- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш.Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мазмұны
- •Фонетика
- •Лексика
- •Морфология
- •Сөз таптары
- •Синтаксис
- •Тіл ұстарту жұмыстары.
- •Студенттердің өздік жұмысы (сөж)
- •Соөж тақырыптары.
- •Әдебиеттер
- •Силлабус (syllabus)
- •Пән мазмұны Пән модульдері Пән модульдері мен олардың көлемін бөлу (сағатпен)
- •Технологиялық карта
- •Іү тарау
- •Пәннің әдебиетпен қамтылу картасы
- •1.6. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •1.8. Курстың саясаты және процедурасы.
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1.Пәннің тақырыптық жоспары
- •2.2 Студенттедің өзіндік жұмысының тақырыптары
- •2. 3. Модуль бойынша аралық бақылау мен қорытынды бақылау (емтихан) сұрақтары
- •2.3.1. Модуль бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •2.3.2. Модуль бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •2.5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •2.5.1. Негізгі әдебиет
- •2.5.2. Қосымша әдебиет
- •1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі
- •2. Буын, тасымал, екпін, дауыс ырғағы
- •Автомобиль тарихынан
- •3.Үндестік заңы
- •Қарағанды көмірін кім тапты?
- •Лексика. Сөз және мағына. Сөздің көп мағыналылығы
- •Мәтіннен ауыспалы мағыналы сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіріңіз.
- •3. Сөздіктен төмендегi сөздердiң синонимдерiн тауып жазыңыздар. Сол синонимдерді пайдалана отырып, сөйлем құраңыз.
- •Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысты.
- •Фразеологизмдер және оларға ұйытқы сөздер
- •Фразеологизмдердің сөз табына қатысты
- •Фразеологизмдердің көп мағыналығы
- •Фразеологиялық синонимдер
- •Фразеологиялық антонимдер
- •Фразеологиялық варианттар
- •Фразеологизмдердің шығу арналары
- •Қайран, Бетпақдала, құлазып қалдың-ау!
- •6. Кәсіби сөздер. Кірме сөздер
- •Диалектизмдер. Көнерген сөздер. Неологизмдер. Термин сөздер
- •Қазақ тілінің лексикографиясы
- •Морфология. Сөз құрамы
- •Оның ғылыми еңбектері кен орындарын ашық әдіспен зерттеудің теориясы мен тәжірибесінің маңызды мәселелеріне арналған 100-ден аса ғылыми еңбектері бар.
- •Қазіргі кезде қысқарған сөздерді тауып, олармен сөйлем құрастырып жазыңыздар.
- •12. Синтаксис
- •Сөздердің синтаксистік байланысы
- •Аналитикалық тәсіл
- •1.Мәтіннен есімді сөз тіркестерін теріп жазыңыздар
- •2. Мәтіннен етістікті сөз тіркестерін топтап жазыңыздар
- •3. Мәтіндегі сөз тіркестерін түрлеріне, құрамына, байланысу формалары мен тәсілдеріне талдау жасаңыздар.
- •13. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері
- •Бастауыш
- •Күрделі және үйірлі бастауыштар
- •Баяндауыш
- •14. Жай сөйлем, түрлері
- •1. Мәтінмен танысып, өз тарапыңыздан жаңа ақпараттар қосып, бірнеше хабарлы сөйлем құрастырып жазыңыздар.
- •2. Мәтіндегі хабарлы сөйлемдерді бұйрықты сөйлемдерге айналдырып, нақышына келтіріп оқыңыздар.
- •3. Бірнеше толымсыз, атаулы сөйлемдер құрастырып жазыңыздар
- •15. Құрмалас сөйлем, түрлері
- •Нормативті қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары
1. Мәтінмен танысып, өз тарапыңыздан жаңа ақпараттар қосып, бірнеше хабарлы сөйлем құрастырып жазыңыздар.
2. Мәтіндегі хабарлы сөйлемдерді бұйрықты сөйлемдерге айналдырып, нақышына келтіріп оқыңыздар.
3. Бірнеше толымсыз, атаулы сөйлемдер құрастырып жазыңыздар
СӨЖ-ге арналған бақылау тапсырмалары:
Жай сөйлемнің түрлерін айтылу мақсатына қарай түрлері. Жай сөйлемнің түрлері. Төл сөз бен төлеу сөз. Төл сөздің тыныс белгілері.
15. Құрмалас сөйлем, түрлері
Екі не одан да көп предикативтік бөліктен құралып, мағыналық, құрылымдық және интонациялық тұтастықта келетін сөйлемнің түрін құрмалас сөйлем деп атайды.
Құрамалас сөйлемнің жай сөйлемнен бірден-бір айырмашылығы – біріншісінің (құрмалас сөйлемнің) полипредикативті болатындығы. Дәлірек айтқанда, кез-келген жай сөйлем бір ғана предикативтік единица деп есептелсе, құрмалас сөйлем екі, не үш немесе одан да көп предикативтік единицадан тұрады. Демек, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы айырмашылық олардың құрылымдық ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Айталық, Бірау аңға серілікпен шығады және Біреу оны күн көріске жамау-жасқау етеді деген конструкциялардың жай сөйлемдер екеніне ешкім дау туғызбайды, себебі әрқайсысына тән бастауыштық-баяндауыштық қатынас (предикативтік) бар, басқа да сөйлем мүшелеріне талданады, оның үстіне, жай сөйлемнің толымды, жақты, жайылма түрі екендіктері де белгілі. Қысқасы, бұл екі сөйлемнің екеуіне де бір ғана предикаттық қасиет байқалдады. Егер екеуін біріктіріп, Біреу аңға серілікпен шығады, біреу оны күн көріске жамау-жасқау етеді (Ғ. Мүс) түрінде қарайтын болсақ, әлгі екі предикативтің тұтасқанын көреміз, бірақ бұл жолы жай сөйлем емес, құрмалас сөйлем деп есептеледі. Ілгеріде айтылғандай, құрмалас сөйлем екіден көп предикативті болып келе беруі мүмкін: Әр түрлі балаларға кездесті. Олардың кейбірі бұған жатырқап назар аударса, енді біреулері таңдана қарайды, енді біреулері таңдана қарайды, бағзы біреулері мұны байқамаған пішінмен үнсіз өтіп те кетеді. (М.И) деген құрмалас сөйлемде үш предикаттық единица бар.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді бір-бірінен интонациялық жағынан да айыра білу қажет болады. Құрмалас сөйлемнің алдыңғы компонентінің баяндауышы көсемше, есімше немес септік жалғауларының біріне аяқталғанда, бұл әсіресе, көзге түседі: Таң атқалы бұл бөлменің есігі ашылып, кісі кіргені осы еді (М.Ә). Салалас құрмаластың алдыңғы компоненті тиянақты тұлғаға аяқталғанның өзінде де интонациядағы әлгі айырмашылық аңғарылып отырады. Мәселен, Көп зат емес еді және Бірақ қымбат заттар еді тәрізді жай сөйлемдердің аяқталар сәттеріндегі интонация екуіне де бірдей, алайда Көп зат емес еді, бірақ қымбат заттар еді. (С.М) ыңғайындағы құрмалас сөйлем болып келгенде, бірінші предикаттық единицаның жай сөйлем түріндегі тиянақтаушылық интонациясы ұластырушы, келесі компонентпен (бірақ қымбат затар еді) байланыстырушы интонацияға айналып кетеді.
Жай сөйлем құраудағы жеке сөз бен сөз тіркестері сияқты, жай сөйлем құрмалас сөйлемнің құрылыс материалы болып есептеледі. Соның өзінде, мысалдардан көрініп отырғандай, дара сөйлемдік қасиетін белгілі бір дәрежеде жойғандықтан, құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер емес, предикативтік единицалар немесе предикативтік бөліктер деген атауға ие болады.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарай жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем бес түрге бөлінеді:
1. Ыңғайлас салалас құрмалас; 2. Қарсылықты салалас құрмалас; 3. Себеп - салдар құрмалас; 4. Талғаулықты салалас құрмалас; 5. Кезектес салалас құрмалас.
1. Ыңғайлас жалғаулықты салалас. Құрамындағы жай сөйлемдері бастауыштарының іс-әрекеті бір тектес, мезгілдес, орайлас, бір сарынды мағыналық қатынаста айтылған салалас құрмалас сөйлем ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Қашқын ұзап кетті және Кертөбелге жетер мұнда ат та жоқ ( Ғ. Мұст).
2. Қарсылықты салалас құрмалас. Құрмаластағы жай сөйлемдер өзара қарама-қарсы мәнде жұмсалатын салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз. бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, әйткенмен. Мысалы: Қараша айы жақындады, бірақ әлі күн суытқан жоқ.
3. Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдер өзара бір - біріндегі істің себебін не салдарын білдірсе, оны себеп - салдар салалас дейміз. сондықтан, себебі, өйткені, себептері, неге десең, т. б. Мысалы: Мақсат біреу, сол себепті оны екіге бөлу - ымырашылдық ( Ғ. Мұст.)
4.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердің біреуіндегі істі жүзеге асатындығына болжам жасайтын сөйлемдерді талғаулы салалас құрмалас сөйлем дейміз. Шылаулар: не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, не болмаса, әлде, бірде. Мысалы: Сенің алдыңда екі - ақ жағдай бар: не сабақты жақсы үлгеруің керек, не оқуды тастап, аулыңа кетуің керек ( С. Шайм.).
5. Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас сөйлемде жай сөйлемдер істің, оқиғаның кезектесіп, алмасып келуін білдіреді. Жалғаулық шылаулары: біресе, кейде, бірде. Мысалы: Біресе жаңбыр жауады, біресе қар ұшқындайды.
Сабақтас құрмалас сөйлем.
Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас дейміз. Мысалы: Лекция біткен соң, студенттер тамақтануға Құрмалас сөйлем құрамындағы тиянақсыз жай сөйлемдерді бағыныңқы сөйлем дейміз. Екінші сыңары тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді. Ондай сөйлемдерді басыңқы сөйлем дейміз.
Сабақтас құрмаластың жасалуы бағыныңқы жай сөйлемдердің баяндауышына қарай белгіленеді.
Сабақтас құрмалас сөйлем бірнеше түрге бөлінеді және пысықтауыштардың сұрақтарына жауап береді. 1) шартты бағыныңқылы сабақтас; 2) қарсылықты; 3) себеп; 4) мезгіл; 5) мақсат; 6) қимыл -сын бағыныңқылы сабақтас.
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Бағыныңқы компоненті басыңқы сөөйлемдегі оқиға мазмұнына қарама-қарсы мағыналық қатынаста келетін сөйлемдер қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады. Қарсылықты бағыныңқы жасайтын жұрнақтар бар: 1) -да, -де. Күріш дұрыс тозаңдалса да, дәні толық емес. 2) болымсыз түрінен (болмаса): Кенді табу болмаса, алу болмайды. 3) -ған,+ мен, + ген, +мен: Өзеннің суы тайыз болғанмен, одан өту өте күрделі. 4) қарамас + тан: Елге бармастан Ахмет оқуын аяқтады. 5) -ша, -ше жұрнақты есімшеден: Ауылға барғанша, қалада қалып, ақша табу керек. 6) -ғаны, -гені, болмаса тіркесі Елге барғаны болмаса, ешқандай демалған жоқ.
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойдың себебін, салдарын білдіретін сөйлем себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады. Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары бар: 1. Есімше - ған жұрнағына - дықтан қосылады. Мысалы: Жақсы оқыған + дықтан, адам болды. 2. Есімшеге соң, кейін шылаулары тіркеседі. Мысалы: Раушан келіп қалған соң, ол ауылға қарай бұрылып кетті (Б. М.). 3. Көсемшенің -й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады. Мысалы: Араларына түсетін арашасы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады. 4. Көсемшенің -п жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: Сәтбаев Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп, геологиялық барлау мамандығын игерді. 5. Ашық райға -деп көмекші етістігі тіркеседі. Мысалы: Ұлы Отан соғысы жылдарында марганец тапшылығын жояйын деп, Жезді марганец кенін ашты. 6. Тәуелді жалғауға себепті сөзі тіркеседі. Мысалы: Қазақстанда ғылымның дамуына себепті, оның кен байлығы ұзақ уақыт зерттелмеді.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мезгілін көрсетеді. Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
1 |
Бағыныңқы баяндауышы |
Мысалдары |
|
1 |
2 |
1 |
Есімше + жатыс септігі |
Қ. Сәтбаев кезінде келме + ген + де, геология ғылымы мұндай дамымас еді. |
2 |
Есімше +барыс жалғауы + шейін |
Қ. Сәтбаев келген + ге шейін, Қазақстанда геология барлауы тиянақты жүргізілмеді. |
3 |
Есімше + шығыс жалғауы + бұрын |
Қ. Сәтбаев ғылымға келмес + тен бұрын, Қазақстанда Ғылым академиясы болған жоқ. |
4 |
Есімше + шығыс жалғауы + соң, бері |
Қ. Сәтбаев ғылым академиясын құрғаннан соң, көп ғылыми - зерттеу институттары ашылды. |
5 |
Есімше + ша, ше |
Қ. Сәтбаев Президент болған + ша Қазақстанда академия ашылмады. |
6 |
Есімше + шығыс жалғауы + кезде, шақта, уақытта |
Қ. Сәтбаев Ғылым академиясын басқарған кезде, геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған іздері көп. |
7 |
Көсемше +қалы, келі, ғалы, гелі |
Қ.Сәтбаев Ғылым академиясын басқарғалы, барлық ғылым - зерттеу институттарындағы ғылыми кадрлар сан және сапа жағынан өсіп - жетілді. |
8 |
Етістік + ысымен, ісімен |
Қ.Сәтбаев Ғылым академисындағы бастамасымен, ғылыми - зерттеулердің өзекті мәселелері халық шаруашылығының мүддесіне бағытталып отырады. |
Мақсат бағыныңқылы сабақтас
Бағыныңқы сөйлемі басыңқыдағы іс-әрекеттің мақсатын білдіретін сөйлемді мақсат іс-әрекеттің мақсатын білдіретін сөйлемді мақсат бағыныңқы сөйлем дейміз. Мақсат бағыныңқының жасалу жолдары бар.
|
Бағыныңқының баяндауышы |
Мысалдары
|
1 |
Тұйық етіс + есімше + шылау үшін |
Бекет білім алу үшін, ол Үргенішке Пақыржан қажыға барады. |
2 |
-мақ, - мек, -бақ, -бек болып (боп) |
Пақыржан лақтырған аса таяқты тауып алмақ боп, Бекет Оғыландыға келеді. |
3 |
Шартты, қалау, бұйрық, ІІІ жақ + көсемше- деп |
Қажының аса таяғын тауып алайын деп, Бекет арып-ашып, апталап, айлап жол жүріпті. |
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.
Бағыныңқы сабақтас басыңқыдағы іс- әрекеттің қалай жүзеге асқандығын, тәсілін білдіретін сөйлемді қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас дейміз.
Жасалу жолдары төмендегідей:
|
Бағыныңқының баяндауышы |
Мысалдар
|
1 |
-ып, іп, п, а, е, й (көсемше) |
Сонан соң кемпірі тазалық жасап, Бекет ата Хорезімдегі сәске намазға үлгеріпті. |
2 |
Келер шақ + шығыс септігі |
Бекет өлместен бұрын, тау қапталынан қашап жасалған мешіттің ішіне жерлеуді өсиет етіпті. |
3 |
Есімше + дай, дей |
Адай Бекет Түрікмен Бекұрды ишанмен уәделескендей, Бейнеуден медресе, салдырып, бала оқытады. |
4 |
Есімше + кейін, күйі, күйінде, қалпы, қалпында, бетте тіркесуі |
Хиуа жендеттерінен зардап шеккен Кіші жүздің жігіттері қаруланған күйі атқа қонып, "Бекет! Бекет!" деп ұрандап жауға шапқан және жеңген. |
Жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар.
Мәтін.
Тәуке хан – Жәңгір ханның баласы. Ол атақты Төле биге, Қаз дауысты Қазыбек би мен Әйтеке билерге арқа сүйеп, феодалдық ақсүйектер – сұлтандарды әлсіретіп, хандық үкіметтің үстем болуын жақтады. Ол үш бимен кеңесе отырып, «Жеті жарғы» әдет заңдарын шығарды. Онда негізінен қазақтардың әдеттегі заңдарының бірқатар ережелері бекітілгенімен, жинақ хандық құрылысты нығайтуға бағытталған еді. Тәуке хан Ресеймен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты. Ол 1716 жылы жоңғарларға қарсы күреске шығу үшін Ресейден әскери көмек сұрауға мәжбүр болды, өйткені 1690 жылдардың аяғында басталған ойрат және қазақ хандарының арасындағы қарулы қақтығыстар жиілеп, жау басым болып тұрды.
Тәуке хан тұрақты хан кеңесі, билер кеңесін құрып, жыл сайын Күлтөбеде (Түркістанның қасында) Үш жүздің шонжарларын шақырып мәслихат өткізіп тұрған. Бұл жерде билер тобының қатысуымен Үш жүз арасындағы маңызды мәселелер шешілетін болған. Олар халықты басқаруға арналған заң шығару мен сот істеріне араласып, бірте-бірте жергілікті басқару істерін де қолдарына алды.
Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдырып жазыңыздар.
Мәтінен салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыздар.Салалас сөйлем компоненттерінің байланысу тәсілдерін айтыңыздар.
Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
