Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_gos.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.

Металдан жасалған еңбек құралдары тастан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең – қола дәуірі.Қамтыған уақыты-б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдық. Бұл дәуірде қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді, Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андронова селосына байланысты бұл кезең андронов мәдениеті деген атау алды. 1927 жылы археолог М. П. Грязнов андронов мәдениетінің ескерткіштерін батыс қазақстан аймағынан тапты. Бұл мәдениеттің ескерткіштері табылған аймақ: Орал таулары, Батыс сібір жазығы. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстнған ауданы: Орталық Қазақстан. Бұл өңірден 30 дан астам елді мекен, 150 дей қорымдар табылып, зерттелді. Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік болған, олар негізінен бидай, қарабидай, тары өсірген. Мал шаруашылығымен айналысқан, қос өркешті бактриан түйесін өсірген. Үшқатты қонысынан түйенің қыш мүсіні табылды. Көшпелі мал шаруашылығы қалыптасып, ірі қара азайып, қой мен жылқы көбейді. Кенді омыру арқылы, отпен уату арқылы өндірді. Кен өндіру аудандары: Жезқазған, Зырян, Атасу таулары, Қалба, Нарым жоталары болды. Андроновтықтар тайпалар үй кәсіпшілігінде қыш ыдыстар жасаған. Қыш ыдыстарға салынған өрнектер байлық пен молшылықты, тілмен көзден сақтау белгісін және ыдыс ішіндегі затты білдірген.Тұрғын үйлер жертөле және жартылай жертөле болып екіге бөлінген. Олар табиғат күштеріне табынған. Жерленген адамның басы батысқа немесе оңтүстік- батысқа қаратылып, аяғын бүгіп жатқызған.Бұл жер-ана құшағында барған сәби қалпындағы адам түсінігін берген, және андроновтықтардың арасында отқа табыну да болған.Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда пайда болған жаңа мәдениет – Беғазы- Дәндібай мәдениеті. Беғазы-Дәндібай мәдениетінде андронов дәстүрі сақталған. Бірақ жерлеу ғұрпында өзгешелік байқалады. Мазарлардың айрықша типі болды, мәйітті шалқысынан жатқызған. Ошақ қасиетті орын саналған. Жаңа түскен жас келінге ошақты айналдырған. Үй басының басты тіреуіш діңгегі – адамдарды көкпен жалғастырушы белгі. Мереке күндері оны гүлмен көмкеріп, үйлену кезінде оның жанына күйеу мен қалыңдықты отырғызған. Олар күнге және ай, жұлдызға табынған. Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері – адамзаттың рухани мәдениетін, дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы , ешкіөлмес, қаратау, маймақ, тарбағатай, бөкентау аймақтары дүниежүзілік мәдениеттің қорына қосылды. Қола дәуірінде ер адамның рөлі үстем болды. Қоғамның негізігі тобы- жауынгерлер болды.Діни жоралғыларды жүргізетін- абыздар да қоғамда үстемдікке ие болды. Жеке меншік пайда болып, мүлік теңсіздігі пайда болды.

4.Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.

Б.з.б 1- ші ғасырда рим оқымыстысы Плинидің Үлкені : «Яксарттың арғы бетінде скиф тайпалары тұрады. Парсылар жалпы оларды сақтар деп атайды. Скиф халықтарының саны хисапсыз көп... Олардың ішінде ел-жұртқа әйгілі болғандары сақтар, массагеттер, даилар, исседондар... аримаспылар»- деп жазады. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері – қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.Археологтар зерттеулері Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді. Сақтардың Жетісудағы тамаша ескерткіштерінің бірі- есік обасы. Ол Алматының шығысында 50 шақырымдай жерде, іле алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60м, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабір бар. Моланың ішіне жонылып тегістелген тянь-шань шыршасының көлемі 2,9х1,5. Тереңдігі 1,5 м қима тамды түсірген, оның еденіне тығыз қиюластырған 10 тақта төселген. Антропологтардың анықтауынша марқұм болған кісі 17- 18 жасар, бойы 165 см болған. Төскейдегі қабырға түбінде ағаш ыдыс- аяқ қойылған тікбұрышты төрт табақша, ожау мен аяқ тұр. Ал батыс қабырға жанынан қызылмен жылтырата сырланған қыш құмыра мен табақтар көрінеді. Сол арада имек сабының ұшы тырнаның басы сияқтанып келген күміс қасық, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған тостағанша жатыр. Есік обасының салынған уақыты б.з.д. 4 ғасыр деп есептелінеді.Б.з.б. 7 ғасырдан бастап далалы аймақтарда аңдарды бейнелеу аңдық стиль пайда болды. Аң стилімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезде танысқан. Осы кездері сақтар өнеріне арыстан, арыстан- самұрық, «өмір ағашы» образдары ауысып келеді. Бұл образдар бұғы,қошқар,түйе , барыс, жолбарыс, бүркіт сияқты жергілікті жануарлар бейнелерімен сіңісіп кетеді. Осы бір аталған образдар тек әсемдік әшекейлері ғана болмаған, сақтар олардың әрқайсысына белгілі мән берген. Мысалы: жылқы- күн және отпен байланыстырылды. Жылқы күннің қозғалысын білдірген. Қабан бейнесі- күн күркіреу құдайы болды. Күн, қанатты 4 ат 4 алтын жебе суреті – есік қорымыннан табылған, құдайдың төрт әлемге билік жүргізуінің ерекше белгісі болып табылады. Сақ қоғамындағы діни нанымдар мен ғұрыптардың негізігі бағыты – ата- баба аруағына сыйыну.Олар арнайы рулық зираттарға мәйітпен қоса, оның дүние мүлкін бірге жерлеген. Өлген адамның аруағына сиынып, о дүниеде қайта тіріледі деп санаған. Мәйітке қызыл бояу себу де орын алған. Сақтар керемет зергер болған. Шеберлер алтын- күмісті балқытып құю, штампылап өңдеу ісімен таныс болған, алтын мен күмістен , ферузадан әдемілігі адам таңғалдыратын бұйымдар жасаған.Ол бұйымдарды киім-кешекті , ер-тұрманды безендіру үшін қолданған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]