- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1) Кеңестік кезеңде аймақтардың экономикалық жағдайын қандай факторлар анықтаған?
2) Кеңестік кезеңдегі шаруашылықты кеңістіктік ұйымдастырудың салдарлары қандай?
3) Тарихи-экономикалық жағдай ҚР аймақтарының кейіннен дауына қалайша ықпал етті?
4) Аймақтық дамудағы басты қиындықтар қандай?
5) Қазақстанның моносалалық аймақтарының ерекшеліктері қандай?
Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
Аймақтардың дифференциациясы, олардың дамуындағы теңсіздік бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты. Аймақтар дифференциациясының мынадай объективті алғышарттарын атап өтуге болады:
- тығыздық – халық саны, ЖАӨ көлемі, табиғи ресурстар, негізгі қорлар;
- орналастыру – теңдік көрсеткіштері, дифференциация, халықтық шоғарлындыру көрсеткіштері, экономикалық іс-әрекет, игерілмеген территориялардың болуы;
- байланыстылық – кеңістік бөліктері және элементтері арасындағы экономикалық байланыстардың интенсивтілігі, өндірістік ресурстардың мобильділік шарттары, көліктік және коммуникациялық желілердің дамуы.
Аймақтық дамуда теңсіздіктің пайда болуының алғышарттары, сонымен қатар теңсіздік пайда болуының өзге де себептері кез-келген мемлекеттің аймақтық экономикасы қалыптасуы барысындағы басты зерттеу объектісі болып табылады.
Батыстық экономикалық теория ережелерін талдау негізгі, дамыған және әлеуметтік-институционалды сияқты территориялардың даму динамикасын анықтайтын факторларды жіктеуге мүмкіндік береді. Алғашқысына географиялық орналасу, табиғи ресурстар, біліксіз жұмыс күші жатқызылады. Олар аймақтардың бастапқы дифференциациясын (теңсіздігін) анықтайды. Аймақтардың кейінгі дамуы дамыған факторлардан тәуелді болады (технология, қазіргі таңдағы инфрақұрылым, біліктілігі жоғары жұмыс күші). Әлеуметтік-институционалды факторлар аймақтық экономикалық жүйе қызмет етуінің бірқатар параметрлерін анықтайды.
Қазіргі таңда еркін экономикалық даму құқықтарын пайдалана отырып, жекелеген аймақтар өзіндік экономикалық модельдерін өңдейді. Осылайша, аграрлы секторы дамыған аймақтардың басым бөлігі жоғары сатып алу бағаларына қол жеткізіп, өнімді жабдықтауда бартерді пайдаланады. Ал өңдеуші салалар (газ, мұнай, түсті металдар) басым болатын аймақтар сыртқы нарықтарға дербес шығады. Сондықтан аймақтық саясатта аймақтардың экономикалық теңсіздіктерін бодырмайтын әкімшілік және саяси шаралар аса маңызды.
Аймақтық дамудағы басты мәселелердің бірі – жекелеген аймақтар халқының өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтарды жеңу. Осы мәселені шешуде экономикалық ерекшеліктерін ескеретін алшақ аймақтарды шаруашылық дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, әмбебап табиғи байлықтар негізінде территориялық-өндірістік кешендерді қалыптастыру зор маңызға ие.
Экономиканы мемлекеттік реттеу - бұл экономиканың өзгеруші жағдайларға бейімделуі мен тұрақталуына қатысты заң шығарушы, атқарушы және бақылаушы сипаттағы шаралар жүйесі. Ол ұдайы өндірістің аймақтық процесінің құраушы бөлігі болып табылады да, экономикалық өсімді ынталандыру, жұмысбастылықты реттеу, өндірістің салалық құрылымындағы алға жылжуларды ынталандыру сияқты мәселелерді шешеді.
Аймақтар экономикасының тұрақты дамуын мемлекеттік реттеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш әдістердің мазмұны территориялық құрылымдардың өндірістік базасынан, қоғамдық-экономикалық қатынастардан, шешілетін мәселе ерекшелігінен тәуелді болады. Көзделетін және жүзеге асырылатын шараларды түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады:
- әкімшілік және экономикалық;
- тікелей және жанама ықпал ету;
- кадрлық және ғылыми-аналитикалық қолдау.
Нарықтық қатынастарға көшу үкіметтің аймақтардың дамуы үшін жауапкершілігін төмендетпейді, бірақ бұрынғы орталықтанған жүйемен салыстырғанда саясаттағы ден қойып іске асыратын мәселелер өзгеріп, аймақтық саясатты өңдеу мен жүзеге асыруға қатысты жергілікті биліктің құқықтары кеңейтіледі.
Республиканың көлемді территориясында тек табиғи құраушы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық дамуда да айтарлықтай дифференциация байқалады. Қазақстанның әр аймағы өзінің өндірістік мамандануына, табиғи ресурстарды игерудегі ерекшеліктеріне, халықтың түрлі тығыздығына, қала және ауыл тұрғындары үлесіндегі түрлі ара-қатынасқа ие.
Мемлекеттің жалпы саясатының құраушы бөлігі ретіндегі аймақтық саясат стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін өмір сүру мен шаруашылықтың аймақтық факторларының тиімді пайдаланылуына бағытталған.
Аймақтар арасында көптеген көрсеткіштер бойынша үлкен дифференциация әрекет етеді: су ресурстары; өнеркәсіптік немесе ауылшаруашылық потенциал; табиғи және адами ресурстарды бөлудегі қамтамасыз етілу деңгейі.
Объективті шартталған айырмашылықтарға байланысты Қазақстанның аймақтары 4 топқа жіктеледі:
Бірінші топ - Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, жартылай Қызылорда, Жамбыл облыстары. Бұл стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың әмбебап қорларына және ғылыми-өндірістік потенциалдың жоғарғы қарқынына ие аймақтар.
Аталмыш топтың басымдықтары – стратегиялық (көміртегі) бай жер қойнауын интенсивті игеру, сонымен қатар көміртегі шикізатын өндіру мен кешенді қайта өндірудің жаңа технологиясы негізінде шикізаттың өзге де түрлерін (хромит, калий тұздары, борат, никель, кобальт және т.б.) игеру.
Екінші топ – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Аталмыш аймақтар жоғарғы ғылыми-өндірістік потенциалмен, ауыр индустрия салаларына маманданумен, жоғары технологиялық ғылыми сыйымды өндірістерді құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлардың болуымен, қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілумен сипатталады.
Топтың басымдықтары – жаңа ғылыми сыйымды өнімді, электроника құралдарын, ақпараттану құралдарын, автокөлік құралдарын (Павлодар және Қарағанды облыстары) шығаруды ұйымдастыру; жаңа композитті, аса таза, аса өткізу материалдарды өндіру (Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары); лазерлі технологияны шығару, құрылғылар мен автоматтандырылған басқару жүйелерін шығару (Солтүстік Қазақстан).
Үшінші топ – Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары. Осы облыстардың агроөнеркәсіптік кешендері республиканың өндірістік қорын қалыптастыруда басымды ретінде танылған.
Топтың басымдықтары – меншіктің түрлі формаларын реформалау курсының жалғасуы; ауылшаруашылық өнімді өндірудің тиімді мамандануы.
Төртінші топ – Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауылды аудандары, яғни экстремалды климаттық, әлеуметтік-экономикалық, технико-технологиялық жағдайлары бар депрессивті аймақтар. Осы аймақтарда қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуынан әлеуметтік және экономикалық дағдарыс шекті деңгейіне жетті.
Төртінші топтың басымдықтары – экономикалық дағдарыстың тереңдеу процесінің алдын алу; жергілікті ресурстардың пайдаланылуын ескере отырып, шаруашылық кешенді тереңнен қайта құрылымдау.
Осылайша, бірінші топ аймақтары үшін аймақтық инфрақұрылым (әсіресе көліктік), нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру мен шетелдік инвесторларды тартуда мемлекеттік қолдау жүйесі қажет.
Екінші топ аймақтарында мемлекеттік реттеу әдістері кеңінен жекешелендіру өткізу арқылы экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпал етуге бағдарланатын болады.
Үшінші топ аймақтарында экономикалық тетіктер мен ынталар ауылшаруашылық өндірісті реформалау, меншіктің түрлі формаларын дамыту бойынша жұмыстың жалғастырылуына шоғырланырылатын болады.
Төртінші (депрессивті) топ үшін мемлекеттік реттеу әдістері басымды болып қала береді, дәлірек айтсақ: қатаң бақылауға ала отырып, белгілі жобаларға қаржылық көмек көрсету.
Аймақтық басқару мәселелеріне қатысты қолданылатын осындай тәсілдеме табысты болуы мүмкін, себебі ол жергілікті шаруашылықтарды интенсивті дамытып, аймақтық экономиканы тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару аймақтық басқаруды саналы орталықсыздандырумен, нақты территориялық өзін-өзі басқарумен байланыстырылады.
Аймақтық саясатты қалыптастыру негізінде елдің өндіргіш күштерін оңтайландыру мен орналастырудың объективті қажеттілігі жатыр. Оның мәні – мемлекет пен аймақтар мүдделерінің үйлесуін оңтайландыру, экономикалық өсімнің аймақтық факторларының тиімді пайдаланылуы үшін жағдай жасау, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру және экологиялық қауіпсіздікті сауықтыру.
Ол үшін мемлекет мынадай құралдар кешенін пайдаланады: экономика саласындағы аймақтық заңнаманы бақылау, аймақтарды дамыту бағдарламаларын өңдеу және жүзеге асыру, салықтық жеңілдіктер.
Аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму теңсіздігінің мәселесі тек Қазақстанға ғана тән емес, сонымен қатар ол әлемнің көптеген елдеріне де тән (Италияның өнеркәсіптік солтүстігі мен ауылшаруашылық оңтүстігі; Американың оңтүстік және солтүстік штаттары). Әлемдік тәжірибе мәселелік және депрессивтік аудандардың болуы мемлекет іс-әрекетінің көптеген ішкі және сыртқы аспектілеріне жағымсыз ықпал ететінін көрсетеді.
Қазақстан артта қалған аймақтардың өмірлік деңгейін арттыруға ұмтылып, әлеуметтік-экономикалық дамудағы аймақтық диспропорцияларды жоюда белсенділік танытатын ел болып табылады.
Сонымен қатар, территориялардың дамуын тиімді жүзеге асыру мақсатында ел Үкіметімен Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі территориялық даму Стратегиясы өңделген болатын. Стратегия аймақтардың бәсекеқабілетті мамандауын қалыптастыруға, экономикалық болашағы бар аудандарда өңдірістік және еңбек ресурстарын шоғырландыру үшін жағдай жасап, «өсім полюстарын» қалыптастыруға, кластерлік жолды дамытумен байланыстыра отырып, территорияның инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Аймақтардың тең даму тұжырымдамасының орнына «өсім полюстері» ретінде аймақтық және ғаламдық нарықтарға біріктірілген және елдің барлық қалған аймақтары үшін, кейіннен тіпті барлық Орталық Азия аймағы үшін девелоперлер ретінде қатысатын қарқынды дамушы қалалар немесе облыстар қарастырылатын тұжырымдама келеді.
Сондықтан аймақтық билік органдары өз аймақтары мен тірек қалаларды дамытудың бәсекелік стратегиясын өңдеуге, оларды елдің аймақтық және әлемдік нарықтарда басымды орын алуына бағдарлауға күш салуы тиіс.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында «ресурстарды шоғырландыру механизмдерінің бірі – дамыған аймақтық орталықтардағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуы (ӘКК)» екенін айтып өткен. Олардың миссиясы – экономиканы әртараптандыру жолымен аймақтардың алға жылжуын қамтамасыз ету, корпоративті басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін мемлекеттік активтер мен кәсіпкерлік инициативаны біріктіру (олар: Сарыарқа, Оңтүстік, Ертіс, Жетісу, Тобол, Каспий).
Сонымен, Қазақстан Республикасының территориялық даму Стратегиясы территорияларды кешенді дамыту, аймақтық экономикаларды әртараптандыру мен жаңарту, халықты тиімді орналастыру, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін тиімді орналастыру мәселелерін шешуге қатысты негізгі тәсілдемелерді анықтайды.
