Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар ЖУБАНОВ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
282 Кб
Скачать
☆

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қ.Жұбанов. Шығармалар мен естеліктер. Алматы: Өнер, 1990. - 208 бет.

  2. Профессор Құдайберген Жұбановтың 90 жылдығына арналған ғылыми конференция (19 желтоқсан, 1989) материалдары. Алматы: 1990. - 92 бет.

  3. Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі. Алматы: Ғылым, 1990. 368 б.

  4. Жұбанов тағылымы. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Ақтөбе, 2002. – 297 б.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Қ.Жұбанов. Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір. // «Жалын», №6. 1998.

  2. К.Кенжебаев. Ә.Оралбай. Құдайберген Жұбанов. Деректі ғұмырнама. А., «Ана тілі». ЖШС., 2000. – 280 б.

  3. Х.Нұрмаханов. «Ақтөбе» газеті. №121. 14 қазан, 1999 жыл.

  4. Ә.Ж.Ұлықпанова. Шын шеберлік. «Ақиқат». Ұлттық қоғамдық-саяси журнал. Алматы, № 7. 2007.

№14 лекция

Тақырыбы: Драматургияға қосқан үлесі

Мақсаты: Профессор Қ.Жұбанов драмалық туындылары мен қазақ драматургиясына үлес болып қослыған мақалалрының құндылығы туралы теориялық мағлұмат беру. Студенттердің интеллектуалдық қабілеті мен танымдық қызығушылығын арттыру, ғылымдағы гуманистік көзқарасқа ұмтылдыру.

Кілт сөздері: драматургия, драма, пьеса, т.б.

Негізгі мәселелері мен мазмұны:

  1. Қазақ драматургиясының қазынасына Қ.Жұбановтың қосқан үлесі.

  2. Ж.Тілепбергеновпен бірлесіп жазған пьесалары.

  3. «Біз де ұлт театрына маңдайладық» мақаласындағы негізгі идея.

  4. Қ.Жұбановтың «Түнгі сарын» (М.Әуезов) пьесасына берген бағасы.

Лекция тезисі. қазақ драматургиясының қазынасына Қ.Жұбановтың да қосқан үлесі аз емес. Бұл салада ғалымның жазып кеткен бірлі жарым болса, маңызы зор мақалаларын айтар едік. Сонымен қоса, ұлы ғылым жолына түспестен бұрын, Ақтөбеде жүріп өз тарапынан да пьеса жазып, кейде дайын дүниені сахналап, «ел ішін – өнер кенішіне» айналдырған күндері аз болмаса керек. «Асыл азамат еді» деп еске алған Хайрулла Меңдібаевтың берген дерегінде Қ.Жұбанов 1923 жылы жазушы-драматург Ж.Тілепбергеновпен бірге «Кек» атты пьеса жазып, өз күштерімен ауыл арасында «... бір саудагер татардың жүн-тері жинайтын үлкен сарайында көрсеткен» екен. Х.Меңдібаев Қ.Жұбановтың күшімен тағы да басқа пьеса қойылғандығын, бірақ бұл жөнінде мәліметтер сақталмағандығын айтқан. Сонымен қатар, Қ.Жұбанов Жиенғали Тілепбергеновпен қосылып, «Мақпал мен Сегіз» дастанының негізінде пьеса жазған. Бұл деректерді Ісмет Кеңесбаевтың сөздері де растайды: «Құдайберген ақындық-жазушылық өнерімен де шұғылданып, бірен-саран пьеса жазады. Мысалы, халық арасына кең тараған «Сегіз бен Мақпал» дастаны бойынша Жиенғали Тілепбергеновпен бірігіп жазған өлең пьесасы Ақтөбедегі совет-партия мектебінің, педтехникумның оқушылары күшімен қала жұртшылығына көрсетіледі».

Ахмет Жұбановтың айтуынша да 1925 жылы Ақтөбеде Қ.Жұбановтың ұйымдастырып, сахнаға дайындауымен «Сегіз бен Мақпалды» да сахналаған. «Сегіз бен Мақпал» – екі актілі өлеңді пьеса. А.Жұбанов пьесада Сегіз ролін кейіннен республикаға танымал артист болған Жүсіп Сейілов сомдағанынан хабардар етеді. Және осы жылы «Еңлік-Кебек» пьесасы да қойылған. Сегіз қырлы, бір сырлы талант иесі Қ.Жұбанов сахна мәдениетімен де әркез тығыз байланыста болып, әрі, режисер қызметін де қоса атқарудан қашпаған. Біткен істің берекетін көріп «Ойын жағы да көңілдегідей болып шықты» деп қуанған Қ.Жұбанов, 1926 жылы «Біз де ұлт театрына қарай маңдайладық» аталатын мақала жазған. Мақала «Еңбекші қазақ» газетінің №11 санында жарияланған.

Қазақтың Ресейге біртабан жақындау батыс өлкесінде жатқан туған халқын мәдениет пен өркениетке тарту мақсаты ойынан кетпейтін ғұлама, сахнаға ойын қойып, «тәуір шыққанына» риза болып, мақалада «біз де ұлт театрына қарай маңдайладық» деп көңілі қоштанады. Автор «ойын базар күні болғандықта, елден келген қазақтар көп келді. Естіген жердегі жақын ауылдардан да қатын-баласын алып, 30-40 шаруа келді. Басты рольдердің бәрі де бұрын ойнап ысылған жігіттерге жүктеліп еді. Ойын жағы көңілдегідей болып шықты. Әсіресе, Еңлік ролін ойнаған Баймағанбет келіні Шайза, Кебек ролін ойнаған Тілепбергенұлы Жиенғали, малшы мен Жапал ролін ойнаған Сегізбайұлы, тағы басқалар өте келістіріп жіберді» деп ой бөліседі. Ел ішінің егілген оқиғасы суретелген «Еңлік-Кебекті» сахналаудың өзіндік себептері де бар шығар. Дәуір дақпыртына еріп, «қызыл төңкерістің» «уралап» ұрандаған бір шығармасын алса да, қоғам басшылары Қ.Жұбановқа «кет әрі!» демес. Дегенмен де, халық көңілінен шығар көркем туындыны таңдап алудың өзінде, білгір ғұламаның әдеби классикалық ұғымы, көзқарасы жатқандай. Жалпы, М.Әуезовтің 1917 жылы жазылған «Еңлік-Кебек» пьесасы қашаннан көп толқытқан тақырыпты қозғайды. Ол кәдімгі әйел теңдігі, махаббат бостандығы делінетін тақырып. Ел арасында аңызға айналып, кейін поэма сюжетін туғызған тарихи оқиға енді «Еңлік-Кебек» пьесасына материал болды. Мұнда патриархалдық-феодалдық салт пен әдет-ғұрыптың қыспағында сүйгеніне еркін қосыла алмаған асыл жастардың бас бостандығы үшін талпынған жанқиярлық күресі, қайғылы тағдыры көрсетілген».

Пьеса сахналаудың біршама қиындықтары сахна декорациясына тірелетіні белгілі. Автордың қала ішінен киіз үй таппай, «Шым-шилі, бау-басқұрлы үлкен ақ боз үйдің орнына шоқиған қараша үй тігілді» деп қинала отырып, мақаланың соңғы сөздерін ұсыныс-тілек түрінде «киіз үйдің декорациясының» көрінісін бүге-шүгесіне дейін суреттеп беруі – сан жылдан соң қазақ баласы «киіз үйді – «Қызыл кітаптан» ғана көріп жүрер деген үрейден туындады ма деп ойлаймыз.

Қ.Жұбановтың әдебиеттің үш тегінің бірі, драма жанрына қатысты айтқан әңгімелеріның ендігі бір шоғыры – «Қазақ драма театрының алғашқы күрделі жеңісі» мақаласында берілген. Мақала 1935 жылы «Казахстанская правда» газетінің №4 санында жарық көрген. Автор «Қазақтың мемлекеттік драма театры өзінің қысқы маусымын драматург М.Әуезовтің «Түнгі сарын» пьесасымен ашты. «Түнгі сарын» – 1916 жылы қазақ еңбекшілерінің Октябрь революциясы қарсаңында Қазақстанда болған ең үлкен көтерілістің шынайы бейнесін суреттеп бере білген пьеса», – деп баға береді.

Театрдың 1935 жылғы маусымын мықты драматург М.Әуезовтің пьесасымен ашуының өзі – бұдан кейін де сахналанатын қойылымдардың дұрыс таңдалатынынан хабардар етеді. Шындығында да, М.Әуезовпен бастау – сәтті бастау. Осы арада, М.Әуезовтің Қ.Жұбанов туралы жазған «Ірі оқымысты» атты мақаласы еске еріксіз түседі. М.Әуезов: «Данышпан Абай адамгершілікке баға бере келе: «Адамның адамдығы істі қалай аяқтағанынан емес, қалай бастағанынан білінеді», – дейді. Тегінде, бұл – істің нәтижесін күтпей, келте қайырған байлам емес, қайта тұңғиық ойдың тұнығына бойлағанда ғана табылатын кемеңгерлік тоқтам болса керек», – деп сөз байламын жасады емес пе?

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің орны қазақ тарихында алабөтен ерекше деп білген автор «1916 жылғы көтеріліс әр жерден тиіп-қашып, тұтанып басылған кездейсоқ көтеріліс емес, бүкіл қазақ елін тұтас көтерген ұлы қозғалыс болды және бұл қозғалыс тек патша үкіметіне қарсылық емес, қазақтың өз ішіндегі үстеп тап өкілдеріне де қарсы бағытталған наразылық еді», – деп, шығармадағы тарихи-әлеуметтік мәселелердің туындау себептеріне түсінік беріп өтеді. Қ.Жұбанов «Бүкіл қазақстандық ІХ съездің делегаттары, іштерінде көтеріліске қатысқандары, өз көздерімен көргендері бар, «Түнгі сарын» пьесасын көргенде кешегі өздерін алдап кеткен сатқындарды автордың шебер суреттелген бейнелерінен танып отырды» - деп, сахналық қойылымның сәтті шыққанына риза болады. Бұл мақаланың әдеби жағынан маңызды болу себептерінің бірі, мақала авторы әрбір кейіпкерге мінездеме беріп, әрбір образдың сомдалған бейнесін суреттейді. Мәселен, «Мынау болыс – Майқан феодал, патша полициясына сүйеніп, көтеріліске қатысқандардан асқан зұлымдықпен кек алады». «Бір күндік өміріңді ойлап, келешекке көзжұмбайлықпен қарауға болмас. Туған жұртыңды жазықсыз жалаға қиып, ажал құрығына байлап берсең – нағыз зұлымдық деген сол болар», міне, осындай ойлар легі Қ.Жұбановтың Майқанға берген мінездемесін оқығаннан соң, оқырманның да жүрегінде еріксіз туындап, жан дүниемізде бай феодалға деген кешірілмес сезім пайда болады. «Мынау – Хаким адвокат, ұлтшылдар тобының оқығаны, көтеріліске шыққан халықты адастырып патша үкіметінің жеңуін қалайды» [84, 63] дейтін Қ.Жұбановтан білімді жанның бәрі бірдей емес, «ұлтым!» деп соққан жүрек» көрінгенге тиесілі емес, ұлт бастаған ұлдарға абыройлы адалдық қажет. Еліңнің ертеңін ойласаң, ақиқаттан тайма деген қасиетті ойы аңғарамыз. «Мынау – Жүніс тілмәш хатшылар тобының өкілі, көтеріліске қатысқанымен кейін патша өкіметінің жансызы екені әшкереленеді» – деп сатқындықтың пен опасыздық бойын билеген Жүніс тілмәштің екіжүзді бейнесін бедерлейді. «Екінші топтан көрермендер көтерілістің нағыз ерлерінің бейнесін көреді, келісімге көнбейтін Жантас пен Тәнекелер аңқау да, адал жандар, сол мінездерімен талай-талай алданып, адасып, опық жейді, сәтсіздікке душар болады» – деп мінездейді Қ.Жұбанов. Халықтың эпостық жырларынан танымал бір белгі батырлар бейнесіне қашаннан да аңқаулық тән. Сол секілді, Жантас пен Тәнеке бейнелерінде ержүректілік пен аңқаулықтың қатар қабысқанын, автор дәл танып көрсетеді. «Ақырында мұғалім Сапаның бейнесі, ол халық жағында өзіндік тұрақты көзқарасы қалыптаспаған адам, соның салдарынан ұлтшылдарға сеніп, көтерілісшілерінің жоспарын бұзады. Оның санасы өзіне төнген жаза алдында барып оянады, сонда ғана түнгі сарынның келе жатқан таң белгісі екенін сезеді» – дейді Қ.Жұбанов. Автор Сапа мұғалімнің санасының өсіп жетілуінің ақырын – пьесаның «Түнгі сарын» аталу себебімен байланысты түсіндіреді. «Пьесадағы көтеріліс кейіпкерлері көтерілістің жеңу мүмкіндігі бар екендігін жалпы бостандық идеясының түбі жеңетініне сеніммен өледі». Сенім бар жерде, нағыз өлім адамзат баласынан аулақ тұрады. Тән өлсе де, көкірек көзіндегі болашақтың жарқын үміті – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырмақ.

Қ.Жұбановтың «Қазақ драма театрының алғашқы күрделі жеңісі» мақаласындағы әрбір кейіпкерге анық берілген мінездемеде, кәдуілгі қаламы әбден қалыптасқан әдебиет зертеушісінің мәнерінің ізі бар. Бір жағынан, шағын мақаланың көтеріп тұрған жүгі зор. Өйткені, М.Әуезовтің «Түнгі сарын» пьесасының басты тақырыбы мен шығарманың оқиға желісіне негіз болған тарихи-әлеуметтік ашып көрсетіп, кейіпкерлеріне талдау жасап, әрі, пьесаны сахналауда жіберілген кемшіліктерді ажыратып айтып, театр ұжымының болашақ бағдарын танып, одан соң жалпы Қазақстандағы өнер саласының жеткен жетістіктеріне қоса тоқталып, театр болашағына үлкен үміт арту жайын бір мақаланың бойына сыйдыру – қас таланттың қолынан ғана келмек.

Иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар: Тақырыпқа байланысты дайындалған слайд, зерттеу еңбектері, буклет.