Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пособие РЭУ.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары

Осы мәселе бойынша түрлі уақытта көптеген еңбектер жазылған. Олардың ішінде, өкінішке орай, ғылымның кейіннен дамуы үшін негіз болатындай бір-екі еңбекті атап өту қиын.

Орналастыру заңдылықтарының тұжырымдамалары әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесімен, экономикалық даму кезеңімен, ғылыми-техникалық прогреспен, экономикалық рационалдылық талаптарымен байланысты өндіргіш күштерді орналастырудағы қадағаланатын немесе қалаулы қарқындарды сипаттайды. Дәстүрлі кеңестік саяси экономия парадигмасына сәйкес заңдылықтар объективті экономикалық заңдардың нақтылаулары, жеке жағдайлары немесе салдарлары болып табылады.

Маңызды заңдылықтардың қатарына жататындар:

1) өндірісті рационалды, неғұрлым тиімді орналастыру;

2) экономикалық аудандар шаруашылықтарының кешенді дамуы;

3) аймақтар арасында және территория шеберінде рационалды территориялық еңбек бөлінісі;

4) аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму деңгейлерін түзету.

Өндіргіш күштерді орналастыру стратегиясы тұрғысынан аталған заңдылықтар шынында да жүзеге асырылмауы мүмкін (мысалы, даму деңгейлерін түзету) нормативті талаптарды немесе қалаулы қарқындарды білдіреді. Заңдылықтардың өзге де белгілі тізімдері өндірістің шоғырлануын, қала мен ауылдар арасындағы қайшылықты жоюды, өндіріс пен халықты неғұрлым тиімді орналастыруды қамтиды.

Заңдылықтар жүйесіне байланысты аймақтық дамудың нақты саясаты, сондай-ақ оның қандай да бір қағидалары құрылады.

Қағидалар - бұл белгілі тарихи кезең аралығында халықтың өмірлік іс-әрекетін аймақтық ұйымдастыру барысында қоғамның ұстануға тиісті ғылыми негізделген ережелері. Егер заңдылықтар - бұл экономикалық жүйені аймақтық дамыту саласындағы ғылыми абстракциялар болса, ал қағидалар - бұл әлеуметтік-экономикалық саясатта басшылыққа алатын ғылыми-негізделген ережелер.

Қазіргі таңда келесі негізгі қағидаларды жүзеге асыру мүмкіндігі бар:

1. Әлеуметтік қағидалардың экономикалық, өндірістік және технологиялықтан басым болуы, аймақтардың шаруашылық дамуының әлеуметтік бағдары.

2. Шикізат көздеріне, жанармай, энергия, еңбек ресурстарына, дайын өнімді тұтыну аудандарына жақындығын ескере отырып, нарықтық конъюнктура тұрғысынан өндірістік және өндірістік емес объектілерді орналастыру.

3. Табиғи ресурстарды рационалды, кешенді пайдалану, олардың ұдайы өндірілуі, қоршаған табиғи ортаны қорғау және жақсарту.

4. Территориялық еңбек бөлінісі мен еңбек интеграциясы процесінде жүзеге асырылатын сыртқы нарыққа ашықтығымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын өзіндік қамтамасыз етудің үйлесімділігі.

5. Шаруашылық ету формаларының алуан түрлілігі.

6. Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі басқару процесін қамтамасыз ету

7. Әр адамға өмірлік іс-әрекетін таңдауда конституцияға қайшы келмейтін экономикалық, саяси және рухани еркіндік ұсыну.

Аймақтың дамуына ықпал ететін түрлі элементтерге байланысты факторлардың келесі топтарын қарастыруға болады:

  • табиғи-географиялық,

  • экономикалық,

  • технико-технологиялық,

  • социодемографиялық,

  • саяси-құқықтық.

Әрекет ету саласына сәйкес аталған топтар шеңберінде барлық факторлар аймақтың шаруашылық жүйесінде туындайтын сыртқы факторларға және осы жүйе субъектілерінің шеңберінде туындайтын ішкі факторларға бөлінеді.

Табиғи-географиялық факторлар тобы аймақтық жүйеге тікелей немесе жанама ықпал ететін табиғи-климаттық, ресурстық, географиялық және экологиялық факторлардың ішкі топтарын қамтиды. Тәртіп бойынша, осы факторлардың ықпалын сыртқы факторларға жатқызады. Табиғи-климаттық жағдайлар мен ресурстық потенциал өнеркәсіптік өндіріс, ауылшаруашылығының құрылымын, құрылыс жұмыстарының құнын анықтап, сәйкесінше, өндірістік емес сала ерекшеліктері де анықталады. Осылайша, мысалы, жазық далада орналасқан аудандар әуе, автокөліктік және теміржол көлік түрлері үшін, сондай-ақ өсімдік шарашылығы, жеңіл, тамақ өнеркәсібі үшін тартымды. Экологиялық факторлар өндірістік инфрақұрылымға ықпал етеді.

Технико-технологиялық факторлар тобы аймақ кәсіпорындарының технико-технологиялық базасының жағдайын сипаттайды.

Нарықтық инфрақұрылымға ықпал ететін экономикалық факторлар неғұрлым маңызды блокты білдіреді: түрлі меншік формалары, нарықтық конъюнктура, инвестициялық саясат, экономиканың демонополизациялануы, тұтыну нарығы, салық саясаты, мемлекеттік қолдау, мемлекеттің қаржылық саясаты, өткізу нарықтарының шекаралары.

Аймақтық нарықтық шаруашылықтың дамуына тікелей ықпал ететін экономикалық факторлардың ішінде меншік формасының алуан түрлілігін атап өтуге болады. Ұжымдық, мемлекеттік немесе жеке меншік формасындағы кәсіпорындар нарықтық экономикада тең құқылы әрекет етуі тиіс. Меншік формаларының қоғамдық еңбек деңгейі мен субъектілердің экономикалық мүдделеріне адекваттылығы еңбек өнімділігінің артуына, өндіріс ауқымының артуына, нарықтың толығуына, кәсіпорын рентабельділігі мен олардың инвестициялық тартымдылығының артуына ықпал етіп, аймақ шаруашылығының дамуын ынталандырушы фактор болып қатысады.

Территорияның қолайлы инвестициялық климаты аймақ дамуының факторы болып қатысатын объективті жағдайлар мен тиімді инвестициялық саясаттың нәтижесінде қалыптасады. Инвестициялардың басым бөлігі қаржыландырудың мемлекеттік емес көздерінен құрылатындықтан бұл фактор маңызды болып табылады. Инвестициялық саясат бағытынан қаражаттарды салу саласы да тәуелді болады. Осылайша, мысалы, банктік құрылымдар көбінесе сауда-делдалдық сипатқа ие болатын жылдам ақталатын жобаларды қаржыландыруды қалайды. Осы себептен біз материалды өндіріске қаражат салусыз банктік және сауда капиталдарының артуын байқадық.

Социо-демографиялық факторлар субъективті факторлар қатарына жатқызылады, себебі олар тікелей адамнан, оның менталитетінен, біліктілігінен, білімінен, жасынан тәуелді болады. Бүгінгі күні дәл осы жас бизнесмендер қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістерінің қозғаушы күші болып табылады.

Саяси-құқықтық факторлар келесі формаларда көрініс табады:

- аймақтық процестер шеңберіндегі, өндіргіш күштерді территориялық-ұйымдық орналастыру саласындағы заң базасы, заңдардың орындалу нақтылығы;

- мемлекеттің экономикалық функцияларының өзгеруі;

- саяси жүйенің тұрақтылығы.

Қазақстан Республикасында территориялардың ұйымдастырылуы мен өндіргіш күштердің орналастырылуы Қазақстан Республикасындағы территорияны ұйымдастырудың Бас сызбасында қабылданған шешімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының территорияларды ұйымдастырудың Бас сызбасы келесілерді қамтиды:

1) стратегиялық және экономикалық жоспарлау ережелеріне сәйкес өндіргіш күштерді орналастырудың негізгі қағидалары;

2) рационалды табиғат пайдаланудың, шаруашылық іс-әрекеттің, өндірістік, көліктік, инженерлік, әлеуметтік және республикалық маңызы бар рекреациялық инфрақұрылымның негізгі ережелері;

3) аймақтардағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша, тарихи және мәдени мұра объектілері бар территориялардың сақталуы бойынша негізгі шаралар;

4) айрықша қорғалатын территорияларды, пайдалы қазбалары бар территорияларды, зиянды құбылыстардың және архитектуралы-қала тұрғызу іс-әрекеті үшін техногенді сипаттағы ықпалға алынған территориялардың пайдаланылуы бойынша шектеулер немесе пайдалану түрлері.

Бас сызба жүзеге асырады:

1) өндіргіш күштерді орналастыру жүйесін мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етеді;

2) Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық құрылымын есепке ала отырып, территориялардың мәртебесін, тағайындалуы мен пайдаланылу сипатын бекітеді;

3) архитектуралық, қала тұрғызу және құрылыс іс-әрекеті арқылы әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық дамыту бағдарламалары бойынша аймақаралық және салааралық мемлекеттік қызығушылықтарды координациялайды;

4. Бас сызбаның негізгі ережелері Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.

5. Бас сызбаны өңдеу тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.