- •3. Кернеудің мПа және кгс/мм2 өлшем бірліктері өзара қандай байланыста болатынын көрсетіңіз.
- •8. Созу кезіндегі деформация өлшемдері қандай сипаттамалармен бағаланатынын анықтаңыз.
- •9.Нақты және шартты деформация арасында қандай байланыстар бар екенін көрсетіңіз.
- •14. Деформацияның қандай түрлерін білесіз және мысал келтіріңіз.
- •15. Материалдардың механикалық қасиеттері
- •16. Қандай серпімділік модульдері болатынын атап өтіңіз.
- •17. Пуассон коэффициентіне анықтама беріңіз.
- •18. Серпімді модульдерінің өзара қалай байланысқанын көрсетіңіз.
- •19. Баушингер әсерінің негізгі мазмұны неден тұратынын сипаттаңыз.
- •20. Материалдардың серпімділік модулін анықтауға болатын жолдарын көрсетіңіз.
- •20. Материалдардың серпімділік модулін анықтауға болатын жолдарын көрсетіңіз.
- •21. Металдық материалдарда қандай себептер ішкі үйкелістерді сипаттайтынын көрсетіңіз.
- •22. Қандай металдарда өте жиі пластикалық деформация қосарлану арқылы өтетінін көрсетіңіз.
- •23. Полиморфизм ұғымына анықтама беріңіз
- •24. Пластикалық деформация кезінде қандай процестер дамитынын сипаттаңыз.
- •25. Қок (қыры орталықтандырылған кубтық тор) – торында негізгі сырғу кезінде қандай жазықтықтар және бағыттар болатынын көрсетіңіз.
- •26. Дислокацияның қозғалысының әртүрлі кезеңдерінің өту ережесін түсіндіріңіз.
- •27. Қандай обьектілер дислокацияның жылжуы үшін әсерлі кедергілер болып табылады соларды атап өтіңіз.
- •28. Қандай өлшемдер кезінде қок (қыры орталықтандырылған кубтық тор) – торда с/а қатынасы негізінде тек базисті сырғуға ие болатынын көрсетіңіз.
- •29. Дислокацияның сырғуына қандай факторлар әсер ететінін атап өтіңіз.
- •30Қандай жағдайларда түйін аралық деформация өтетінін көрсетіңіз.
- •31. Материалдың қаттылығын анықтайтын қандай әдістерін білесіз және олардың сұлбасы
- •32 Қандай жағдайларда деформация қосарлану арқылы өтетінін көрсетіңіз
- •35.Мор әдісіне анықтама беріңіз және сұлбасын сызыңы
- •36. Кристалдық тор түрлері бірдей металдарда қосарланудың түзілуі немен бақылатынын сипаттаңыз.
- •37.Қандай кернеулер материалдың қирауын тудырмайтынын көрсетіңіз.
22. Қандай металдарда өте жиі пластикалық деформация қосарлану арқылы өтетінін көрсетіңіз.
Сырғанау түзулері –дислокацияның шығуы нәтижесінде үлгі бетінде түзілген сатылар. Мысалы, жақтық (краевая) дислокация кристалл қырына шыққан кезде, осы қырдың бетінде саты түзіледі, ол биіктігі бойынша Бюргерс дислокацисывекторына h тең. Бұл кезде сатылар,яғни,сырғанау түзулері жақтық дислокация бетіне шыққан ұзындыққа тең болады.Бір ұшымен жалпақ бетке шыққан винттік дислокация өзінің қозғалысы кезінде дислокацияның жүрісі ұзындығына тең болатын саты түзіледі. Бір жазықтықта сырғудан кейін біренше дислокация шыққан кезде h саты биіктігі ~10 Å және одан жоғары, оларды электрондық микроскопиялық талдау кезінде алдын ала полирленген бетті деформцияланған үлгі репликасында байқауға болады.. Реплика –электрондар жұқа, жылтыр пленка (мысалы, бұрыштық). Ол үлгі бетіне жағылған және өте жұқа көшірілетін оның рельефі. Электрондар шоғырын түсірген кезде қалыңдықтарымен ерекшеленетін репликаның әртүрлі учаскелері контрастың әртүрлі бейнесін береді, осыдан сырғанау түзулерін байқауға болады. Біраз деформациядан кейін сатылар биіктігінің үлкен болатыны соншалық, оларды жарық микроскопының көмегімен де көруге болады.
Қосарланып деформациялану сырғу қиындаған кезде болады. Көбінесе,қосарлану төменгі температурада және жоғарғы жылдамдықты деформация кезінде, әсіресе, Г.Ц.К және О.Ц.К. торлы кристалдарда байқалады. Таза Г.Ц.К.торлы металдарда қосарланып деформациялану теріс (отрицательный) температурада және жоғарғы жылдамдықты деформация кезінде болады.Созу кезінде үлгіні макро алыстату схемасы 4.2 - суретте келтірілген.Мұнда қосарлану кезінде кристалды бір бөлшегінің сырғуы екіншісіне салыстырмалы түрде белгілі жазықтық пен қосарлану бағыты бойымен жүреді.Қосарлану жазықтығы деп бастапқы кристалмен салыстырғанда қосарланудың түзілу симметриясы жазықтығы болып табылатын кіші индексті кристоллаграфиялық жазықтық.
4.2 - сурет – Шеткі дислокация бетіне шығу кезіндегі сатының түзілуі
Созылу кезіндегі макроұзару үлгісі 4.3 - суретте көрсетілген.
4.3 - сурет – Қосарланып пластикалық деформациялану схемасы
Металлографиялық зерттеу кезінде жарық және электрондық микроскоптарда деформацияның әрбір жұбы екі (параллель) жолақ түрінде көрінеді. Деформациялар жұбы үшін жолақтарының енінің өте кішілігі (әсіресе, о.ц.к. металдарда –5 мкм-ден төмен) және шеттерінде жіңішкерумен сипатталады. Поликристалдарда жұптар ешқашан бір кристалдан екіншісіне ауыспайды. Әдетте олар дәнекше ішінде анықталады, ал егер, шекараға дейін жетсе, онда осы түйіскен жердегі пайда болған кернеулер басқа ориентацияда болатын көрші дәнекшеде жұптың пайда болуына әкеледі. Жұп шекарасында салыстырмалы түрде, жоғары температуралық күйдіруді сақтай отырып, төменгі энергия және жоғарғы тұрақтылыққа ие болады.Орау (упаковка) ақауының энергиясы неғұрлым аз болса, бір типті торлы металда жұптардың түзілу ықтималдығы жоғары болады.
Жұптардың өсуіне қажетті кернеулер көбінесе, сырғанау үшін қажетті кернеулерден жоғары болады. Сондықтан тек қосарланып деформациялану сирек байқалады. Әдетте ол сырғанау жолымен, одан кейін әрі қарай сырғанау қиындаса,кернеудің белгілі деңгейіне дейін жетуімен басталады. Кейбір кезде басқаша, егер базистік сырғанау үшін кристалл ыңғайсыз бағаланса, оның деформациясы қосарланудан басталады. Бұл кезде сырғанау жазықтықтарының бағдары әрі қарай деформация сырғанауымен жүргізілетіндей болып ауысуы мүмкін.
Әдетте қосарлану соншалық қалдық деформацияның болуына әкеп соқпайды. Сондықтан тек қосарлану жолымен деформацияланатын металдардың (мысалы, висмут, сурьма) пластиналылығы төмен.
