Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_gos.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

10.Батыс Түрік қағанатының тарихын баяндаңыз.

Батыс Түрік қағанаты 603 жылы бірінші түрік қағанаты ыдыраған соң құрылды. Қағанатты түріктің ашина тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған ең жоғары лауазым иесі. Ол әскербасы және және бүкіл жердің иесі болып саналды. Қоғамдық құрылысы қаған, шад, жабғу, елтебер, бек, тұдын, қара бұдын, таттан тұрды.Қара бұдын деп қарапайым халықты атады. Таттар деп басқыншылық жолымен тұтқындалған, құлдарды атады. Халқы ежелгі үйсін жерінің Қратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қныстанған 10 тайпадан тұрды. Тайпа 2-ге бөлінді: Дулу- шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан 5-тайпа; Нушиби- Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген 5- тайпа. Қағанаттың күш-қуаты Шегу және Тон қағандар тұсында арта түсті. Олар Ауғанстан мен Тоқарстанға жаңа жорықтар жасап, қағанат шекарасын солтүстік-батыс Үндістанға дейін созды. Көрші мемлекеттерге жорық жасағанда мал-мүлкін ғана емес, адамдарды тұтқындап оларды құл ретінде ұстады.Датсу қаған көрші елдермен сауда байланыстарын жасап, қара теңіз жағалауында және шығыс Түркістанға табысты жорықтар жасады. Батыс Түрік қағандары жаулап алған аймақтардың саяси жүйесіне өзгерістер енгізбей, тек салық жинаумен шектелді. Қағанатты тайпааралық соғыстар әлсіретеді. Тайпалар арасындағы билікке таласу 16 жылға созылды. Осылайша 704 жылы Түргештер саяси билікке жетіп, түргеш қағанатын құрады.

11.Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.Түрік тектес түргеш тайпалары VI-ғасырларда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген,ал VII-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен.Олар Батыс түрік қағанаты құрамындағы халқы көп тайпалардың бірі болған.Жазба деректерде Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі.Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек «Төныкөк» жазуында айтылған.Түргеш қағанаты халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған.Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу,Талас,Іле бойларын жайлаған.Шу бойындағы түргештер сары,ал Талас аймағындағы түргештер қара тургештер деп аталған.Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді.Түргеш қағанаты билеушілірінің негізін қалаушы Үшелік қаған.Оның билік жүргізген кезі-699-706 жылдар.Оның басты саяси орталығы- Шу өзені бойындағы Суяб қаласы.Үшелік елді 20 ұлысқа бөліп,олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал қағанаға көшті.Оның ел билеген кезі 706-711 жылдар.Бұл кезде елдің ішкі және сыртқы жағдайы өте күрделі болды,бірлік болмады.Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды.Көптеген қиындықтардан кейін,яғни екі тайпаның арасында тартыста қара түргештер жеңіске жетеді,оларды қолдаған Сұлу тархан қаған болады.Түргеш қағанаты Сұлу қағанның (715-738 жылдары),тұсында қайта кушейе бастады.Бұл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп,мемлекет орталығы Талас қаласына ауысты.Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сұлу екі майданда:батыста арабтарға қарсы,шығыста Батыс түрік қағандары миросқаларын қолдаған Тан империясымен күрес жүргізді.737 жылы Сұлу арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып,Тохарстанға дейін жетті,бірақ кейін жеңіліп қалды.Қайтып келе жатқанда,оны өзінің әскери басшысы Баға-тарған өлтірді.Сұлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін «сары» және «қара» түргештердің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді.Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтежесінде едәуір әлсіреді,мұны Тан империясы ұтымды пайдаланды.Сойтіп өз ішінен әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті 756жылы құлады.Түргеш қағандығы бар-жоғы жарты ғасырдай өмір сүрді.Оның көп жылдары сыртқы жаулармен соғыста өтсе,ішкі жағдайында да тыныштық болмады.Тайпалар екі жаққа бөлініп,бір-бірімен талас-тартысқа түсті.Әрине,мұндай ұзақ уақытқа созылған саяси күрес қағанаттың эканомикалық және мәдени жағынан өсіп өркендуіне кері әсерін тигізді.

12. Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі. Қарлұқ қағанаты (756-940 ж.ж.). Қарлұқтар туралы алғашқы деректер V ғасырда олардың тирек  тайпаларының құрамында болғандығын айтады. Қарлұқ туралы алғашқы дерек “суй әулетінің тарихында” 581-618 жылдары кездеседі. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ  тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы – Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке. VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш  тайпа – бұлақ, шігіл және ташлық кірген. Әмудәриядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. Олардың біразы  Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы – Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы Х ғасырда Іле аңғарында, Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін “жабғу” деп атаған. Олардың астанасы Қойлық қаласы болды. ІХ ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама нашарлады. Себебі Орта Азиядан саманидтер әулеті мен арабтардың шабуылы жиілейді. Сөйтіп, саманидтер мен қарлұқ қағандығының арасында  Оңтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған күрес басталды. 893 жылы  Тараз қаласына Саманидтердің тегеурінді шапқыншылығы жасалды. Саманидтер Испиджаб, Тараз қалаларына өз ықпалын күшейтіп, мұсылман дінін енгізе бастады.  Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар  940 жылы Баласағұн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды.

13.Қимақ мемлекеті:этно-саяси тарихы мен шаруашылығы. Қытай деректемелерінде көрсетілгендей Қимақтар тарихи VII ғасырдан басталады.Ондағы аталатын яньмо тайпасы зерттеушілердің шамалауы бойынша кимек тайпасы болып саналады.Кимек тайпаларыың басшысы «байгу»(жабғы) деп аталған. Бұл атақ өзінің лауазымдық дәрежесі жағынан шадтан жоғары болған.IX ғасырдың бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай жылжиды.Кимек тайпалары Оңтүстік Орал мен Сырдария бойына дейін Кимек мемлекеті күшейіп,өркен жаяды.Сондай-ақ Кимек билеушілерінің құдірет-күші едәуір арта түседі.Олар мемлекетінің ішінде тайпалар ақсүйектерінің өкілдерінен билеушілерді тағайындап отырған.IX ғасырдың аяғы-X ғасырдың бас кезінде,яғни Кимек қағанатының құрылған уақытынан бастап,олардың ханы түріктердің ең жоғары лауазымы хақан деп аталған.Кимек мемлекетінің қалыптасып өсуіне қарай,оладың тайпаларының құрамы да өзгеріп отырған.Тарихи деректердің көрсетуі бойынша,бұл кезде қағанат құрамына кірген тайпалардың саны 12-ге жеткен.Кимектердің 16 қаласы болыпты.Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл және сары жібектен киетін болған,кедейлері жұпыны киінген.Қимақ қоғамындағы мал-мүліктің теңсіздігінің нәтежесінде көшпелі ақсүйектер пайда болды.Малы аз қимақтар кедейге айналды.Сөйтіп,қимақтардың қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің едәуір орын алғанын байқаймыз.Қимақтар қол өнермен,аң аулау,балық аулаумен шұғылданып,шағын мекендерде тұрған,бұл мекендер бірте-бірте қалаға айналған.Қимақтар жазуды білген.Олар ежелгі көне түрік жазалауын пайдаланып,қамыс қаламмен жазған. . Қимақтар бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен бірге батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.

14. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті. Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы). 9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқанЯнгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады. Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар,қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті. 10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті. Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. Оғыз тайпасының бастапқы мекендеген аумағы Жетісудың батысы болды.  Саяси орталығы Отырар қаласы болды .  IX ғасырдың соңында оғыз шонжарлары Аралдың солтүстік өңіріндегі билікті өз қолдарына алып, Жайық, Еділ өзендерінің бойына қоныс тепті.  IX ғасырдың соңы - X ғасырдың басында оғыздарда мемлекет қалыптасты. Оғыз конфедерациясына кангар печенегтер, Арал, Каспийдің солтүстік төңірегінің тайпалары енді. . Махмұд Қашғари «Диуани лұғат – ат түрікте» XI ғасырда оғыздарда 22 тайпа болды деп, олардың тізімін береді. Әл- Марвази 12 тайпадан тұрды деген пікірді ұстанады. Келесі бір дерек «Джами ат– Тауарих» оғыздар екі үлкен тайпалық топтан- бұзұқтар мен ұшұқтардан тұрғандығын мәлімдейді. Оғыз мемлекеті кең байтақ аумақты алып жатты.  Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия қаласы болды. Янгикент өте қолайлы жерде орналасқан қала еді. Жабғу билігі мұрагерлік жүйеге негізделді. Жабғу мұрагерлері «Инал» атағына ие болған. Сонымен қатар, оғыз мемлекетінің бір ерекшелігі жабғудың әйелі – «хатун» билікке араласты. Мүліктік теңсіздік малға жеке меншікке негізделді.Тарихи деректемелер оғыздыр қалалардағы үйлері көбіне тастан,ағашатан,қамыстан тұрғызылған.Оларда қолөнер кәсібі,соның ішінде мал өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыды.Малдың терісінен .Малдың терісінен әр түрлі аяқ киім,ыдыс,садақтың қаптамасы т.б.заттар жасалды.Киіз үйге керекті заттар дайындалды.  X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады.  Араб деректерінде «Мафазат әл –Ғұз» деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ құрамына енді.

15. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (ІХ-ХІ ғғ.). Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі. Қыпшақ Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырдада бөлініп шықты. Қарақыпшақтан басқа үшеуі туралы мәлімет жоқтың қасы. Әйтсе де Қыпшақтарды Орхон жазбаларында «сір»  9 ғ-да қимақтар ығыстырған кезде шары (сары) деп атаған. Бірқатар ғалымдар (Аристов, Г.Е. Грум-Гржимайло, Л.Н. Гумилев, т.б.) Қыпшақтардың сырт пішіні әуелде еуропалықтарға ұқсас болды дегенді айтады.  Сондай-ақ шежірелерде келтірілген қытай-қыпшақ атауы да ежелгі замандарда Қытаймен көршілес отырған Қыпшақтардың атауы болуы да мүмкін. Қарақыпшақтан тараған Қобыланды батыр 15 ғасырда көшпелі өзбек мемлекетін билеген Әбілхайыр ханның замандасы ретінде сипатталады. Қай өңірді жайласа да, Қыпшақ белгілі бір халықтың әр түрлі тобы есебінде ғана көрінген, бірақ бір тілде сөйлеп, бір тектес болған. Қыпшақ қазақтан басқа да түркі халықтарының (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарашай, әзербайжан, түркімен, балқар, т.б.) ұлт болып қалыптасу барысында елеулі рөл атқарды. Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне қарай XI ғасырдын 2-ширегінің басында «Оғыздар даласы» (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) деген атау пайда болды. Маңғыстауды, сондай- ақ оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Хорезмнің солтүстік шегіне жақындап келді. Сол арқылы қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді. XI ғасырдың ортасында құмандардың негізгі бұқарасы мен билеуші токсоба және бұржоғлы руларының қол астындағы қыпшақ тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теніз өңірі далалары мен Византия шекараларына дейін қоныс аударды. Осы оқиғалардың нәтижесінде қыпшақ тайпаларының жері этноаумақтық екі бірлестікке: Еділ өзені бөліп жатқан Шығыс қыпшақ және Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысы ханының билігінде болды. Қыпшақ хандығының саяси негіздері қыпшақ және қуман тайпаларының едәуір топтарьшың Шығыс Дешті Қыпшақғаорталықтан аулақтау ниеттерімен жасаған қоныс аударуынан кейін XI ғасырдың орта шенінде едәуір нығайды. XI ғасырдың екінші жартысынан XII ғасырдың бірінші үштен біріне дейін қыпшақ хандарының саяси бірлігінде де біршама тұрақтылық байқалады, солардың ішінен деректемелерде ен елеулі екі билеуші — «құдіретті» билеуші және «ең үлкен құрметке ие патша» бөліп айтылады. Бұл айтылғандар қыпшақтардың этно- әлеуметтік қауымында ерекше ықпалы бар билік иелері жоғарғы хандар болған деп санауға мүмкіндік береді. Қыпшақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал шаруашылығы болды. Орта ғасырлардағы жазбаша деректемелерден қыпшақтардың жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсіргенін білеміз. Қыпшақтар малының кұрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың мал шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының зор маңызы болды. Сондай-ақ қойдың жүні мен   терісінен жылы киім дайындалды. Қыпшақтар қойдың екі тұқымын өсірген. Олар- дың едәуір бөлігі кішкене құйрығы бар, бірақ ұзақ кешуге өте бейімделген қой болған. Сонымен бірге құйрықты қой да өсірген; олар көктем алдындағы жемшөп жеткіліксіздігіне біршама жақсы тезетін еді. Қыпшақ хандығында  мемлекеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес және алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып отырды. Жазба деректерде қытай, үнді, ұйғыр ғұламалары мен данышпандары қатарында, қыпшақтан шыққан оқымыстылар да аталады. Қыпшақтардың мұсылман дініне тартылуы олардың мәдени-әлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.Монғолдар шапқыншылығы басталған кезде Қыпшақ хандығы Хорейзмшахына тәуелді бодандық жағдайда еді.

16.Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі. Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.) Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген. Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадырханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашқар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді.  Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004–1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді: 1.Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап,оның орталығы әуелі орда,кейін Қашғар қаласы болды.

2.Мәуеренахр жерлері- Батыс қағанатына қарап,оның орталығы Үзкент,кейінірек Самарқанда болды. Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші мукта деп аталған. Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери – үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруаларды қанаудың бір түрі – жалға үлестік жер беру орын алған. Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген қарахандықтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да дәнді дақылдар өсірді, отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын толықтырды. Қалаларда қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды. Олар аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ Сырдария, Іле, Шу, Талас өзендерінен балық аулау айтарлықтай рөл атқарды. XI ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды.

17.Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (VІ-XII ғғ.) Турік Тайпаларының Материалдық Мәдениеті– ортағасырлық отырықшы және көшпелі түркі тілдес тайпалар мәдениетінің жиынтық атауы. Орт. Азия аум-нда түрік қағандарының саяси үстемдігі орнағаннан кейін барлық жергілікті тайпалардың аттары жазбаша деректемелерден жойылып, олардың орнына, әдетте жеңіп шыққандардың әулеттік есімі енгізілді. Түркілер Қазақстан жеріне жерлеу ескерткіштерінің жаңа түрлерін, атап айтқанда, тастан жасалған антропоморфты балбалдардың тізбекті мүсіндерін ала келді. Жерлеу ғұрпы өзгерді, мысалы, мәйіттің басын батысқа қаратып жерлейтін ғасырлар бойы орнығып келген дәстүрлі бағыт жойылып, мәйіт басын солт-ке бағдарлап жерлеу басым бола бастады. Молалардың көпшілігінде адамның сүйектері жорыққа мінген аттарының сүйектерімен, қару-жарақтарымен бірге қойылды. Темір үзеңгілер, жебелердің темір ұштары және қанжарлардың, қылыштардың жаңа түрлері пайда болды. Мүсінді металл қаптырмалар жиынтығымен сәнделген жауынгерлік белдіктер кеңінен тарады. 6 – 9 ғ-лардағы ескерткіштер қо-рымдар, жекелеген қабірлер, кездейсоқ табылған заттар және тастан жасалған тұлғалар түрінде кездеседі. Түркі заманының Шығыс  Қазақстан  мен  Алтайдағы, Жетісу обалары құрылымы және олжалары жағынан өте жақын. Жерлеудің сыртқы белгілері – тастан немесе топырақтан үйілген аласа үйінділер, олардың астына әдетте тік немесе төрт бұрыш түрінде қаланған қабірлер. Мәйіт жерден сопақша қазылған шұңқырға жерленген, мәйітпен бірге киім-кешектері, сәндік заттары, қаруы қойылған. . Түркі шеберлері аттың ер-тұрманын сәндейтін айылбастар мен тоғаларды ерекше әсем жасай білген. Айылбастар әдетте қола мен темірден, қаптырмалар мен тоғалар қоладан, күмістен және алтыннан жасалып, өсімдік тектес және зооморфтық өрнектермен әшекейленген. Тұрмыстық және шаруашылық мақсаттағы бұйымдардан жүзі қалың және сабы жалпақ шыңдалған пышақтар кездеседі. Бұған қарап өз заманында түркі тайпаларының темір қорытуды жақсы меңгергендіктерін білуге болады. Зираттардан алынған бұйымдар ішінде қолөнер бұйымдары да өте көп кездеседі. Олар: әшекейленген кіселер, белдіктер, омырауға тағатын алқалар, тұйықталмаған шығыршық түріндегі сырғалар, күміс жүзіктер, қадалатын салпыншақтар, опалдан, шыныдан жасалған және ұнтақтан қатырылған моншақтар тізілген алқалар. Тас мүсіндердің беліндегі кіселер түркі тайпаларының ішінде тамаша қолөнершілердің де болғандығын көрсетеді. Тастан жасалған мүсіндер түркі обаларының көпшілігінде жанында кездеседі. Олар тас келіншектер, балбал тастар деп те аталып жүр. Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе  сәулетшінің  дүниетанымы, мәденидәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері  ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениетүлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді", — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен етене өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделген  дүниетаным, ақынжандылық ,  қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Көшпелілерде де, отырықшы елдер сияқты, жазу ерте пайда болды. Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан жөне бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған.

18. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (ІХ-ХІІ ғғ.). Жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады.  Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанмен жалғастыратын Ұлы жібек жолының  бойына сауда қоныстарын салды. Осындағы  Тараз  және  Суяб қалалары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлім болды. Жазба деректерге қарағанда 7 – 13 ғ-ларда осы жол бойындағы Аспара, Шігілбалық, Атын,  Семекина,  Талхиз,  Мерке, Құлан, Исфиджаб, Усбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды. Бұл қалаларда ұсталық, зергерлік, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсібі өркендеді. Тұрғындары егін шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егіп, бақ, жүзім өсірген.  Оңтүстік Қазақстандағы алдыңғы орта ғасырлардағы барлық қалалар саны 33 болды. Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып, олардағы 7 – 9 ғасырлардың мәдени қабаттары анықталды. Қалалар кейінгі кезге дейін өмір сүрген. Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемі мен топографиясы және жазбаша деректердің мәліметтері пайдаланылуы нәтижесінде қалалар үш топқа бөлінеді. Бұлар: астаналық және ірі қалалар – Тараз, Суяб, Невакет және Нұзкет, олар Жетісудың оңт.-батысындағы Жамбыл, Ақбешім, Қызылөзен және Шитөбе сияқты ірі қала жұрттарына сәйкес келеді. Орташа топқа Таластағы Ақтөбе қ-ның жұрты деп саналатын Текабкет және тиісінше: Сус – Шалдовар, Мерке, Аспара, Жол – Соқылық, Харранжуван – Беловодск бекінісі, Жақ – Сарығ – Грозненское жатқызылды. Шағын қалаларға жататындар: Құлан – Луговое, “Түрік қағанының ауылы” – Шөміш, Кірмірау – Покровское. Ірі қалалардың төңірегінде орналасқан ондаған ескерткіштерді қоныстарға жатқызуға болады. Шу-Талас өңірлерінде орналасқан 403 ортағасырлық қалалар мен мекендердің 240-ның тарихи-топографиялық құрылымдары зерттелген. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болған. Ұлытау етегінде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргізілген қазба жұмыстары олардың әкімш., қолөнер-сауда және а.ш. сипатын көрсетеді. Отырарда да теңге соғылғаны туралы деректер бар. Мұнда ‘’Арыстан баб кесенесі’’ салынды. 14 – 15 ғасырларда Отырардың орталығында үлкен мешіт салынып, жұмыс істеген. Жақанкентте, Суриде, Жүнкентте, Құжанда, Қарақұрымда және Раң сияқты баламасы табылмаған, көлемі 1 – 2 га-ға дейін жететін қалашықтарда 800 – 1000-дай адам тұрған. Жалпы, 16 – 17 ғ-лардың үш ширегі кезеңінде Қазақстандағы қала халқының саны 70 мыңнан аспаған. 17 – 18 ғ-лардағы жоңғарлар шапқыншылығы Қазақстан қалаларының экономикасын құлдыратты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы елді мекендер мен қала-лар, мұнда қалалық мәдениет пен өркениеттің ежелден қалыптасып, дамығандығын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]