Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МГ ответы 35 группа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3. Ғимарат негізі мен іргетасын күшейту

Құрылыс алаңының топырақтары ғимараттан түсетін салмақты көтере алмайтын, осал болғанда оларды жақсарту қажет. Жақсартудың бірнеше түрлері бар:

  1. Конструктивті – топырақты жастық, шпунтты қабырға, бүйірлік бастырма, топырақты арматуралау

  2. Нығыздау – үстінен нығыздау (каток), ішінен нығыздау, тапталған шұңқырлар

  3. Бекіту – цементтеу, битумдау, смолалау, термиялық жолмен бекіту.

Таңдап алынған тәсілге байланысты жасанды негіз тығыздығын, оның құрғақ кездегі тығыздығы арқылы тағайындайды.

19

  1. Сүйеу қабырғаларын топырақ беріктілігі бойынша есептеу Абай

2. Негіз топырақтарын бекіту әдістері

Бекіту әдістері: цементтеу, смолалау, силикаттау, химиялық бекіту, электроқосылыс, термиялық бекіту.

Цементтеу әлсіз топырақ құрамына коэффицент фильтрациясына сәйкес цемент+су немесе цемент+су+құм. Бұл әдіс негізінен қайта құрылымдау (реконструкция)кезінде пайдаланылды.

Цементтеу сіңімділікке ие топырақтың бекітілуі үшін қолданылады. Тәжірибе бойынша сулы цементтің топырақтарға сіңуі, олардың көлемі құм көлемінен 5,5 есе аз болуы керек. Цемент ерітінділері біраз көлемді қамтып құмдармен байланысты жағдайда болып, негіздерді қатайтып бекітеді.

Силикаттау коэффициент фильтрациясы 2-80 м/тәулік болған жағдайда силикаттау әдісі қолданылады. Топырақты силикаттау негіздерге силикат ерітінділерін қосқан кезде бөлінетін кремний қышқылды гелдің цементтеу қабілетіне негізделген. Силикаттау түрлі құрамды топырақ үшін қоданылады. Бекіту радиусы 30-дан 100 см-ге дейін болады. Бұл тәсіл шаңды және ғимарат реконструкция кезінде қолданылады.

Смолалау. Топырақты смолалау құрылымды қатты каркасты құрайтын қуысты кеңістікте қатаятын синтетикалық смола ерітіндісін топыраққа қосудан тұрады. Смолалау қасиеті синтетикалық смола ерітінділері көп сіңірілетін қабіліеті бар және ұсақ және шаңды құм үшін жарамды, тез нығыздалатын, агрессивті ортаға және температураның өзгеру әсеріне қатқан топырақтың төзімділігін жатқызу керек.

Химиялық бекіту. Бұл әдіс коэффициент фильтрациясы 0,1 м/тәуліктен кіші болса, онда сазды, құмайт және саздақ топырақтар үшін қолдануға болады. Бұл әдісті Рейсс.Ф.Ф 1808жылы анықтаған. Әдістің мәні сазды топырақ арқылы тұрақты тоқ жіберу, нәтижесінде топырақғы сулар ( берік, осал ) ажырап, минералдар бір - біріне жақындасады, беріктілігі көтеріледі.

Электроқосылыс. Бұл әдіс суға қаныққан саз балшықты топырақтардың қасиетін жақсартуға арналған, сонымен қатар мәңгілік тоңған топырақтарда қолданылады.

Термиялық бекіту шөкпе топырақтарды бекітуге арналған, температурасы 400°С болған жағдайда шөкпеден ажырап топыраққа айналады. Оның орындау тәсілдері мынадай:

1) жердің бетінен скважина бұрғылаймыз

2) оған газдың форсункасын жібереміз

3) от құямыз, нәтижесінде топырақ қайнайды, кірпіш болады.

Битумдау битумды қолдануға негізделген, топырақты жасанды бекіту түрі болып табылады. Кесек топырақтарды битумдау олардың күшеюін және топырақ суларының фильтрациясының алдын алуға көмектеседі. Ыстық битумды ашылу кеуектілігі >0,2мм (меншікті су ағыны 0,5тен 100л/мин-қа дейін) болғанда қолданады. Салқын битумдау битумды эмульсия қолдану арқылы сүзгіштік коэффициенті 50-100м/тәул болатын, құмды топырақта су өткізбейтін бүркеу қабат орнатуда қолданылады.