Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мсм (18 жок).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

35.Мор әдісіне анықтама беріңіз және сұлбасын сызыңы

36. Кристалдық тор түрлері бірдей металдарда қосарланудың түзілуі немен бақылатынын сипаттаңыз.

37.Қандай кернеулер материалдың қирауын тудырмайтынын көрсетіңіз.

38.39.40

Металдар мен қорытпаларға циклдік кернеулер әсер еткен кезде, ең соңында бұйым бөлшегінің қирауына әкеп соғатын жарықшақтардың пайда болуы және дамуына әкеледі. Бұл әсіресе, беріктік пен аққыштық шегі төмен болған кезде кернеу әсерінен бұйымдардың тез қирау қаупін тудырады.

Материалда циклдік күштеу әсерінен жарықшақтардың пайда болуынан, оның өміршеңдігінің азайып, қирауына әкелетін зақымданулардың баяу жинақталуынқажу деп, ал қажуға қарсы тұра алу қабілетін төзімділік деп атайды.

Қажу жарықшағы материалдың беттік қабатында түзіледі де бөлшектің терң қабатына қарай тарайды, сөйтіп үлкен жарықшақ пайда болады. Қажу жарықшағының таралу процесі ұзақ уақытты алады. Ондағы әсер ететін кернеу шамасы қирау шамасынан асып кеткенше, оның қима шамасы өте кіші болғанша жалғасады. Сол кезде өткір жарықшақтың болуынан кенет морт сыну жүреді.

Қажу сынақтарының мақсаты – материалдың циклдік жүктеу кезінде қирамай жұмыс істеуіне мөлшерлік баға беру.

Қазіргі кезеңде қажуға (төзімділікке) сынақтар жүргізудің әдістемелері өте көп. Олар уақыт бойынша кернеудің өзгеруі сипатымен, жүк түсіру схемасымен (ию, созу – сығу, бұрау), кернеу концентраттарының болуымен ажыратылады. Қажу сынақтары әр түрлі температураларда әр түрлі орталарда жүргізіледі.

Кез-келген қажуға сынау сынағы процесінде үлгіге шамасы мен белгісі бойынша үздіксіз ауысып тұратыгн циклдік кернеу әсер етеді (7.1 -сурет).

 

 7.1 – сурет - Кернеу циклдерінің әр түрлілігі

 

Кернеу циклі – бір рет өзгеру периодындағы кернеудің ауыспалы  шамаларының жиынтығы. Әрбір цикл бірнеше параметрмен сипатталады. Ең жоғарғы σmaxкернеу циклі ретінде кернеудің алгебралық ең үлкен шамасын алады.  Ең кіші σmin кернеу циклі ретінде кернеудің алгебралық ең кіші шамасын алады.

Циклдің ортиаша кернеуі σm=(σmax+σmin)/2

Цикл кернеуінің амплитудасы σа=(σmax-σmin)/2

Бұл формулалардағы максимал және минимал кернеулерді есептеу мына белгіні есепке алу арқылы жүргізіледі:  σmax=σm+σа

Цикл сол сияқты асиметрия коэффициентімен сипатталады:

Rσ=σmax/σmin

Морттық– болмашы пластикалық деформация әсерінен дененің қирау ерекшелігін көрсететін механикалық сипаттама. Морттық жарықшақтар мен қираудың пайда болуы шағын пластикалық деформация аймақтарының туындауына байланысты болады. Морттық қирау кезіндегі серпімді және пластикалық деформацияныңсалыстырмалы үлесі материалдың қасиетіне (атомаралық және молекулааралық байланыстарға, микро- және кристалдық құрылымға) және оның атқаратын жұмысына тәуелді. Керетін (созатын) кернеудің үш бас оське түсуі бөлшектің көлденең қимасы күрт өзгерген жерлерге кернеудің концентрациялануы, температураның төмендеуі, т.б. әсерлер материалдың морттық күйге ауысуына ықпал етеді.[2] Мысалы, созылғанда морттық қирауға ұшырайтын мәрмәрде, үш бас ось бойынша симметриясызсығылу жағдайында, пластикалық материалға тән қасиет байқалады; кернеудің концентрациясы артқан сайын, материалдың морттық күштірек біліне бастайды. Сондықтан да Морттықты материалда атқаратын жұмыс жағдайына байланысты қарастыру керек. Кейбір металдарда төменгі температурада байқалатын Морттық суықтан сыну, ал басқа бір материалдардың жоғары температурада пластикалығының күрт кемуі ыстықтан сыну деп аталады. Морт және тұтқыр сыну кезінде стомдық механизм мөлшерлі түрде бірдей болады. Жарықшақтың түзілуіне қашан да кез-келген пластикалық деформация бастап әкеледі, яғни, дислокация жүруі болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]