- •Геотехника пәнінің мақсаты мен міндеті. Басқа пәндермен байланысы.
- •2. Қаданың қажетті санын анықтау, оларды ростверкте орналастыру және
- •3. Терең орнатылған іргетас түрлері және ерекшеліктері
- •1.Топырақтардың пайда болуы, түрлері. Топырақ құрылымы
- •Құрамалы қадалар және оларды топыраққа енгізу
- •3. Қабықшалы ( қауашақтар) іргетастар, олардың ерекшеліктері
- •Табиғи және жасанды негіздер. Олардың түрлері.
- •Қадалар және қадалы іргетастар түрлері
- •1.Топырақ құрамындағы су түрлері
- •Табиғи негізге іргетасты жобалау реті
- •Түсірілмелі құдықтар, олардың ерекшеліктері
- •Кессондар, олардың ерекшеліктері
- •2. Әлсіз негізге іргетасты жобалау реті
- •Қаданың жүк көтергіш қабілеті қалай анықталынады
- •Сары шөкпе топырақтар негізіндегі іргетастарды жобалау ерекшеліктері
- •Топырақтардың жіктелуі. . Ірі сынықты және құмды топырақтар
- •Әлсіз негізге іргетасты жобалау реті
- •3. Шөкпе топырақтар негізіндегі ғимараттардың орнықтылығын қамтамасыз
- •Шаңды сазды топырақтарды құрылыстық жіктелуі
- •Қадалы іргетас негізінің шөгуін анықтау
- •3. Әлсіз суға қаныққан балшықты іргетастарда орналасқан құрылғылардың
- •1. Шаңды - сазды топырақтардың шөкпе түрі. Олардың ерекшеліктері
- •2. Қаданың қажетті санын анықтау, оларды ростверкте орналастыру және конструкциялау.
- •3. Әлсіз негізге іргетасты жобалау реті
- •Топырақтардың механикалық қасиеттері және олардың көрсеткіштері
- •2. Қаданың көтергіштік қабілетін және оған түсетін есептік жүкті анықтау.
- •3. Сары шөгуші топырақты іргетастың жобадағы ерекшеліктері
- •1. Топырақтардың сығылғыштығы. Нығыздалу заңы
- •2. Қаданың типін, түрін, өлшемдерін таңдап алу
- •3. Тербеліс көзі қандай түрлерге бөлінеді?
- •1.Топырақтың су өткізгіштігі. Ламинарлық сүзілу заңы (фильтрация)
- •2. Ростверк табанының орналасу тереңдігін анықтау
- •3. Іргетасқа динамикалық жүктеме түсіретін машиналар түрлері.
- •1. Топырақтың беріктілігі. Үйкеліс заңы (Кулон заңы)
- •2. Қадалы іргетастарды жобалау реті
- •3. Динамикалық жүктеме беретін машиналардың жіктелуі
- •1. Құрылымды - фазалық деформация заңдылақтары
- •2. Топырақта дайындалатын қадалар, олардың ерекшелктері
- •3. Іргетастың тербелуін азайтатын шаралар
- •Топырақта сыртқы жүктемелер әсерінен болатын кернеулерді анықтау
- •2. Құрамалы қадалар және оларды топыраққа енгізу
- •3. Сейсмикалық жағдайда іргетасты есептеудің ерекшеліктері
- •1. Топырақтың өз салмағынан туындайтын кернеулер
- •2. Қадалар және қадалы іргетастар түрлері
- •3. Жер сілкінісіне төтеп бере алатын іргетастар жобалаудың негізгі
- •Топыраққа түсетін салмақтың шекті мәндері Асылбек
- •3. Ғимарат негізі мен іргетасын күшейту
- •Сүйеу қабырғаларын топырақ беріктілігі бойынша есептеу Абай
- •2. Негіз топырақтарын бекіту әдістері
- •Ғимараттар негізін бекіту және қайта құру, күшейту тәсілдері
- •Құламалардағы топырақ орнықтылығы Нұрбек
- •2. Шпунтты қабырғалар, бүйірлік бастырма жүктемелер, топырақты арматуралау әдістері
- •3. Іргетастар мен негіздерді қайта құру және күшейтулерінің жобалау
- •Ғимараттардың қатаңдылығы мен деформациялануы бойынша түрлері
- •Топырақты жастықтар орнату әдісі
- •3. Қазаншұңқырларды жер асты суынан қорғау.
- •1. Ғимарат негіздерінің шекті күйлері
- •2. Іргетас ортадан жүктелген жағдайдағы ерекшеліктер
- •3.Қадалы іргетастарды жобалау реті
- •Іргетастардың орналсу тереңдігін анықтау
- •3. Құрамалы қадалар және оларды топыраққа енгізу
- •1.Іргетасқа түсетін күштер мен әсерлер
- •2.Саяз орналасқан іргетастар түрлері, конструктивтік ерекшеліктері
- •3.Құрамалы қадалар және оларды топыраққа енгізу
- •Негіз топырағының есептік кедергісін анықтау
- •3. Қадалы іргетастарды жобалау ерекшеліктері
- •1. Компрессиялық қисықтан деформация модулі (Eo) анықтау
- •2, Топырақтардың жұмыс жағдайын жақсартатын негізгі конструктивтік әдістер.
- •3,Қадалы іргетастарды жобалау ерекшеліктері
- •3. Қадалы іргетастарды жобалау реті
- •3. Әлсіз негізге іргетасты жобалау реті
- •Топырақтың нормативтік тоңу тереңдігін (df.N)
- •3. Қадалы іргетастарды жобалау реті
Түсірілмелі құдықтар, олардың ерекшеліктері
. Түсірмелі құдықтар іргетасы көбінесе жер асты ғимараттарда қолданылады. Олар сорғыш станциялары, су қабылдағыштар, донна пештері, жер асты паркингі т.б.
Түсірмелі құдықтар орнатуда оның ауырлық күшін пайдаланамыз.
Олар бетоннан, тастан, кірпіштен, темірбетоннан жасалады.
Сонымен қатар зауыттық жағдайда дайындалған құрамалы темірбетоннан жасалады.
Топыраққа енуін жеңілдету үшін астыңғы жағын, яғни төменгі ұшын пышақ ретінде қарастырады. Металл немесе т,емірбетон пайдаланылады. Өлшемдері диаметрі: 6-42 м, орналасу тереңдігі: 40-45м, қалыңдығы: 0,3-0,6м.
Топыраққа енгізу барысындағы сыртқы топырақ кедергісін азайту үшін пышақты қабырғадан 10 см-ге артық етіп жасайды. Қабырға топырақтағы құлап кетпеу үшін бұл аралықта тексотропты көйлек пайдаланамыз. Тексотропты көйлек бентонентті саз балшық ерітіндісінен тұрады. Ерітінді деңгейі әрдайым жер бетінен 0,5 м-ге биік орналасуы керек.
4
1.Топырақ құрамындағы су түрлері
Топырақтағы сулар 3 күйде болады: байланысу дәрежесіне байланысты:
1) берік байланысқан;
2) осал байланысқан;
3) еркін байланысқан.
Бос сулар гравитациялық және капилярлы болады.
Берік байланысқан суды бөліп шығару үшін топырақты 105˚С-ге дейін қайнатады.
Табиғи негізге іргетасты жобалау реті
Профессор Б.И.Далматов іргетастар мен негіздерді жобалау барысында үш принципті ұстауды усынады:
Бірінші принцип. Іргетастардың грунтты негіздерін олардың шекті күйлері бойынша есептеу.
Екінші принцип. Үйдің жер үстіндегі бөлігінің, іргетасының, грунтты негіздерінің бірге бүтіндей бір жүйенің құрамында үйлесімді және берік жұмыс атқаруының қажеттілігін ескеру.
Үшінші принцип. Мынадай деректерге сүйене отырып, іргетастар мен негіздерді жобалауды комплексті /жинақты/ түрде шешу: а) құрылыс алаңының инженерлік-геологиялык және гидрогеологиялық жағдайлары; б) салынатын үйдің грунтты негізінің әркелкі шөгуінің жер бетінен жоғары орналаскан конструкцияларға /үйдің қаңқасына/ тигізетін әсерін бағалау; в) жер казу жүмыстарын жүргізу мен іргетас орнатудың тиімді тәсілдерін қолдану.
Сөйтіп, іргетастар мен негіздерді жобалау ғылыми негізде шешуді қажет ететін күрделі инженерлік мәселелер қатарына жатады. Сон- дықтан мұндай жоба жүргізгенде бірнеше альтернативті варианттар қарастырылып, олардың техника-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру арқылы іргетастардьң ең тиімді конструкциясы таңдалынып алынады. Содан кейін қаланатын үйдің іргетастары астындағы грунтты негіздерімен коса есептелініп олардың табандарының қажетті өлшемдері анықталынады. Есептеу барысында салынатын үйлердің іргетастарының шөгуі оның мүмкін болатын шекті мәнінен төмен, іргетастардың грунтты негізі орнықты және олардың конструкциясы берік деген тұжырымдардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Грунтты негіздердің сығылуына байланысты іргетастардың шөгуі көбінесе үйдің жер бетіндегі бөлігін /қаңқасын/ қисайтуға әкеп соғады. Сондықтан іргетастарды жобалауды олардың грунтты негіздерін екінші шекті күй /деформация/ бойынша есептеу арқылы жүргізеді.
Ерекше жағдайда іргетастардың негіздерін бірінші шекті күй /беріктігі, орнықтылығы/ бойынша есептеу қажет болуы мүмкін.
Өндірістік және азаматтық құрылыста салынатын үйлер мен ғимараттардың іргетастары мен негіздерін жобалауды құрылыс нормаларының /СНиП/ нүсқауларына сай жүргізеді. Бірақ та, сонымен қатар жергілікті табиғи жағдайлардың ерекшеліктерін еекеретін нормативті және техникалың нүсқаулардың да қолданылуы мүмкін.
Іргетастың конструкциясын есептеу оның материалдарының қасиеттерін ескере отырып бірінші шекті күй /беріктік/ бойынша жүргізіледі.
Агрессивті ортада пайдаланкяатын темірбетоннан жасалған ірге- тастарды есептеу үшінші шекті күй /жарықшақтануға бекемдік/ бойынша жүргізіледі.
Жалпы іргетастарды жобалау кезінде олардың салу тереңдігін, табанының өлшемдерін , конструкциясының тиімді түрін анықтауға мән беріледі.
