- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш.Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мазмұны
- •Фонетика
- •Лексика
- •Морфология
- •Сөз таптары
- •Синтаксис
- •Тіл ұстарту жұмыстары.
- •Студенттердің өздік жұмысы (сөж)
- •Соөж тақырыптары.
- •Әдебиеттер
- •Силлабус (syllabus)
- •Пән мазмұны Пән модульдері Пән модульдері мен олардың көлемін бөлу (сағатпен)
- •Технологиялық карта
- •Іү тарау
- •Пәннің әдебиетпен қамтылу картасы
- •1.6. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •1.8. Курстың саясаты және процедурасы.
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1.Пәннің тақырыптық жоспары
- •2.2 Студенттедің өзіндік жұмысының тақырыптары
- •2. 3. Модуль бойынша аралық бақылау мен қорытынды бақылау (емтихан) сұрақтары
- •2.3.1. Модуль бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •2.3.2. Модуль бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •2.5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •2.5.1. Негізгі әдебиет
- •2.5.2. Қосымша әдебиет
- •1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі
- •2. Буын, тасымал, екпін, дауыс ырғағы
- •Автомобиль тарихынан
- •3.Үндестік заңы
- •Қарағанды көмірін кім тапты?
- •Лексика. Сөз және мағына. Сөздің көп мағыналылығы
- •Мәтіннен ауыспалы мағыналы сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіріңіз.
- •3. Сөздіктен төмендегi сөздердiң синонимдерiн тауып жазыңыздар. Сол синонимдерді пайдалана отырып, сөйлем құраңыз.
- •Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысты.
- •Фразеологизмдер және оларға ұйытқы сөздер
- •Фразеологизмдердің сөз табына қатысты
- •Фразеологизмдердің көп мағыналығы
- •Фразеологиялық синонимдер
- •Фразеологиялық антонимдер
- •Фразеологиялық варианттар
- •Фразеологизмдердің шығу арналары
- •Қайран, Бетпақдала, құлазып қалдың-ау!
- •6. Кәсіби сөздер. Кірме сөздер
- •Диалектизмдер. Көнерген сөздер. Неологизмдер. Термин сөздер
- •Қазақ тілінің лексикографиясы
- •Морфология. Сөз құрамы
- •Оның ғылыми еңбектері кен орындарын ашық әдіспен зерттеудің теориясы мен тәжірибесінің маңызды мәселелеріне арналған 100-ден аса ғылыми еңбектері бар.
- •Қазіргі кезде қысқарған сөздерді тауып, олармен сөйлем құрастырып жазыңыздар.
- •12. Синтаксис
- •Сөздердің синтаксистік байланысы
- •Аналитикалық тәсіл
- •1.Мәтіннен есімді сөз тіркестерін теріп жазыңыздар
- •2. Мәтіннен етістікті сөз тіркестерін топтап жазыңыздар
- •3. Мәтіндегі сөз тіркестерін түрлеріне, құрамына, байланысу формалары мен тәсілдеріне талдау жасаңыздар.
- •13. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері
- •Бастауыш
- •Күрделі және үйірлі бастауыштар
- •Баяндауыш
- •14. Жай сөйлем, түрлері
- •1. Мәтінмен танысып, өз тарапыңыздан жаңа ақпараттар қосып, бірнеше хабарлы сөйлем құрастырып жазыңыздар.
- •2. Мәтіндегі хабарлы сөйлемдерді бұйрықты сөйлемдерге айналдырып, нақышына келтіріп оқыңыздар.
- •3. Бірнеше толымсыз, атаулы сөйлемдер құрастырып жазыңыздар
- •15. Құрмалас сөйлем, түрлері
- •Нормативті қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары
14. Жай сөйлем, түрлері
Тиянақты ойды білдіретін жеке сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем деп атаймыз.
Айтылу мақсатына қарай сөйлемдер хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті болып төртке бөлінеді.
Белгілі бір оқиға, құбылыс туралы хабарлай айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады. Хабарлы сөйлемнің соңында нүкте қойылады.
Хабарлы сөйлемді айтқанда, интонация бірте-бірте бәсеңдеп отырады. Мысалы: Ақша ерте заманда пайда болған.Шығындар өндіріс шығындары, үстеме шығындар және көлденең, кездейсоқ шығындар болып бөлінеді.
Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Ауызекі сөйлеу стиліне тән пікір алысудың бұл түрі көркем әдебиетте жиі қолданылады. Сұраулы сөйлемнен кейін сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемдердің жасалуы:
1) ма//ме, ба//бе, па//пе сұраулық шылаулары;
Жиналыс басталды ма? Анықтама алдың ба?
2) кім, не, қашан, қайда, қалай, қайтіп кімді, нелер т.б. сұраулық есімдіктері;
Абай қашан туылды? «Абай жолы» роман-эпопеясын кім жазды? Теңге тарихы туралы не білесің?
3) шығар, болар, қайтеді деген көмекші етістіктері сұраулық интонациямен айтылғанда;
Сендер биыл өндірістік іс-тәжірибеге баратын шығарсыңдар? Біліміңді тағы сынап көрсең қайтеді? Бұл әңгімені Жәнібек те естіген болар?
4) Ше демеулігі баяндауыштың құрамына ену арқылы.
Менің атым –Салтанат, өзіңнің атың ше?
Сұраулы сөйлемнің кеңінен тараған екі түрі бар. Бірі – ашық сұрақты сұраулы сөйлем. Мұнда айтушы өзінің білмеген нәрсесі жөнінде сұрақ қояды. Мысалы: жақында қандай шығарма оқыдың? Қазақстанда қанша облыс орталығы бар? Сені еліміздің болашағы ойландырады ма?
Сұраулы сөйлемнің екінші бір түрі – риторикалық сұрақты сұраулы сөйлем. Мұндайда әлденені білу үшін ғана емес, бір нәрсе жөнінде мұқату үшін, сондай-ақ болымды жайды айту үшін де сұрақты түрде айтылады, жауап күтілмейді. Мысалы: Баянауыл сияқты жерді кім сүймейді? Жастарымыз білімсіз болса елдің болашағы не болмақ? Басшысы болмаған елде елдік бар ма?
Іс-әрекетке итермелеу, орындауға ұмтылдыру мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз.
Бұйрықты сөйлем бұйыру, жекіру мағынасында ғана емес, өтіну мағынасында да айтылады. Бұйрықты сөйлем де ауызекі сөйлеу тіліне тән. Көркем әдебиетте ондай сөйлемдер диалогта жиі кездеседі. Бұйрықты сөйлемдердің айтылу әуені қандай мазмұнда жұмсалуына қарай түрліше болады. Егер бұйрықты сөйлем бұйыру, қатал талап мағынасында жұмсалса ол көтеріңкі дауыс екпінімен айтылады, ал егер тілек, кеңес мағынасында жұмсалса, бәсең дауыспен айтылады. Мысалы: Шолпан! Тоқта деймін! Тарт қолыңды!
Тоқташы, балам! Қолыңды тарта қойшы.
Адамның көңіл-күйін, әр түрлі эмоциялық сезімін (қуану, таңдану, аяу, сүйсіну, ренжу, қорқу, сескену,ызалану, жалыну, жирену т.б.) білдіру үшін жұмсалатын сөйлемдер лепті сөйлемдер деп аталады. Лепті сөйлемнен кейін леп белгісі қойылады. Мысалы:
Түу, сіз қызық адам екенсіз!
Жасаған-ау, мұндай да сұлу табиғат болады екен ғой!
Па, шіркін, мына атқа мінер ме еді! Қандай тамаша көл мынау!
Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Мысалы: Өміржан тоқтай қалды. Кейінгілер қуып жетті. Салтанат, сенбісің? Анауың кім? Біз он едік. –Уа, бауырым, амансың ба? Мен таныдым.. Бұл – композитор. Ымырт жабылды. Ауылдың маңы тым-тырс.
Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мұшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемнің түрін жайылма сөйлем деп атаймыз. Мысалы: Олар орманға қарай жөнелді. Біз күзет орнына бара жатырмыз. Зор денелі біреу окоптың ішінде дүрбімен алдыңғы жақты шолды. Оның қасында қысық көзді біреу телефонмен бірдеңені былдырлап айтып жатыр. Біз Ұлы жеңістің салтанатты мерекесіне әзірленудеміз.
Тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлемді жақты сөйлем дейміз. Жақты сөйлемдердің 1)бастауышы айтылады немесе 2)бастауышын баяндауыш арқылы оңай тауып алуға болады.
1.Абай әкесінің жауабын ғана білмек еді. Құнанбай үндеген жоқ. Күн жылынды. Алматы – бас қала, Астана – жас қала.
2.Енді қорықпаймын. Қайта беріңіз.саған әкелгізіп отырмын. Сыбағаны Күңкеге әкеліп отырғанымыз жоқ.
Кейбір сөйлемдер қимыл иесін дәл көрсетпей, іс-әрекеттің белгісіз субъектіге тән екендігін білдіріп тұрады. Мұндай сөйлемдер белгісіз жақты сөйлемдер болады. Белгісіз жақты сөйлемдерде назар тек іс-әрекетке аударылады. Көбінесе сөйлеу тілінде кездеседі. Олардың баяндауыштары ІІІ жақ, ауыспалы осы шақ формасында және өткен, келер шақтық, ІІІ жақтық тұлғалы етістіктер мен есімшелер болады: Оған электр жарығын пайдаланды. Ол кезде көмірді қауғамен тартатын.
Кейде баяндауышы ІІ жақтық жіктік жалғауда айтылған сөйлемнің бастауышы болмай, баяндауыш үш жаққа бірдей ортақ мағынада жұмсалып, жалпылама жақты сөйлем жасалады. Мысалы
(Сен) Ұлық болсаң, кішік бол.
(Ол) Ұялмас бетке талмас жақ береді.
(Сен) Көп тыңда, аз сөйле.
(Сен) Осы таза ауаны кеудеңді толтыра жұта бергің келеді.
Тек баяндауыш тұрлаулы мүше негізінде құрылған, бастауышы жоқ сөйлемді жақсыз сөйлем дейміз. Жақсыз сөйлемдердің баяндауышы күрделі болып, мынадай тұлғаларда кездеседі.
Күрделі баяндауыштың негізгі сыңары барыс септік жалғаулы тұйық етістіктен, көмекші сыңары болымды болымсыз тұлғалы бол етістігінен жасалады. Оған алыс жол жүруге болмайды.
Күрделі баяндауыш -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты тәуелденген кел көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Оспанның теріс істеріне менің көнгім келмеді.
Күрделі баяндауыштың негізгі сыңары барыс септік жалғаулы тұйық етістіктен, көмекші сыңары тура кел тіркесінен жасалады. Енді сізге айтуға тура келді.
Атау не барыс септік тұлғалы тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, лайық, жақсы модаль сөздері келіп күрделі баяндауыш жасайды. Болған оқиғаны жасырмай шынын айту керек. Соғыс ардагерлерімен қайта кездесуіміз мүмкін.
Күрделі баяндауыш –ып, -іп, -п, -ар, -ер, -са тұлғалы етістіктерге бол етістігінің тіркесіп келуі арқылы жасалады. Зәбірмен, зілмен мені жеңіп болмайды. Жиенді олай қумас болар.
Сөйлем құрамында ойға қажетті мүшелердің түгел болуы толымды сөйлем деп аталады. Толымды сөйлемдердің негізгі белгісі: айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысады және басқа сөйлемге тәуелді болмай, дербес айтыла береді. Мысалы: Мұратбек сөйлеп отыр. Бұл тұста Мұратбектің ойын Ләйлә да қостады. Ләйлә Зейнепке қызыға қараушы еді.
Ойды жеткізуге тікелей қатысы бар тұрлаулы мүшелердің бірі кейде екеуі де айтылмаған сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз. Толымсыз сөйлемде әдетте жиі түсірілетін мүше, әдетте – бастауыш. Толымсыз сөйлемнің жасалу жолдары: 1) өзара желілес сөйлем тобында; 2) диалог жағдайында.
1) Әкесі төрт-бес кісімен (баласын) шығарып салған. Шығарып тұрып (әкесі) мынаны айтқан: «Балам, (сен) алысқа, айтысқа жастай аттандың, (сен)
Ұрын аттандың».
2) Есік алдында Тоқабай кездесті.
-(сіз) Қайдан жүрсіз, Тоқа?!
-(мен) Елден (жүрмін) балам.
-(Тоқа) Мезгілсіз (бұл) қай жүріс?
Іс, оқиғаны баяндамай, атап қана тұратын сөйлемді атаулы сөйлем деп атаймыз. Атаулы сөйлемдер көбінесе атау септік тұлғалы зат есімнен жасалады. Атаулы сөйлемдер көркем әдебиетте табиғатты, құбылысты суреттеуде, адамның ішкі сезімін беруде жиі қолданылады. Мысалы:Түнерген кеш. Баяу ескен қоңыр жел. Шаңқай түс.
Жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар.
Тәуке хан
Тәуке хан – Жәңгір ханның баласы. Ол атақты Төле биге, Қаз дауысты Қазыбек би мен Әйтеке билерге арқа сүйеп, феодалдық ақсүйектер – сұлтандарды әлсіретіп, хандық үкіметтің үстем болуын жақтады. Ол үш бимен кеңесе отырып, «Жеті жарғы» әдет заңдарын шығарды. Онда негізінен қазақтардың әдеттегі заңдарының бірқатар ережелері бекітілгенімен, жинақ хандық құрылысты нығайтуға бағытталған еді. Тәуке хан ресеймен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты. Ол 1716 жылы жоңғарларға қарсы күреске шығу үшін Ресейден әскери көмек сұрауға мәжбүр болды, өйткені 1690 жылдардың аяғында басталған ойрат және қазақ хандарының арасындағы қарулы қақтығыстар жиілеп, жау басым болып тұрды.
Тәуке хан тұрақты хан кеңесі, билер кеңесін құрып, жыл сайын Күлтөбеде (Түркістанның қасында) Үш жүздің шонжарларын шақырып мәслихат өткізіп тұрған. Бұл жерде билер тобының қатысуымен Үш жүз арасындағы маңызды мәселелер шешілетін болған. Олар халықты басқаруға арналған заң шығару мен сот істеріне араласып, бірте-бірте жергілікті басқару істерін де қолдарына алды.
