- •2.Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •4.Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5.Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •7.Ғұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8.Бірінші Түрік қағанатының тарихы мен тарихнамасы.
- •10.Батыс Түрік қағанатының тарихын баяндаңыз.
- •19. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни.
- •20.Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз, Ибн Сина. М.Қашқари, ж.Баласағұни.
- •21.Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •22.Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •23. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •24.Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз
- •25.Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •27. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •28.Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •29. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •30.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз
- •34.Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз
- •41.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •45.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •46.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •47. Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •48.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •49. 1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •50.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •51.Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •52.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу себептерін түсіндіріп және оның салдарын көрсетіңіз.
- •53.Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •54.1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •55.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •56.Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •57.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •58.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •59.Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
- •60.1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •68. Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
- •83.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •88. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •89.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымда.
- •90.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы.
- •91.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы
- •92.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •93.Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •94.«Қазақстан – 2030» бағдарламасын жүзеге асу процесін көрсетіңіз.
- •95.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •99.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі
- •100.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •101.Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері
- •102.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты
60.1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
XIX ғасыр Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді.XXғасырдың басында ол шикізат өндіретін әрі сауда рыногы болып танылған отарлы өлке санатында жалпыресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналады.Қазақ сахарасының болмысы XXғасырдың басында күрделене түсті.Ресей Азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізді.1907-1912ж-дың өзінде елдің еуропалық бөлігіне 2млн мың 400 мың адам әкеліп қоныстандырылды.Қазақтар шұрайлы жерінен айырылды.Сонау Столыпин реформасының бас кезінде -ақ «Санкт-Петербургские ведомость» газеті:»Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды құрбан етуді талап етсе,әрине,бұған қарсы шығудың керегі жоқ…» –деп жазған болатын.Өлкені талан-таражға салу бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды.Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды.Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді,жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді(негізінен, азықты)теміржол станциясына тасуға мәжбүр болды.Қазақ даласынан ет, мыңдаған жылқы мен түйе майданға жіберілді.Әскерге алынған отбасыларына көмек көрсетуді желеу етіп, батырақ қазақтарды кулактар шаруашылықтарын, кәсіпорындарға «ерікті түрде»жұмысқа тартты. 1916жылы патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін жаңадан жертартып алуды ойластырды.А.Байтұрсынұлы сонау 1913 жылдың өзінде: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», — деп жазған еді.Көтерілістің негізгі себебі ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуінен болды. Отаршылдық болмысқа,туған елдің талануына, кіндік қаны тамған жерден айырылуға шыдамаған халық бұқарасы патша үкіметіне қарсы жаппай күреске шықты. Қазақтан қара жұмысқа алу – көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор еді.1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша, қара жұмысқа 19-дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын.Сол арқылы патша үкіметі көптеген орыс солдаттарымен жұмысшыларыннеғұрлым көбіс және арзан жұмыс күші ретінде «реквизицияланған бұратаналармен «ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен басқа да тыл жұмыстарынан босатқысы келді. Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді. Бұл жағдай қазақ даласына үлкен қобалжу туғызды. М.Дулатұлы айтқандай: » жұрт сеңдей соғылды,түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды».1916 жылғы 23 тамызда генерал- губернатор А.Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар: болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары; жергілікті бұратаналарданшыққан төменгі полициялық шенділер; имамдар, молдалар мен мүдәрістер; ұсақ несие мекемелеріндегі жоғары лауазымды жергілікті бұратаналар; дворян және ата – бабасынан бастап, сондай –ақ жеке басы құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын жергілікті ұлт өкілдері.Патша өкіметі айла қолданып, қоғамның болмашы бір бөлігін – жергілікті әкімшілікті әкімшілікті, байлар мен мұсылман дінбасыларының бірқатарын жалпыұлттық қозғалыстан бөлшектеп, аман алып қалды да олар жергіліктіәкімшіліктің тыл жұмыстарынаадамдар алуына көмектесті.Сол көмегі үшін олардың балалары қара жұмыстан босатылып отырды. Бұл кедейлердің ызасын келтірді.Патша жарлығына жауап ретінде орасан ауқымды өңірдің – Қазақстан мен Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде көтеріліске шықты. Жер-жерде көтерілісші жасақтары құрылып, олар қара жұмысқа шақырылушы жастардың тізімінтартып алып, жойып жіберді,байлардың ауылынашабуыл жасады, борышқорлықжәне салық тілхаттарын жойды, жерді сату басқармаларын, болыстардың ауылдарын талқандады. Көтерілісшілердің патша әскерімен қақтығыстары жиілей түсті.Көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі дәсстүрлі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді. Кей жерде дала дәстүрі бойынша ақсүйек өкілдерінен хан сайланып жатты.Көтеріліске шыққан халық күш біріктіру қажет екенін түсінді. Верный уезінің көтерілісшілері Наманған және Таластың жоғарғы ағысындағы Әулиеата уездерінің көтерісшілерімен байланыс орнатты. Көтеріліске шыққан албандар ұйғырлармен, қырғыздармен және дүнгендермен күш біріктіріп қимыл жасады.Қозғалыстың сипаты, қозғаушы күштері. 1916 жылғы қозғалыс бүкіл Қазақстанда, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды. Ол стихиялы түрде басталды ж/е әлеуметтік құрамы жағынан біртекті блған жоқ.Оған көмір кеніштерінің,мұнай кәсіпшіліктерінің,Ертіс кемшіліктерінің, Омбы,Орынбор-Ташкент теміржолының қазақ жұмысшылары қатысты.Олардың ауылмен ж/е шаруа қожалықтарымен байланысты қозғалысқа стихиялы шаруалар қозғалысы сипатын берді.Қозғалыстың басты күші тұтастай халық бұқарасы болатын. Қозғалыстың ауқымды әлеуметтік негізі бар еді. Жалпыұлттық бірігу ж/е ұлттық тәуелсіздік идеясы қазақ шаруалары мен жұмысшыларының түрлі топтарын, қалыптасып келе жатқан ұлттық буржуазия мен даланың дәстүрлі ақсүйектерін, ұлт зиялыларын орыс ж/е шетел капиталына қарсы біріктірді. Тұтас ауылдар, болыстар, уездер өздерімен бірге барлық мүліктері мен малын алып, дала қойнауына тереңдеді, көтеріліс шыққан аумақтарда оларға байлар да қосылуға мәжбүр болды. Басқа «бұратаналар»-дүнген, ұйғыр, қырғыздар да көтерілісшілерді жақтап шықты.Қозғалыстың Жетісудағы орталығы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталықтарының бірі Жетісу болды. Орасан зор өңірді түгелдей халықтық қозғалыстың жалыны шарпыды.Қазақ ж/е қырғыз еңбекшілерінің қимылдары патша әкімшілігін мазасыздандырмай қоймады. 1916 жылғы 20 шілдеде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болып тағайындалған генерал А.Курпаткин «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «Лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық н/е тайпалық араздығын пайдалануға» нұсқау берді.Өз кезегінде Жетісудың генерал-губернаторы М.А.Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдастыру үшін- казак станицаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді. Қоныстанушы орыс кулактары қаруландырылды. Жазалау отрядтарының жанынан, обылыстың уездік қалалардан әскери-дала соттары құрылды.Отаршылар «бұратаналарға» қарсы күрестің сыннан өткен тәсілдерін шебер пайдаланды. Патша әкімшілігі ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды. Жазалау отрядтарының басшыларына;»Қырғыздардың топтасып бас қосуын бүлік деп санап, оңдайларды жаныштаңдар, тоқудың алғашқы нышаны байқалғанда-ақ екінші дәрежелі басшыларын болса да тұтқынға алып, дала сотына беріңдер де, дереу дарға асыңдар», — деген нұсқау берілді.Көтеріліске шыққан халықтың қалауымен көтерілісшілерді болыс Бекболат Әшекеев (Верный уезі), Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов(Қарқара), Ақкөз Қосанов (Мереке ауданындағы Құрақты болысы) ж/е басқалар басқарды.Верныйдан Қытаймен шекараға дейінгі аралықта ауылдар мен қыстақтар қираған үйінділерге айналды. Қалған бөлігі-осы орасан үлкен аймақтағы қазақтар құнарсыз таулы аудандарға н/е Балқаш маңайындағы шөл далаға қуылды.Торғайдағы көтеріліс орталығы. 1916 жылғы қозғалыстың ең ірі оқиғаларының бірі Торғай обылысында орын алды. Мұнда қазақ шаруаларының күресі мейлінше табанды болып, ұзаққа созылды. Жергілікті ауылдық-болыстық әкімшіл басқарудан аластатылып, билік көтерілісшілердің қолын көшті. Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары Орта жүздің ықпалды биі Нияздың немересі, аса беделді Әбділғафар Жанбосыновты өздерігің ханы етіп сайлады. Атақты Иман батырдың немересі Амангелдіні сардарбегі етіп тағайындады.Торғайдағы қозғалыс ошағы биліктің бір орталықта болуымен, көтерілісшілер қозғалысын басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесімен көзге түсті. Әскери іс мәселелеріне Әскери Кеңес баса назар аударып отырды. 1916 жылғы қыркүйекте Торғай уезінде Амангелді Иманов көтерілісшілердің үлкен жасағын құрып, қару жасаушыларды ұйымдастырды ж/е көтерілісшілерді әскери өнерге өзі үйретті. Олардың жалпы саны 20 мыңға дейін жеткен.Көтерілісшілер қатарын Ырғыздан, Қостанайдан, Ақтөбеден, Байқоңыр ж/е Шоқпаркөл кеніштерінен, Орынбор-Ташкент теміржолынан келгн жұмысшылар толықтырды.Қазан айының соңында Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады.Көтерілісті талқандау үшін патша үкіметі генерал Лаверентьев басқарған тоғыз мың адамдық жазалаушы экспедициялық корпус жіберді. Торғайға беттеген жолында жазалаушы отряд қазақ ауылдарын шапты. Торғайды ала алмайтын болғандықтан, көтерілісшілер қоршауды тоқтатып, Бетпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына ірге теуіп, партизандық күрес әдісіне көшті.Доғал – Үрпек түбіндегі ұрыс жеңіліс пен аяқталды. Шегіне отырып ұрыс жүргізген 40 сарбазды жазалаушылар қоршап алды. Сарбаздар соңғы оғы қалғанша атысып, тірі қалғандары кешке қарай қолына найза алып, қоян-қолтық айқасқа түсті. Көтерілістің аяусыз жанышталғанына қарамастан, көп жерде бой көрсету бұдан кейінде біраз уақытқа жалғасты.
Патша үкіметі көтерісшілерден аяусыз кек алды. 3000-ға жуық адам жазаланды. Жүздеген ауылдар өртеліп, көптеген бейкүнә адамдар атылды. Алайда тарихтың өзі тәрік еткен отаршылдық жүйені жазалау экспедициялары да, әскери-дала соттары да атып-асуда құтқарып қала алмады. Бұл қазақ халқының езілген Ресей халықтары азаттық күресінің жалпы тасқынына біржола қосылған еді.Қозғалыстың қортындылары, жеңілу себептері және тарихи маңызы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империялизмге, отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Ол Шығысты қамтыған революциялық дағдарыстың маңызды элементтерінің бірі еді. Қазақтардың ата қонысына Ресей мұжықтарын қоныстандыру арқылы жүргізілген отарлау саясаты қарқын алған сайын өптеген орыс – украин қныстары мен казак станицалары пайда болған аймақтардағы көтеріліс орыстарға қарсы сипат алды.Орыс шаруаларының бір бөлігі көтерлісшілерге жанашырлықпен қарады, көтеріске қатысқандарды жасырып қалды, оларға көмектесті.Ұлт-азаттық қозғалысты басып – жаныштау барысында патша өкіметі өзінің дала стратегиясын жүзеге асыры. Түркістан өлкесі генерал – губернаторының айтуы бойынша, Қазақстан мен Қырғыстанның отарлауға мейлінше қолайлы аудандарын “тазалау” болатын. 1916 жылы Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны жарты млн-ға жуық кеміді.Көтерлістің жеңіліс табуының басты себептері, оның бытыранқылығынан, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігінен, арақатынастың тұрақты болмауынан еді. Шын мәнінде өте қарапайым қарулармен қаруланған халықпен сол кездегі техниканың жетістіктерін пайдаланған империяның тұрақты армисы соғысты. Патша шенеуніктері қоныстандыру қозғалысы жеделдете жүргізіліп жатқан өңірлерде орыс украин шаруалары, дүнген, ұйғыр, өзбек диқандары арасындағы қайшылық тарды пайдалана білді.
Ұлттық – демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады. Кейбір бай – феодалдар , хандар көтерлісшілердің мүдделерін сатып кетіп отырды. Патша үкіметі тез арада көтерлісшілерді басшыларынан айыра білді. Жетісудағы қозғалдыс басшыларының бірі Бекболат ӘшекеевБоралдай асуында жұрт алдында дарға асылды. Қарқарадағы көтерліс жетекшілерінің бірі Жәменке Мәмбетов абақтыға қамалы, басқа 12 басшымен бірге азаптап өлтірілді.Көтеріліс қазақ халқының таптық сана-сезімінің өскендігін көрсетті. Мыңдаған көтерілісшілер патша билігіне қарсы қарулы күрес мектебінен өтті. Отаршылдық езгінің ұзақ жылдары ішінде олар ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды, белсенді саяси қызметке құлшынып, өзін Ресей билігінің отаршылдық экспанциясына қарсы күрес жүргізе алатын күш деп сезінді.Халықтық қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. Ауқымдылығы мен қатысушыларды қамтуы ж/е зардаптары жағынан алғанда, ол империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңіндегі азаттық күресінің шырқау шыңы болды. Ол туралы Әлихан Бөкейханов былай деп жазды: “Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді… Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күндіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды”. Шын мәнінде, 1916 жыл-XX ғасырдың соңында қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болып, тарихта өз орнын алды.
61.1917 ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз.Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйымқұру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.
Ақпан ревалюциясы жеңгеннен кейінгі Қазақстан жұмысшы табының елеулі табысы – кәсіпшелер одақары ұйымдарының құрылуы еді.Олардың қалыптасуында Орын-Омбы темір жол жұмысшыларының Құрылтай съезі және бірінші съезінің үлкен маңызы болды.Бұл съездердің күн тәртібінде бірқатар маңызды саяси және эканомикалық мәселер қаралды.Олар: Уақытша үкімет пен соғысқа көзқарас,8 сағаттық жұмыс күні,жұмысшы,Құрылтай жиналысына қатысу,пенсиямен қамтамасыз ету және т.б.мәселелер. Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларынтағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан революциясының ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан революциясынан басталған саяси тұрақсыздық Қазан революциясына ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды.
62.Бірінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы.Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей , Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының,Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды: 1. Мемлекеттік құрылыс, 2. Қазақ автономиясы, 3. Жер мәселесі,4. Халық милициясы, 5. Земство, 6. Оқу мәселесі, 7. Сот мәселесі, 8. Дін мәселесі, 9. Әйел мәселесі, 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы, 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі, 12. Қазақ саяси партиясы, 13. Жетісу оқиғасы, 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан,А.Байтұрсынұлы, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы,М.Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин , В.Чайкин, Т.Нарботабеков, Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді. Сиездің шешімі бойынша, құрылатын партия парламенттік негізде демократиялык ұстанымдарды басшылыққа алған, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауды мақсат тұтқан саяси партия болуы тиіс еді. Сиез жұмысы барысында бір топ делегат партия құру ісіне байланысты сөйлеген Бөкейханұлынан ресейлік кадет партиясына қатынасын ашық мәлімдеуді талап етті. Соған байланысты болашақ партия басшысы кадет партиясынан шығатынын мөлімдеді. Сиез өз қаулыларында «осы күнгі тұрақты әскер орнына халық милициясы құрылсын» деп, ұлттық әскер жасақтауды, «көшпелі елдерде отырықшылардікі секілді тоқтаусыз болыстық земство ашылсын» деп, земстволық басқару жүйесінің қазақ тұрмысына бейімделген түрін ұйымдастыруды, «қазақтың народный сотын» жойып, оның орнына «қазақ тұрмысына лайық сот - айрықша сот» құруды жақтап шықты. Сиездің оқу-ағарту ісі, әйел теңдігі және дін мәселелері бойынша қабылданған шешімдері қазақ зиялыларының бұл қоғамдық мәселелерді түсініп, шешуде өз заманындағы коғамдық ойдың алдыңғы қатарында тұрғандығын айғақтайды. Оқу-ағарту ісіне байланысты «бастауыш білім жалпыға міндетті болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары және мерзімді басылым «Қазақ» газеті емлесімен жазылсын» деп көрсетіп, ал әйел теңдігі жөнінде «әйелдер саяси құқықта ерлермен тең, ерге шығу еркі әйелдің өзінде болсын, қалыңмал жойылсын, 16-ға толмаған қызға құда түсу болмасын, неке қиярда әйел мен еркекті беттестіріп, ризалықтары ескеріліп отырсын» деп қаулы етті. Сиез Жетісу облысында туындап отырған жағдайды талқылап, Ресей ішкі істер министрі атына: «Жетісудағы қазақ-қырғызды атып-жаншып жатқан мұжықтардың және соғыстан қайтқан солдаттың қолынан қару-жарағын жиып алып, халықты тыныштандырсаңыз екен», - деген мазмұндағы жеделхат жолдады. Сонымен бірге Жетісу облысындагы ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызға «алаш баласының жәрдем беруін» өтініп үндеу тастады. Киев қаласында тамыз айында өтуі тиіс федералшылар сиезіне Бөкейханды, Досмұхамедұлын және Танашевты жіберу жөнінде шешім қабылданды. Санкт- Петербургтегі оқу комиссиясына С. Кенжеұлы баратын болып белгіленді. Сиездің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қабылданған қарарлар кейінірек, 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасында басшылыққа алынды.
63.Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген.1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б.Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатовбаяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды. Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған. 1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ «Алашорда» мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады . «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаштың арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынов «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді,» - десе, Күнбатыс Алашордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», - деген . Батыс Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», - деген пікірді айтқан.Сөйтіп,қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы –ұлттық мемлекетті қалпына келтіру ісі –Алаш қозғалысы,Алашорда үкіметімен бірге тоталитарлық өктемдік пен империялық зорлық –зомбылықтың шабуылына көміліп,тарих қойнауында қала берді.
64.Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.Қазақ халқының ұлттық-демократиялық қозғалысының жұрт кеңінен таныған көшбасшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов болды. Ол 1870 жылы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысына қарасты №7 ауылда дүниеге келді. Әлихан білімді, бостандық пен әділдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның дүниеге көзқарасын қалыптастырып, дамыта түсуінде қазақтың халық ауыз әдебиетінің орасан зор ықпалы болды. Ал саяси көзқарасын қалыптастыруына Ұлы француз революциясының биік мақсат-мұраттары зор ықпал етті. 1890 жылы ол Омбы техникалық училищесін, 1894 жылы Санкт-Петербург Императорлық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факультетін бітірді. Оқуды аяқтаған сон ол Омбы орман шаруашылығы училищесінде, Омбы қоныс аударушылар басқармасында біраз уақыт педагогтық, ғылыми және әкімшілік қызметтер атқарды.
XIX ғасырдың соны мен XX ғасырдың бас кезінде Ә. Бөкейханов әуелі Тобыл губерниясын зерттейтін, кейін Ф. Щербинаның статистикалық экспедициясының жұмысына белсене қатысты. Осы кезеңде ол қазақ елінің экономикалық жай-күйін, шаруашылығын, этнографиясын, тұрмыс-салтын, материалдық және рухани мәдениетін зерттеді. 1903 жылы Петербургте «Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасы» деген ортақ атпен осы басылымның он сегізінші томы жарық көрді. Оның авторларының бірі Алаш қозғалысы көшбасшысы Ә. Бөкейханов еді. Ә. Бөкейханов халықтың біртуар перзенті, қазақ ұлт-азаттық қозғалысының шын мәніндегі көсеміне айналды. Омбы жандарм басқармасы бастығының мойындағанындай, ол «барлық митингілер мен петициялардың және үкіметке қарсы үгіттердің ұйытқысы, даладағы... қазақтардың барлық мәдени-саяси қозғалысының көшбасшысы және жетекшісі» болды. 1905 жылы Ә. Бөкейханов Ресей конституциялық демократтар (кадет) партиясына мүшелікке қабылданды. Осы жылы Қарқаралыда орыс отаршылдығына қарсы өткен қозғалысқа басшылық жасап, петиция ұйымдастырды. Ресейдің I Мемлекеттік Думасына Семей облысынан депутат болып сайланады. 1905—1907 жылдары кадеттердің «Степной пионер», «Степной край», «Иртыш», «Омич», «Голос» атты газеттеріне белсенді түрде мақалалар жазып тұрды.
1913 жылы Ә. Бөкейханов ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері А. Байтұрсынов және М. Дулатовтармен бірге тұңғыш жалпыұлттық баспасөз ұйымы — «Қазақ» газетін ұйымдастырды. Газет беттерінде халыққа білім беру, ұлттық сана-сезімді ояту хақында көптеген құнды дүниелер жарық көрді. Ә. Бөкейханов ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Мәселен, ол Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жұмысына қатысты. Ол екі тілге бірдей жетік еді, қазақша да, орысша да еркін жазды. Әлихан Бөкейханов 1917 жылдың 21—26 маусымында Орынборда I Бүкілқазақ съезін өткізіп, «Алаш» партиясы атқару комитетінің төрағалығына сайланады. Сол жылы Орынборда өткен «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезінде «Алашорда» үкіметі құрылып, Ә. Бөкейханов оның төрағасы болып сайланды. Кеңес өкіметі кезінде ол бірыңғай ғылыми, әдеби, аудармашылық қызметпен айналысады. Жазықсыз қуғынға ұшырап, 1937 жылы ату жазасына кесіледі. 1989 жылы ақталды.Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов бүкіл саналы ғұмырын өз халқын отаршылдық езгіден азат етуге, тәуелсіз мемлекет құруға, ел-жұртына білім беріп, оны гүлдендіруге арнады. Ә. Бөкейхан бастаған қазақ зиялы қауымы таптық мүдде емес, тұтас ұлт мүддесін қорғады. Осы қылығы үшін 1920-22 жылдары «ұлтшыл» деп жала жабылып, Мәскеуге жер аударылды. Большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Әлихан Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Кеңес билігі тұсында да елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан жоқ. Кеңестік үлгідегі Казақ автономиясы құрылған кезде, Әлихан Бөкейханның тікелей кеңесімен Әлімхан Ермеков Қазақ автономиясының территориясы туралы баяндамаға дайындыққа кірісті. (Голощекин Қазақстанда жер мәселесін анықтау комиссиясының мүшесі Әлихан Бөкейханға барып жолығуына мынадай баға береді: «Қазақ қайраткерлері, министрлер Алматыдан шығып Мәскеуге барады да, пойыздан түсіп Кремльге бармай бірден Әлихан Бөкейханға барып, содан кейін ғана Кремльге келеді. Бұл масқара емей не?») Қазақ елінің мүддесіне төнген қауіпті тура түсінген Әлихан Бөкейхан осы тұста жаңадан отарлау саясатына жол бермеу үшін қазақтарға қажет жер нормасын анықтауда белсенділік танытады. Осындай жүрегі елім-жерім, халқым деп соққан, бүкіл саналы ғұмырын ұлтының бостандығы мен дербестігі үшін арнаған асыл азаматтарымыздың ұлтжанды пікірлері, әрекеттері жас ұрпаққа үлгі, өнеге.
65.А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ мәдениетінің тарихында үлкен бір дәуірді алып жатқан алып тұлға. Ол талмай ізденіп тамаша туындылар берген. Өмірдегі өзінің басты мақсатын – туған халқына қызмет ету деп түсінген Ахаң (Ахмет Байтұрсынов) небір тар, тайғақ кешулерден өте келе тамаша еңбегімен қазақ халқының ары мен ұятына айналған өте күрделі де, көсем тұлға. Жаңадан тәй-тәй басып, Ахаң сияқты бірен-саран оқыған саналы азаматтардың арқасында оң-солын танып, енді-енді ес жиып келе жатқан қазақ елі үшін «Қазақ» газетінің атқарған қызметі ұшан-теңіз екенін тағы да айтсақ артық емес. Бес жылға таяу уақыт үзбей оқырманымен қауышқан бұл газет кезінде лайықты көкейтесті мәселелерді бірінен соң бірін жариялап, жұртшылық мағлұматын кеңейтумен болды. Жалпы қазақ халқы қазан төңкерісіне өзінің санасын ғана емес, қоғамға, әлеуметтік өмірге деген сяаси көзқарастарын да недәуір қалыптастырды дер болсақ, ондай күрескерлік қасиет осы «Қазақ» газетінің арқасында айқындала түскенін айту керек. Кезінде бұл газетті ұлтшыл-буржуазияшыл орган деп тиым салып тастамағанда талай тарихи шындықтың көзін ашып, халқымыздың революцияға дейінгі рухани, мәдени өмірінен мол мағлұмат беретін еді. Газеттің игі мақсат-мүдделері қазақ арасына ғылым, өнер жайылуына басшылық ету, басқа жұрттардың халінен хабар беріп, таныстыру. А. Байтұрсынұлының қазан төңкерісіне дейінгі өмір жолының қайсыбір тұстары міне осындай. Бұл жолдың тіпті де оңай болмағанын баяндаған азын-аулақ деректерден-ақ байқауға болар. Қит етсе, түрмеге жабу, бостандықта жүргенінің өзін де үнемі аңдуда, тексерісте болу, тіпті басқан қадамын былай қойып, ашқан аузын, жазған сөзін бағып, қия бастырмай тұншықтыруға шыдау үшін адамға қандай күш, жігер, қайрат керек. Өстіп жүріп, тығырықта өмір кешсе де Ахаң елім, жерім, халқым деп тыныстауын бір сәтке де тоқтатпаған, ол ел мүддесіне жарарлық, халық санасын ашарлық қыруар дүниені берді. Бұл ел деп соққан үлкен жүректің ыстық махаббатынан ғана туындайтын қазына.Ахаң өмірінің төңкерістен кейінгі бөлігі де тіпті күрделі, тіпті қайғылы. Жан түршігерлік азапқа бола туылған жан дерсің. Төңкеріске дейінгі өзі айқасқан надандық пен қараңғылық жыл өткен сайын құбылып, тәсілденіп, әлденіп алғандай Ахаңның қыр соңынан қалған емес. Қайта зұлымдық пен қорқаулық, арызқойлық пен алауыздық дертін індеттей үдетуші қаскүнемдер жаңа заманның терісін айналдырып киген бөрісіндей боп, жақсылықтың ұрығын шашушы жандардың соңынан шам алып түскені мәлім.
Ахаң болса, езілген ел өміріндегі қазақ төңкерісін саналылықпен қабылдап, Кеңес үкіметіне үлкен үміт артқаны мәлім. Өзінің ел мұңы, халық қамы деген әу бастағы мақсат-мүддесімен жаңа үкіметтің бағыт-бағдары сәйкес келіп жатқандай боп көрінгесін де ол Кеңес үкіметіне қолқабыс етуге тырысты. Ахмет Байтұрсынұлының аудармашылық қызметінде мысал жанры өзгеше орын алады. Басқа емес дәл осы жанрға баруының өзінде үлкен мән жатыр. Қазақ бойындағы ежелден қалмай келе жатқан әлгіндей ездік пен бойкүйездік, намыссыздық пен жігерсіздік, алаяқтық пен алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық т.б. толып жатқан ес жиғызбас әдетті сынау, шенеуге келгенде ақын осы жанрды дұрыс таңдайды. Оның сыншылдығы да, сыршылдығы да осы мысал өлеңдерінде барынша ашыла түседі. Төңкеріс рухына кері әсерін тигізіп, кедергі жасап отырған байшыл-ұлтшыл алаш партиясының бұрынғы көсемінің бірі бұрынғысын көксеп жүр деген жаламен ақыры ол 1929 жылдың 4 маусымында 30 адаммен бірге қамауға алынады. Солардың басы болып қара тізімге алдымен Ахаң ілінеді. Мұның, әрине, өзіндік себебі де жоқ емес. Голощекинге әлгіндей жаппай қыру саясатын емін-еркін жүргізу үшін халықтың санасын оятып, көсемдік көрсетіп жүрген осындай ірі тұлғалардың көзін алдымен жою керек еді. Ал Ахаң, бүкіл қазақтың ақыл-ойы мен ар-ұятының символына айналып кеткен әйгілі қоғам қайраткері, әрі рухани көсемі болатын. Мәскеудің Бутыркасында 1929 жылғы шілдеден 1931 жылдың қаңтарына дейін отырады да, содан соң Архангельск облысының барған адам жол басшысыз қайтып шыға алмас алыс түкпіріне жер аударылады. Бұдан ол «Қызыл Крест» ұйымы арқылы (М. Горькийдің жұбайы Е.П. Пешкованың араласуымен) мерзімінен бұрын босанып, 1934 жылы қайтып оралады. Бірақ бұл бостандықтың да өмірі қысқа болды. Небәрі үш жылға жетер-жетпес уақыттан кейін 1937 жыл 8 қазанда қайтадан қамауға алынып, ақыры атылады. А. Байтұрсынұлы оқуы енді ғана басталды деп білеміз. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін, оның сауатты да білікті ел қатарына қосылуы үшін ақтық демі біткенше күрескен осынау ұлы адамның аты ұлт жүрегінде мәңгі сақталуы тегін емес. Ендеше ол адамзаттың асыл перзенті, қазақтың ұлы тұлғасы. Сондықтан да онықазақтың ұлттық мәдениетінің Хантәңірі деп бағалаймыз.
66.1917 жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы. Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тэртібіне қоюға тырыспауы, жүмысшыларға 8 сағаттық жүмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан эрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бүқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бүл Кеңестердегі болыиевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. 1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті. Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ облыстық жэне уездік орталықтарда да жүмысшылар мен шаруалардың өкіметін нығайту ісі, ауылдық жэне селолық Кеңестерді құру ісімен бірге жүргізілді. Алайда ауылдың экономикалық жэне мәдени жағынан артта қалуынан туындаған қиыншылықтар, элі де күшті рулық байланыстар қазақ ауылдары мен болыстарында Кеңес өкіметінің органдарын үйымдастыру жөніндегі жүмыстарын қиындатты. Әсіресе, Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін үлттық, ең алдымен үлттық-мемлекеттік қүрылыс мэселелері өткір сипат алып, талқылана бастады. Кеңес өкіметінің үлттық саясатының негізгі принциптері маңызды екі қүжатта — 1917 ж. 2 қарашада қабылдан- ған “Ресей халықтары қүқықтарының Декларациясында” жэне 1917 ж. 20 қарашада жарияланған Кеңес өкіметінің “Барлық Ресей жэне Шығыс мүсылман еңбекшілеріне” үндеуінде көрініс тапты. Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай- ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы, Орынбор, Астрахань тә- різді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бүл процесс аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени баяу дамуымен, үлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жүмысшылар мен болыиевиктік үйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. 1917 жылдың күзінен бастап басқарудағы ала-қүлалық жойылып, билік Кеңес атқару комитеттері қолына алына бастады. Сонда да болса, ауыл-селоларда элі Кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес өкіметінің нүсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық-түлік тапшылығынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу үшін, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күресте облыстық жэне уездік кеңестер съездері көп рөл атқарды. Облыстық, уездік, болыстық кеңестерде жер, азық-түлік, шаруашылық, сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жүмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске асырылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдері ашылды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жүмыс істей бастады. Осындай төңкерістік шараларды іске асыру барысында, асыра сілтеушілік, солақайлық, теріс әрекеттер орын алып, Кеңес өкіметіне деген сенімсіздік күшейді.¥лттардың өзін-өзі билеу қүқығын талап етуін заңды процесс ретінде түсінген “Алаш” азаматтары Кеңес өкіметімен келіссөздер жүргізіп, үлттық автономия мәселесін шешуді қолға алды. Осы мақсатта 1918 ж. наурызында Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел жэне Жаһанша Досмүхамедовтер Оралдан Мәскеуге барып, Халық Комиссары Кеңесінің төрағасы В.И. Ленинмен жэне ¥лт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға 1917 ж. желтоқсанда өткен екінші қазақ-қырғыз съезінің қаулысын табыс етті. И.В. Сталин қаулымен танысқаннан кейін 19-20 наурызда Семейдегі Ә.Бөкейханов жэне X. Ғаббасовпен телефон арқылы сөйлесті. Сөз Алашорда автономиясының мэртебесі туралы болды. Өкінішке орай, ¥лт істері жөніндегі халық комиссары Алашорданың қойған талап-шарттарына тікелей ресми түрде жауan бермеді. Себебі, алашордалықтардың автономия құру жөніндегі талаптары Кеңес өкіметінің мүддесіне қайшы келетін еді. 1918 жылдыц қацтарынан бастап Кецес үкіметін жер-жерде үйымдастырып, нығайту ісіне белсенді түрде араласып кетеді. 1918 жылдыц бас кезінен-ақ «үшжүзшілер» болыиевиктер- мен одақтасып, Алашордаға қарсы күресті.
67. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.Бар-жоғы 64 күн өмір сүрсе де, Орта Азия тарихында елеулі орын алып, большевиктерге оппозициялық күш ретінде қарсы тұра білді. 1917 жылғы төңкерістер ұлттық және саяси қозғалыстардың күшеюіне жағдай жасап берді. Осыны пайдаланған түркі халықтарының зиялы қауым өкілдері де өздерінің ұлттық мемлекетін құрып алуды көздеді. Әрине, бұл ұлттық республикалар территориялық жағын Ресей Федерациясы құрамында болғанымен, саяси жағын өзін-өзі басқаруы тиіс еді. Алайда бастапқы кезде мұндай мемлекеттік құрылымға Ленин – Сталин бастаған большевиктер рұқсат бергенімен, олардың саяси күш алып кетуінен қорқып, оларды «төңкеріске қарсы», «заңсыз үкімет» ретінде кінәлаған қаулылар шығарды. Әртүрлі баспасөз бетінде кеңінен айтылғанымен, бірақ белгілі себептерге байланысты ұзақ уақыт бойы дұрыс бағасын ала алмаған тарихи оқиғалардың бірі де осы – «Түркістан мұхтарияты». Бұл мемлекеттік құрылым бұрынғы Түркістан генерал-губернаторлығы шеңберінде (онда қазақ халқының жартысына жуығы мекендеді) 1917 жылдың қараша айының соңында, IV өлкелік Төтенше жалпы мұсылмандар съезінің шешімімен Қоқан қаласында дүние есігін ашты. Большевиктер бұл автономияны бүкілхалықтық емес, тар шеңберде көрсету үшін оны барлық уақытта «Қоқан автономиясы» деп жазып, бір қаланың автономиясы ретінде көрсетуге тырысты.1917 жылдың соңында өмірге келген Алашорда үкіметін сөз қылғанда, бірінші кезекте Әлихан Бөкейхан есімі аталса, Түркістан автономиясы туралы сөз болғанда, еріксіз тілімізге Мұстафа Шоқай есімі оралады. «Халықтар атасы» атанған Сталиннің өзі кезінде саяси қарсыласы ретінде санаған Мұстафа Шоқай Түркістанды автономиялы мемлекет етіп құрудың басынан аяғына дейін жүрді. Большевиктердің ымырасыз қарсыласы ретінде өзінің көзқарасын шетелде жүріп те аяғына дейін жалғастырды. Оның жан жары Мария Яковлевна-Шоқай ол туралы былай дейді: «Ол әрдайым: Біздің Түркістан үшін ең қорқыныштысы – халықтың бірлігінің болмауы. Мен өзіміздің әлсіз екенімізді жақсы білемін. Мен халқымның тыныштығын және бірлігін қалаймын. Сондықтан да Швейцария мемлекетінің үлгісімен федерациялық мемлекет құрғым келеді дейтін». Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарастары ортаазиялық бес республика үшін әлі де өз маңызын жойған жоқ. Әсіресе қазіргі геосаяси жағдайдың маңызды рөл атқаратын заманында түбі бір түркі халықтарының экономикалық – әлеуметтік мәселелерді бірігіп шешуі кезек күттірмейтін жауапты іс. Төңкеріс нәтижесінде қоғамда орын алып жатқан өзгерістерге байланысты Түркістан мұхтариятын жариялау туралы талаптар күннен-күнге күшейе түсті. Осы мақсатта консервативтік бағыттағы «Улема жамиғаты» 12-15 қараша күндері Ташкент қаласында құрылтай шақырды. Түркістан қаласынан келген өкіл Имамберді Ержігітовтың ұсынысы бойынша, жиынға арнайы шақырылған Мұстафа Шоқай Ташкентке келіп, мәжіліс жұмыстарына қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде елде большевиктердің билігі орнағанын, алайда оларды мойындамау керектігі туралы айтады. Мұстафа Шоқай ендігі жерде Түркістандағы бүкіл мұсылмандардың бірігіп, большевиктік үкіметтің де үстінен қарайтын үлкен бір үкімет құру туралы ұсыныс түсіреді. Құрылтай соңында Түркістанда автономия жариялау туралы ұсыныс мақұлданды. Жиыннан кейін Қоқанға қайтып келген Мұстафа Ташкенттегі большевиктер үкіметінің мүшесі Барановтан жеделхат алып, Ташкентке қайта аттанады. Онда Мұстафаға «жаңа үкіметке мүшелікке қабылдайтынын» айтып, кісі қызығарлық ұсыныс жасайды. Алайда Мұстафа бұл ұсыныстан бас тартып, Қоқан қаласына қайтып кетеді. 1917 жылы 26 қараша күні сағат 12-де ұйымдастыру бюросының мүшесі Мұстафа Шоқай құрылтайды ашық деп жариялайды. Мандат комиссиясының мүшесі Ташболатбек Нарботабеков қатысушыларды делегаттардың құрамымен таныстырды. Бұл кезде құрылтайға: Ферғана облысынан – 150, Сырдария облысынан – 22, Самарқанд облысынан – 21, Каспийарты облысынан – 1, Бұхарадан – 4 өкіл қатысып жатқан болатын. Кейінірек құрылтайға қатысушылар саны 250 адамға жетті. Түркістан автономиясын тек қана Қоқан емес, бүкіл Түркістан халқы зор қуанышпен қарсы алды. Жер-жерде жиындар өтіп, бәрі де жаңа өмірге келген автономияны қолдап жатты. Бұл туралы М.Шоқай былай деп жазды: «Автономияның жариялануы түркістандықтардың саяси рухын бірден күшейтіп жіберді. Автономияның орталығы Қоқан қаласы сияқты Ташкент қаласы да айрықша, әсерлі күндерді бастан кешіріп жатқан еді... 1917 жылы желтоқсан айының соңында Орынбордан оралған Мұстафа Түркістанның тәуелсіздігін сақтау жолында іске кірісті. Мұстафаның қарымы мен қабілетін, дарыны мен парасатын аңғарған үкімет мүшелері де оған ерекше сенім артты. Сондықтан Түркістан автономиясы үкіметінің алғашқы басшысы Мұхамеджан Тынышбайұлының 1918 жылы қаңтар айының басында өз еркімен қызметтен кетуіне байланысты үкімет мүшелері оның орнына үкімет басшысы етіп Мұстафа Шоқайды сайлады. Ол үкімет басына келгеннен кейін үкімет мүшелері арасында біршама өзгерістер болды. Өзін қорғайтын армиясы болмаған Түркістан автономиясы большевиктердің жойқын күшіне төтеп бере алмай, 64 күн өмір сүруінен соң 1918 жылдың 13 ақпанында құлатылды.
