Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
клин.жағдай ОСКЭ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай № 18

35 жастағы науқас стоматологқа тілінің ұшындағы бөртпенің пайда болуына,ас қабылдауының қиындағанына шағымданады. Анамнезінде: тіл ұшындағы бөртпенің пайда болуынан ашып күю, ауру сезімі және жансыздануы байқалады.Ауруды пайда болуын тұмаумен ауырғанымен байланыстырады. Қарап тексергенде: тіл ұшында майда, жиектері қызарған және тығыздалған ,сұр- сарғыш қақпен жабылған беткей жаралар анықталды..

Анамнезінде: бөртпелердің пайда болуы жылына 1-2 рет қайталанады. Науқасты қарау барысында қатты басының ауырғанын,басының айналғанына,құлақта шудың пайда болуы,жүрек айнуын айтты.

Артериальды қысымды өлшеген кезде 170/110 мм рт.бағана болды.

Қандай шұғыл жағдай туындады.?

Диагноз қойып, шұғыл жағдайға көмек көрсетіңіз. Стоматологиялық ауруды емдеудің тактикғасы қандай?

Терапиялық стоматология кафедрасының

Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.

Эталон жауабы:№18

Диагноз: Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит (жеңіл түрі), гипертониялық криз.

Диагнозды негіздеу:шағымына байланысты,ананмнез және тексеруден.

Салыстырмалы диагноз: жарақатты жара, герпестік стоматит, мерездік папула, Бехчет синдромы.

Жедел көмек: науқасты горизонтальді бағытта жатқызу,қысқа уақытта жылдам әсер ететін кальции антогонисін тіластына енгізу: мысалға, нифедипина, коринфара дозасы 10-30 мг, зәр айдайтын препаратттар көрсеткіштер бойынша.

Науқасты жүргізу әдісі:

  1. Ауыз қуысының санациясы.

  2. Жансыздандыру. ( пиромекаин, лидокаин, тримекайн, 1 процентті Xylostezin Lidocain аэрозолімен)

  3. Протеолитикалық ферменттермен апликация жасау. (трипсин, химотрипсин, лидаза және т.б.)

  4. Афтаны антисептикалық өңдеу. (1 процентті сутегінің асқын тотығы ерітіндісін, калий» перманганаты ерітіндісін 1:5000, 0,25 пайызды хлорамин ерітіндісі, 0,06 пайыз хлоргекседин.

  5. Кератопластиктерді тағайындау ( қызыл май, А, Е поливитаминдері майда еритін. Облепихза майы т.б )

Жалпы емі:

Десенсебилизациялаушы терапия (Супрастин 0,025 г,димедрол 0,05 г,кетотифен 0,001 г-по 1 таб 3 раза в день,Метилурацил 0,5 г,пентоксил 0,2 г-по 1 таблеткадан күніне 3 рет. Тағамнан кейін.)

Седативті терапия (валерян тамырының тұнбасы,және пустырник қайнатпасы, 2-3 ас қасык күніне, валерьян таблеткасы 4-6 рет. Кватер микстурасы ас қасықпен күніне 3-4 рет.)

Имунды жүйені түзейтін терапия (Имудон, Ликопид 2 таблеткадан күніне 3 рет 20 күн.)

Метаболикалық терапия. (Рибофлавин мононуклеатид 1,0 в/м күніне 1 рет. ,Пантетанат кальция 1т (0,1)– 3 рет күніне,  , Липоевая кислота 1т (0,25) – күніне 3 рет. )

Рефлексотерапия

Дәрілік және физиотерапиялық әдіс жақсы нәтиже береді.

Клиникалық жағдай № 19

18 жастағы жасөспірім ауыз қуысындағы ауру сезіміне, қызыл иегінің қанағыштығына, жалпы әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына шағымданады. Ауру 3 күн бұрын жедел дамыған,жалпы әлсіздік және дене қызуы 37,8 С көтерілген. Қарап тексергенде : ұрттың кілегей қабатында, қатты таңдай мен ерінде көптеген майда дұрыс емес пішінді,ақшыл-сұр түсті қақпен жабылған, сипап тексергенде ауыратын эрозиялар анықталды. Қызыл иек жиегінің шырышты қабаты ісінген, қызарған. Анамнезінде: науқастың айтуынша басында аздап қызарған, ісінген содан кейін майда көпіршіктер пайда болған. Мұндай бөртпелер бірінші рет пайда болған.

Емдеу барысында науқас тамағының жыбырлағанына,жөтел пайда болғанын,артериялық қысымының 80/50 мм. рт бағанаға дейін төмендегенін байқады. Науқас денесінің ысуына, бас ауруына, құлақтың шулауына, кеуде аймағының қысып ауыратынына және демалуының қиындауына шағымданады.

Есі сақталған, қозу көріністері біртіндеп босаңсуға дейін алмасады.

Қандай жедел жағдай туындады.?

Диагноз қойып, шұғыл жағдайға көмек көрсетіңіз. Стоматологиялық ауруды емдеудің тактикғасы қандай?

Терапиялық стоматология кафедрасының

Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.