- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1) АЭА қандай жағдайларда құрылады?
2) Мәселелік аймақтарға және қандай мәселелерді шешуге жеңілдіктер ұсынылады?
3) Неліктен АЭА саны шектеулі болуы тиіс?
4) Кәсіпкерлік зоналарын құру неге тәуелді?
5) Технико-енгізу зоналарының кәсіпорындарына қандай қолдау формалары көрсетіледі?
Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
Бюджет жүйесі – бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:
1) бірыңғайлық принципі – бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану, ҚР бірыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесінің бірыңғай рәсімдерін пайдалану;
2) толымдылық принципі – барлық түсімдер мен шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;
3) реалистік принципі – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекітілген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі;
4) транспаренттілік принципі – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау;
5) дәйектілік принципі – мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы;
6) нәтижелілік принципі – мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару;
7) бюджеттердің дербестік принципі – түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау;
8) сабақтастық принципі – өткен кезеңде бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер, базалық шығыстар болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау;
9) негізділік принципі – бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау;
10) уақытылылық принципі – республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу және оларды ҚР Ұлттық банкіндегі Үкімет шотына аудару;
11) кассаның бірыңғайлық принципі – бюджетке барлық түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;
12) тиімділік принципі – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу;
13) жауапкершілік принципі – тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының ҚР заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы;
14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципі – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ҚР заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.
Профессор В.М. Радионованың пікірінше, «...бюджет жүйесінің буындары арасындағы кірістерді тұрақты негізде шектеумен және тарихи қалыптасқан жағдайлармен байланысты өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін жеткілікті қаражатпен қамтамасыз етілмеген аймақтық және жергілікті билік органдарына қаржылық көмек көрсетумен байланысты, түрлі деңгейдегі билік органдары арасындағы қатынас» болып түсіндіретін бюджетаралық қатынас бюджеттік қатынастардың негізін құрайды.
Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің ара-жігін дәл ажыратуға, бюджет деңгейлері арасындағы түсімдер мен шығыстарды бірыңғай, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының Бюджет Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесіне араласуына жол бермейді.
Бюджетаралық қатынастар елдің ішкі экономикалық кеңістігінің біртұтастығын жеткілікті дәрежеде ұстап тұруға бағытталған мемлекеттік саясат кұралдарының бipi болып саналады. Бюджетаралық қатынастарды неғұрлым жинақталған түрде:
- жекелеген әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындаудағы республикалық және жергілікті деңгейлер арасындағы бөлініс пен оны құқықтық бекітуді болжайтын, шығыстарды бөлу;
- бюджет жүйесінің әрбip деңгейіне өкілеттіктермен теңдей бекітілген шығыстар шамасын негіздеу;
- барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін құқықтық бекіту;
- шығыстардың аумақтық кұрылымдарынан және аумақтардың жиын қаржылық әлеуетіне негіздей отырып, бюджетаралық қаржы ағындарын ұйымдастыру өлшeмдepiн айқындайтын және құқықтық бекітуді болжайтын аймақтарды қолдау нысандары ретінде елестетуге болады.
Қазақстан Республикасындағы бюджетаралық қатынастар Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 6-тарауының 2- бөлімінің 38-45 баптарымен реттеледі, мұнда бюджетаралық қатынастарды реттеудің негізгі түсінігі, нысандары мен әдістері айқындалған.
Мысалы, ҚР Бюджет Кодексіне сәйкес, бюджеттік процестен жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттер арасындағы қатынас бюджетаралық қатынастар болып түсіндіріледі. Бұл ретте төмендегі сипатқа ие бюджетаралық қатынастарда туындайтын жайларға жол бермеу айқындалған:
бюджеттік процесте республикалық бюджеттің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерімен өзара қатынастарына жол берілмейді;
бюджеттік процесте облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерімен өзара қатынастарына жол берілмейді;
3) бюджеттік процесте аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-бірімен өзара қатынастарына жол берілмейді.
Ол түпкі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталғанда бюджетаралық қатынастар жүйесін тиімді деп атауға болады. Бұл ретте басымды бағыттарға мыналарды жатқызуға болады:
Өмір сүру деңгейін арттыру, әлеуметтік жағынан қорғалуды қамтамасыз ету және халықтың бюджеттік қызмет көрсетулер мен әлеуметтік кепілдіктерге бірдей мүмкіндігі;
Тұрлаулы экономикалық өркендеуге қол жеткізу үшін елдің және оның өңірлерінің салық және ресурстық әлеуетін оңтайлы пайдалану;
Бюджет жүйесінің ресурстарын бөлу және пайдалану бойынша әр түрлі билік деңгейлері арасындағы қарсы тұрушылықты жою.
Сонымен бірге, өзінің пайда болу табиғаты бойынша бюджетаралық қатынастардың мақсаты жеткілікті түрде динамикалы екенін атап өту қажет, сондықтанда елдегі жалпы экономикалық ахуал өзгерген кезде оны жетілдіріп отыруды талап етеді.
Аймақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай көрсеткіштерінің айырмасы өсе түсетін экономикалық дағдарыстар кезеңдерінде артта қалған аймақтар саны көбейеді, сондықтан да бюджетаралық қатынастардың негізі «әлсіз» аймақтардың қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ету; әлеуметтік-экономикалық жағдайдың аймақтық дифференциялану дәрежесінің одан әрі елдің біртұтастығының күйреуі босатылған шекке жақындауына жол бермеу; дағдарыстан шығу жағдайларын жасау, «әлсіз» аймақтардың артта қалушығын жою және алдағы уақытта аймақтар арасындағы айырмашылықтарды жою болып табылады.
Аймақтар арасындағы айырмашылықтарды жою және осы айырмашылықтар дәрежелерін өзін-өзі реттеу шегіне дейін барынша жақындату экономикалық өркендету кезеңдеріндегі бюджетаралық қатынастардың негізгі мақсаты болып саналады, осыларды жойғаннан кейін аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестірудің нарықтық тетіктері іске қосылады.
Қазақстанның жетекші экономист-ғалымдарының пікірінше бюджетті, оның ішіндегі бюджетаралық қатынастарды реттеуді, келесі негізгі бағыттарда жүзеге асыру кажет:
1. Түрлі билік деңгейлері арасындағы шығыс өкілеттіктері мен жауапкершіліктің ара жігін неғұрлым дәл ажырату;
2. Бюджетаралық қатынастарды реформалау, республикалық, сол сияқты аймақтық деңгейде қолданылатын заңдар мен өзге нормативтік-құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келуі жағдайында заңдық базаны дәйекті жетілдіру негізінде жүзеге асыру;
3. Аймақтардың бюджеттік қамтамасыз етілуін трансферттік теңестірудегі басым бағыттарынан олардың бюджеттік дербестігін нығайту, өздерінің кipic көздерін ұлғайту мен нығайтудағы аймақтық және жергілікті үкіметтердің мүдделігін арттыру үшін арттық жағдай жасауға біртіндеп көшу бюджетаралық қатынастарды дамытудың басты бағыттарына айналуы тиіс;
4. Экономиканы қаржыландыруда салалық және аумақтық басымдылықтардың оңтайлы үйлесіміне кепілдік берілуі тиіс;
5. Аймақтарды қаржылық қолдау тетіктерінде оның мөлшерлерін және нормативтік-үлестік әдістерінен аймақтардың басымдылықтарын анықтау және осындай қолдау көрсету нысандары мен тәсілдерінің алуандығы негізінде бюджеттік реттеу әдістерін таңдауда аралас тәсілдерді икемді колдануға өту жүзеге асырылуы тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінде аймақкаралық айырмашылықтарды жою проблемаларын шешу мақсатында бюджеттік реттеу теориясы мен тәжірибесі негізінде республикалық бюджет арқылы аймақтардың бюджеттік қамтамасыз етілуіне әсер етудің негізгі нысандары талданып, әзірленеді.
Бюджетаралық қатынастарды реттеудің (әсер етудің) үш нысанының ара жігі ажыратылады:
ресми трансферттер;
бюджеттік несиелер;
кірістерді бөлу нормативтері.
Бұл ретте ҚР Бюджет Кодексіне сәйкес әсер етудің алғашқы екі нысаны республикалық және облыстық бюджет, республикалық манызы бар қалалар, астана бюджеті арасындағы қатынасты реттейді, ал облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) арасындағы қатынас әсер етудің жоғарыдағы үш нысанымен де реттеледі.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары мемлекеттің орта мерзімді фискалдық саясатына сәйкес белгіленеді. Бұл ретте бюджеттердің әрбір деңгейінің салықтық әлеуеті, аймақтардың объективті бюджеттік қажеттіліктерін бағалау нәтижелері, бекітілген натуралды нормалар бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындауға әсерін тигізеді.
ҚР Бюджет Кодексінің 41-45-баптарына сәйкес бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын келесі сызба түрінде беруге болады (сурет 12.1).
Сурет 1. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары
Бюджетаралық қатынастарды реттеудің әpбip нысанынын ерекшелігін жекелей толық қарастырып көрелік.
Бюджеттік несие - қайтарушылық, жеделдің және ақылы негізде бюджеттен бөлінетін ақша. Бюджеттік несиелер республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге, тиісінше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне, бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жүзеге асыруға және қаржы жылы ішіндегі кассадағы айырманы жабуға несиелер беруді білдіреді.
Ресми трансферттер - бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттык қорына, сондай-ақ бюджеттен соның iшiндe жеке және заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер.
