Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мсм (18 жок).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

16. Қандай серпімділік модульдері болатынын атап өтіңіз.

Серпімділік модулі немесе Юнг модулі - Материалдағы механикалық кернеудің зат тегіне және сыртқы шарттарға тәуелділігін сипаттайтын шама. Басқаша айтқанда заттың серпімді деформация кезіндегі созылу не сығылуға қарсылық білдіру қасиетін сипаттайтын шама. XIX ғасыр ағылшын физигі Томас Юнг құрметімен аталған. Механиканың динамикалық есептерінде Юнг модулі жалпы мағынасында пайдаланылады — орта мен процесс функционалы ретінде. Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) ньютон метр квадратқа немесе паскальмен өлшенеді.

Юнг модулі келесідегідей есептеледі:

мұндағы:

  • E — серпімділік модулі,

  • F — күш,

  • S — күш әсер ететін бет ауданы,

  • l — деформацияланатын білік ұзындығы,

  • x — серпімді деформация кезіндегі білік ұзындығы өзгерісі модулі (өлшем бірлігі ұзындық l сияқты).

Юнг модулі арқылы бойлық толқын таралу жылдамдығы жіңішке білікте былай есептеледі:

мұндағы   — зат тығыздығы.

17. Пуассон коэффициентіне анықтама беріңіз.

Дененің созылуы (немесе сығылуы) кезінде оның ені қысқарады (ұзарады). Енінің салыстырмалы қысқаруының, бойлық ұзаруға қатынасын Пуассон коэффициенті   деп атайды. Пуассон коэффициенті немесе көдденең деформация коэффициенті. Пуассон коэффициенті материалдың механикалық сипаттамаларының бірі болып саналады. Пуассон коэффициенті салыстырмалы көлденең деформацияның салыстырмалы бойлық деформацияға қатынасының абсолют шамасын көрсетеді:

,

мұндағы

 — Пуассон коэффициенті;

 — салыстырмалы көлденең деформация (осьтік созылуда теріс, ал осьтік сығылуда оң болады);

 — бойлық деформация (осьтік созылуда теріс, ал осьтік сығылуда оң болады).

18. Серпімді модульдерінің өзара қалай байланысқанын көрсетіңіз.

19. Баушингер әсерінің негізгі мазмұны неден тұратынын сипаттаңыз.

Металдар мен қорытпалардың серпімділік деформациясы  облысында таза серпімділік жағдайдан ауытқулар байқалады. 

Баушингер эффекті металдардың шала серпімділігінің белгілі құбылыстарының бірі болып табылады.Оның мәні мынада: пластикалық әлсіз  деформацияланған үлгіні қайталап жүктеу кезінде кері бағытта кіші пластикалық дефрамацияға кедергісі төмендейді. Үлгіні 1…2 % -ке создық делік(а нүктесіне дейін, 1-сурет). Енді жүктемені аламыз да үлгіні сығуға жібереміз. Кернеу – деформация (О'ес) қисық сызығы сәйкес (О'b) қисық сызығынан төменде жатады. Қайталап созу кезінде, b пластикалық деформацияның басталуына сәйкес келсе, онда бұл кесінді (отрезок) Баушингер эффектісінің негізгі мөлшерлік сипаттамаларының бірі болып табылады да баушингер деформациясы     bc=δБ д.а.

Бұл эффектіні анықтайтын  процесс бастапқы созу кезінде әр түрлі көздермен,пайда болған (порожденный) дислокацияның, кері қозғалысынан тұрады. Деформацияның бастапқы кезінде  баяу өсетін генерацияланған петель саны дислокациялық салыстырмалы түрде, әжептәуір ара қашықтықта барьерде тоқтағанша тез қозғалады. Өрбіген дислокациялық  құрылым тұрақты және жүкті алып таста нәтижесінде аз шамада өзгереді. Сондықтан қайталап созу кезінде  деформциялануға кедергісі біраз шамаға дейін өседі немесе бастапқымен салыстырғанда мүлдем өзгермейді. Дислокацияның кернеу белгісін өзгерткен кезде көз бағытына кері бағытталуға тура келеді. Дислокацияның орын ауыстыруы нәтижесінде қосымша баушингер деформациясы пайда болады.

 

1 – сурет – Баушингер эффектісінің схемасы

 

Біраз шамада алдын-ала деформация жүргізілгеннен кейін қайта жүк түсіру кезінде дислокацияның қайта таралуы қиындайды және  баушингер деформациясы нөлге жақындайды.

Циклдік жүк түсіру кезінде сынақтар жүргізу және эксплуатациялау кезінде Баушингера эффектісінің маңызы зор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]