- •Клиникалық жағдай №1
- •Жауап эталоны:№1
- •Клиникалық жағдай №2.
- •Жауап эталоны:№2
- •Жауап эталоны№3
- •Клиникалық жағдай №4
- •Эталон жауабы №4.
- •Клиникалық жағдай №5.
- •Клиникалық жағдай №6
- •Жауап эталоны№6
- •Эталон жауабы №5.
- •Клиникалық жағдай № 7
- •Эталон жауабы.№7
- •Клиникалық жағдай №8
- •Жауап эталоны№8
- •Клиникалық жағдай № 9
- •Жауап эталоны № 9 :
- •Клиникалық жағдай № 10
- •Жауап эталоны № 10
- •Клиникалық жағдай № 11
- •Жауап эталоны №11 :
- •Клиникалық жағдай № 12
- •Клиникалық жағдай № 13
- •Жауап эталоны №13:
- •Клиникалық жағдай № 14
- •Клиникалық жағдай № 15
- •Клиникалық жағдай эталоны № 15:
- •Клиникалық жағдай эталоны № 16
- •Клиникалық жағдай № 17
- •Жауап эталоны. № 17
- •Клиникалық жағдай № 18
- •Эталон жауабы:№18
- •Ауыз қуысының санациясы.
- •Клиникалық жағдай № 19
- •Эталон жауабы. № 19
- •Клиникалық жағдай № 20
- •Эталон жауабы: № 20
- •Клиникалық жағдай № 21
- •Жауап этолоны№ 21
- •Клиникалық жағдай № 22
- •Жауап эталоны№ 22
- •Клиникалық жағдай №23
- •Жауап эталоны№23
- •Клиникалық жағдай №24
- •Жауап эталоны №24
- •Клиникалық жағдай №25
- •Жауап эталоны № 25 .
- •Клиникалық жағдай №26
- •Жауап эталоны.№ 26.
- •Клиникалық жағдай №27
- •Жауап эталоны №27
Клиникалық жағдай № 7
25 жастағы науқас дене қызуының 39о көтерілуіне, әлсіздікке, ауыз қуысы кілегей қабығының ауруына, ашып күйіп тұратынына, сөйлей алмауына шағымданады. Соңғы бірнеше жыл бойы ауру ауа райының өзгеруіне байланысты суық немесе желді ауа райы кезінде жиі болатынын айтады.Науқас жиі тыныс алу жолы инфекциясымен және тамағынығ баспасымен жиі ауырады.
Қарап тексергенде: қызарған және ісінген еріннің кілегей қабығында , ұртында әртүрлі морфологиялық бөрткендер: папулалар, күлбіреуіктер, ақшыл сары түстес фибрин қабығымен жабылған эрозиялар анықталды. Жара ошақтарының шетінде күлбіреуіктің беткі қабатының жарылғаннан кейінгі үзіктері көрінеді. Никольский симптомы теріс. Білезік, білек, бет терісінде көкшіл қызыл түстес, ортасы аздап созылған бөрткендер бар.
Науқасты қарап тексеру кезінде бозарып, есінен танып қалды.Во время осмотра пациент стал бледным и потерял сознание. Тамырының соғысы жіпше тәріздес, тыныс алуы беткей. Науқас бетіне суық су себкеннен кейін есін жинады.
Қандай жедел жағдай орын алды? Қандай жедел шараларды жүргізу керек?
Науқасқа стоматологиялық ауруының диагнозын қойыңыз және салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.
Жалпы емдеу кестесін құрыңыз.
Терапиялық стоматология кафедрасының
Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.
Эталон жауабы.№7
Стоматологиялық диагноз: көптүрлі жалқықты эритема, инфекциялы аллергиялық түрі
Салыстырмалы диагностика: күлбіреуікше, герпестік стоматит, герпеске ұқсас Дюринг дерматиті
Жедел жағдай – естен тану.
Науқасқа көлденең жағдай жасап басын біраз төмен орналастыру керек. Жағасын ағытып, таза ауаның келуін қамтамасыз етеміз
Мұрынына мүсәтір спирті сіңірілген мақта анжыны жақындату керек, бетіне суық су себу.
Естен тану уақыты ұзарып бара жатса 1 мл 10% кофеина немесе 2 мл кордиамин ерітіндісін егу керек.
Клиникалық жағдай №8
36 жастағы науқас сол жақ бетінде және ауыз қуысында ұстама тәрізді ауру сезіміне, сол жақ бет әлпетінде бөрткендердің пайда болуына шағымданады. лет обратился с жалобами на острую приступообразную боль в левой половине лица и полости рта, появление высыпаний на коже лица слева. Ауырғанына 4 күн болған, алғашында дене температурасының 39о дейін көтерілуінен басталған. Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегі құрғақ, сол жақ көз бұрышы аймағы, самай, мұрын қанатша терісіндегі ашық қызарған аймағында беттері сарғыш қабықпен жабылған күлбіреуіктер мен эрозиялар анықталды. Сипап тексергенде қатты ауыратынын айтты.Ауыз кілегей қабығы қызарған, ісінген, сол жақ өтперлі қатпарда эрозиялар бар. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады. Диагноз қойыңыз және салыстырмалы диагностика жүргізіңіз. Емдеу шараларының жоспарын анықтаңыз.
Терапиялық стоматология кафедрасының
Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.
