Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
клин.жағдай ОСКЭ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай № 17

28 жастағы науқас төменгі ерін аймағында ауру сезіміне, және оның тағам қабылдауда күшейетініне шағымданады. Анамнезінен осындай жаралар жылына 2-3 рет шығатыны анықталды. Қазіргі уақытта жаралардың шығуын стресті жағдаймен байланыстырады: директормен айналасындағы шиеленіспен. Бронхиальды астмамен ауырады.

Қарап тексергенде төменгі еріннің оң жағында кілегей қабатта сопақ пішінді көлемі 2*4 мм жара анықталды. Беті фиброзды қақпен жабылған, айналасы шеңберлене қызарған. Жараны сипап тексергенде ауырады.

Диагноз қолйылғаннан кейін, дәрігер емдеуге кірісті. Жансыздандырғаннан кейін жараны медикаментозды өңдеп, зақымдалу ошағына қабынуға қарсы жақпа жақты. Бірнеше секунд өткеннен кейін науқастың демалуы қиындап, шуылдата дем алып, кеудесінде қысу сезімі пайда болды. Қандай жедел жағдай туындады?

Диагноз қойып, шұғыл жағдайға көмек көрсетіңіз. Стоматологиялық ауруды емдеудің тактикғасы қандай?

Терапиялық стоматология кафедрасының

Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.

Жауап эталоны. № 17

Диагноз. Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит. (жеңіл түрі). Бронхиальды астма ұстамасы.

Диагнозды негіздеу: шағымы, анамнез және обьективті тексеруден.

Салыстырмалы диагностикасы: жарақатты жара, герпестік стоматит, мерездік папула, Бехчет синдромы

Шұғыл көмек: 1. Аллергенді енгізуді тоқтату.

2. Науқасты отырғызып, бөлмені желдету, оның тыныс алу қызметін жақсартуға көмек көрсетеді.

3. Арнайы аэрозоль ингаляторды колдану,: беротек, салбутамол, алупент, астмопент. Егер қолда ингалятор болса, 2-4 ретальбутерол, тербуталин, метапротенол немес басқа препараттар қолдану. Жағдайы жақсарғаннан кейін, 1-2 рет, әр 5 минут сайын бронхиальды астманың ұстамасы түскенше. Науқасқа 1-2 таблетка теофиллин, аминофиллин, эуфиллин, 1-2 таблетка димедрол, супрастин, пипольфен және тавегил беру.

4. Ауыр ұстама кезінде жедел жәрдем шақыру. Себебі ұзаққа созылған ұстама жедел тыныс жетіспеушілігін шақыру мүмкін.

Науқасты жүргізу әдісі:

Жергілікті ем.

  1. Ауыз қуысының санациясы.

  2. Жансыздандыру. ( пиромекаин, лидокаин, тримекайн, 1 процентті Xylostezin Lidocain аэрозолімен)

  3. Протеолитикалық ферменттермен апликация жасау. (трипсин, химотрипсин, лидаза және т.б.)

  4. Афтаны антисептикалық өңдеу. (1 процентті сутегінің асқын тотығы ерітіндісін, калий» перманганаты ерітіндісін 1:5000, 0,25 пайызды хлорамин ерітіндісі, 0,06 пайыз хлоргекседин.

  5. Кератопластиктерді тағайындау ( қызыл май, А, Е поливитаминдері майда еритін. Шырғанақ майы т.б )

Жалпы емі:

Десенсебилизациялаушы терапия (Супрастин 0,025 г,димедрол 0,05 г,кетотифен 0,001 г-по 1 таб 3 раза в день,Метилурацил 0,5 г,пентоксил 0,2 г-по 1 таблеткадан күніне 3 рет. Тағамнан кейін.)

Седативті терапия (валерян тамырының тұнбасы,және пустырник қайнатпасы, 2-3 ас қасык күніне, валерьян таблеткасы 4-6 рет. Кватер микстурасы ас қасықпен күніне 3-4 рет.)

Имуно түзейтін терапия я (Имудон, Ликопид 2 таблеткадан күніне 3 рет 20 күн.)

Метаболикалық терапия. (Рибофлавина мононуклеатид 1,0 в/м күніне 1 рет. ,Пантетанат кальция 1т (0,1)– 3 рет күніне,  , Липоевая кислота 1т (0,25) – күніне 3 рет. )

Рефлексотерапия

Дәрілік және физиотерапиялық әдіс жақсы нәтиже береді.