- •Дәрістер кешені
- •Профессор қ.Жұбановтың ата-тегі, шежіресі туралы хронологиялық кесте;
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Жаратылыс → адам → даму → ой→ тіл → дыбыс // дауыс→ әуен → сөз → еліктеу → қимыл // би → саналы әрекет → күй
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты зерттеуінің «Абай және халық әдебиеті» аталатын 3 тарауында айтылған тұжырымды пікірлердің құндылығын студенттерге ұғындыру.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.А.Яссауйдің ақындығы туралы зерттеулерге шолу жасай отырып, қ.Жұбановтың яссауйтанудағы өзіндік бағалы орнын студенттерге ұғындыру.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.Жұбановтың проза жанрында жазылған шығармаларының басты тақырыбы мен идеясын, көркемдік құндылығын, жанрлық ерекшеліктерін студенттерге ұғындыру.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.Жұбановтың баспа бетінде жарияланған және ұзақ жылдар мұрағатта сақталып, ғылыми айналымға енді түскен мақалаларымен таныстыру.
- •Қ.Жұбанов еңбектеріндегі қоғам және заман көрінісі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Жұбанов тағылымы. Қазіргі заманғы гуманитарлық ғылымдарының өзекті мәселелері бойынша өткен республикалық «Жұбанов тағылымы» конферецияларының материалдары. Ақтөбе, 1998. – 210 бет.
Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1999. – 581бет.
Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі. Ғылыми мақалалар жинағы. А., «Арыс», 1999. – 376 бет.
Қазақ тіл білімі. Ұрпақ жалғастығы мен дәстүр сабақтастығы. А., «Арыс», 1999. – 416 б.
Жұбанов тағылымы. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Ақтөбе, 2002. – 297 б.
Қосымша әдебиеттер:
Қ.Жұбанов. Шығармалар мен естеліктер. Қүрастырған Ақырап Жұбанов. Алматы: Өнер, 1990. – 208 б.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Бірінші кітап. Жалпы ред. басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясының корр. мүшесі, ф.ғ.д., проф. М.Қаратаев. Алматы: Ғылым, 1967. – 644 б.
Ә.Кекілбаев // «Ақтөбе» газеті, №121. 14-қазан, 1999 ж.
№15 лекция
Тақырыбы: Баспа бетін көрген және мұрағатта сақталған мақалалары.
Мақсаты: қ.Жұбановтың баспа бетінде жарияланған және ұзақ жылдар мұрағатта сақталып, ғылыми айналымға енді түскен мақалаларымен таныстыру.
Кілт сөздері: публицистика, саяси-әлеуметтік көзқарас, мұрағат.
Негізгі мәселелері мен мазмұны:
Қ.Жұбанов еңбектеріндегі қоғам және заман көрінісі
Қ.Жұбановтың баспа бетінде жарияланған мақалалары.
Мұрағат төрінде сақталған мақалалар сыры.
«Оқу-білім майданында. Мұғалімдер курстері тарады» мақаласындағы оқу-білім жайы.
«Сауатсыздық жоятын нұсқаушы мектеп» атты мақаладағы қоғам көрінісі.
«Негізгі заңның үш жасы» мақаласы.
Лекция тезисі. Профессор Қ.Жұбанов тіл білімін ғана терең меңгергіп, осы салада маңызы зор ғылыми жаңалықтар ашып қана қойған жоқ, әдебиеттің де түрлі жанрында қалам тербегені бүгінгі оқырманына жақсы мәлім. Осы тақырып бойынша іздене жүріп, Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың мұрағатында болған едік. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары үзбей шығып тұрған «Кедей» газетінің сарғайған парақтарын ақтарып отырып, Қ.Жұбановтың төте жазумен жазылған кейбір мақалаларын қойын дәптерімізге түсіріп алғанбыз. Мұрағаттан алған мақалалардың атаулары Қ.Жұбанов еңбектерінің тізімінде көрсетілгенімен, бұл уақытқа дейін мәтіндерін «Қ.Жұбановтың жарияланым көрмеген мақалалары» деген айдармен ғылыми айналымға түсірген едім [85, 75]. Тіл білімі ғылымын қазақ ішінде жеке дара болып, алға апарған лингвист ғалым туралы біздің өлкеде аз айтылып жүрмеген сияқты. Дегенмен, Құдайберген Қуанұлы Жұбанов туралы айтылар толғам таусылмастай. Ғылым әлемінің дарабозы, ұшқыны сөнбес жарық жұлдызы Қ.Жұбановтың көптен өңге бір ерекшелігі, жан-жақты таланттылығында.
Энциклопедиялық білімін туған халқына дарытуға асық болған ізденімпаз ғалым, жан-жақты талантын аз ғана ғұмырында түгел таныта білді. Көптеген зерттеу еңбектері «солақай саясатты» ұстанған сәтсіз тағдырдың құрсауына жем болып, көзден ұшқанымен, бүгінгі күнге жетіп, еліне береке болып тартылған санаулы болса да, сапасы мықты шығармалары қай зерттеушіні болмасын таңдай қақтырмай қоймайды. Тіл білімінде бойлатпайтын түпсіз терең теңіз Қ.Жұбанов еңбегінің зейнетін қазіргі таңда әдебиетші ғалымдар да аз көріп отырған жоқ. Профессор Қ.Жұбановтың әдебиет аясындағы ірі-ірі зерттеу еңбектерімен қоса, мұрағат төрінде кезек күтіп, қайта жариялануды күтіп жатқан Қ.Жұбановтың «Кедей» газетінің беттерінде жарияланған мақалалары да жаңа өмірдегі терең талдауды талап етеді.
Ақтөбе қаласында туған халқына қызмет етіп жүрген күндерінде Құдайберген Жұбанов қаламын «Кедейде» жетілдіріп, баспа бетінде түрлі мақала, хабарламалар, саяси шолу, т.б. жарияланымдарды үзбей ұсынып отырғандығы белгілі ғой. Қазан төңкерісінен бұрынғы уақытта тұңғыш өлеңдері мен фельетон, мақалаларын «Шекті», «Қараша бала» деген лақап атпен жариялаған Қ.Жұбанов, 1926-1927 жылғы басылымдарда да өз мақалаларын «Құдайберген», «Жұбанұлы Құдайберген», «Қ.Ж.» атымен ұсынып отырған екен. Әсіресе, автор ретінде аты-жөнін «Қ.Ж.» деп қысқартып берген мақалалардың жазылу мәнері мен ой саптауына қарап, Құдайберген Жұбановтың қаламына сөзсіз тиеселі екендігін түйсіндік. «Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, «Ғылым» баспасынан 1999 жылы» жарық көрген кітаптағы зерттеушінің еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші берілген еді. Аталған еңбектің 557 бетінде: «Ескерту: Ғалымның уездік, болыстық газеттерде жарияланған тырнақалды туындылары жинастырылмаған. Сонымен бірге түрлі бүркеніш аттармен (Шекті, Қараша бала, «Қ», «Қ.Ж.» т.б. ) жазылған мақалалары да бұл тізімге енгізілген жоқ» - делінген. Әрине, біз мұрағаттан алып, Қ.Жұбанов қаламынан шыққан деп бағалаған мақалалардың арасында «Қ.Ж.» деп белгі қойылғаны да бар. Дегенмен, жоғарыда айтып өткеніміздей, авторы ашық түрде көрсетілмесе де, мақаланың жазылу мәнері, стилі Құдайберген Жұбановқа ғана тиесілі екендігіне анық көзіміз жетеді. Құдайберген Жұбановтың қалам қаруынан сәтімен сыналап шыққан мақалалардың бірі «Оқу-білім майданында. Мұғалімдер курстері тарады» деп аталады. Аталмыш мақала «Кедей» газетінің 1926 жылғы 31 тамыздағы санында жарияланыпты. Автордың: «Ақтөбеде мұғалім-өшетілдердің білімін толықтыратын курстер ашылғаны бұрын «Кедейде» жазылып еді», - деуіне қарап-ақ, біздер Қ.Жұбановтың бұл газеттің тұрақты жазушыларының бірі болғандығын аңғарамыз. Бір жағынан мәлімет беру мақсатында жазылған бұл мақаланың халыққа білім беруші мұғалімдердің оқыту деңгейін тереңдету жайы, олардың қызметтерінің алдағы кезде сапалы болу жағын қарастыру мәселелері туралы толғанған ағартушының патриоттық санасын тани түскендей боламыз. Ақтөбе қаласында ашылған курстердің өзін алдыменен үш деңгейге бөліп оқытқандарын, олардың
Орыс оқытушылары курсы.
Қазақ оқытушыларының І курсы.
Қазақ оқытушыларының ІІ курсы болып топтастырылғандығын
баяндайды. «Қазақ курсын екіге бөлуге себеп болған қазақ оқытушыларының саны көптігі болды. Олардың білім шамасы әр түрлі деп, біреуін 2 айлық курс қылғанда, біреуін 3 айлық қылып жабайы қалың мұғалім үшін ашылған. Бірақ, сынай келе, қазақ мұғалімдерінің бірінен бірінің қара үзіп кеткені жоқ болып шықты. Сонымен, білігі мол басшы мұғалімдерге арнаған 2 айлық курстан, шала мұғалімдерге арнаған 3 айлық курс артық нәтиже берді. Барлық курстерден 128 мұғалім учитель шығарылды. 51-і орыс (21-і өз жанынан жатып оқығандар). 51 орыс оқытушысының 5-і аудандық басшы мектептердің оқытушы меңгерушілерінен. Оқытушы меңгерушілердің 36-ы жабайы поселке мектебіне жарақты болып табылады. 10-ы жарақсыз делінеді. 77 қазақтың 17-і аудандық басшы мектепке, 48-і жабайы ауыл мектебіне, 8-і сауатсыздық жою мектебіне жарақты. 4-і жарақсыз болып табылды», – деп жазады Қ.Жұбанов. Елге білім білім үйретуді көздеген мұғалімдердің көпшілігі Ақтөбенің өзінен және Темір, Шалқар қалаларынан екен. Сондай-ақ Торғай қаласында да қырық кісілік курс ашылғандығын да тарихи дерек ретінде біле түсеміз. Жалпы халықты оқу ісіне тарту мәселесі сол тұста күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болатын. Бұл істің өзі 1922-24 жылдар аралығының өзінде-ақ шұғыл қолға алынған-ды. «Қазақ АССР Орталық Атқару комитетінің халықты жаппай сауатты ету жорығын өкізу уралы қаулысы жарияланып, бұл мәселе аса маңызды шұғыл шара саналған тұс еді. Құдайберген аға осы жорыққа ерекше белсене араласты» – деп еске алған Хайрулла Меңдібаев, оқу жылын аяқтағаннан кейінгі демалыс уақыттарының өзінде Қ.Жұбановтың Жем-Байсары, Темір-Орқаш болыстарын тегіс аралап, ауыл мектептерінің күй-жайымен жан-жақты танысқандығын сөз етеді. Бұл сапарларында да негізгі мақсат – мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін тыңдай отырып, «мұғалімдерге оқыту сапасын жасарту жөнінде ақыл-кеңестерін бергендігін» жазады. Ленинградта оқып, аспирантураны тәмамдап, қазақ ғалымдарының араcында тұңғыш рет «профессор» атағын алған ұлы зерттеуші үшін, еш уақытта да, «жазудың» ұлысы-кішісі болмаған. Ел ішінде жүрген кезінің өзінде-ақ, өзі де ғылымды үйрене жүріп, өзгені де оқытудан жалықпаған ұлағатты ұстаз «Оқу-білім майданында. Мұғалімдер курстері тарады» атты хабарлама түрінде берген мақаласын былай деп аяқтаған екен: «Курстың қай–қайсысы да жылдағыға қарағанда өте маңызды болып өтті. Жылда оқу болмай, ұзақ күнді бос өткізсе, биыл сабақтарын үлгере алмай, уақыт жеткізе алмай кетті. Курсанттар курстың сабағына ырза болып тарқасты. Курске кіре алмай қалған елдегі, қаладағы оқытушылар үшін сентябрь басынан бастап, болыс–болыста өзара білім толықтыру курстері ашылмақ. Бұл курстер ана гүбірнелік курстен шыққандарың басшылығымен өткізілмек. Өзара білім толықтыру курстері мен қыстай болып тұратын болыстық конференсілерге гүбірнелік әдіс бұйрасы программ жасап жіберді».
1925-1928 жылдары Ақтөбе қаласында қос қызметті (бірі – губениялық ағарту органының методикалық инспекторы, екіншісі – педтехникумның мұғаімдігі) қатар атқарған Қ.Жұбанов оқу мен білімнің, жаңалықтың жаршысы, айналасына нұр шашқан жарық жұлдыз іспетті еді. Тіпті 1927 жылдары қазақ мектептерінің ғана емес, орыс мектептерінің де нұсқаушы методисі қызметтерін қоса істеген. Сол жылдарда Ақтөбе губерниялық халық ағарту бөлімі төрағасының орынбасары болған В.Решетняк «Ұмытылмас дос» атты естелігінде былай деген: «Орыс мектептерінің методисі тәртіпсіз әрі тұрпайы Прокофий Кобоймен ажырасқаным әлі есімде. Ол кезде, шын мәнісінде, орыс мұғалімдері арасынан оған тең методисті іздестіріп абу өте қиын еді. Осындай ауыр кезде қажымас Құдайберген кез келді. Оның өз тілімен айтқанда «сынақпен» орыс мектептеріне методистік қызметке уақытша мені алыңыз деп ұсыныс жасады. Бірақ оны сынға алудың қажеті болмады. Себебі, ол осындай жауапты екі қызметті ешбір қиындықсыз абыроймен орындай білді» [86, 133]. Ал, өзі абыройлы атқарған қызметтерінің көріністерін Қ.Жұбановтың мақалаларынан аңғару да қиынға соқпайтын секілді. Қ.Жұбановтың «Кедей» газетінің, №64 санында (20 октябрь, 1925 жыл) жарияланған ендігі бір мақаласы «Сауатсыздық жоятын нұсқаушы мектеп» деп аталыпты.
«Биыл біздің гүбірнеде үезд басынан бір–бірден сауатсыздық жоятын нұсқаушы мектеп ашылды. Нұсқаушы мектеп деген біздің төңіректе бұрын болмаған жаңа – жат нәрсе...» – деген автор, нұсқаушы мектептің құрылу жайымен, мақсатымен, істің жүру барысымен таныстырып өтеді. Бұл мектептің іс-жайы көпшілікке түгелдей таныс болмағандықтан, жаңашыл ұстаз ең алдыменен, білім беу ошағының мақсат-міндеттерінен хабардар етеді. «Мектептің мақсаты» – дейді Қ.Жұбанов, «өзінің тұрған ауданында сауатсыздық жою жөніндегі оқыту әдістеріне жолбасшы болу, барлық жаңа әдістердің жаюшысы, жүзеге асырушысы, түсіндірушісі болу. Сауатсыздық жою қызметкерлерінің жарақтылығын бақылау жарақсыз болғанда, төтенше кемиссиеге жарақсыз қызметкерді орнынан шығару жйында ұсыныс кіргізіп отыру. Сауатсыздық жою орындалып, Жұрын қарап жаңа тапсырған жоспар, есептері арқылы сиянаттап, нұсқау беріп отыру» болмақ. Автор көтерген ендігі мәселе, «мектептің құралдау түрі» жайында. Мектептің өзі үлкен тәлім-тәрбие беру ошағы болғандықтан, орналасқан жері де, ерекше болмағы қажет. Мұғалімге мәңгілік қажет нәрселерді: оқу және әдістемелік қамтамасыз ету құралдары, көрнекіліктері, жұмыс жоспарлары да түгелдей қамтылғаны жөн деп талап етеді. Ұстаз қызметінің нәтижесі сырттан қараған адамға қолмен ұстағандай көрініп тұрмағы тағы қажет. Білім беруші тұлғаның бойына жан-жақтылық керек. Берген білімнің, үйреткен оқудың сапасы – шәкірттерінен байқалады. Бұл талаптар орындалған жағдайда ғана іс дұрыс жолға қойылады, сауатсыздық жойылады деп есептейді Қ.Жұбанов.
Қызмет бабымен байланысты Қ.Жұбанов мұғалімдер жалақысының мөлшері мен мектептегі қызметкерлер санына дейін, шаруашылық қажеттеріне бөлінетін қаржы жайына шейін анықтама беріп кетіп отырған.Мақала авторы толғандырған тағы да шаруа жайы: «меңгеруші, оқытушының қызмет мөлшерінің» турасында. «Мектептің әкімшілік, шаруашылық және оқыту жұмысын түгел орындағанның үстіне үездегі барлық сауатсыздық жою орындарына құрылысын, оқыту әдісінің жолын үзбей басшылық ету, оларды шама келгенше сиянаттау, сауатсыздық жоюшының кабинетінде (ия бұрышында, екінші байтақты қара) жұмыс істеу, елден келген сауатсыздық жожшылардың алдында үлгілі сабақ беру, елдегі сауатсыздық жою орындарының сұрағына жауап беріп, тапсырған жоспарларын оңдап, есептерін қарап отыру» – дейді Қ.Жұбанов. Осы арада аңғарып қарасақ, Қ.Жұбановтың тілдік қолданысындағы «сиянаттау» деген іс-әрекетті білдіріп тұрған сөзге ерекше назар аударуға болады. Мағынасы, «бақылап отыру, қадағалау» дегенге келеді. Істің жай-күйін үздіксіз бақылап отырып, табысқа жеткізудің жолдарын үнемі қадағалау – Қ.Жұбановқа қашаннан да тән еді. Нұсқаушы мектептердегі оқытудың ұзақтығын аптасына 12 сағат болғаны дұрыс деп есептеген ұйымдастырушы, былайғы бос кездің өзінде мұғалімнің білім берудің тәсілдерін жетілдіріп отыруы үшін, түрлі әдебиеттерді қарап отыруға кеңес береді, әрі талап етеді. Сонымен қатар, автор нұсқаушы мектептердің бөлімдері жайында, оқудың жалпы ұзақтығы туралы да баяндайды. Ағартушы ұстаз талаптаған бесінші мәселе төмендегідей: «Мұнан басқа нұсқаушы мектеп оқытушысы түрліше оқытушылардың қалаға жиылуынан, ағарту қызметкерлері одағының үездік конференциелерінен пайдаланып, жиылған оқытушыларға сауатсыздық жою әдісі жайында баяндамалар сөйлеп, оларын іс-тәжірибе жүзінде анықтау үшін нұсқаушы мектепке шақырып, көздерінше сабақ оқытып көруі керек. Нұсқаушы мектеп барлық съездегі сауатсыздық жою мектептерімен қатынас жасап, бір жағынан гүбірнелік нұсқаушы мектеппен хабарласып отыруы керек. Істеген істің есебін күндік дәптерге жаза жүріп, нендей іс жүзінде ұшыраған қиындық пен табылып кеткен жеңілдіктер жазып ала жүріп, тәжірибе жию керек». «Сауатсыздық жоятын нұсқаушы мектеп» атты Қ.Жұбановтың мақаласынан, біз, білім беру жолында қойылған осы талаптар – сауаттануға ұмтылған қазақ қоғамы аса қажет еткендіктен туындады деген ой ұшқынын аңғарамыз.
Қ.Жұбановтың жоғарыда аталған мақалалардан өрісі өзге шығармасы – «Негізгі заңның үш жасы» деп аталады. Бұл мақала «Кедей» газетінің 1926 жылдың 6 июльіндегі №94 санында жарияланыпты. Кеңестер Одағының негізгі заңы бектілгеніне 3 жыл толып, 4-жылға аяқ басқанына орай жазылған мақалада қаламгер: «Кеңестер Одағының негізгі заңы» дегенде, шеттің тепкісіне шіріп келе басқа күншығыс елдері ішкен асын жерге қойды. Жер жүзіне әділдік нұрын сепкелі тұрған бұл заңның 3 жасына шығып, буыны қатып, жүгіріп кеткен шағында, өткенсіз п........ осы күнімізді салыстырып, мұның маңызын ескеру қазақ шаруасының құлағы мен жүрегіне жағымсыз тие қоймас», - деп жазады. Шындығында да, сол қоғамда «негізгі заңымыз» деп елеңдеп, жүрегі қуанышқа толмаған қазақ кедейі некен-саяқ шығар. Бұл мақала – төңкерісшіл қоғамды, жаңа заманды ақ жүрекпен қуанып қабылдаған елдің жан-дүниеснің көрінісін танытқандай. Алақай ұранмен, топалаң төңкеріспен халық басына қонған қоғамның жай-күйін тарих деректері арқылы жақсы білсек те, сол заманда амандық күйін кешкеніне риза болған қарапайым кедейдің ішкі сарайын, шын қуану себебін толық түсіне де алмаған болармыз, бәлкім? Сол сорақы заманның нағыз зардаптары халық басына жұмбақ кейіппен түсіп, жазықсыз жалаға ұшырап кеткен талай жандар істің ақ-қарасына түсініп, байыбына бара да алмаған болар. Дегенмен де, «солақай саясаттың» теріске шығып тұншыққан күйін әлі де сезе де, біле де қоймаған халықтың шын қуанғанын байқаймыз бұл мақаладан.
«Жасасын езілген ұлттарың бостандықшыл төңкерісшіл қозғалыстары мен жұмыскер табының біршілігі» – деп аяқталған шығарманың қазіргі ұрпаққа мәнісі жоқтай көрінер. Тағы да «алайда» дейміз, автор нігізгі заңның қабылданғанына үш жыл өтіп, төртінші жылға аяқ басқан тұстағы ел өзгерістеін баян ете отырып, өзінің жазғыштық мәнеріне тән мәнер – салыстыру заңдылығына барады. «Кеңестер Одағына кірген әр республике қалаған күні шығып кетуге ықтиярлы. 3 жылдан бері жағымсыз болса шығып кетер еді, әлі біреуі шыққан жоқ...» – дейді. Нәзік иіріммен берілген ой ұшығына байыппен қара болсақ, «жағымсыз болса, шығып кетер» еді дейді. Кеңестер қоғамы берген «қанша жақсылықтың ішінен әйтеуір бір жамандық шығар, бірақ әзір бола қойған жоқ» деген бір көрікпелдіктің ізі жатқандай болады. «Кешегі патша өкіметінің қол астындағы ұлттарға істейтін екі түрлі саяси жолы болатын. Бірі – орыстандыру, екіншісі – отарлау. Орыстандыру жолымен ұлттардың ұлттық, теңдік белгілерін жойып, оның орнына орыс тілін, орыс ылу тәрбиесін кіргізуге аянбай қимылдап, өзінің елдегі, тарихы бар елдердің тұқымын құртып жұтқысы келген. Отарлау осымен бір бұратана елдердің жерін тартып алу, бұлардың тәп-тәуір жерлеріне орыстың қара шаруаларын еріксіз айдап барып отырғызатын. Қазына артық болмаса да, «артырарлық» жерлерді өз пайдасына алатын. «Орыс қаны төгілген жер» қазыналық болатын. ... мен «бұратана» елдердің шаруасын күйзелтіп, мәдениет жөнінде ілгері бастырмай, тісіне жұмсақ, ішіне жаққыш азық қылатын» – деп өткен күннің тарихынан хабардар қылған Қ.Жұбанов, ұлтымызға «қазақ» деген өз атын өзіне қимай, қысастықпен «жабайы киргиз» деп келеке күн туғызған патшалық үкіметтің озбырлығын да сынап өтеді. «Кеңес елі еркін» деп соңғы нүктесін қойған мақаланы оқып, ойға баттық. Еркіндік пен азаттық әперген кеңес қоғамы, қазақ елінің қайнар бұлақтарын көзсіздікпен көміп, кейіннен тамырларыңа айуандықпен балта шаппап па еді? «Орыстың қаны емес, туған топырағында туған ұлтының қаны төгілген» жерде қанша тағдырдың із-тозсыз құрдымға сіңіп кеткені қаншама?
«Халық жауы», «жапон тыңшысы» деген пәлелі атақтарды арқалатып жіберген қоғамның алғашқы жылдарында елі мен жері үшін қаншама еңбек еткен тарихи тұлғаның, ағартушы ұстаздың, халқының басқан әрбір қадамына сүйсінгендігін жасыра алмай, қуанышын баспасөзбен бөлісіп, сөйтіп, қаламгерлік қабілетін шыңдап, кейіннен сол қаламның күшін ғылымға жұмсаған Құдайберген Жұбановтың мұрағат аясында беймәлім болып, жаңа ұрпағына көрісе алмай жатқан мақалаларын қайта жариялатудың өзі де жанымызға тыныштық әкелді. 1925-1926 жылдардағы Қ.Жұбановтың «Кедей елі – еркін» деп тебіренген толғаныстарының «халық жауы» болып айыпталып, «зұлмат зынданы» – совет түрмесінде отырған уақытында ізі де қалмаған. Халық зиялыларын жаппай қыруды мақсат еткен «қанды заманның» нағыз бет пердесін Қ.Жұбанов енді танығандай болды. Бұл сөздерімізге дәлелді соңғы жылдарды жарияланған материалдардан ғана табуға мүмкіндік туды. Ф.ғ.д., профессор Есет Жұбанов Алматы қаласында Құдайберген Жұбановтың туғанына 100 толуына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады. «Профессор Қ.Жұбановтың қоғамдық, саяси және әлеуметтік ой-толғамдары» тақырыбындағы баяндамада, бүгінде Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде сақтаулы тұрған құжаттардан келтірілген тарихи деректер бар еді. Кезінде ел болып «алақайлап» қарсы алған Советтер Одағының ендігі күнде ешкімнің де көсегесін көгерте алмағандын анық айтқан Қ.Жұбановтың сөздері шындықтың бетін де орып түскендей екен: «Я вам сказал, что при современной системе, которая существует теперь, – при Советской системе, и наша культура не может быть национальный, а неизбежно будет руссифицирована. Если мы хотим, чтобы казахской народ не был жертвой социализма, то надо освободить его от этого социализма; а әтого мы можем добиться только путем создания независимого буржуазно-демократического государства, чего бы нам это не стоило».
Бұл деректердің өзінен де біздер Қ.Жұбановтың әдебиет әлемі үшін сіңірген еңбектерінің аз емес екендігін көреміз. Нақтырақ айтсақ, «ұлтшылдығыңды айқындайтын қылмыстарыңды атап бер» деген «талабына» Қ.Жұбановтың берген жауаптарының бірі «Орхон жазулары – көне түркі халықтарының, оның ішінде біздің тарихымыз» делінген. Өзінің бір шәкіртіне «Орхон ескерткіштерінің тілі – қазақ тіліне етене жақын екендігін» дәлелдеуді тапсырғандығын айтқан: «...я дал ему в июне 1936 г. задание написать работу о расцвете тюркских языков, в части, близости языка орхонских надписей к казахскому. Он выполнил эту работу и преставил мне на отзыв...». Жазықсыз жалаланып, зұлмат зынданына еріксіз қамалған Қ.Жұбанов «қара қапаста» отырған кезеңде де, тіл мен әдебиет мәселелеріне қатысты асыл ойларын тұмшалай алмаған. «... хотя история не знает о глубоком прошлом казахов, все же когда ои имели самостоятельное ханство, то жили лучше. Орхонские надписи ҮІІІ века написани таким же коевым народом, как и казахи, тем менее они моглы создать свою писменность и свою государственность. Если бы казахи вели кочевой образ жизни, если бы не было всех этих изменений, произошедших за время революции, то и событии 1930-1932 г.г. не было бы».
Ғылыми-зерттеушілік еңбек жолында туған жұртын оқу-білімге, өркениет пен мәдениетке тартуға ұмтылған абзал азамат Қ.Жұбанов, қазақ халқын қай уақытта да тек қана биіктен көруді арман етті. Осы арманын құр орындалмас іс, құр қиял түрінде қалдырған жоқ. Ажал құрығына түскен соңғы сағаттарға дейін орындап кетті. «...Халықтың өткендегі тұрмыс-тіршілігін білу үшін ... ескі әдебиет мұраларына да үңіле қарау керек» деген міндетті мойнына алған Қ.Жұбановты, мақсатына жетті деп тосылмастан айта аламыз.
Ескі мәдени жазбаларымыздың бірі – Орхон жазбаларының ғылымилық, әрі тағылымдық мәнін оқытушы-ұстаз, профессор ретінде өз студенттеріне ерекше ынтамен ұғындырғанын, шәкірті Әділ Ермеков те баян еткен: «Көне түркі жазуларының араб харпімен жазылған нұсқаларының сөздерін түсінбейміз, бірақ харіптері таныс, ал орхоншаның сөзін де, харіптерін де білмейміз. Осының өзін профессор Құдайберген Жұбанов өзіміздің күнделікті жазып жүрген кәнігі жазуымыздай жазады да оқды, оқиды да түсіндіреді. Оның осы қабілетінің өзі біздің көз алдымызда ғалымның салиқасын арттыра түседі». Міне, руна жазуларының қыр-сырын түгел меңгерген жанның «зұлмат зынданында» отырып, сүліктей қадалған тергеушінің сұрағына Орхон жазуларын дәлелге келтіріп, арғы ата-бабамыздың ұлт ретінде де, мемлекет ретінде де қалыптасуы - өзгелердің бұйрығымен болған жоқ деп жауап беруі – өр тұлғаның бейнесін асқақтата түскендей. Қ.Жұбановтың ақтық сөздерінен «ұлтжанды азамат деп – Ахмет Байтұрсыновты қадір тұтқандығын», «Кеңес өкіметінің билеп-төстеуімен ғасырлар бойғы қалыптасқан шаруашылық жүйесінің қолмен құртылғандығын», «асыра сілтеу саясатының ешқандай дұрыс қалыпқа түспейтіндей шектен шыққандығын», «қазақ ұлтын көзсіздікпен құртуға белсене араласқан Голощекиннің де қылмысын қолмен қойғандай әшкерелегендігін», «әділетті, ізгілікті заман туды деп әлемге жар салған» қазақ қоғамында аш-жалаңаш жетім балаларға дейін қырылып қалғандығын» ашына айтқан шындықты аңғардық. Әсіресе, «... Сколько погибло казахских детей, не попадая в детдом, никогда такого бедствия наш народ не видел. А мы говарим, что строим социализм? Зачем нам такой социализм, если его строить из скелетов тысячи таких погибших людей. Ведь социализм мыслится как улучение жизни народа, а не как его вымирание. Правда, для кого-то он может быть и принесет нечто хорошее, но для таких народов, как казахи, он уже принес только бедствие».
Қ.Жұбановтың жоғарыда аталған мақалалары мен «темір тордағы» отты сөздерін оқи отырып, тума талант, білімпаз тұлғаның атына заты сай екендігіне, шын мәнінде халқының бағына бола «құдайдың берген» ұлы – Құдайберген болды ғой деп тәубе еттік. Құдайберген атамыздың есімі қазақ тарихында мәңгілікке алтын әріптермен жазылуға тиіс қой деп толғанып қалдық. Отыз сегіз жас қана өмір сүріп, ең құрығында азамат жасы – қырықтың да қырқасына жетіп жығылу бұйырмаған Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың тұласы «Нағыз адамның!» үлкен үлгісін танытқандай. Кешегі өткен ер Махамбеттер – «елі үшін еңіреп» туып, отты жырларымен, қару-найзасымен от кешсе, Қ.Жұбановтың да ерлікке бергісіз өмір жолы шын сүйсіндірді, шын қуантты, шын таңдантты. Апырмай десеңізші, ұлы ғалым – тілді де, әдебиетті де, мәдениетті де, жалпы өркениетті зерттеді, қай салада болмасын зор табысқа жетті. Қарапайым болды, сонысымен қоса, сүйегі асыл текті жан болды. Ешкімге ақырып сөз сөйлемеген, алдына барған жаннан ақыл-кеңесін де, қалта қаражатын да аямаған. Ғалымдығымен қоса, жастайынан ел ішінде жас-кәріге білім үйретіп, оқу оқытып, оқығандарын алға тартып сүйрелеп, жетелеп отырған. Ленинградқа, аспирантураға кеткен кезінде алдыменен, бірінші жыл әйел, бала-шағасын, кейінгі жыл қасына қыз баласын қоса ертіп, адамның жанын елжіретер мейірмандылығымен, Мүслимасымен бірге, жанына топтасқан қазақ балаларын да әкелік қамқорлығымен баурап отырған. Қалайша таңқалмасқа, қалайша таңданбасқа? Бала-шағасының ортасында, ешұандай сән-салтанат іздемей, бап талғамай-ақ, ғылыммен айналысқан. Қазақы қонажайлығынан да айнымай, ел біткеннің бәріне ақ дастарханынан дәм татқызуға асық болған. Жан іткеннің сыртынан ғайбат сөз сөйлемеген, асығыс әңгіме айтпаған. Жөнсіз нәрсе естісе, жаны ауырған. Өмірінің ақырғы күндеріне дейін енді қауышатындай сезімді серк етіп, жан жарын мәңгі жас қалпында сақтаған Р.Жұбанова: «Халық айтса, қалпы айтпайды» дегендей, Құдайбергеннің алдына қойған мақсаты – қара бастың қамы, күнделікті күйкі тіршіліктің маңы емес екенін ел сол кезде-ақ түсінген болуы керек. Кейін есейген шағында да Құдайбергеннің бұл қасиеті оны елге сүйкімді етіп көрсететін. Құрбы-құрдас, замандас, дос-жаран, ағайын, туыс, оқушылары, қызметтес жолдастары оны тек оқымыстылығы үшін емес, адамгершілік қасиеті үшін де сыйлайтын. Қыз мінезді, мәдениетті, сыпайылығына қызығатындар да көп болатын» – деп жаны сыздай еске алатын. Тілші болды, әдебиетші, өнертанушы болды, мектепте жүріп, түрлі пәннің саласынан да (математика, физика, химия) сабақ берді. Ақын болды, журналист болды, суретшілігі тағы бар. Көп тілдің қыр-сырын меңгерген полиглот (көне түркі, араб, парсы, неміс, ағылшын, француз, жапон тілдерін) болды. Түрлі халықтың тілін меңгеріп қана қойған жоқ, көркем әдебиетін де жақсы білді. Құр өзі ғана біліп қойып, рахатын сезген жоқ, бар білімін, бар ғылымын халқымен бірге бөліскен ғаламат ғалым, іргелі зерттеуші болды.
Иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар: Тақырыпқа қатысты слайд, видео материалдар.
