Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пособие РЭУ.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде

1990 жылға дейін КСРО құрамына енген Қазақстан бірегей мемлекеттік жүйе ретінде дамыды. Онда әр территориялық буын өзінің ерекшеліктеріне, өзінің салалық құрылымына, макроэкономиканың агрегатталған көрсеткіштерінде өз салымы мен үлесіне ие болды. Аталмыш ерекшеліктер территория, халық саны, шикізат ресурстарының болуы сияқты объективті факторлармен, сонымен қатар орталық және аймақтық басқарудың тиімділігімен байланысты болды.

80 жылдардың соңында экономиканы басқарудың орталықтанған жүйесінің бұзылуы, КСРО-ң бірегей шаруашылық-технологиялық кеңістігінің құлдырауы, экономикадағы жекешелендіру мен бағалардың ырықтандырылуы және экономиканы басқаруға жағымсыз ықпал ететін шешімдердің барлығы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өнеркәсіптік өндірістің стагнациясына, соңғы есепте қатаң жүйелі-трансформациялық дағдарысқа әкелді. Осы дағдарыстың негізінде саяси, әлеуметтік, экономикалық сипаттағы макродеңгейдегі қайшылықтар жатыр, ал олардың шешілуі қоғамның түбірлі түрде қайта құрылуымен байланысты болды.

Осылайша, XX ғасыр Қазақстанның экономикалық кеңістігін көптеген ішкі деформациялары мен қайшылықтары бар біртекті емес кеңістік кейпінде қалдырды. Трансформациялық қайта құрулардың жинаталған жағымсыз тәжірибесін саралау елдің даму стратегиясының басты құндылықтары мен бағыттарын орнату қажеттілігін анықтады. Олардың қатарына жатқызылатындар: ұлттық бәсекеқабілеттілікті арттыруға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік саясатын түбірлі өзгертуге деген талаптар мен адамның лайықты өмірі және еркін дамуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдайлар жасау.

Ол үшін Қазақстанның бәсекеқабілетті территориялық даму стратегиясын өңдеуге қатысты тәсілдемелерді жетілдіру қажет. Олар аймақтық алуан түрлілік пен аймақаралық интеграцияның басымдықтарын пайдалануға, аймақтық социумдар қызығушылықтарының сәйкес келуіне, тұрғылықты жерінен тәуелсіз барлық азаматтардың тең мүмкіндіктері қағидасын жүзеге асыруға бағдарлануы керек.

Нарықтық институттарды қалыптастыра және тікелей араласуды шектей отырып, мемлекет жеке бизнесті ынталандырып, оның бәсекеқабілеттілігін арттырып, нақты шығындарды төмендете алады. Мұндағы мемлекеттің ролі әрекет етуші нарықтық институттарды қолдаудан ғана емес, сонымен қатар жаңа институттарды құрудан, сонымен қатар жекелеген салалар мен тұтастай аудандар үшін жағдайларды теңестіруді қамтамасыз етуден тұрады.

Қазақстандағы басқару жүйесінің реформалану процесінде аймақтар белгілі дербестікке ие болып, аймақ экономикасының өндірістік-технологиялық құрылымы өзгеріп, аймақтық байланыстар сипаты өзгере түсті.

Аймақтардың кәсіпкерлік құрылымдардың қызмет етуінің экономикалық жағдайларын қамтамасыз етуден тұратын дербестік алуына байланысты, аймақаралық өзара байланыстардың дамуына байланысты экономикалық іс-әрекет субъектілерінің жауапкершілігін арттыруға назар аудара отырып, өзіндік аймақтық жүйе қалыптасады.

Аймақтық қызығушылықтар, ең алдымен, ұдайы өндірістің тұрақты сипатына, аймақ әлеуетін сақтап, арттырып отыруға бағдарланған.

Сонымен қатар, қоғамдық-экономикалық қатынастарды реформалау аймақаралық дифференциацияның күшеюімен, аймақтар дамуындағы диспропорциялардың күшеюімен қатар жүреді. Қазақстанда экономиканың негізгі салаларында терең құлдыраумен және халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуімен сипатталатын территориялар (аймақтар) пайда болды. Аймақтық экономика теориясында мұндай аймақтар депрессивті аймақтар деп аталады.

Қазақстанның кейбір аймақтарында қалыптасқан өмір сүрудің жеткіліксіз деңгейі көбінесе аймақтық биліктің ішкі саясатымен байланысты.

Осылайша, аймақтық экономикалық жүйенің дамуын тек салалық ғана емес, сонымен қатар территориялық құрылым тұрғысынан да зерттеген жөн.