Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_gos.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

21.Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.

Найман тайпалық одағы 8-ғасырдың ортасында Ертіс пен Орал өзендері бойында пайда болған. Одақ құрамында 8 тайпа болған.найман атауы монгол тілінде 8 деген ұғымды білдіреді. Наймандар батыста- қаңлы –қарлұқтар, солтүстікте енисей қарғыздары, оңтүстікте ұйғырлар, шығыста керейлермен шектесіп жатты.Найман мен Керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы ұлыстардың құрылуымен қатар жүрді. «Ұлыс» деген сөз ол кезде халық деген ұғымды білдірді, әрбір ұлыс ол кезде белгілі бір жерді алып жатты. Оның белгілі бір рудың өкілі, хан басқарды. Хан ордасы ұлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болып, әскері-ондық, жүздік, мыңдық түмендерге бөлінді. Наймандар мен керейлердің мемлекеттік іс-қағаздары ұй,ыр тілінде жүргізілді. Ханның алтын мөрі болып, онымен қажетті құжаттарды куәландырып отырған. Шыңғысханның жаулап алуына дейін наймандар Орталық Азия жеріндегі өте күшті ұлыстардың бірі болған. Шыңғысханның әкесі Есегей баһадүрдің тұсында найман елін Иналых білге Бұқа хаан билеген. «Иналых»- сенімді, «білге»- білімді, кемеңгер, «бұқа»- ұлық,мықты деген сөз. Білге Бұқа өлген соң , оның екі баласы: Таян мен Бұйрық хан арасында тақ таласы басталып, найман ұлысын екіге бөлген. 1204 жылы Шыңғысхан наймандарды бағындырды. Керейлер туралы алғашқы жазба деректер 10 ғасырда кездеседі. Керейлер батыста – наймандармен, солтүстігінде- меркіттермен , шығысында –татарлармен , оңтүстігінде- таңғұттармен көрші тұрды.Керей хандарының екі астанасы болды. Солтүстікте- Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласы. Оңтүстікте – Хуанхенің бойындағы Қара-хото қаласы. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге хрестиан дінінің несториандық бағытын қабылдайды. 12-ғасырдың 50-ші жылдары керейіттерде Марғұз хан билік жүргізді. Кейін ол қытайлар қолына түсіп өлтіріледі. Одан кейін елді Бұйрық хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті. Оның Оңхан деген екінші лауазым аты болған. Бұл ат «Уаң хан» дегеннен шыққан. Мағынасы – бір елдің әміршісі. Тоғырыл хан тұсында керейттер ұлысы солтүстікте – Селенгі өзенінің жоғары ағысы, оңтүстікте – хуанхэ өзені, батыста –Хангай тауынан, шығыста – Халкин Голге дейінгі жерлерді еркін жайлаған. Тоғырыл хан Шыңғысханның әкесі Есугей батырмен дос болған. Сондықтан Темучин Монголиядағы күшті ел болып келген Керей ханы Тоғырылға арқа сүйеген. Екеуі дос болып, жорыққа аттанып отырған. Алайда бұл Тоғырыл ханның балалары мен туыстарына ұнамай екеуінің арасына іріткі салады. Осылайша ушыққан қарым-қатынас екі жақтың бір-біріне қарсы соғыс ашуына әкеліп соғады. Ақырында Шыңғысхан 1202 жылы Оңханның елін шауып, өзін өлтіріп, жерін жаулап алады. Керейт ұлысы моңғолдарға бағынышты елге айналды.

22.Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.

1204-1205 жылы Темучин бірнеше моңғол тайпаларының басын қосады. 1206 жылы Темучин Онон өзенінің бойында үлкен құрылтай ашады. Сол құрылтайда жиналған елдің беделді адамдар, ақсүйектер, шонжарлар Темучинді «Ұлы хан» етіп сайлап, оған «Шыңғысхан» деген ат береді. 1206 жылы монгол мемлекеті құрылады.1207 -1211 жылдар – Шыңғысхан Сібір халықтарын , Енисей қырғыздарын, Шығыс Түркістандыы жаулап алады. Солтүстік қытайды жаулап, соғыс техникасын қолға түсіреді. Ендігі мақсаты- Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказ сырты, Шығыс Еуропаны бағындыру болады.Шыңғыс ханды Жетісудың гүлденген қалалары мен құнарлы жайылымдары қызықтырды. Монголдар Жетісуды қарсылықсыз басып алады. 1210-1211 жылдары қарлұқтар билеушісі Арслан хан Шыңғыс хан билігін мойындайды. 1217 жылы- Алмалық алынады, 1218 жылы Баласағұн қаласы соғыссыз беріледі. Сегіз жыл бойы билік құрған найман ханы Күшліктің көрші елдермен үздіксіз соғыстары және мұсылмандарды қудалауына наразы болған Баласағұн халқы монголдарды құтқарушы ретінде таниды. Жетісу өлкесін өзіне тартқысы келген Шыңғысхан өлкеде тонаушылық соғыстарын тоқтатты. Шыңғыс хан Жетісуды алған соң монголдарға Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азияға жол ашылды. 8- ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстігінде Хорезм шахы Мұхаммедтің билігі үстем болды. Шыңғыс хан мен Мұхаммед арасында сауда келісімі жасалып, 1218 жылы Отырарға 450 адамдық сауда керуенін жібереді. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестердің астыртын барлаушылар екенін біліп , түгел өлтіртеді. Бұл жағдай Шыңғысханның соғыс бастауына себеп болды. 1219 жылы қыркүйекте Шыңғысхан 150 әскерімен Отырарды қоршады. Қайыр хан 80 мың әскерімен Отырарды 6 ай қорғады. Тек көмекке келген әскербесы Қараджаның сатқындығынан кейін, монголдар қаланы басып алады. Қайыр ханның құлағы, көзі, аузына қайнатылған күміс құйылып, азаппен өлтіріледі. Жошы әскері Оңтүстік Қазақстан қалаларын басып алады. Сығанақ, Ашнас, Жент, Баршынкент, Үзкент жаулап алды. Жувейнидің деректерінде Жент тұрғындарын қала сыртына иіріп қойып, 9 күн бойы басқыншылардың қаланы тонағаныны айтылады. 1219-1221 жылдары Орта Азия түгелдей жаулап алынады. 1219-1224 жылдар Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]