Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
клин.жағдай ОСКЭ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай № 10

Науқас , 48 жас , тіс дәрігеріне таңертең аузының құрғауына ,тағам қабылдағаннан кейін ауыздың құрғауы басылып, кешке қарай үдей түсуіне шағымданып келді.Өмір анамнезінен:науқастың қатты психоэмоциональды күйзелісте болғаны анықталды.Қарап тексергенде:тері жабындысы бозғылт түсті, мимиканың айқынсыздығы, маска тәрізді беттің кернеуі. Ауыз қуысын қарап тексергенде: кілегей қабат ақшыл қызғылт түсті, бір қалыпты ылғалданған, патологиялық зақымдалу элементтерінсіз. Кілегейдің бүтіндігі мен релефі бұзылмаған. Тілдің алдыға жылжуы еркін.Тілдің беткей пальпациясы ауру сезімсіз,бұлшық еттері бір қалыпты және иілгіш. Шымшылау симптомы аурудың басталуына себепкер болмайды.

Науқаста кенеттен діріл басталып ол сұраққа жауап бере алмай ,ауызынан ақ көбік ағып, есінен танып, жайылған тырысқақтық басталып кетті.

Стоматологиялық диагноз қойыңыз.Жергілікті емнің алгоритмін құрастырыңыз. Жедел жағдайдың диогнозын қойыңыз және жедел жағдайға көмек көрсетуді ұйымдастырыңыз.

Терапиялық стоматология кафедрасының

Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.

Жауап эталоны № 10

Диагноз: глоссалгия

Жергілікті емнің алгоритмі

1. Нейропсихологиялық бұзылыстың деңгейін төмендету. (психотерапев кеңесі).

2. Ауыз қуысын сауықтыру (көрсеткіш бойынша).

3. Транквелизаторлар тағайындау – диазепам 0,005 г. 1 таблеткадан күніне 1-2 рет 1 ай.

4. Седативті препараттар- пион тұнбасы, пустырник

5. Жүйке жүйесін қалыпқа келтіру үшін – витаминотерапия ( бұлшық етке инъекция түрінде В̣- 1 и В-2 1 мл, 10 инъекция.

6. Кешенді витаминдер–инструкция бойынша нейромультивит.

7. Физикалық әдіс (көрсеткіш бойынша) -электросон, гальваникалық воротник, , электрофорез дәрілік заттармен, ЛФК, массаж, жалпы ванналар.

Жедел жағдайлар ситуациясы . эпилептикалық естен тану

Жедел жәрдем көрсету алгоритімі

1. Медбикеге жедел жәрдем шақыруды бұйыру – реанимобиль немесе кардилогиялық бригаданы.

2 Құсық массаларымен аспирация болуын алдын алу- науқастың басын бір қырына бұрып жатқызу.

3. Науқасты жарақаттан қорғау.

4. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қадағалау. Қажет болса тіс аралығына металл емес зат қою (карандаш немесе шпа-тель), протездерін алу (бар болса)

5. Веноздық ағымға жол ашу (шеткі венаны катетиризациялау).

6. 10 мл изотониялық ерітіндіге араласқан 10 мг диазепамды баяу 4-5 мин енгізу.

7. АҚ және жүрек соғысының жиілілігін өлшеу.

Клиникалық жағдай № 11

Әйел 32 жаста , тіс дәрігеріне еріндерін түйістірген кезде ерінінің күйуіне және тағам қабылдап, сөйлеген кезде ауыратынына шағымданып келді.Өмір анамнезінен: қалқанша безінің ауыруына байланысты, эндокринологтың диспансерлік тіркеуінде тұрғаны анықталды.

Объективті: еріннің қызыл жиегі ашық қызғылт түсті, көп көлемді дымқыл қабықша мен қабыршақтармен жабылған, жалқыққа толы болғандықтан қабықшаның түсі сары сұр түсті. Қабықша ауыздың бір бұрышынан екінші бұрышына дейін иегіне қарай фартук тәрізді салбырап орналасқан.Үрдіс әлі теріге жете қоймаған.Қабықша астында еріннің дымқыл бұзылмаған қызыл жиегі жалаңаштанған. Жара жоқ. Гистологиялық зерттеуде акантоз,тікенекті қабатта «бос» жасуша , тікенекті және мүйізгектенетін қабатта пара- және гиперкератоз анықталады.

Элемент бұзылыстарын медикаментозды өңдеу алдында 10 % лидокаин ерітіндісімен аэрозольды анестезия жүргізілді,жүргізілгеннен кейін науқастың жағдайы күрт төмендеді. Науқас кенеттен тұншыға бастады, әлсіздік, кеудесінде қатты ауру сезімі пайда болып, құлағы шуылдап, басы айналды, көзінің қарауыттануы, қорқынышы үрей пайда болды. Кейін науқас есінен танып қалды.

Стоматологиялық диагноз қойыңыз. Жергілікті емнің алгоритмін құрастырыңыз. Жедел жағдайдың диагнозын қойыңыз және жедел жағдайға көмек көрсетуді ұйымдастырыңыз.

Терапиялық стоматология кафедрасының

Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.