографиясы
- •97.Жүйке жуйесінің жасына байланысты ерекшеліктері
- •98.Мидың ликвор жуйесі
- •99.Ми қарыншалары,олардың өзара байланыстары
- •100.Мидың буйір қарыншалары топографиясы,құрылысы
- •101.Мидың ііі –ші қарыншасы топографиясы,құрылысы.
- •102. Мидың іv –ші қарыншасы топографиясы,құрылысы.
- •103.Ликвор айналамы
- •104.Мидың торлы қабығының цистерналары
- •105.Мидың іv –ші қарыншасының торлы қабықасты кеңістікпен байланыстары.
- •106.Ми ликвор жүйесінің анатомиялық ерекшеліктері
- •107.Сүйектер байланысының құрылысына және қызметіне байланысты түрлері
- •108. Үзіліссіз байланыстар
- •109.Жартылай буындар
- •110.Буынның құрылысы
30.Бүйрек,ren,жұп экскреторлық мүше.
Бүйректің сыртқы пішіні бұршақ тәрізді,құрамы тығыз.Ересек ер адамдарда бүйректің көлемі:бүйректің ұзындығы10-12 см,көлденең ені 5-6см,қалыңдыға 3-4см-дей.Орташа салмағы 120г.Бүйректің түсі қою-қызыл.
Бүйректің дөңес алдыңғы беті,facies anterior,және артқы беті facies posterior,жоғарғы ұшы,extramitas supereior,мен төменгі ұшы,extramitas inferior,ажыратылады.Сонымен қатар,бүйректің дөңес латералді жиегі,margo lateralis,мен ойыс медиалді жиегі, margo medialis ажыратылады.Медиалді жиегінің орта бөлігінде бүйрек қақпасы,hilus renalis,орналасқан.
Жаңа туған нәресте мен емшек жасындағы балаларда бүйрек домалақ пішіінді,бұл жаста бүйректің қыртыс затының аздығын оның бөлікті құрылысына байланысты үсті бұдырлы болады.Бөлікті құрылысы 2-4жасқа дейін сақталады.Нәрестеде бүйректің ұзындығы 4,2см,ал салмағы 12г.Емшектегі балада-1,5есе ұзарады,салмағы 37г.Балалық шақта7,9см, салмағы 56г.Жасөспірімдерде 10,7см,салмағы 120г.
31.Бүйрек топографиясы мен қызметі:
Ересек адамда көлемі: ұзындығы 10-12см, көлденең ені 5-6см, қалыңдығы 3-4см, салмағы 120гр, түсі қою-қызыл
Топографиясы: Б іш қуысыының артқа жағында, омыртқа бағанасының бүйір қапталында ХІІ-кеуде омыртқа мен жоғарғы екі бел омыртқалардың аралығында, ішастардың артқы қапталында, бүйректік қалтада орналасқан.Оң бүйрек бауырдың оң ү лесімен сол бүйректен 1-1,5 см төмен орналасқан.Проксимальды ұщы extremitas superior ХІ-қабырғаның тұсында, дистальды ұшы extremitas inferior, орналасуы тұрақсыз, жалпы мықын сүйегінің қырынан 3-5см-дей жоғары орналасқан.Синтопиясы:Оң бүйректің жоғ. ұшы шамалы бөлігі б.ү.б бен gl. Suprfrenalis; алдыңғы беті бауырмен hepar; алдыңғы бетінің төменгі бөлігі 12 елі ішектің төменгі бөлігімен pars descendens duodeni, шектеседі.Сол бүйректің жоғарғыұшы б.ү.б бен gl. Suprfrenalis; алдыңғы бетінің жоғарғы 1/3 бөлігі асқазанмен, алдыңғы бетінің ортаңғы 2/3 бөлігі ұйқыбеезбен,gl. Pancreas; алдыңғы латералды бөлігі көкбауырмен шектеседі. Төменгі ұшының алдыңғы беті: жіңішке ішектің аш бөлігімен, jejunum: латералды қапталы жиек ішектің сол иілімімен, flexura coli sinistra; артқы беті көкетпен шектеседі.
Қызметі: Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын - бүйрек.
Бүйректің ең негізгі қызметі - сүзгіштік. Қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіліп калады. Сүзіліп тазарған қан вена қантамырларымен жүрекке карай ағады.
Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.
Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.
Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды.
Су мен тұздың мөлшерін реттейді.
Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың концентрациясы жасуша ішіндегі концентрациясынан артық болса, су жасушадан шығып, жасуша бүрісіп калады.
32.Несепағар құрылысы, жасына байланысты рекшеліктері.
Н. Ureter
Ұзындығы 30-35см,ені 4-8см,
Құрылысы: Н қабырғалары 3 қабықтан тұрады:1) Ішкі шырышты қабығы, tunica mucosa, шырышты бездерге өте бай бойлық қатпар құрайды. 2)Ортаңғы шырышты қабығы tunica muscularis , жоғарғы бөлігі екі қабаттан-сыртқы бойлық, ішкі циркулярлық, ал төменгі бөлігінің бұлшықеттік қабығы 3 қабаттан-сыртқы және ішкі бойлық, ортаңғы циркулярлық тұрады. 3)Сыртқы дәнекер тінді, адвентициялық қабықтан tunica adventitia тұрады.
Жасына байланысты ерекшелігі: Жаңа туған нәрестеде несепағар иілген түрде, ұз,ғы 5-7 см. 4жаста ұз.ғы 15 смболады.Несепағардың бұлшықеттік қабаты әлсіз дамыған болады. Бала өскен сайын несепағардың ұзындығы ұзарады.
33, Несепағар топографиясы мен қызметі: Несепағар ureter-жұп мүше, бүйрек түбегінің тарылған жерінен несепқуыққа дейін аралықта орн. Ұзындығы 30-35см,ені 4-8см. Н. 3 тарылуы бар: 1.Бұйрек түбегінен несепағардың басталған жерінде:2. Несепағардың іштік бөлігінің жамбас астау бөлігіне өткен жерінде. 3. Несепағардың несепқуыққа ашылған жерінде.өткен жерінде Топографиясы:Н топографиялық орналасуына байланысты 3 бөлікке бөлінеді: іштік, жамбас астау, қабырға ішілік:Н.ың іштік бөлігі pars abdominalis , белдің үлкен m.psaos major бұлшықетінің алдыңғы бетінде орналасқан. Н.ың іштік бөлігінің синтопиясы: Оң несепағардың проксимальды бөлігі 12 елі ішектің төмендеген бөлігінің pars descendens duodeni артында, сол несепағар 12 елі – аш ішек иілімінің Flexura duodenojejnalis, артында орналасқан. Несепағар атрынан аталық без(аналық без) артариясы мен венасы a.et.v testicularis (a.et.v. ovaricae) және париетальды ішастар peritoneum parietale орналасқан.
Оң несепағар жамбас астау бөлігіне pars pelvina; өтер жерінде жіңішке ішек шажырқайының түбірімен, ал сол- сигма тәрізді жиек ішегімен қиылысады.
Н.ың жамбас астау бөлігінің синтопиясы: Оң несепағардың жамбас астау бөлігі оң ішкі мықын артериясы мен венесының a.et.v. iliacar internae, алдынан, сол-жалпы мықын артариясы мен венасының алдынан өтеді. Несепағар жамбас астау бөлігінде тарылған. Әйелдерде н.ағар жамбас астау бөлыгі аналық бездің артынан, жатыр мойнын бүйір жағынан орай өтіп, қынаптың алдыңғы қабырғасы мен несепқуықтың аралығында орналасқан. Ерлерде н.ағардың жамбас астау бөліігі шәует шығаратын түтіктің сыртында орналасып, оны қиып, шәует қуықшасының жоғарғы жиегінен кішкене төмен, несепқуыққа ашылады. Н.ағардың жамбас астау бөлігінің соңғы несепқуық қабырғасына 1,5-2см қиғаш бағытта өтіп, қабырғаішкі бөлік, pars intramuralis атауын алады.
