- •Клиникалық жағдай №1
- •Жауап эталоны:№1
- •Клиникалық жағдай №2.
- •Жауап эталоны:№2
- •Жауап эталоны№3
- •Клиникалық жағдай №4
- •Эталон жауабы №4.
- •Клиникалық жағдай №5.
- •Клиникалық жағдай №6
- •Жауап эталоны№6
- •Эталон жауабы №5.
- •Клиникалық жағдай № 7
- •Эталон жауабы.№7
- •Клиникалық жағдай №8
- •Жауап эталоны№8
- •Клиникалық жағдай № 9
- •Жауап эталоны № 9 :
- •Клиникалық жағдай № 10
- •Жауап эталоны № 10
- •Клиникалық жағдай № 11
- •Жауап эталоны №11 :
- •Клиникалық жағдай № 12
- •Клиникалық жағдай № 13
- •Жауап эталоны №13:
- •Клиникалық жағдай № 14
- •Клиникалық жағдай № 15
- •Клиникалық жағдай эталоны № 15:
- •Клиникалық жағдай эталоны № 16
- •Клиникалық жағдай № 17
- •Жауап эталоны. № 17
- •Клиникалық жағдай № 18
- •Эталон жауабы:№18
- •Ауыз қуысының санациясы.
- •Клиникалық жағдай № 19
- •Эталон жауабы. № 19
- •Клиникалық жағдай № 20
- •Эталон жауабы: № 20
- •Клиникалық жағдай № 21
- •Жауап этолоны№ 21
- •Клиникалық жағдай № 22
- •Жауап эталоны№ 22
- •Клиникалық жағдай №23
- •Жауап эталоны№23
- •Клиникалық жағдай №24
- •Жауап эталоны №24
- •Клиникалық жағдай №25
- •Жауап эталоны № 25 .
- •Клиникалық жағдай №26
- •Жауап эталоны.№ 26.
- •Клиникалық жағдай №27
- •Жауап эталоны №27
Клиникалық жағдай №26
32жастағы науқасқа қойылған диагноз:Пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі Бұрын емделмеген.Жергіліктті емдеу кезінде бутадион жақпамайымен қызылиегіне бастырма қойғаннан кейін, науқас қабағы мен бет терісі қыши бастағанын айтты. Мұқият қарап тексергенде қабағы және бет терісінде, ауыздың кілегейлі қабығында домбығу ошақтары, нүктелі қызыл дақтар анықталды. Науқаста қандай жедел жағдай туындады? Қандай емдеу шараларын бірінші кезекте жүргізу керек?Жедел жағдайдың себебін түсіндіріп, алдын алу шараларын атаңыз.
Терапиялық стоматология кафедрасының
Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.
Жауап эталоны.№ 26.
Ds.: Квинке домбығы
Жедел жәрдем көрсету:
1.Организмге аллергеннің түсуін тоқтату
2Науқасты ыңғайлы жағдайға отырғызу.
3Таза ауа келуін қамтамасыз ету керек
4. .Глюкокортикоидтар:преднизолон 90-120 мг немесе гидрокортизон 250 мг
5 Антигистаминдық препараттар көктамырға: 2 мл хлоропирамин (супрастин) немесе 2 мл димедрол)
6 Тыныс алудың жедел бұзылыс синдромы болған жағдайда, трахеотомиялау және жедел жәрдем бригадасын шақыру.
Себебі:
Бутадион жақпамайына жедел аллергиялық реакцияның дамуы. Алдын алу–аллергоанамнезді тиянақты жинау,аллергосынамалар жүргізу.
Клиникалық жағдай №27
56 жастағы емделуші қызыл иегінің ауыратындығына,ауыру сезімінің тістерін тазалаған кезде,тағам шайнағанда күшейетіндігіне,қызыл иегінің жиі қанайтындығына,тістерінің қозғалмалылығына,тағам шайнаудың қиындағанына,аузынан нашар иіс шығатынына шағымданды.2 жыл бұрын осы шағымдармен емдеуші стоматологқа көрінген және емдеу курсын қабылдаған.Бірақ та емдеу курсы жақсы нәтиже бермеген Емделуші кардиологтың диспансерлік бақылауында тұрады. Себебі, бұдан екі жыл бұрын жүрегіне кардиостимулятор қойылған.Қарап тексергенде екі жақ қызыл иектері толығымен қатты қызарып домбыққан,сүнгілеп байқағанда қатты және ұзақ қанайды.Көптеген тістердің төңірегінде тереңдігі 5,5-6,0 мм пародонтальдық қалталар анықталды,біраз тістерінде II-III дәрежелік қозғалмалылық байқалады.Панорамалы рентген суретте альвеола өсіндісі біркелкі емес көлдеңен және тік сорылуға ұшыраған (тістер түбірлерінің 2/1 ұзындығына дейін). Барлық тістерінде көп мөлшерде жұмсақ және қатты шөгінділер бар.Қарап тексеру кезінде емделуші кенеттен есінен айырылып демалуы тоқталды,ұйқы артерияларында пульс анықталмады.Емделушіде қандай жедел жағдай дамыды және бірінші кезекте қандай емдеу шараларын жүргізу керек?Науқастың шағымына және объективтік көріністеріне байланысты ауруға диагноз қойыңыз,сараптамалы диагностикасын жүргізіңіз.Жалпылай және жергілікті емдеу шараларының сызбасын құрыңыз.Емделушінің кенеттен есінен айырылуының себебі неде?
Терапиялық стоматология кафедрасының
Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.
Жауап эталоны №27
Ds.:Жүректін кенеттен тоқтауы. Пародонттың созылмалы жайыла қабынуы,орта дәрежесі. Пародонттың созылмалы жайыла қабынуының орта дәрежесін осы аурудың ауыр дәрежесінен, пародонт қабынуының қарқынды дамуынан, пародонтлизистеуші аурулардан(қант диабеті) сараптау керек.
Науқасқа жедел жәрдем көрсету:
1. Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету. Жедел жәрдем бригадасын шақыру.
2. Жүрекке жабық массаж жасау және өкпеге жасанды ауа жіберу (ауызбен ауызға, ауызбен мұрынға) .
3.Қажетті дәрілерді енгізу:
-. Эпинефрин 1 мг-нан 3-5 минут сайын жүргізу
Көктамырға 1,5 мг/кг салмағына лидокаин ертітіндісін енгізу
-Дефибрилляциялау 360 Дж.
Нәтиже болмаған жағдайда лидокаинді әр 3 минут сайын қайталау, бірыңғай дозасымен және -дефебрилизациялауды қайталау. Ауруханаға жатқызу.
Пародонттың жайыла қабынуының орта дәрежесін емдеу сызба-нұсқасы.
Ауыз гигиенасын анықтау
Қозғалмалы тістерді шендеу
Шамадан тыс түйісу ошақтарын ретке келтіру.
Тіс тастарын алу
5 Қабынуға қарсы емдеу шараларын жұргізү: Аскорутин 1 таб күніне 2 рет, курсы 10 күн.
Эхинацея тұнбасы 30 тамшыдан әр 12 сағат сайын курсы 7 күн.
«Метилурацил» 1 таблеткадан күніне 2 рет 10 күн , «Горный кальций»50 2таб күніне 2рет курсы-20күн
Физикалық емдеу : ГН-сәулесін қолдану
Ауыз гигиенасына ұйретү
