Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_normativti__1179_aza_1179_tili.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қайран, Бетпақдала, құлазып қалдың-ау!

Сонау жылдары, дәл осы уақытта Бетпақдалада ығы-жығы болып жатар едi. О да бiр қызық дәурен екен ғой. Жер қайысқан малмен қоса ақбөкендер де Сарыарқаға бет алатын. Машинамен ызғытып келе жатқаныңда табанын жел кеулеген мыңдаған жануарлар алдыңды орағыта кесiп өтетiн. Жанасып кеткен малшылар бiрiн-бiрi қонаққа шақырып, мәре-сәре болып қалатын. Көлденеңi үш жүз шақырымдық Бетпақдалада өмiр дегенiң осылай қайнап жатушы едi.

Қазiр сол дала құлаққа ұрған танадай тып-тыныш мүлгiп жатыр. Топырағына мал тимегелi қашан! Елсiз құлазып жатқан даланың түсi ызбарлы, суық. Демiн iшiне тартып, тымырайып жатыр. Бұрынғыдай жер қайысқан отар-отар киiк те кездеспейдi. Оны жауыз адамдар ата-ата тауысқан. Анда-санда бiрен-саран киiк қана көз ұшынан көрiнiп, жанын қоярға жер таппай безе жөнеледi. Бетпақдаланың сұрқы кеткен. Оның осы келбетiн көрiп тұрып бұрынғы даналардың «Ел жағалай қонбаса, бетегелi бел жетiм» деген сөзi еске түседi. Қаптаған мал кетсе бел құлазымағанда қайтедi?

  1. Мәтінде кездесетін тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіздер.

2. “Ел жағалай қонбаса, бетегелi бел жетiм” деген даналық сөздi қалай түсiндiресiз? Даналық сөздің авторы кiм деп ойлайсыз? Даналық сөздiң екiншi қатарын өз беттерiңiзбен толықтырыңыз. Жауабыңызды салыстырыңыз.

  1. Омонимдік, синонимдік және антонимдік фразеологизмдерге мысалдар жазыңыздар.

  2. Тілге байланысты мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып, «Өз тіліңді құрметте...» (немесе тілге байланысты басқа тақырыпта) шығарма жазып келіңіздер.

СӨЖ-ге арналған бақылау тапсырмалары:

Тұрақты сөз тіркестері мен оның өзіндік белгілері. Фразеологизмдердің түрлері. Фразеологзмдердің сөз табына қатысы. Олардың көп мағыналылығы. Фразеологиялық синонимдер, антонимдер, варианттар.

6. Кәсіби сөздер. Кірме сөздер

Кірме сөздерге басқа тілдерден әртүрлі себептермен енген сөздер жатады. Қазақ тілінде монғол, араб және иран, орыс тілінен енген сөздердің саны мол. Монғол тілінен сөз ену кезеңі ХІ-Х ғасыр деп саналады. (Мұсабаев), абдыра, алтын, аймақ, аға, жиен, бажа, балта, бұрғы, бура, бұқа т.б. араб, иран тілінен енген сөз ену орта ғасыр деп шамаланады. Қазақ тіліне араб-иран сөздері тәжік, өзбек тілдері арқылы мынадай жолдармен енеді. 1. Шаруашылық, сауда қатынастары арқылы енген сөздер: айна, таға, базар, орамал, перде, таразы, мақта т.б. 2. Мәдени және ғылыми қарым-қатынастар арқылы, әсіресе, Фердауси Науай, Омар Хаям, Хафиз шығармаларымен енді. Мәселен, мектеп, мереке, емтихан, ғылым, ғалым, пән, медресе, қағаз, қалам, мағлұмат, т.б. 3. Дінмен енген сөздер: шариғат, ораза, намаз, аруақ, ақырет, т.б. Міне, қазақ тіліне араб-иран тілінен сөздер осындай үш түрлі жолмен келіп енді. Орыс тілінен қазақ тіліне сөз ені сонау ХVІІІ ғасырдан басталады. Кірпіш, саман деген сөздерден бастап, тілімізге енген сөздердің саны бұл күде өте мол. Орыс тілінен қазақ тіліне енген сөздерді Қазан революциясына дейін енген сөздер, Қазан революциясынан кейінгі ауысқан сөздер деп екіге бөлуге болады.

Қазан революциясынан бұрын орыс лексикасынан ауысқан сөздер айтылуы және жазылуы жағынан қазақ тілі ережелеріне бағынып, орфографиялық және фонетикалық өзгеріске ұшырайды. Мысалы, болыс-волост, жәшік-ящик, сот- суд, божы –вожжы, кереует-кровать, самауыр-самовар. Ал Қазан революциясынан кейін ауысқан сөздер мұндай өзгеріске ұшыраған жоқ. Мысалы, совхоз, трактор, автомобиль, комбайн, клуб, институт т.б.

Кәсіби сөздер

Қазақстанның кәсібі мен шаруашылығының түрі өте көп. Қазақ халқы – мал мен егінді ежелден кәсіп еткен ел. Республикамыздың бір жерінде балық, бір жерінде күріш, бір жерінде марал өсірсе, бір жерінде ағаш, енді бір жерінде қызылша мен темекіні, бау-бақшамен жеміс-жидекті өсіріп, кәсіп етеді. Осыған байланысты белгілі бір кәсіппен айналысатын жерлерде сол кәсіпке лайықты сөздер мен сөйлемшелер пайда болды. Бұл сөздер мен сөйлемшелерді осы шаруашылықтың түрлерімен тікелей айналысатын адамдар ғана өзара түсінісе алады.

Кәсіпке байланысты қолданылатын қазақ тіліндегі мұндай кәсіби сөздерді шамамен төмендегідей топтарға бөлуге болады:

Бау-бақша, суармалы егіске байланысты кәсіби сөздер: атыз, қарық, оман, алқор, нәк, шабдалы, енжір, кемпір, қауын, әңгелек, күләбі, жердіызалау, қауынды тігу т.б.

Балық шаруашылығына байланысты сөздер: жылым, сүзекі, бүркеніш, қаяз, азна, қарма, шөктірме т.б.

3. Мақта шаруашылығына байланысты сөздер: көсем, күнжара, қауашақ қоза, қозапая, көсектау, шит егу, сүдігер айдау т.б.

Осы тәрізді шаруашылықтың түр-түріне байланысты сөздер тізімін бұдан ары жалғастыра беруге болады.

Қазақ лексикасының қүрамы бұл айтылғандармен шектелмейді. Тұрмыстық сөздер, варваризмдер, жаргондар, аргондар, кітаби лексика деген түрлері де бар.

Жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар.

  1. М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан араб тілінен енген сөздерді теріп жазыңыздар.

  2. Ә.Нұршайықовтың «Қан мен тер» шығармасынан балық шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіріңіздер.

  3. Қазір жастар арасында қолданылып жүрген жаргондарды атаңыздар.

СӨЖ-ге арналған бақылау тапсырмалары:

Түркі тілдеріне ортақ сөздер. Қазақтың байырғы төл сөздері. Қазақ лексикасындағы кірме сөздер. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер. Монғол тілдерінен енген сөздер. Орыс тілінен енген сөздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]