- •Клиникалық жағдай №1
- •Жауап эталоны:№1
- •Клиникалық жағдай №2.
- •Жауап эталоны:№2
- •Жауап эталоны№3
- •Клиникалық жағдай №4
- •Эталон жауабы №4.
- •Клиникалық жағдай №5.
- •Клиникалық жағдай №6
- •Жауап эталоны№6
- •Эталон жауабы №5.
- •Клиникалық жағдай № 7
- •Эталон жауабы.№7
- •Клиникалық жағдай №8
- •Жауап эталоны№8
- •Клиникалық жағдай № 9
- •Жауап эталоны № 9 :
- •Клиникалық жағдай № 10
- •Жауап эталоны № 10
- •Клиникалық жағдай № 11
- •Жауап эталоны №11 :
- •Клиникалық жағдай № 12
- •Клиникалық жағдай № 13
- •Жауап эталоны №13:
- •Клиникалық жағдай № 14
- •Клиникалық жағдай № 15
- •Клиникалық жағдай эталоны № 15:
- •Клиникалық жағдай эталоны № 16
- •Клиникалық жағдай № 17
- •Жауап эталоны. № 17
- •Клиникалық жағдай № 18
- •Эталон жауабы:№18
- •Ауыз қуысының санациясы.
- •Клиникалық жағдай № 19
- •Эталон жауабы. № 19
- •Клиникалық жағдай № 20
- •Эталон жауабы: № 20
- •Клиникалық жағдай № 21
- •Жауап этолоны№ 21
- •Клиникалық жағдай № 22
- •Жауап эталоны№ 22
- •Клиникалық жағдай №23
- •Жауап эталоны№23
- •Клиникалық жағдай №24
- •Жауап эталоны №24
- •Клиникалық жағдай №25
- •Жауап эталоны № 25 .
- •Клиникалық жағдай №26
- •Жауап эталоны.№ 26.
- •Клиникалық жағдай №27
- •Жауап эталоны №27
Клиникалық жағдай №23
Науқас 35 жаста ауыз қкысында тітіркендіргіш тағам жегенде ауру сезіміне шағымданады. Осы аурудың алғашқы симптомы пайда болғаннан бастап өзін 2 жыл бойы аурумын деп есептейді. Анамнезінен 5 жылдан бері ахиликалық гастритпен ауырады. 1 жыл бұрын созылмалы панкреатит қосылған. Мамандығы программист. Осы мамандық бойынша 12 жылдан бері жұмыс жасайды күніне 8-10 сағат компьютер алдында. Қарап тексергенде: тері жабындысы бозғылт, ерін қызыл жиегі құрғақ езуліктер бар. Тілі анық қызарған. Қызару біркелкі емес, (дақты түрінде). Тіл емізікшелері семіген. Ұрттың кілегейлі қабығында қызыл дақты жолақтар. Ауыз қуысының гигиеаналық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Көп мөлшерде жұмсақ тіс қақтары және қызыл иек асты үсті тастар бар. Катаральды қызыл иек қабынуы бар. 46,47 тістерінде тісжегі қуысы.
Науқасты қарап тексеру барысында, басы айналып, көзі қарауытты, жалпы әлсіздік бойын билеп, түрі бозғылттанып, есінен танды. Бірақ бірнеше секунд өткеннен кейін өз-өзіне келді.
Қандай жедел жағдай орын алды.
Диагноз қойып, шұғыл жағдайға көмек көрсетіңіз. Стоматологиялық ауруды емдеу әдісіңіз..
Терапиялық стоматология кафедрасының
Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.
Жауап эталоны№23
Диагноз: Жедел лейкоз , талу
Диагнозды негіздеу: шағымына, обьективті зерттеуден және анмнезінен, перифериялық қан зерттеу нәтижесінен, сүйек кемігінен пунктат алудан
Салыстырмалы диагностикасы: қызыл иектің өсе қабынуы, жаралы-некротикалық Венсан стоматиті, С гиповитаминозы, ауыр металл тұздарымен уланғанда.
Жедел жағдай: науқасқа горизантальды жағдай жасау, мидағы қан айналым жақсару үшін, мүсәпір спиртін иіскету.
Науқасты жүргізу әдісі:
Жергілікті ем: гематологтың келісімімен, стационарлы жағдайда :
1. Ауыз қуысының санациясы, ауыз қуысының гиниенасын сақтау.
2.Жансыздандыру (3 % тримекаин ерітіндісі, пиромекаи ерітіндісі 2 пайызды)
3. Протеолитикалық ферменттермен апликация жасау.
(Дальцекс трипсин , Химотрипсин , Химопсин)
4. Ауыз қуысын антисептикалық өңдеу. ( 0,5-1 % сутегінің асқын тотығы ерітіндісі, 0.06 % хлоргекседин ерітіндісі, 0,25 пайыхзды хлорамин ерітіндісі)
5. Кератопластиктер қолдану (кызыл май , облепихи майы А және Е витаминдері майлы ерітіндісі)
6..саңырауқұлақты және герпетикалық инфекция анықталғанда, саңырауқұлаққа қарсы және вирусқы қарсы препараттар тағайындалады. (Тербинафин – Тева 250 мг тәулігіне 1 рети, Флуконазол - Тева50 мг тәулігіне 1 рет, 7-14 күн, ацикловир және оның аналогтары 200 мг күніне 5 рет, 5-7 күн)
Жалпы ем : стоционар жағдайында гемотологпен жүргізіледі.
Клиникалық жағдай №24
53 жастағы науқас,диагнозы:Пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі. Қабыну ұрдісін басу ұшін ,және хирургиялық ем жүргізу алдында (қиықтап кесу операциясы ) жергілікті және жалпылай емдеу курсы жұргізілген.Хирургиялық операция алдында 36,37тістердің ұлпасын витальдық экстирпациялау әдісімен алу қажет болғандықтан анестезия жасау кезінде науқастың денесі қызып, ыстықтаған сезім пайда болып,ыңғайсыздық сезіну,ауаның жетіспеуі,жұрек айнуы,құлағының шуылдауы,қорқу,терісінің қышуы сияқты сезімдер маэалай бастады.Науқас бозарып,суық терге түсті,терісі мрамор түстенді. Қан қысымы-75\40мм сынап бағанасына теңелді,тамыр соғуы әлсіз және жиі (тахикардия),әрен-әрен анықталады .Есін жоғалтпаған.
Науқаста қандай жедел жағдай туындады және келтірілген клиникалық белгілер қандай синдромға тән? Қандай емдеу шараларын бірінші кезекте жүргізү керек?Жедел жағдайдың себебін түсіндіріп, алдын алу шараларын атаңыз.
Терапиялық стоматология кафедрасының
Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.
