- •Дәрістер кешені
- •Профессор қ.Жұбановтың ата-тегі, шежіресі туралы хронологиялық кесте;
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Жаратылыс → адам → даму → ой→ тіл → дыбыс // дауыс→ әуен → сөз → еліктеу → қимыл // би → саналы әрекет → күй
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты зерттеуінің «Абай және халық әдебиеті» аталатын 3 тарауында айтылған тұжырымды пікірлердің құндылығын студенттерге ұғындыру.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.А.Яссауйдің ақындығы туралы зерттеулерге шолу жасай отырып, қ.Жұбановтың яссауйтанудағы өзіндік бағалы орнын студенттерге ұғындыру.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.Жұбановтың проза жанрында жазылған шығармаларының басты тақырыбы мен идеясын, көркемдік құндылығын, жанрлық ерекшеліктерін студенттерге ұғындыру.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Мақсаты: қ.Жұбановтың баспа бетінде жарияланған және ұзақ жылдар мұрағатта сақталып, ғылыми айналымға енді түскен мақалаларымен таныстыру.
- •Қ.Жұбанов еңбектеріндегі қоғам және заман көрінісі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
С.Негимов. Құдайберген Жұбанов және қазақ фольклоры. // Жұбанов тағылымы. Қазіргі заманғы гуманитарлық ғылымдарының өзекті мәселелері бойынша өткен республикалық «Жұбанов тағылымы» конферецияларының материалдары. Ақтөбе, 1998. – 210 бет.
М.Қаратаев. Патриот профессор. // Қ.Жұбанов. Шығармалар мен естеліктер. Алматы: Өнер, 1990. - 208 бет.
Қосымша әдебиеттер:
Р.Сыздықова. Ғалым-азамат. Алматы: Арыс: 2004 ж. 76 б.
К.Кенжебаев. Ә.Оралбай. Құдайберген Жұбанов. Деректі ғұмырнама. А., «Ана тілі». ЖШС., 2000. – 280 б.
М.Томанов. Қазақ тілі тарихының кейбір мәселелері. // Профессор Құдайберген Жұбановтың 90 жылдығына арналған ғылыми конференция (19 желтоқсан, 1989) материалдары. Алматы: 1990. - 92 бет.
№4 лекция
Тақырыбы: Музыкалық аспаптар мен күй жанры; Бақсы-балгерлер мен шаманизм туралы
Мақсаты: «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» очеркіндегі күй, жыр, ән, толғау, бақсылар сарыны, шаманизм, тәңірі ұғымдары теориялық теориялық мағлұмат беру, негізгі туындыларымен таныстыру. Студенттердің интеллектуалдық қабілеті мен танымдық қызығушылығын арттыру, ғылымдағы гуманистік көзқарасқа ұмтылдыру.
Кілт сөздері: күй, жыр, ән, толғау, бақсылар сарыны, шаманизм, тәңірі
Негізгі мәселелері мен мазмұны:
Профессордың күй, жыр, ән, толғау туралы салыстырмалы-тарихи әдіс бойынша жүргізген ізденістері.
Бақсылар сарыны, шаманизм, тәңірі ұғымдарына берген анықтамасы, ой-тұжырымдары.
Лекция тезисі. Қ.Жұбанов: «Күйдің пайда болуы тарихын зерттеу үшін, біздің ойымызша, мынадай материалдарды пайдалануымыз керек. Бірінші – біздің музыкамыз жайында түрлі мәдениетті елдердің жазып қалдырған тарихи деректері; екінші – халықтың музыкаға байланысты тарихи иделогиясы; үшінші – сол идеологияның бірі болған тіл материалдары. Тіл материалдары дейтініміз – түрліше музыка терминдері, бұлар мен басқа сөздердің мағынасының арасындағы байланыстар; төртінші және маңыздысы – музыканың өз материалдары, халықтың музыка шығармаларының, әсіресе, күйлердің өзінің ішкі құрылысын тексеру; бесінші – осы жоғарыда айтылған материалдарды топтағаннан кейін қазақтың музыка шығармаларын басқа жұрттың шығармаларымен салыстырып, солармен арасындағы байланысын, бір-біріне жасаған ықпалын, бірі мен бірінің араласып айқасқанын тексеру», – дейді. Міне, Қ.Жұбановтың өзі атап көрсеткендей, «ең маңыздысы – музыканың материалдарын» тексермес бұрын, музыкаға қатысты деген деректердің барлығын қарастырып шығуды профессор ғылыми тұрғыдағы басты проблема етеді. Зерттеуші ең алдымен қазақтан өзге елдердің күй жанрына қатысты тарихи деректердің бірі ретінде Әбдіқадыр Мұрағидың «Зубдәтел әдуар» кітабын атайды. Әбдіқадырдың арғы тегі – түрік нәсілді, не болмаса басқа ұлттың өкілі екендігі бұл арада әңгіме туғызбауы тиіс. Бастысы, кітап – парсы тілінде жазылған, сондықтан да иран әдебиетінің мұрасы деп ескертіп өтеді. Қ. Жұбанов, түрік, моңғол ән-күйінің үш түрі барын, және олардың көктер (көкһа), ыр және дола деп аталатындығын Әбдіқадыр кітабынан мысалдап келтіреді. Ғалым «көктер» (көкһа) деп күйлерді атайды. Өйткені қазақта күй болып айтылатын сөз шағатай, ұйғыр, түрікпен, әзірбайжан, анатолы түрік тілдерінде айтылатындығын ескертеді.
Қазақтағы «и» дыбысы бұл елдерде «қ», «г» түрінде айтылатындығына деректер келтіреді: күй – көк, байламақ – бағламақ, тимек – текмек, би – бек. Қ.Жұбанов: «Ескі жазба белгілердің ішінде бұл сөз ең әрідегі нұсқалардан Махмұт Қашқаридың «Дивани лұғат» деген ХІ ғасырдан қалған кітабында ұшырайды. Онда: «Ол көкләнәр» деген сөз арабша «Ол ән салып тұр» деп аударылады, - дейді. Бұдан әрі автор Әбдіқадыр Мұрағидың «Зубдәтел әдуар» кітабындағы: «Қытай елінде күйдің саны 366 болады. Оның әр біреуі бір күнде ханның алдына тартылып отырады. Бұлардың ішіндегі асылы және ең ірісі 9 күй», – деген деректерге сілтеме жасайды.
Құдайберген Жұбанов жоғарыда айтқан Қытай елін Қазіргі Қытай деп ұғуға болмайтындығын, өйткені ондағы Қытай (немесе Қидан) деп аталатын ел (этнос) Каспий теңізі маңын қоныстанған түркі жұрттарының бірі болуы мүмкін екендігін айтады. Ал, ең ірі 9 күй туралы ой – басты күйдің 9 екендігінде емес, тек сол 9 деген санның өзінде жатыр деп түсіндіреді және қазақта «халық кәдесіне тоғыз-тоғыздың ала-бөле орын алатынын, айып салғанда: «бір тоғыз айып» немесе «үш тоғыз айып деп, тоғыз-тоғыз қылып төлейді», - деп ескертіп, оны тіл деректерімен дәлелдейді. Шындығында да, қазақ халқы үшін 7 санының киелі болатындығы секілді, 9 санының да орны әлі күнге дейін ерекше. Қазіргі күнде де кейбір аймақтарда әрбір онкүндіктің тоғызыншы күнін (9, 19, 29) тергеп, «тоғызы күні жаңа іс бастама», «ақырғы тоғызда жолға шықпа» деп қауіптен сақтанған ырымдар бар. Әсіресе, «ақырғы тоғыздан» ерекше қауіптенетін кейбір рулы елдердің өкілдері, ақсақал адамдар Ақтөбенің Ойыл аймағында әлі де кездеседі. Осы арада, түсінік бере кетсек, он тоғыз және жиырма тоғыз дегендегі соңғы тұрған санды «ақырғы тоғыз» де те атайды.
Профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов Әбдіқадыр Мұрағидың кітабындағы көк, ыр, дола сөздерінің қазақша айтылымы: көк - күй, ыр – жыр, дола – толғау деп түсіндіреді. Күй бір басқа, жыр мен толғау бір басқа, соңғы екеуі дауыспен айтылатын музыка екендігін Мұрағи атап көрсеткен дей келіп, қазақ халқының қадым заман кезінде де күйі болғандығын айғақтаушы Әбдіқадыр еңбегіне «көне тарихтың көзіндей» ерекше мән береді. Б.Уахатов өзінің зерттеуінде Қ.Жұбанов мәлімдеген Әбдіқадыр Мұрағи кітабына қатысты бірқатар пікір өрбітеді. Соның негізінде қазір өзіміз қолданып жүрген күй, жыр, толғау терминдерінің бұрын да бар екенін Қ.Жұбановтың өте орынды деректермен дәлелдеп бергендігін жазады. Философия ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ш.Бейсенов те Қ.Жұбановтың осы еңбегінің өте күшті зерттеу екендігіне баса назар аудара отырып, «күй» атауы мен жанрының тарихына қатысты өзіндік тұжырымдарын орынды дәлелдеп берген: «Көне мәдениет жазбалары» атты кітаптың авторлары күйге дейінгі музыкалық-ладтық (авторлардың термині, Қ.Бисенов) жүйелерді сарын, «мақам», «саз» дей келіп: «Күй. ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтыңкәсіпқойлық-күйшілік (аспаптық) дәстүріне байланысты туып, бір ғана жанрлық сипатқа ие болған атау» сынды тұжырыммен аяқтайды. Бұл тұжырым сайып келгенде, «күй» мен көне түріктік «көк» деген сөздердің арасындағы байланысты жоққа шығаруға бағытталған. Себебі, олардың ікіріше «көк» ұғымы тәңіриялық сенім-наныммен байланысты, ал «күй» дін Ислам үстемдік құрған ХІХ-ХХ ғасырларда ғана пайда болған-мыс. Біз мұндай пікірге әсте қосыла алмаймыз. Өйткені, дін Исламның үстемдігі ХІХ-ХХ ғасырлармен шектелмейді. Бұл – бір. Екіншіден, дін ислам тәңіриялық наным-сенімге қарсы үздіксіз күрес жүргізіп келгендіктен, қобызға (бақсыға), домбыраға «жын-шайтанның ісі» деп теіс арағандықтан, «күй» сөзін де, жанрдың өзін де құртып жіберуге тырысатындығы ақиқат нәрсе. Үшіншіден, «күй» атауын да, күй жанрын да ХІХ-ХХ ғасырлармен ғана байланыстыру тарихи-методологиялық тұғыдан алағанда да өте жаңсақ пікір болып табылады. Себебі, Әл-Фараби айтқандай, «күй» – адам дауысы еліктей алмайтын дыбыс үндестігіне, көңіл иірімдеріне терең бойлай алатын (сазды) шығуымен үзеңгілес музыкалық жанр. Демек, ол қадым замандардан бері қобыз, домбыралармен, сыбызғымен қатар жасасып келеді. Бұл тұжырымымызға біздің заманымызға келіп жеткен үш мың жылдық тарихы бар көне күйлер куә. Одан қалса, авторы белгілі Қорқыт күйлері.Біздің заманымызға мұрты бұзылмай жеткен оншақты күйдің авторы Қорқыт екендігіне еш күмән жоқ. Себебі, Шоқан айтқандай, «қазақтар өздерінің... өлең-жырларын еш өзгеріссіз, бір олдан шыққандай қайталайтынын қайтерсіз. Көшпелі сауатсыз ордадағы ауызша тараған осынау үлгілердің бір-бірінен қылдай ауытқымайтыны адам айтса, нанғысыз қасиет, алайда күмән келтіруге болмайтын шындық» демекші, Шоқанның бұл тұжырымы күйге де тікелей қатысты. Төртіншіден, «Сарын» деп бақсылардың сарынына арқау болған музыкалық-ладтық жүйені айтамыз» деп жоғарыдағы авторлардың тавтологияға ұрынуының не қажеті бар еді? Қазақтағы бақсылық туралы түсінік ерсі, қисынсыз өлең шумақтарына құрылған қобызбен тартылатын зарлауық, сарнауық, бойлауық күйлермен сүйемелденетін зікір салуды білдірмейтін еді? Ал, бақсы күйді өз сарынына пайдаланса, оның жанрлық табиғаты өзгеріп кетеді ме екен? Біздің пікірімізе, бұл орайда Қ.Жұбановтың «күй» сөзінің этимологиясы хақындағы көшелі ғылыми байламы шындыққа әбден жанасымды», – дейді. Міне, Қ.Жұбанов зерделеген «күй» сөзінің этимологиялық тегін тексерген ізденістің дұрыстығына көпшіліктің көзін жеткізген фәлсафалық тұжырым көкейіміздегі ойды дөп басатын кестелі пікір болғандықтан, автордың сөздерін түгелге уық көрсетуге тырыстық.
Қ.Жұбанов бұдан әрі күй тарихына қатысты пікір айтқан ерте дүние авторларының әзірге бар беретіні осы дей келіп, жаңа заман зерттеушілерінен Кизеветтер, Беляев пен Успенский және Фитрат еңбектеріне тоқталады. Әйтсе де, Кизеветтер күй жайында жарытымды ешнәрсе айта алмағандығын, Беляев пен Успенский мәдениетті бір елден бір елге жұққыш, көшпелі нәрседей көргендігін, ал профессор Фитраттың да бұл мәселені терең зерттей алмағандығын айтады. Осы арада Қ.Жұбановтың бір ғана қазақ күйлерінің халық өнеріндегі бағалы орнын атап көрсету үшін музыка тарихындағы түрлі әлемдік деректерді келтіргендігіне қарап, аса зор білімдарлығына, жан-жақтылығына таң қалдық.
Музыка тарихындағы батыс пен шығысты түгел шарлағандығының куәсі Кизеветтер, Беляев пен Успенский, Фитрат, т.б. туралы пікір білдіруінде. Кизеветтер Рафаэль Георг (1773-1850) – австриялық ғалым, музыка теориясы мен тарихының белгілі зерттеушісі еді. Философия және заң ғылымдарын оқыған, мемлекеттік қызметтерді атқара жүріп, Венадағы вокальды музыка тыңдармандарының Вице призидентті болған. Р.Г.Кизеветтер – көне ноталық қолжазбаларды жинаумен және ежелгі, орта ғасырлардағы музыкалық-тарихи құжаттарды зерттеумен шұғылданған. Германтілді елдердегі музыкалық-тарихи ғылымның негізін салушылардың бірі болған. Ал, Қ.Жұбанов атап көрсеткен Абдурауф Фитрат (Абдул Рауф Абдурахим-оглы, 1885-1938) – Бұхарада дүниеге келген. Стамбул университетінде білім алған. Жәдитшілдік ағымның негізін қалаушылардың бірі А.Фитрат әңгіме, пьесалар, ғылыми трактаттар жазған. Сондай-ақ, Қ.Жұбанов азербайжан халқының музыка саласындағы көрнекті тұлғаларының бірі – Огонезашвилиге де тоқталып өткен. Александр Аркадьевич Оганезашвилидің (1889-1932) «Даниелдизм» журналындағы «Шығыс музыка гаммалары» мақалаларында айтылған ой өзегіне сілтеме жасап, иран халқындағы «Сиһә-тәргә» секілді күйлердің құрама туынды болып табылатын ерекшелігіне назар аударады. Сан мыңдаған жылдар бұрын пайда болған халық әндерінің арғы тарихынан синкретизм ізін байқаған зерттеулер азербайжан әдебиетінде де болған. Өнертанушы-фольклорист К.Квиткидің «Ритмические параллели в песнях славянских народов» (1923) атты еңбегі жарық көрген. Әйтсе де сол тұстағы ғылым жұртшылығы бұл пікірді – салиқалы идея деп қабылдамаған. Дегенмен де кейіннен этномузыканың зерттеушісі В.Гошовский, К.Квиткидің негізгі идеясына сүйене отырып, өз тұжырымын да көпшілікке ұсынған. В.Гошовскийдің «У истоков народной музыки славян» атты зертеуіндегі концепция: алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген халық музыкасында ойлау мен сана-сезім, қабылдау танымы байқалады дегенге тіреледі. Күй жанрына қатысты алыс-жақын жерлердегі бар зерттеулердің басын қосып тексерген Қ.Жұбанов, бәрінен бағыты дұрыс ізденіс – Фитратта деп біледі. Фитраттың бір артықшылығы, өзбек фольклорында ән, би, күй аралас болатындығын дұрыс аша білгендігі деп көрсетеді. Сөйтіп, өнер тарихына аса күшті сыншылдық көзқараспен қараған Құдайберген Жұбанов «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» атты еңбегінде назарына алған зерттелмек дүниенің тарихи-салыстырмалы түрдегі танымын әділетті тұжырыммен жеріне жеткізе баяндайды.
Қ.Жұбановтың күй туралы жазылған бұл еңбегінің фольклористикадағы маңыздылығына еш күмән келтірмейміз. Қазақтағы күй жанры, ертеден келе жатқан қымбат қазына – фольклордың ажырамас бір бөлшегі. Яғни, фольклордың сөз өнері ғана емес, саз өнерімен де байланысты екендігін анықтайтын бірден-бір ақиқат. Автор халық музыкасы жетілген жанр екенін, өйткені, ән де, күй де әуел баста бір тамырдан тараса да, бүгінгі күнде екеуі екі басқа, бірінің – вокал музыка, екіншісінің – инструментал музыка болып егізделіп шыққандығын айтады. Бұдан біз кемелденген өнер салаларының тарихи дамудың да көрсеткіші бола алатындығын аңғарамыз.
Иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар:
Тақырыпқа қатысты дайындалған слайд
Музыкалық аспаптардың әр халықта аталу тарихына қатысты көрсетілген кесте.
