Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_gos.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8.Бірінші Түрік қағанатының тарихы мен тарихнамасы.

Ұлы қоныс аудару оқиғасы, 2-5ғ.ғ. Қазақстанның , Орта Азия, Шығыс Еуропа халықтарының тарихында үлкен өзгеріс болды. 5-ғасырда түркі тілдес теле тайпалары Солтүстік Монголиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далада өмір сүрді, ал оңтүстікте көшіп-қону жайылымдары Амударияның жоғары ағысына дейін жетті. 535 жылы түрік қолбасшысы Бумын Алтай даласындағы түркі тілдес тайпаларды біріктіре бастайды. Бумын қаған 552 жылы аварларға қарсы шығып оларды тас-талқан етіп жеңеді.Осы жеңістен кейін бумын түрік қағанатының билеушісі болды. Түрік атауы алғаш рет 542 жылғы қытай деректерінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Алғашында «түрік» этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік ететін тайпа дегенді білдірді.Бумын қағанның балалары Қара Еске мен Мұқан қаған кезінде мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті.Түріктер Маньчжуриядағы қидандарды,енисейдегі Қырғыздарды, Солтүстік қытай мемлекетін бағындырды. 6 ғасырда Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы Каспий теңізінен Солтүстік үндістан мен Шығыс түркістанға дейінгі жерді мекендеген эфталиттер еді. 561-563 жылдары түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен әскери одақ құрды. 567 жылы Бұқар түбінде түріктер эфталиттерді жеңді. Орта азиядағы жеңістерден кейін түріктер Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстады. Түріктер Византиялықтармен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бірақ бұған иран кедергі болды. Сондықтан 568 жылы түрік елшілігі Константинопльге келіп Византия императоры 2- Юстинианмен сауда және әскери шарт жасасты. Шарт бойынша сауда қатынасында бөгет болмауға міндеттенді. Түрік қағанаты 10 ұлысқа бөлінді, әр ұлысты шад басқарды. Ұлыстық үстемдік белгісі ретінде 10 алтын жебе берілді. Естеми қаған мен оның ұлы Түріксана тұсында қағанат әлсіреді. Ішкі тартыстар мен әлеуметтік қырқыстардан қағанат 603 жылы Батыс және Шығыс болып екіге бөлініп кетті.

9.Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз. Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өз-нің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В.Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, акад. В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық – тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін Көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғ-дың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8–10 ғ-лар) айқындалды. 1932 жылы Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды.

Есік жазба ескерткіш— сак дэуірінен калган жазба ескерткіш (б. з. д. 5—4 г.). 1970 ж. Ӏле екірінін тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сак заманынан каіған үлкен корымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және онын түрлі заттары, сонын ішінде жүмбак жазуы бар куміс тостағанша табылған. Онын сырт жағына руна тәріздес 26 танба ойылып жазылған. Ескерткіштін күндылығы — біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сак тайпаларынын тілі коне түркі тілі екендігін, екіншіден, будан 2500 жыл бүрын түркі тектес тайпалардын әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді:

Монгoля жазба ескерткіш — Орхон езені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғ.соны). Ескерткіш Күтлүғ(Кдпаған) кағаннын баласы Могилян- ғаарналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапкан Н. М. Ядринцев, алғаш рет окыған В. В. Радлов. Күлтегіннін, Тонукүктын жорыктары баяндалған.

Мойыншор ескерткіші — Орхон-Енесей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Монголияда 1909 ж. тапкан Г. И. Рамстедт. Ол — ескерткіш мәтінін немісше аударыгі, 1913 ж. жариялаған. Бұл енбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі үйғыр мемлекетінін ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халык (үйғыр, оғыз, тоғыз, татар, кырғыз, түркеш, түрік, соғды, кыпшақ т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әнгіме оғыз тайпасынын өкілі атынан баяндалады.

Орхон жазулары — Монголиянын Орхон, Селенге өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінін кұлпытастары, 7—8 ғғ. жазылған көне түркі руникалык ескерткіштері болып табылады. иран Білге каган, Күлтегін, Тонукүк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерлі ашып жариялаған — Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов.

Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]