- •2.Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •4.Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5.Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •7.Ғұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8.Бірінші Түрік қағанатының тарихы мен тарихнамасы.
- •10.Батыс Түрік қағанатының тарихын баяндаңыз.
- •19. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни.
- •20.Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз, Ибн Сина. М.Қашқари, ж.Баласағұни.
- •21.Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •22.Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •23. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •24.Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз
- •25.Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •27. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •28.Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •29. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •30.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз
- •34.Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз
- •41.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •45.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •46.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •47. Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •48.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •49. 1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •50.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •51.Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •52.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу себептерін түсіндіріп және оның салдарын көрсетіңіз.
- •53.Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •54.1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •55.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •56.Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •57.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •58.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •59.Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
- •60.1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •68. Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
- •83.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •88. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •89.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымда.
- •90.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы.
- •91.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы
- •92.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •93.Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •94.«Қазақстан – 2030» бағдарламасын жүзеге асу процесін көрсетіңіз.
- •95.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •99.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі
- •100.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •101.Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері
- •102.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты
59.Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысып жатқан Ресей империясына жұмыс күші керек болды.Сол үшін бұратанларды қара жұмысқа алу туралы 1916 жылы 25 маусымда патша жарлығы жарияланды.Бұл жарлықтың шығуы бұқараның көтеріліс ұйымдастыруына түрткі болды. Ұлт азаттық көтерілістің бірініші себебі отаршылдық, жерді жаппай тартып алу, патша өкіметінің орыстандыру саясаты, бұқараға сансыз көп қасірет, ашаршылық, аш-жалаңаштық, індеттер әкелген империалистік соғыс соғыс еді. Қара жұмысқа 19 жастан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық халық алынуға тиіс болды. Сол арқылы патша үкіметі көптеген орыс солдаттары жұмысшыларын неғұрлым көнбіс және арзан жұмыс күші ретінде «реквизицияланған бұратаналармен» ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен басқа да тыл жұмыстарынан босатқысы келді. Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді. Патша жарлығына жауап ретінде орасан зор аймақтың-Қазақстан мен Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде дерлік көтерілді. Жергілікті патша әкімшілігінің анықтауы бойынша , далада «біреуі жұмысшылар бергісі келмейтін... екіншісі бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды». Ат төбеліндей азғантай байлар , жергілікті отаршыл әкімшілік – болыс басқармалары, ауыл старшындары патша жарлығын жақтап шықты. Тұтас ауылдар, болыстар, уездер көтеріліс жасаған, өздерімен бірге барлық мүлік пен малды алып, дала қойнауына тереңдеп кеткен аудандарда көтерілісшілерге байлар да қосылуға мәжбүр болды. Басқ «бұратаналар»- дүнген, ұйғыр, өзбек, қырғыздар көтерілісшілерді жақтады. Елде толқу жүріп жатқанда ұлт- зиялылары бей-жай қарап қалмады. Азаматтар өз пікірлерін ұсынды. Бірақ қазақ зиялыларының көзқарасы қайшылықты болды. Зиялылардың батыл бөлігі, халықтың төменгі тобынан шыққандар көтерілісшілерге қосылды. Сонымен қатар 20-ғасырдың басында отаршықдыққа қарсы идеологтар деп саналған қазақ революцияшыл демократиялық зиялыларының ұйытқысы қазақтардың метрополияға қарсы ұлт-азаттық күресі шырқау шегіне жеткен кезеңде патша өкіметі тарапынан жазалау жүргізілуі мүмкін екендігін түсініп, адам алуды кейінге қалдыруды ұсынды. Олардың көбі іс жүзінде қарусыз халықосы заманғы, техникамен жарақтандырылған армияға қарсылық көрсете алмайды деп санады. «Тынышталыңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар»,- деп жазды олар, 1916 жылғы қазандағы үндеу хатында. Сонымен, алаш зиялыларының басшылары отаршыл империямен парасатты ымыраласу тактикасын ұстанып, халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясын алдыңғы қатарға ұсынды. Дүмпуден кейін ілі-шала жүргізілген қанқұйлы жазалау, Қазақстан мен Орта Азияның жүз мыңдаған тұрғындарының қаза табуы бұл қауіптенудің көпшілігі орынды болғанын растады. Көтерілістің негізгі ошақтары Жетісу жері Торғай уезі аумағы болды. 1916 жылғы 11 шілдеде «Ереуілтөбеде» албанның 14 болысының жігіттері Қарқара аймағының 78 жастағы танымал басшысы , болыс басқарушысы Жәрмеңке Мәмбетовтың «Егер солдатқа берсек – ұлдарымыздан айырыламыз, егер бермесек қарттардын айырыламыз, балаларымызды құтқарып қаламыз.Өлсек те, беріспейміз!» деген ұранын қабылдады. Халық қозғалысы барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер , басқару аппараттары құрылып, ауқымдылығы мен қатысушыларды қамтуы және зардаптары жағынан алғанда ол империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңі ішіндегі азаттық күресінің шырқау шегі болды.
