Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_normativti__1179_aza_1179_tili.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Соөж тақырыптары.

  1. Дыбыс пен фонеманың ерекшеліктері (ұқсастықтары мен айырмашылықтары).

  2. Құранды дауыстылар туралы фонетист ,ғалымдар пікірі.

  3. Қосарлы дауыссыз, олардың емлесі жайындағы қайшылықтар.

  4. Дәстүрлі принцип бойынша жазылатын сөздер

  5. Омоним мен полисемияның ұқсастықтары мен айырмашылықтары

  6. Табу сөздердің пайда болу жолдары

  7. тыйым сөздердің тағылымдық мәні

  8. Сөздік құрамның тарих и арналары

  9. Фразеологизмдердің мақал-мәтелге қатысы.

  10. Бейтарап сөздер.

  11. Эмоцияналды-экспрессивті зат есімдер

  12. Көмекші есімдердің мағынасы мен қызметі

  13. Сан есімдердің жасалу ерекшеліктері

  14. Есімдіктердің түрлері жүйесі

  15. Қазақ тіліндегі қалып естістіктері

  16. Жіктік жалғаудың қысқа түрлері

  17. Шылаулардың емлесі. Дефис арқылы жазылатын шылаулар

  18. Жай сөйлемнің күрделену жолдары

  19. Қабыса, жанаса байланысқан сөз тіркестерінің табиғаты

  20. Жақсыз сөйлемнің баяндауыш формалары

  21. Модаль сөздердің қолданылу ерекшеліктері

  22. Теледидар тіліндегі сөз этикеттерінің көрінісі.

  23. Қазақ және ағылшын тілдеріндег қаратпалар

  24. Бөгде сөз және оның түрлері

  25. Ағылшын тілінен енген сөздер ерекшелігі

  26. А.Байтұрсынов – қазақ тілі білімінің негізін қалаушы

  27. Қ. Жұбановтың тіл біліміндегі алатын орны.

  28. А. Ысқақовтың сөздері топтыстыру принциптері жайлы көзқарасы.

  29. Қ.Есеновтың құрмалас сөйлемнің түрлерін бөлудегі пікірі.

  30. Н.Оралбаеваның аналитикалық формалы етістіктер жайлы еңбектері.

Әдебиеттер

1. Ф.Ш. Оразбаева. т.б. (Бірлескен авторлық ) Қазіргі қазақ тілі Алматы, 2005

2. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (морфология). Алматы, 1998.

3. Бектұров Ш., Бектұров А Қазақ тілі. Алматы: Білім, 1994. Оқу құралы

4. Бектұров Ш., Бектұров А Қазақ тілі. Алматы: Рауан 1990.

5. Ешмұхамедов Ә. Қызықты грамматика. Алматы: Рауан, 1995

6. Исаев С. Қазақ тлі. Алматы: Рарита 1996

7. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде. Алмат, 1999

8. Оралбаева Н., Мадина Ғ., Қазақ тілі. Алматы 1993

9. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Т., Шалабаев Б. Практикалық қазақ тілі. Алматы, 1993.

10. Бектұров А Қазақ тілі. Алматы: Рауан 1990.

11. Оразбаева Ф Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі. Аламты: РБК 2000

12. Оразбаева Ф., Ахметов Ә Жүнісбекова К. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (фонетика, лексика). Алматы 1999.

Силлабус (syllabus)

А. Жалпы мәлімет:

  • ЖОО атауы: Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

  • Кафедра атауы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

  • Бағдарлама атауы: «Нормативтік қазақ тілі»

  • Сабақтың өтілетін уақыты:

Пән коды

Пән

Курс

Се

местр

Кредит саны

Дәріс

Тәжірибелік сабақ

Зертханалық сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

Барлық сағат

NKТ

Нормативтік қазақ тілі

1

2

2

15

15

-

45

15

90

Оқытушы туралы мәлімет

Дәріскер

Жылқыбаева Маржан Сәрсекешқызы

Білімі

Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ

ЖОО жұмысы

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

Ақпараттық байланыс

Үй телефоны: 41-01-59

Ұялы телефоны: 8701 6549989

Консультация өткізу уақыты мен орны (ауд.)

Сенбі

Ауд. 107

Саясаты мен процедурасы: Курсты оқу барысында студентке қойылатын негізгі талаптар оқылатын курстың мақсаттары мен тапсырмаларынан келіп шығады.

Оқытушының бақылауымен студенттің жеке жұмыстарын жүргізу, сабақтарына қатысу студент дайындығының деңгейімен, оның сабақ үлгерімімен анықталады және міндетті немесе ерікті болуы мүмкін. Студенттің міндетті сабақтарға қатысу жағдайы оның ағымдық рейтингісіне әсерін тигізеді.

Студенттің міндеттері:

  • сабақтан кешікпеу;

  • сабақ үстінде артық сөйлемеу, газет оқымау, ұялы телефонын өшіріп қою, сағыз шайнамау;

  • сабақтан себепсіз қалмау, ауырғанына байланысты сабақ жіберсе, денсаулығы туралы анықтамасын көрсету;

  • оқу үрдісіне белсенділікпен қатысу;

  • үй тапсырмасын толық орындау.

  • оқытушымен бірлесіп жұмыс жасағанда, белсенділік таныту үшін пәнді оқуға мүдделі болу және топтың оқуына себебін тигізу, белсенділік пен жауапкершілік таныту.

  • барлық тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындау.

  • сабаққа жоғары дайындықпен, оқытушы қоятын мәселелерді түсінетіндей болып және олардың шешілуіне шығармашылық тұрғыдан келетіндей болу.

  • себепсіз сабақ жібермеу, емтиханға мезгілінде келу.

Б.Бағдарлама:

Пәннің қысқаша сипаттамасы. Нормативтік қазақ тілі болйынша дәріс - 15, 15 сағат – практикалық сабақтар, 15 - сағат оқытушының басшылығымен студенттің өздік жұмысына (СОӨЖ), студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) 45 сағат арналған. Практикалық сабақтар бағдарлама негізінде жүргізіледі, өз бетінше жұмыс барысында әр студент оқытушымен келісе отырып өз бетінше жұмыс жасайды, белгіленген уақытта келіп тапсырады. Уақытында өткізбеген студенттің өздік жұмыстары бағалау кезінде кемшілік ретінде ескеріледі. Курс соңында емтихан тапсырады.

Пәннің оқытылу мақсаты: Курс студенттеріне мектеп бағдарламасы көлемінде қазақ тілінен білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, комплексті талдауды терең игерту, студенттердің жазу сауаттылығын, ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, жоғары курстарда оқылатын қазіргі қазақ тілінің теориялық курсын жоғары деңгейде меңгерту.

Пәнді оқыту міндеттері:

  • Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, дыбыстардың жіктелуі, жасалу жолдары туралы білім меңгерту;

  • Дыбыстарды жасалу жолдарына қарай жіктеуге, жеке дыбыстарды фонетикалық талдауға машықтандыру;

  • Қазақтың төл дыбыстарының жасалу, жазылу, айтылу заңдылықтарын меңгерту;

  • Екпін заңдылықтарын, орфоэпия нормаларын меңгерту.

  • Студенттердің тіл байлығын, ой-өрісін кеңейтуге тікелей қатысы бар тақырыптар, атап айтқанда, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналылық, омоним, синоним, антоним, тұрақты тіркестерді меңгерту;

  • Студенттерге сөз құрамы, сөз тұлғасы, сөз таптарын және тілдік нормаларды меңгерту;

  • Студенттерге синтаксис туралы жалпы мәлімет бере отырып, сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері, сөз тіркесі, сөйлем мүшелері, жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлерін меңгерту

Пәннің пререквизиттері: Орта мектепте қазақ тілінен алған білімін кеңейту, өздігінен жұмыс жасауға, ізденуге төселдіру.

Пәннің постреквизиттері. Қазіргі қазақ тілі (фонетика, лексика, морфология, синтаксис). Тіл мәдениеті. Қазақ тілі стилистикасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]