- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш.Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мазмұны
- •Фонетика
- •Лексика
- •Морфология
- •Сөз таптары
- •Синтаксис
- •Тіл ұстарту жұмыстары.
- •Студенттердің өздік жұмысы (сөж)
- •Соөж тақырыптары.
- •Әдебиеттер
- •Силлабус (syllabus)
- •Пән мазмұны Пән модульдері Пән модульдері мен олардың көлемін бөлу (сағатпен)
- •Технологиялық карта
- •Іү тарау
- •Пәннің әдебиетпен қамтылу картасы
- •1.6. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •1.8. Курстың саясаты және процедурасы.
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1.Пәннің тақырыптық жоспары
- •2.2 Студенттедің өзіндік жұмысының тақырыптары
- •2. 3. Модуль бойынша аралық бақылау мен қорытынды бақылау (емтихан) сұрақтары
- •2.3.1. Модуль бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •2.3.2. Модуль бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •2.5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •2.5.1. Негізгі әдебиет
- •2.5.2. Қосымша әдебиет
- •1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі
- •2. Буын, тасымал, екпін, дауыс ырғағы
- •Автомобиль тарихынан
- •3.Үндестік заңы
- •Қарағанды көмірін кім тапты?
- •Лексика. Сөз және мағына. Сөздің көп мағыналылығы
- •Мәтіннен ауыспалы мағыналы сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіріңіз.
- •3. Сөздіктен төмендегi сөздердiң синонимдерiн тауып жазыңыздар. Сол синонимдерді пайдалана отырып, сөйлем құраңыз.
- •Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысты.
- •Фразеологизмдер және оларға ұйытқы сөздер
- •Фразеологизмдердің сөз табына қатысты
- •Фразеологизмдердің көп мағыналығы
- •Фразеологиялық синонимдер
- •Фразеологиялық антонимдер
- •Фразеологиялық варианттар
- •Фразеологизмдердің шығу арналары
- •Қайран, Бетпақдала, құлазып қалдың-ау!
- •6. Кәсіби сөздер. Кірме сөздер
- •Диалектизмдер. Көнерген сөздер. Неологизмдер. Термин сөздер
- •Қазақ тілінің лексикографиясы
- •Морфология. Сөз құрамы
- •Оның ғылыми еңбектері кен орындарын ашық әдіспен зерттеудің теориясы мен тәжірибесінің маңызды мәселелеріне арналған 100-ден аса ғылыми еңбектері бар.
- •Қазіргі кезде қысқарған сөздерді тауып, олармен сөйлем құрастырып жазыңыздар.
- •12. Синтаксис
- •Сөздердің синтаксистік байланысы
- •Аналитикалық тәсіл
- •1.Мәтіннен есімді сөз тіркестерін теріп жазыңыздар
- •2. Мәтіннен етістікті сөз тіркестерін топтап жазыңыздар
- •3. Мәтіндегі сөз тіркестерін түрлеріне, құрамына, байланысу формалары мен тәсілдеріне талдау жасаңыздар.
- •13. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері
- •Бастауыш
- •Күрделі және үйірлі бастауыштар
- •Баяндауыш
- •14. Жай сөйлем, түрлері
- •1. Мәтінмен танысып, өз тарапыңыздан жаңа ақпараттар қосып, бірнеше хабарлы сөйлем құрастырып жазыңыздар.
- •2. Мәтіндегі хабарлы сөйлемдерді бұйрықты сөйлемдерге айналдырып, нақышына келтіріп оқыңыздар.
- •3. Бірнеше толымсыз, атаулы сөйлемдер құрастырып жазыңыздар
- •15. Құрмалас сөйлем, түрлері
- •Нормативті қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары
12. Синтаксис
«Синтаксис» гректің «Syntaxis» деген сөзінен алынған, Оның мағынасы «құрастыру», «құрылым», «құру» дегенді білдіреді.
«Синтаксис» терминнің өзі лингвистикалық қолданыста екі түрлі ұғым береді.: біріншісі – зертейтін объектісін танытатындығы: екіншісі – тіл білімінің, соның ішінде, грамматиканың бір саласы екендігін көрсетеді.
Сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем және күрделі тұтастық синтаксистің ең басты мәселелері деп есептеледі. Ескерте кететін жайт – соңғы жылдарға дейін синтаксистік тұтастыққа тиісінше мән берілмей келді де, ол синтаксистің негізгі объектісі ретінде аталмайтын. Тілдік материалды зерттеудің соңғы жылдардағы нәтижесі, басқа тілдердегідей, қазақ тілінде де мұндай құбылыс (күрделі синтаксистік тұтастық) бар екендігін толық дәлелдеп, оны синтаксиске жататындығын көрсетіп отыр.
Синтакесистік единицалардың қай-қайсысы да өз ішінде сөздердің байлансыу заңдылықтарына негізделген. Ондай байланыстардың бастылары – салаласа және сабақтаса байланысулар. Салаласа байланысу көп ретте сөйлемге тән болып келеді де, сабақтаса байланысу сөз тіркесіне қажетті болады. Бұған қарап, сөйлем ішіндегі элементтер сабақтаса байланыспайды деген ұғым тумасқа тиіс: сөйлемдер де сабақтаса байланысу арқылы жасалады. Айталық құрмалас сөйлемнің салалас және сабақтас, тіпті аралас түрлерін қарастырғанда, бұған анық көз жетеді. Бұларада әңгіме сыңарларының (компоненттерінің) салаласа емес, тек сабақтас байланысатындығ туралы болып отыр.
Синтаксистік элементтердің арасындағы осындай байланыстар синтаксистік мағына тудырады. Ал синтаксистік мағына беруі – синтаксистік единицалардың ең басты белгісі, өйткені ол сөйлеуші мен жазушы ойының тіл арқылы берілген көрініс болып табылады. Демек, осыдан келіп ойлау мен тілдің, логика мен синтаксистің өзара тығыз қарым-қатынасы білініп тұрады.
Синтаксистік қатынастардың предикативті және бейпредикативті (непредикатовное) болып келетіндігін әсте естен шығармау керек. Мұндай жағдайда да сөйлем мен сөз тіркесінің принципті айырмашылы байқалады. Дәлірек айтқанда, предикативтік (бастауыштық-баяндауыштық) қатынас сөйлемнің белгісі ретінде көзге түседі, ал бейпредикативтік қатынас – сөз тіркесіне тән белгі. Сөз тіркесінің осы қасиетіне байланысты зерттеушілердің басым көпшілігі оны (сөз тіркесін)сөйлемнің құрылыс материалы болуға тиіс деген пікірді жақтауда.
Сөз тіркесі
Синтаксистің ең басты единицаларының бірі болып табылатын сөз тіркесінің зерттелу тарихында отандық тіл білімі саласында әр түрлі, тіпті кереғар көзқарастар орын алып келеді. Бүгінгі таңда да ондай проблемалар шешімін толық тапты деп айту қиын.
Ол пікір алшақтықтары сөз тіркесін сөйлем құрамында ғана қарастыру керек пе, демек, сөз тіркесін сөйлемнің құрылыс материалы деген жөн бе немесе сөз тіркесі сөйлемнен тыс тұрған құбылыс па дегенге саяды. Сондай-ақ кез келген сөздердің тіркесімін синтаксистік терминологиялық мағынадағы сөз тіркесі деп есептеуге бола бере ме, әлде синтаксистік сөз тіркестерден ерекшеліктері бар ма, болса, ол қандай ерекшеліктер деген мәселелер де күн тәртібінен түспей келе жатыр.
Синтаксистік сөз тіркесінің сөйлеммен арақатынасы, сөзбен арақатынасы, яғни өзге синтаксистік категорияларға жайлары мен олардың айырмашылқтарын да білудің қажетттігі өзінен-өзі туындайды.Ақырында, сөз тіркесінің өзіндік сипаты, анықтамасы туралы мәселенің қойылуы заңды.
Манадан бері өзге жолдастардың сөзін тыңдап отырған Ақбала енді өзі сөйлеуге оңтайланды (Ж.А.) деген сөйлемді алсақ, бірнеше сөз тіркесінен құралған көреміз. Анығырақ айтқанда, сөйлем ішінен мынадай сөз тіркестерін ажыратуға болады: манадан бері тыңдап отырған, сөзін тыңдап отырған , өзге жолдастардың, енді оңтайланды, сөйлеуге оңтайланды.
Санамаланған сөздер тобының сөз тіркестері болу себебі – сол құрамындағы екі немесе үш сөз тіркесу нәтжесінде белгілі бір синтаксистік қатынас арқылы синтаксистік мағына береді. Айталық, манадан бері тыңдап отырған дегенде мезгілдік қатынас, сөзін тыңдап отырған дегенде тура объектілік қатынас, өзге жолдастардың дегенде анықтауыштық қатынас т.с.с. бар. Демек, кемінде толық мағыналы екі сөздің тіркемесі шағын да болса синтаксистік мағына береді.
Осы мысалдың ыңғайында сөз тіркестерінің сөйлемді құрпауға қажет единицалар екенін және оларды сөйлем ішінде қарастыруға болатыны дау тудырмаса керек.
Бейпредикативтік қатынастағы конструкциялардың сөйлемнен тысқары да сөз тіркесі бола беретіні күмән келтірмейді. Мәселен, өзге жолдастар деген тіркесте біршама аяқталған ойды, яғни сөйлемге тән белгіні байқамайсыз. Ал келтірілген сөйлем ішіндегі тыңдап отырған мен оңтайланды сөздеріне аяқталған сөз тіркестерін жеке-жеке бөліп қарастырғанда (манадан оңтайланды, сөйлеуге оңтайланды, өзі оңтайланды, кейбіреулердің бұлардың сөз тіркесіне жататынына күдіктенуі мүмкін. Әсіресе, өзі оңтайланды тіркесінеде бастауыштың да, баяндауыштың да бар екені көрініп тұр. Сонда мұндай құбылысты қалай түсіндіруге болар еді? Сөз тіркесі деу керек пе? Сөйлем ішіндегі сөйлем деу керек пе?
Қазіргі тіл теориясындағы табан тіреген тұжырым бойынша сөз тіркесінің кез келген түрінің сөйлем құрауға енгіз болатынын ескерсек, яғни сөйлемнің бір бөлшегі ретінде сөз тіркесі болатынын теріске шығармасақ, өзі оңтайланды конструкциясын берілген жағдайда сөз тіркесі деп қабылдаған жөн. Шындығында, дәл осы жағдайда, мысал ретінде алынған сөйлем тұрғысына алғанда, өзі оңтайланды тіркесінде сөйлемге тән белгі толық сақталмаған: оның предикатвтілігі де, интонациясы да ол құрамында тұрған сөйлемнен әлдеқайда әлсіз. Ал басқа жағдайда дәл осы конструкциясының сөздің толық мағынасындағы сөйлем бола алатынын жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, келтірліген сөйлемді парадигматикалық бірнеше түрлерге ауыстыруға болар еді: Ақбала манадан бері өзге жолдастардың сөзін тыңдап отырған. Енді оңтайланды. Осылайша бір жайылма жай сөйлемді төрт жай сөйлем түріне келтіргенде ілгерідегі сөз тіркестеріміздің сөйлем болып тұрғанына күмәнданудың еш реті жоқ. Мұндай жағдайда «оңтайландыға» аяқталған конструкциялар сөйлемге тән иннотацияға, предикативтік қасиетке ие. Сөйтіп сөз тіркесін сөйлем құрамында және сөйлем құрамынан алып қарастырған жөн.
Сөз тіркесінің құрамы туралы мәселенің де теориялық әрі практикалық үлкен мәні бар. Синтаксистің басқа категориялары, айталық, сөйлемдер сияқты, сөөз тіркесі де кеі басты элементтен немес сыңардан (компоненттен( тұрады. Ол компоненттер кемінде бір лексикалық толық маығнасы бар сөз болуға тиіс: студенттің дәптері, үлкен бөлме, қала маңындағы демалыс үйі, екі кітап, он шақты қой, ауылға келе жатырмын, көпірге жақын келді т.с.с.
Сөйтіп, қанша сөзден құралса да , сөз тіркесі екі сыңардан тұрады. Оның бірі – - басыңқы, екіншісі – бағыныңқы сыңар деп аталады. Ілгеріде келтірілген мысалдардың сыңарлары былайша болып келеді: мысалдардың сыңарлары былайша болып келді: студенттің (бағыныңқы) дәптері, (басыңқы), қала маңындағы (бағыныңқы) демалыс үйі (басыңқы), ауылға (бағыныңқы) келе жатырмын (басыңқы) т.с.с. Толық лексикалық мағынасы бар сөздің маңына топтасқан жартылай мағыналы немесе көмекші сөздер сол толық мағыналы сөз тіркесінің бір сыңарын (не бағыныңқы, не басыңқы сыңарын) құрайды.
Сөз тіркесі және сөз.
Синтаксистік сөз тіркесі мен толық мағыналы сөздің арасында біраз ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар.
Олардың өзара жалпы ұқсастықтарына мыналдарды жатқызуға болар еді:
1.Жеке сөз сияқты, сөз тіркесі коммуникативтік қызмет атқара алмайды. Мұның мәнісі – лексикалық единица (сөз) белгілі бір хабарды жеткізу, әлдене жайында сұрау т.б. біршама болса да аяқталған ойды білдіруге қабілетсіз. Ондай қызметті атқаратын – сөйлем. Дәл осы сияқты, сөз тіркесі де предикативтік қасиетке ие болмағандықтан, коммуникатиивтік қызмет атқаратын конструкцияның (сөйлемнің) құрамында қарастырылыды.
Құрыш құюдың осы бір кезеңін ерен жақсы көрем (З.Ш.) деген сөйлемнің белгілі бір дәрежеде коммуникативтік қасиетке ие болып тұрғаны анық. Сөйлемді оқығаннан кейін белгілі бір ой түйетініміз де шындық. Ал осы конструкцияны сөйлем етіп тұрған – жеке сөздер мен сөз тіркестері. Ол сөздер мен сөз тіркестерінің (мысалы, осы, осы кезеңін т.б.) және сол арқылы анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі болу үшін (осы кезеңін) қызмет етіп тұрғаны түсінікті.
2. Сөз сияқты, сөз тіркесі жеке-дара сөйлемде болатындай интонация мен предикативтікке ие бола алмайды. Мұны да ілгерідегі мысалмен түсіндіруге болар еді.
3. Сол сияқты, сөз тіркесі де номинативтік қызмет атқарады, яғни сөз де, сөз тіркесі де заттың, құбылыстың атауы, не солардың белгілерінің, қасиеттерінің атаулары ретінде қолданылады.
4. Сөз сияқты, сөз тіркесі де әр түрлі тұлғалық өзгерістерге түсіп отырады. Былайша айтқанда, жеке сөздер де, сөз тіркестері де септік, көптік жалғаулар, сондай –ақ басқа қосымшалар қабылдайды. Мұндайда сөз тіркесіне қатысты ескерер жай бар. Әңгіме мынада: жеке сөздерге қосымшалардың қай-қайсысының болса да жалғана беретіні мәлім. Ал сөз тіркесіне келетін болсақ, онда қосымша жалғаудың өзіндік ерекшелігі байқалады. Жігіттің арманы, жігіттің арманына, жігіттің армандары, қалаға келді, қаладан келді, қала арқылы келді деген мысалдардағы қосымшалардың жалғану мүмкіндіктеріне орай ой жүгіртетін болсақ, ол қосмшалардың есімді сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларына, етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларына жалғанатынын ағару қиындыққа соқпайды. Қалай болғанда да, қосымшаның жалғануы жеке сөз бен сөз тіркесінің арасындағы тағы бір ұқсастықты танытады.
Сырттай осы тәріздес ұқсастығына қарамастан, сөз тіркесі сөзден ерекшеленетін баса айтуға тура келеді.
Біріншіден және ең бастысы – сөз тіркесінің сөзбен салыстырғанда құрылымы жағынна күрделі екені белгілі. Егер сөз жеке лексикалық единица болса, сөз тіркесі сөздерден құралатын қос компонентті конструкция болып табылады. Тағы қайталап ескертудің артықшылығы болмас, сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқылық-басыңқылық қатынаста келіп отырады.
Екіншіден, сөз тіркесі сөйлемді құрауға қатынасқанда, басыңқы сыңардың қызметі жетекші деп есептеледі. Сөйлем ішінде бір сөз тіркесінің басыңқы сыңары келесі сөз тіркесінде бағыныңқылық қызметте болуы да мүмкін, бірақ сөйлемнің құрылуы үшін қызмет еткенде, сөз тіркесінің басыңқы сыңарының алатын орны маңызды (әрине, сол сөз тіркесіндегі баңыныңқымен салыстыра айтқанда). Байлануы жоқ шешеннен үндемеген есті артық (Шал ақын) мысалында байлауы жоқ шешен және шешеннен артық деген сөз тіркестері бар. Осындағы шешен сөзі алғашқы сөзтіркесінде (байлауы жоқ шешен) басыңқы сыңар болса, екінші сөз тіркесінде (шешеннен арытқ) бағыныңқылық қызметте тұр.
Үшіншіден көп жағдайда жеке сөздер жалпылық мағына білдіреді, ал сөз тіркесі нақтылы атау, сын, сапаның белгісін, мезгілін, мақсаттаық т.б. қатынастарды білдіреді. Мысалы, тлалант, жазушы, тау, аймақ деген сөздер бір ьтектес заттардың, кәсіптің, жердің түбі атауларын білдіріп тұр. Ал осы сөздер өзара тіркеске түскенде, синтаксистік қатынас жасайды: талантты жазушы, таулы аймақ. Сол сияқты, ынтамен тыңдау, көшеде кездесу, тартымды әңгімелеу деген сөз тіркестерінде қимыл-әркеттің әр түрлі амалы, орны білініп тұрады.
