Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пособие РЭУ.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі

Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексімен орнатылған бюджет деңгейлерінің арасындағы түсімдер мен шығыстарды бөлу қағидаларына негізделеді және облыс-аудан деңгейінде өзара қатынастардың мөлдірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бюджет кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар трансферттер, бюджеттік несиелер мен табыстарды бөлу нормативтерімен реттеледі.

Жергілікті деңгейдегі орта мерзімдік кезеңге бюджеттік даму бағдарламаларының басымды бағыттары – білім беру, денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы, сумен қамтамасыз ету және тұрғын үй құрылысы.

Сәйкес бюджеттік бағдарламалардың администраторлары болып табылатын жергілікті атқарушы және орталық органдарының салиқалы жауапкершілігін ескере отырып, мақсатты трансферттер тиімділігі мен нәтижелілігін бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылатын болады.

Бюджетаралық трансферттер – бюджетаралық дисбаланстарды реттеудің негізгі құралы. Трансферттердің негізгі типтері: вертикалды (жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменге) және горизонталды (бір деңгей бюджеттері арасында). Вертикалды бюджетаралық трансферттер, өз кезегінде, жалпы (теңестіруші) және мақсатты (арнайы) трансферттерге жіктеледі.

Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қою жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады.

Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.

Жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисабы кезінде ескерілмейтін, ағымдағы жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттердің төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттері ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.

Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу, нысаналы трансферттерді аудару, қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Мыналар:

- республикалық бюджетте бекітілген сомалар шегінде республикалық бюджеттен облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджетіне;

- облыстык бюджетте бекітілген сомалар шегінде облыстың бюджеттен аудан (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетіне берілетін аймақтық бағдарламаларда көзделген жергілікті бюджеттің инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға арналған ресми трансферттер болып табылады.

Сондай-ақ, нысаналы трансферттер мен несиелердің жергілікті атқарушы органдардың олардың нысаналы бағыттарына ғана сәйкес пайдаланатындығын атап өту қажет.

Нысаналы мақсаттарға пайдаланылмаған нысаналы трансферттер мен несиелердің сомасы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоксанына дейін осы трансферттер мен несиелерді бөлген жоғары тұрған бюджетке міндетті түрде қайтаруға жатады.

Нысаналы трансферттер мен несиелердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған сомасы қаржы жылы аяқталғаннан кейін он күн ішінде осы трансферттер мен несиелерді бөлген жоғары тұрған бюджетке міндетті түрде қайтаруға жатады. Қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) дамуға арналған нысаналы трансферттердің сомасы, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның каулысы негізінде Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе Мәслихатта ағымдағы жылдың бюджетін нақтылаусыз бюджетін инвестициялық жобаның бекітілген жылдық көлемінен 10%-дан аспайтын сомаға белгіленген мөлшерде тиісті төмен тұрған бюджеттердің иелігінде қалуы мүмкін. Мұндай шығыстар ағымдағы жылдың шығыстары болып табылады».

Сонымен, бюджет саясатының негізгі мақсаты – диверсификациялауды ынталандыру, экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі мәселелерді шешу қажет:

- нәтижеге бағдарланған бюджеттеу әдісін енгізу мақсатында бюджет заңнамасын жетілдіру, ол шығындардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, оптимизациялау арқылы қаржылық ресурстарды босатуға мүмкіндік береді;

- адамзат капиталы, инфрақұрылымды, мемлекеттік басқаруды, инновациялардың жоғары өсім қарқындарын ынталандыру есебінен бәсекеқаблеттілікті тұрақты түрде арттыру;

- мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлауды жетілдіру;

- көлеңкелі іс-әрекеттерді болдырмау жолымен қадағаланбайтын экономика деңгейін төмендету.

Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу - бұл мемлекеттік саясат басымдықтарын және бюджет қаражаттарын қолданудың күтілетін нәтижелерінің маңыздылығын ескере отырып, бюджет ресурстарын мақсаттары, мәселелері мен қызметтері бойынша бөлінуін қамтамасыз ететін бюджетті жоспарлау, пайдалану мен бақылау әдісі.

Аталыш әдіс шығындар мен нәтижелерді салыстыруға, бюджет қаражаттарын жұмсаудың неғұрлым тиімді жолдарын таңдауға, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық сипатқа ие шараларды жүзеге асыру аймақтық бағдарламалардың өңделетін стратегиялық құжаттары шеңберінде қарастырылатын болады.

Соңғы онжылдықтарда экономикаға салық жүктемесін төмендету, бәсекеқабілетті жоғары технологиялық өндірістерді дамуды ынталандыратын нормаларды енгізу арқылы жұмыстар жүзеге асырылды.