- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
Бағдарлама жобасы қамтуы тиіс:
- Бағдарлама мақсаттары мен мәселелерін (сапалы және сандық нақтыланған);
- Бағдарламаны орындау кезеңдері мен мерзімдерін;
- Бағдарлама құрылымын (бағдарламаның бағыттары бойынша құрамы: табиғи-ресурстық және демографиялық потенциал, негізгі өндірістер мен инфрақұрылымды дамыту, ғылыми-техникалық даму, аймақаралық ынтымақтастық пен сыртқыэкономикалық іс-әрекет);
- Бағдарламалық шаралар жүйесін (бағыттары бойынша);
- Қаржылық шығындардың негізделуін;
- Әлеуметтік-экономикалық тиімділікті есептеу мен экологиялық салдарлардың бағалануын;
- Бағдарламаны жүзеге асыру механизмдерінің сипаттамасын (қажетті нормативті-құқықтық және институционалды өзгерістер, қаржылық ресурстарды тарту және ынталандыру жүйесі, бағдарламаны басқаруды ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау);
- Мемлекеттік тапсырыс берушілер мен бағдарламаның атқарушылары жайлы мәліметтер.
Бағдарламаны дайындау процесінде тұжырымдама, түрлі сценарийлер мен болжамдар өңделеді, түрлі аналитикалық әдістер қолданылады.
Бағдарлама жобасын өңдеу аяқталғаннан кейін мемлекеттік тапсырыс беруші онда қарастырылған шаралардың және қаржыландыру көздерінің министрліктер және ведомстволармен, жергілікті билік органдарымен, кәсіпкерлік құрылымдармен келісімділігін ұйымдастырады. Мұнда жоба сарапталып, ал оның нәтижелері бойынша сәйкес толықтыру жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметімен бекітілген бағдарлама бюджеттен қаржыландырылады, ал мемлекеттік тапсырыс беруші бағдарламаны орындаушылармен бюджет пен бюджеттен тыс қорлардан қаржыландыруға мемлекеттік келісім-шарттарға отырады. Бағдарламаны мемлекеттік тапсырыс берушімен құрылатын дирекция ағымды басқарады. Бағдарлама көрсеткіштері жыл сайын нақтылануы керек.
Республикалық және аймақтық бюджеттер қаражаттарынан басқа аймақтық бағдарламалар бағдарлама қатысушыларының жарналарын, бағдарламаның жүзеге асырылуына қызығушылық тудыратын кәсіпорын пайдаларынан мақсатты аударымдарды, банк несиелерін, халық қаражаттарын, шетелдік инвестицияларды тартады. Сонымен қатар, арнайы қаржылық қорларды құру мүмкіндігі де қарастырылады.
10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
Қазіргі
таңда аймақтық жетекшілердің басым
бөлігі өз территориясын экономикалық
дамыту стратегиясын өңдеу қажеттілігін
сезінді. Әдетте аймақтың әлеуметтік-экономикалық
дамуының орта мерзімді бағдарламасының
инициаторлары және өңдеушілері болып
оның әкімшілігі табылса, ал бағдарламаны
білдіретін құжаттың құрылымы мемлекет
деңгейіндегі сәйкес құжаттар құрылымымен
сәйкес келеді.
Аймақтық бағдарламалардың
мақсаттарын есепке алу барысында тек
екі субъект назарға алынады:
әкімшілік пен мемлекет. Жағдайлардың
басым көпшілігінде әрекет етуші
бағдарламалар аймақтық әкімшілік
тарапынан болашақтағы көріністі
сипаттайды,
олар, өз кезегінде, республикалық
атқарушы билік органдарының мақсаттары
және міндеттеріне сәйкес толықтырылады.
10.1 суретте әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақтық бағдарламаларының мәселелері келтірілген.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың
аймақтық бағдарламаларының мәселелері
Аймақ даму бағдарламасының ұйымдық
жоспарын өңдеу
Аймақтық бағдарламаның жалпы құрылымын
анықтау
Бағдарламаларды жүзеге асыру барысында
координациялау мен бақылауды жүзеге
асыру
Бағдарламаны қаржыландырудың негізгі
көздерін айқындау
Шараларды жүзеге асыру құралдарын
нақтылау
Сурет 10.1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақтық бағдарламаларының мәселелері
Бағдарламаны құруға қатысты жоғарыда сипатталған тәсілдеме аймақтық бағдарламаларды өңдеу мен жүзеге асыру үшін қажетті шарттар болып табылатын әлемде қабылданған факторларды есепке алмайды:
- бағдарламаның инициаторынан тәуелсіз түрде оның табыстылығы негізгі әріптестердің тең құқылылығы мен өзара толықтырылуына негізделіп, олардың мүмкіндіктерінің сәйкес келу деңгейімен анықталады;
- стратегиялық даму бағыттарын таңдау терриорияның жалпы мәселелерін шешуден емес, аймақтың бәсекелік артықшылықтарынан тұрады;
- аймақтық бағдарлама - бұл мақсатты шаралар жоспары.
Бағдарламаның өңделуі мен жүзеге асырылуына мемлекеттік бюджет қаражаттарының жұмсалуы тұрақты бақылауды талап етеді. Бағдарламалардың тиімділігі мен нәтижелілігіне баға беру ұсынылады.
Аймақтық бағдарламаларды жүзеге асырудың маңызды құралдары:
біріншіден, аймақтың өндіргіш күштерін кешенді дамыту, ең алдымен, табиғи және еңбек ресурстарын, ғылыми-техникалық потенциалды пайдалану, өндіргіш күштердегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру;
екіншіден, аймақішілік және аймақаралық мамандану, кооперациялау, комбинациялаудың тереңдеуі;
үшіншіден, мемлекеттің экономикалық тетіктерінің (қаржы-несиелік, бюджеттік, салықтық, инвестициялық, амортизациялық және т.б.) басым болуы барысында мемлекеттік реттеу және экономиканы нарықтық реттеу тетіктерінің оптималды үйлесімділігі жолымен шаруашылық механизмді жетілдіру;
төртіншіден, аймақтарды мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді үйлесімділігі (шамадан тыс орталықтанған модель барысында территориялық құрылым мен басқару бәсеңдеп, аймақтар дамуының дағдарыстық сипаты күшейеді; ал шамадан тыс орталықсыздандыру барысында автаркиялық типтегі тар аймақтық нарықтар қалыптасады);
бесіншіден, өндірістік қатынастарды, экономикалық меншік қатынастарын сапалы жетілдіру (меншік формаларының үйлесімділігі, жұмыскерлердің меншікті басқаруға толыққанды қатысуы);
алтыншыдан, аймақтық «интеллектуалды инфрақұрылымды» дамыту (аймақ шеңберінде білімді генерациялау, олардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық өңдеулерге ауысуы, инвестициялық жобалар);
жетіншіден, жеке капиталды (оның ішінде шетелдік) белсенді тарту;
сегізіншіден, сәйкес меншік құқығын қалыптастыру.
Аймақтардың орналасуына, олардың минералды-шикізаттық және табиғи-климаттық жағдайына байланысты аймақтық бағдарламаларды жүзеге асырудың негізгі құралдарына келесілер жатқызылуы мүмкін: ауылшаруашылығын, агроөнеркәсіптік кешенді, курорттық-рекреациялық шаруашылықты дамыту. Мұнда ұдайы өндірістік макроэкономикалық процестердің органикалық бірлігіне қол жеткізу, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық іс-әрекетінің тұрақты да қарқынды ынталарын қалыптастыру маңызды.
Аймақтық бағдарламалардың құраушылары:
- ақпараттық-аналитикалық бөлім (өндіргіш күштерді кешенді талдау, өндірістің аймақішілік және аймақаралық мамандануы мен кооперациялануы, түрлі ресурстарды пайдалану тиімділігі, күрделі мәселелердің, теңсіздіктердің болуы, аймақтағы экономиканың мемлекет иелігінен шығарылуы мен жекешелендірілуі, қоршаған ортаның ластану деңгейі, халықтың өмір сүру деңгейі, т.б.);
- орталық бөлім (негізгі және өндірістік мақсаттардың, оларға қол жеткізу жолдарының негізделуі, сандық және сапалық тұрғыдан сәйкес мақсаттарды анықтайтын өзара байланысты көрсеткіштер жүйесі негізделеді);
- баланстық есептеулер кешені.
Аймақтық бағдарламалардың негізгі көрсеткіштер:
- макроэкономикалық (ЖІӨ көлемі, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі);
- халықтың саны мен жұмысбастылығы;
- материалдық өндіріс саласының даму деңгейі (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік және байланыс);
- материалдық емес өндіріс саласының даму деңгейі (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, дене тәрбиесі мен спорт);
- халықтың өмір сүру деңгейі (тауарлар мен қызметтерді тұтыну, нақты табыстардың көлемі);
- құрылымдық қайта құрулар мен экономикалық меншік қатынастарының трансформациялануы (демонополизация, өндірістің корпоратизациялануы, кәсіпкерліктің дамуы (шағын бизнес), мемлекет иелігінен шығару мен жекешелендіру дәрежесі);
- сыртқыэкономикалық іс-әрекет;
- табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау;
- қаржылық көрсеткіштер және т.б.
Аймақтық бағдарламаларды өңдеу барысында жиі қолданылатын маңызды әдістерге жататындар:
- жүйелік тәсілдеме;
- нормативтік әдіс;
- баланстық;
- аналитикалық;
- экстраполяция.
Аймақтық бағдарламалардың тиімділігі – бағдарламаға енгізілген тапсырмаларды жүзеге асыру негізінде алға қойылған мәселелерді шешудің экономикалық тиімділігі. Сондай-ақ, бағдарламада ұсынылған арнайы механизмдердің экономикалық тиімділігін бағалау тәжірибеде мүмкін болады.
Бағдарламаның нәтижелілігі – ол:
біріншіден, оның күтілетін нәтижелерінің алға қойылған мақсатқа сәйкес келу шамасы;
екіншіден, соңғыға жақындау дәрежесі;
үшіншіден, аймақтағы әлеуметтік, демографиялық және экологиялық жағдайға тікелей жағымды ықпал етуі.
Тәжірибеге бағдарламалардың орындалу сараптамасының кешенді болып, тек қаржылық мәселелерге ғана тірелмейтін тәртіпті енгізу қажет. Әр бағдарлама үшін ең бастысы – нәтижелерге қол жеткізу және әр бағдарламаның тиімділігін қамтамасыз ету.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1) Аймақтық бағдарламаларға не кіреді?
2) Аймақтық бағдарламаларды өңдеу мен жүзеге асырудың қандай әдістемелік қағидаларын білесіздер?
3) Бағдарламаның типтік құрылымы қандай?
4) Аймақтық бағдарламалардың жобалары қалай өңделеді?
5) Бағдарлама түсінігінің мәнін ашыңыз.
6) Аймақтық бағдарламаның тиімділігі деген не?
ТАКЫРЫП 11. АЙМАҚТЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАР
ДӘРІС ЖОСПАРЫ (1 САҒАТ)
11.1.Нақты жерлердегі экономикалық өмірді ұйымдастырудың түрі ретінде арнайы экономикалық аймақ (АЭА)
11.2.АЭА деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
11.1.Нақты жерлердегі экономикалық өмірді ұйымдастырудың түрі ретінде арнайы экономикалық аймақ (АЭА)
Көптеген елдерде әлеуметтік-экономикалық дамуды ынталандыру, дағдарыстық жағдайларды жеңу, әрекет етуші мүмкіндіктерді неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында аймақтар (зоналар) құрылып, олар үшін экономикалық іс-әрекетті реттеудің ерекше әдістері мен механизмдері қолданылады.
Нақты аймақтың ерекшеліктері мен оларды дамыту мақсаттарына байланысты осындай зоналардың іс-әрекеті мен қызметтері түрліше болады. Көптеген жағдайларда ерекше зона мәртебесін беру үшін өзінің неғұрлым өзекті мәселелерін өз күшімен шеше алмай, мемлекеттік қолдауды қажет ететін территориялар таңдалады. Бұл - мәселелік аймақтар.
Арнайы экономикалық аймақ - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын дәл белгіленген шекаралары бар елдің шектеулі аумағы.
Арнайы экономикалық аймақтар – төмендегі белгілермен айрықшаланатын ұйымдық-экономикалық территориялық құрылымдардың бір түрі:
- бағыттары;
- мамандану деңгейі;
- еркіндік дәрежесі, яғни мәселелерді шешуде құқықтары мен өкілеттіктерінің кеңдігі.
АЭА құру кәсіпкерлік іс-әрекет пен халықаралық байланыстарды дамытудың кең таралған формаларының бірі болып табылады.
Ұйымдық-құқықтық форма ретінде АЭА белгілі мақсатты бағыты мен кәсіпкерлік іс-әрекетінің мамандануы, шетелдік капиталды кеңінен тарту, өндірісті интерұлттандыру, әрекет етудегі арнайы экономикалық механизмдері, арнайы нормативтік актілері бар елдің жекелеген территорияларын білдіреді.
Арнайы экономикалық аймақ – бұл нарықтық экономикаға сәйкес келетін, барлық іс-әрекет түрі мен сыртқыэкономикалық байланыстарға толыққанды қатысатын резиденттердің мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік және бірлескен формасының үйлесімділігі барысында өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды дамыту.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және қызмет жүргізу туралы келісім жасасқан заңды тұлға.
Арнайы экономикалық аймақтарды құрудың мақсаты - экономиканың салаларын дамыту және қолдау, өңірлерді жедел дамыту және әлеуметтік проблемаларды шешу, кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыру, инвестицияларды, технологияларды және қазіргі заманғы менеджментті тарту, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру мақсатында құрылады.
АЭА қатысушыларына мына жеңілдіктер ұсынылады:
- корпоративтік табыс салығынан босату;
- жер салығын есептеу барысында нөлдік ставка бойынша салық салу;
- мүлікке салық есептеу барысында салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0% ставканы қолдану;
- АЭА құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлерін жүзеге асыру барысында өндірілетін және қолданылатын тауарлар, жұмыстар және қызметтерді АЭА аумағында іске асыру бойынша айналымдарды ҚҚС-тан босату;
- АЭА құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған әкімшілік және өндірістік анықтаудағы объектілер бойынша (офистік және өнеркәсіптік ғимараттар, қоймалар) құрылыс және құрылыс-монтаж объектілерін ҚҚС-тан босату.
Әлемдік тәжірибеде арнайы экономикалық аймақтар атқаратын қызметтері, экономикаға интеграциялану дәрежесі мен ұсынылатын қызметтер жүйелері бойынша жіктеледі.
Қызметтері бойынша АЭА:
- Еркін сауда зонасы (аймағы) (ЕСЗ) — кедендік территорияның шекарасынан тыс шығарылған территория. Ішінде тауарларды қоймалау мен оларды сатуға даярлау операциялары жүзеге асырылады (буып-түю, маркерлеу, сапаны бақылау және т.б.).
- Өнеркәсіптік-өндірістік зона (ӨӨЗ) — нақты өнеркәсіптік өнімнің өндірілуі жүзеге асырылатын ұлттық кедендік территорияның бөлігі; мұнда инвесторларға түрлі жеңілдіктер ұсынылады.
- Технико-енгізушілік зона (ТЕЗ) — ғылыми-зерттеу, жобалық, конструкторлық бюро мен ұйымдар орналастырылатын ұлттық кедендік территорияның шегінен тыс шығарылған территория. Олар: технопарктер, технополистер.
- Туристік-рекреациялық зона (ТРЗ) — туристік-рекреациялық іс-әрекет жүзеге асырылатын территория — туризм мен демалыс объектілерін құру, қайта жөндеу, дамыту, туризм саласында қызмет көрсету.
- Сервистік зона — қаржылық және қаржылық емес қызметтерді көрсетумен айналысатын фирмалар үшін жеңілдікті тәртіп ұсынылатын территория (экспортты-импорттық операциялар, қозғалмайтын мүлікпен жасалатын операциялар, тасымалдау операциялары).
- Кешенді зоналар – жекелеген әкімшілік аудан территориясында шаруашылық іс-әрекеттің жеңілдікті тәртібі бар зоналар. Бұл – депрессивті аудандардағы Батыс Еуропа, Канададағы еркін кәсіпкерлік зоналары, Қытайдағы арнайы экономикалық зоналар, Аргентина, Бразилиядағы ерекше тәртіп территориялары.
Экономикаға интеграциялану дәрежесі бойынша:
- зонаға (аймаққа) енбейтін ұлттық экономика салаларымен байланысты дамытуға бағдарланған және экспорттық өндіріс, өндірістің технологиялық деңгейін арттыру, ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімнің сапасын арттыру мәселесін шешуге жәрдемдесетін ұлттық экономикаға интеграцияланған зоналар.
- Анклавтық (экспортты бағдарланған) зоналар, ондағы өндіріс экспортқа және валюталық түсімді толықтыруға бағдарланған, ал ішкі экономикамен байланысы минималды.
Жеңілдіктер жүйесі бойынша:
- Салықтық: салықтық «каникулдар» — инвесторларды мүлік салығы мен ҚҚС-тан және т.б. салық түрлерінен жартылай немесе толық босату.
- Кедендік (импорт) — зона ішінде пайдалану үшін енгізілетін жартылай фабрикаттар, шикізаттарға импорттық баждардан жартылай немесе толық босату;
- Кедендік (экспорт) — зона ішінде дайындалған өнімге салынатын экспорттық баждардан жартылай немесе толық босату.
- Қаржылық — инвестициялық субсидиялар, мемлекеттік жеңілдікті несиелер, коммуналдық қызметтер ақысы мен өндірістік ғимараттарды жалға алу ақысын төлеудің төмендетілген ставкалары.
- Әкімшілік — кәсіпорындарды тіркеудің жеңілдетілген тәртібі, шет ел азаматтарының елге кіру-шығуының жеңілдетілген тәртібі, шет ел азаматтарының алған пайдасын шетелге тосқауылсыз шығаруы.
Қазақстандағы алғашқы еркін экономикалық аймақтар 1991 жылы пайда болды: Жезқазған облысындағы Жәйрем-Атасу, Талдықорған облысындағы Алакөл және Жаркент, Талдықорғандағы «Талдықорғанвнештранс» кәсіпорны базасындағы субаймақ, Қостанай облысындағы Лисаковск және Алматы қаласындағы «Атакент» еркін сауда аймағы. Тағы бірқатар облыстар (Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау) еркін экономикалық аймақтар ретінде жарияланған болатын. Алайда АЭА құрудың алғашқы тәжірибесі қаржыландырудың жетілмеген құқықтық және ұйымдық механизмінен көздеген мақсатқа қол жеткізбей, қаржылық, салықтық және өзге де мәселелерді шешуде жеткілікті дербестікке ие болмады.
Сурет 11.1. Қазақстан Республикасында орналасқан арнайы экономикалық аймақтар
11.1. суретінен көрініп тұрғандай, бүгінгі күні Қазақстанда алты арнайы экономикалық аймақ бар:
1. «Морпорт Ақтау» (көлік-логистикалық қызметтердің дамуы);
2. «Астана - Жаңа қала» (құрылыс материалдарын өндіру, машина құрылысы, ағаш өңдеуші өндіріс, резиналы және платмассалы бұйымдарды өндіру, фармацевтика);
3. Алматы астындағы ақпараттық технологиялар паркі (IT-бизнес);
4. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Oңтүстік» (тоқыма өнеркәсібі);
5. Атырау облысындағы ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі (көміртегі шикізатын тереңнен қайта өңдеу бойынша мұнай-химия өндірісі, қосымша құны жоғары мұнай-химия өнімдерін шығару);
6. Астанадан 200 км-де орналасқан «Бурабай» (туристік кластер).
Жоғарыда айтылып кеткендей, Қазақстан Республикасының заңнамасымен арнайы экономикалық аймақтарға АЭА қатысушылары үшін айтарлықтай преференциялар ұсынылады, оның ішінде корпоративті табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы, қосымша құнға салынатын салық бойынша салықтық жеңілдіктер қарастырылған.
ҚР индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің өкілдері Қазақстанда жуырда тағы 2 жаңа АЭА құрудың жоспарланып отырғанын айтып өтті.
Жекелей алғанда, «Назарбаев университет» шеңберінде АЭА құру жоспарланады, кейіннен оның территориясында ғылыми-зерттеу жұмыстарына маманданатын халықаралық компаниялардың бөлімшелері құрылатын болады. "Идеяларды коммерциализациялау үшін сәйкес инфрақұрылымның пайда болуы университетте шағын инвестициялық компаниялардың туныдауына әкеледі".
Тағы бір АЭА Қытай және Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық зона болып табылатын Хоргос шекаралас зонасында құрылатын болады. Ол Қытай мен Батыс Еуропаны біріктіретін логистикалық каркас болады. Аталмыш АЭА Қазақстанға өзінің транзиттік потенциалын максималды ашуына мүмкіндік береді.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағы Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес еркін кедендік аймақтың (ЕКА) жеңілдетілген кедендік режимі әрекет ететін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерде орналасқан аумақ ретінде қарастырылады. АЭА-тың шекарасы оның периметрі бойынша арнайы қоршаумен жабдықталады. ЕКА-тың кедендік режиміне тауарларды орналастыру арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызмет ететін салық органында, болмаса АЭА-тың аумағындағы әкімшілік басқаруды жүзеге асыруға өкілетті органда Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен тіркелген тұлғаларға рұқсат етіледі.
