- •2.Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •4.Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5.Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •7.Ғұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8.Бірінші Түрік қағанатының тарихы мен тарихнамасы.
- •10.Батыс Түрік қағанатының тарихын баяндаңыз.
- •19. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни.
- •20.Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз, Ибн Сина. М.Қашқари, ж.Баласағұни.
- •21.Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •22.Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •23. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •24.Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз
- •25.Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •27. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •28.Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •29. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •30.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз
- •34.Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз
- •41.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •45.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •46.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •47. Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •48.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •49. 1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •50.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •51.Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •52.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу себептерін түсіндіріп және оның салдарын көрсетіңіз.
- •53.Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •54.1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •55.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •56.Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •57.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •58.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •59.Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
- •60.1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •68. Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
- •83.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •88. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •89.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымда.
- •90.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы.
- •91.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы
- •92.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •93.Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •94.«Қазақстан – 2030» бағдарламасын жүзеге асу процесін көрсетіңіз.
- •95.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •99.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі
- •100.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •101.Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері
- •102.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты
20.Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз, Ибн Сина. М.Қашқари, ж.Баласағұни.
Махмұд Қашқари (ұйғ. مەھمۇد قەشقىرى, Mehmud Qeshqeri; 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады. Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады. Ибн Сина - ғалымның толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді. Ибн Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхара маңындағы Афшана ауылында дүниеге келген. Оның өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған өмірбаяны сақталған. «Өлімнің түйінін анықтауға» талаптану, құпияны ашу, ауруды жеңіп шығу, адамдардың өмірін жеңілдету үшін, барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау, Ибн Синамен алға басты, ол өзінің медицина бойынша басты еңбегі «Китабуль- Канун фит - тыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі) жазып шықты. Бес томдық энциклопедия «Дәрігерлік ғылымның ережесі» Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперді, медицина тарихында атағы жайылған кітап болды. Еңбек оның мазмұны мен дәл құрылымымен ерекшеленді. Ибн Синаның еңбегінің соншалықты жоғары болғаны, ол «Ережені» жазып біткен соң, ол дүние жүзінің барлық елдерінде медицина энциклопедиясы болды. 12 ғасырдың өзінде араб тілінен латын тіліне аударылып, көптеген қолжазбамен тарады. Өмірдің қиын соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18 маусымда қайтыс болды.
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен, екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен, үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. “Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады.
