- •3. Кернеудің мПа және кгс/мм2 өлшем бірліктері өзара қандай байланыста болатынын көрсетіңіз.
- •8. Созу кезіндегі деформация өлшемдері қандай сипаттамалармен бағаланатынын анықтаңыз.
- •9.Нақты және шартты деформация арасында қандай байланыстар бар екенін көрсетіңіз.
- •14. Деформацияның қандай түрлерін білесіз және мысал келтіріңіз.
- •15. Материалдардың механикалық қасиеттері
- •16. Қандай серпімділік модульдері болатынын атап өтіңіз.
- •17. Пуассон коэффициентіне анықтама беріңіз.
- •18. Серпімді модульдерінің өзара қалай байланысқанын көрсетіңіз.
- •19. Баушингер әсерінің негізгі мазмұны неден тұратынын сипаттаңыз.
- •20. Материалдардың серпімділік модулін анықтауға болатын жолдарын көрсетіңіз.
- •20. Материалдардың серпімділік модулін анықтауға болатын жолдарын көрсетіңіз.
- •21. Металдық материалдарда қандай себептер ішкі үйкелістерді сипаттайтынын көрсетіңіз.
- •22. Қандай металдарда өте жиі пластикалық деформация қосарлану арқылы өтетінін көрсетіңіз.
- •23. Полиморфизм ұғымына анықтама беріңіз
- •24. Пластикалық деформация кезінде қандай процестер дамитынын сипаттаңыз.
- •25. Қок (қыры орталықтандырылған кубтық тор) – торында негізгі сырғу кезінде қандай жазықтықтар және бағыттар болатынын көрсетіңіз.
- •26. Дислокацияның қозғалысының әртүрлі кезеңдерінің өту ережесін түсіндіріңіз.
- •27. Қандай обьектілер дислокацияның жылжуы үшін әсерлі кедергілер болып табылады соларды атап өтіңіз.
- •28. Қандай өлшемдер кезінде қок (қыры орталықтандырылған кубтық тор) – торда с/а қатынасы негізінде тек базисті сырғуға ие болатынын көрсетіңіз.
- •29. Дислокацияның сырғуына қандай факторлар әсер ететінін атап өтіңіз.
- •30Қандай жағдайларда түйін аралық деформация өтетінін көрсетіңіз.
- •31. Материалдың қаттылығын анықтайтын қандай әдістерін білесіз және олардың сұлбасы
- •32 Қандай жағдайларда деформация қосарлану арқылы өтетінін көрсетіңіз
- •35.Мор әдісіне анықтама беріңіз және сұлбасын сызыңы
- •36. Кристалдық тор түрлері бірдей металдарда қосарланудың түзілуі немен бақылатынын сипаттаңыз.
- •37.Қандай кернеулер материалдың қирауын тудырмайтынын көрсетіңіз.
23. Полиморфизм ұғымына анықтама беріңіз
Металдардың полиморфизмі. Кейбір металдарды қыздырғанда кристалдық торларының құрылысы өзгереді.
Бір металдың түрі кристалды формасының болуын полиморфизм деп, ал бір модификациядан екінші модификацияға ауысуын полиморфты деп атайды.
Металдардың жеке модификацияларын грек алфавиттерімен белгілейді: α, β, γ, δжәне т.б. Мысалы, темір бөлме температурасында КШТ торлы болып, α - темір деп аталады. Ал, оны 7680С-қа дейін қыздырғанда α - темір магниттік қасиетін жоғалтып, кристалдық торы өзгереді. 9110С-да темірдің КШТ торы ЖШТ-ға айналады; ондай торы бар темірді γ - темір деп атайды. 1392°С-да α - темір КШТ торлы γ - темірге айналады. Ол темірдің балқу температурасы 1539°С-қа дейінгі аралықта болады. Полиморфты өзгерістерде кристалдық тордың өзгеруімен қатар металдардың қасиеттері едәуір өзгереді (көлемі, созылғыштығы, қаттылығы және т.б.). Сондықтан полиморфты өзгерістердің болуы көп жағдайда механикалық және температура жағдайында жұмыс атқарғанда металл қасиетін анықтайды.
24. Пластикалық деформация кезінде қандай процестер дамитынын сипаттаңыз.
Пластикалық деформация атомдардың коллективтік қайтымсыз орын ауыстыруының нәтижесі болып табылады. Кристалдарда бұл орын ауыстырулар пластикалық деформацияның атомдық механизмі болып табылатын дислокациялардың қозғалысы жолымен жүргізіледі. Дислокация қозғалысы үлгінің макропластикалық деформациясын келтіруі мүмкін, ол сырғанау немесе қосарлану жолымен жүргізіледі. Бұл қозғалыстың соңы кристалдың бөлек бөлшектерінің бір-бірімен салыстырмалы сырғуы немесе сырғу бағытына қарай бұрыштап үлгінің бөлек учаскелерінде атомдық қатардың бұрылуы немесе жылжуы болып табылады
Көп жағдайда металдар мен қорытпалар сырғанау жолымен деформацияланады. Элементар күйде кристалдың бір бөлігін сырғу механизмін басқасына салыстырмалы түрде, оның үстінен жүріп өтудің нәтижесі деп алуға болады, мысалы, кристалл еніне тең болатын ұзындығы бүйірлік (4.1 - сурет).
4.1 - сурет – Жоғарғы жарты бөліктің төменгімен салыстырғанда жақтық (краевой) дислокациясының жүріп өту нәтижесіндегі сырғанау схемасы
G салыстырмалы сырғанау шамасы мынаған тең:
g=ρ·b·l,
мұндағы, ρ –дислокация тығыздығы;
b –Бюргерс векторы;
l –жақты (краевой) дислокацияның сырғанау ұзындығы.
Бюргерс векторы – мера искажений решетки, обусловленных присутствием дислокаций.
Реалды металдар мен қорытпаларда деформация басталғанға дейін әр түрлі типті көптеген дислокациялар болады.Берілген кернеудің әсерінен жаңа дислокация түзетін олардың әртүрлі көздері жұмыс істей бастайды. Қозғалыстағыдислокациялар үлгінің бетіне шығады,оның ішінде бір-бірімен әрекеттеседі: реакцияға түседі, тежеледі, талдайды, қосылып кетеді. Пластикалық деформация материал құрылымымен, құрамымен және оны деформациялау шартына байланысты.
Пластикалық деформацияны эксперименталды түрде екі әдіспен талдайды:
1) беті полирленген микроскопиялық талдау, деформация нәтижесінде ерекше “сырғанау түзулер” және “сырғанау жолақтары” пайда болады;
2) дифракциондық электрондық микроскопия әдісі, деформацияланған үлгілерден кесіліп алынған жұқа фольгаларды пайдалану арқылы.
