Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі Л...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары

1. "Есеп" ұғымының мәнін, рөлін және орнын, оны дұрыс қалыптастырудың дидактикалық функциялары мен шарттарын философиялық, жалпы ғылыми және нақты ғылыми тұрғыдан қарастыру.

2. Есеппен жұмыс істеуде қандай үш кезеңді (Дж. Пойа ізімен) бөліп қарауға болады?

3.Есептер оқыту барысында қандай дидактикалық мақсатта пайдаланылады?

4. Стандарт емес есептер оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға әсері.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Әбілқасымова А., КөбесовА., Рахымбек Д., Кенеш Ә. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.А.: «Білім» -1998 ж.

2.Рахымбек Д. Оқушылардың логика-методикалық білімдерін жетілдіру. –А.: РБК 1998

3.Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы / жалпы методика/-А.: Мектеп.1989 ж

4.Методика преподавания математики в средней школе. Общая методика. Учебное пособие. В.Г.Огоносьян, Ю.М.Колягин, Г.Л.Луканин, В.Я.Санинский.-М: Просвещение.1980-368с

5.Методика преподавания математики в средней школе. Частная методика-М.: Просвещение.1977-480

11. Лекция. Математиканы оқытуды ұйымдастыру

Лекция жоспары

1. Сабақтың конспектісін дайындауға әдістемелік ұсыныстар.

2. Сабаққа дайындалу мен өткізуге қосымша кеңес.

3. Математика сабағын талдау схемасы.

Лекция мазмұны

1. Мектепке барған студент практикант конспектіде мыналарды ескергені жөн:

Күні, тақырыбы, мақсаты, сабақтың түрі, оқыту құралы, орындалу уақыты көрсетілген сабақ жоспары, одан әрі сабақтың жүргізілуі толық баяндалады.

  1. Үйге берген тапсырманы тексеруді ұйымдастырудың мазмұны мен әдістемесі. Үй тапсырмасын тексеру білімді үйретуге және оқушылардың жаңа сабақты ұйғару деңгейін пайымдауға бейімделгені жөн.

  2. Теория жағынан сұралынатын оқушылар алдын-ала белгіленіп оларға сұрақтар дайындалуы керек.

  3. Жаңа тақырыпты оқыту мақсаттары мен әдістері белгіленеді:

а) Кіріспе қалай болады, жаңа материалды оқытудың қысқаша жоспары, жазулардың тақтадағы үлгісі;

б) оқушылар өз бетінше қандай жұмыстар орындауы керек (оның ішінде оқулықпен жұмыс);

в) қандай көрнекі құралдар қашан және қалай қолданылатын болады;

4) Оқыған сабақты баянды ету әдістемесі: оқушылардың сабақта өткен материалды игергендігін көрсететін жаттығулар мен сұрақтар оны түсіну деңгейі, егер өзіндік жұмыс жоспарлаған болса, онда орындалуына нұсқаулар беріледі.

5) Үйге берілетін тапсырманың мазмұны және олардың берілу уақыты. Үй тапсырмасына түсініктеме берілуі керек. Конспектіде есептердің шешімдері болғаны жөн.

2.Сабаққа дайындалу мен өткізуге қосымша кеңес.

1. Әрбір сабаққа тек мектеп оқулығымен ғана шектелмей басқа да кітаптармен әртүрлі қызықты есептерді түсіндіру үшін, алған білімді баянды ету үшін нақты сұрақтарды таңдап ала білу қажет.

2. Қиынырақ материалдарды оқу алдында осы жаңа материалды игеруге проблемалар қоюға мүмкіншілік жасайтын және де оқушылардың өз бетінше заңдылықтар ашуына себепкер болатын жаттығулар таңдай білген дұрыс.

3. Оқушыларға қойылатын сұрақтар дәл нақты болуы керек.

4. Оқушыларды ықыласпен тыңдап, оның жауабын дәл сезініп дұрыс баға қоя білу керек. Жеке оқушылардың жіберген қатесін сынып алдында көрсете отырып ары қарай оқытуда оларды ескеріп отырған тиімді.

5. Мұғалімнің алдын-ала қандай білім мен дағдыны тексеретінін кімге қандай сұрақ қоятынын мұқият ойластырып алғаны дұрыс.

6. Жалпылама ауызша сұрау білімге үйретуге жетелейтіндей болуы керек. Бір ғана оқушының дұрыс білген жауабына қанағаттанбай, қалғандарының да қиын сұраққа берілген жауапты түсінгендігіне, меңгергендігіне көз жеткізу керек. Ең бастысы негізгі ойға ерекше көңіл аудару керек.

7. Қандай сұрақтан кейін оқушыларға ойлануға үзіліс беріп, қалаған оқушыдан сұрау керек екендігін қандай сұрақтарға бірден жауап талап етілетіндігін дұрыс ойластырған жөн.

8. Ұсынылған есептің шешімін әр оқушы ойластыруы керек. Сонан соң ғана тақтаға бір оқушыны шақыруға болады. Сонда әр оқушы өз шешімін салыстыра алады. Бұдан оқушылардың белсенділігі, ынталылығы, ізденімпаздығы, шығармашылығы тәрбиеленетіні айқын.

9. Оқушылардың дәптеріндегі жазуларын қадағалаған жөн. Нақты жүйелі түрде орындаған жазулар, дұрыс сызылған суреттер материалды дұрыс меңгеруге көмектеседі және үй жұмысын орындауға үлгі болады.

10. Мұғалімнің тілектестік үні оқушыларға деген сенімі және қажетті қаталдығы (талаптығы) болуы керек.

3.Математика сабағын талдау схемасы. (шамамен)

1. Жалпы мағлұматтар: сынып, тақырып, мақсаттары, сабақтың түрі мен құрылымы.

2. Сабақтың басталуы: ұйымдастыруы, формасының ұзақтығы, тиімділігі.

3. Үй жұмысын тексеру: тапсырмалардың және оны тексерудің мақсаты, қалай тексерілді, кімнің орындамағаны немесе кімнің қандай себептермен орындамағаны анықталды ма, оған мұғалімнің реакциясы. Үй жұмысын тексерудің ұзақтығы тиімділігі.

4.Сұрау сұрақтар мен тапсырмалардың қойылуы мен мазмұны.

5. Жаңа материалды оқу егер жоспарланған болса, онда ол сабақтың ең негізгі түйіні. Оқушыларға сабақтың мақсаты қойылды ма (жалпы мұғалім сабақтың мақсатын қойып, оның кезеңдерін оқушылар алдында көрсете алды ма?

Жаңа материалдың көлемі мен мазмұны баяндау әдісі, көрнекі құралдарды қолдануы тақтадағы және дәптердегі жазулар мен суреттер оқулықпен жұмыс, оның қажеттілігі мен тиімділігі, сабақтың негізгі маңызды жерін бөліп көрсету.

6. Оқығанды баянды ету (бекіту) оның қорытындысы неде? Сұрақтардың есептердің таңдап алынуы , есептер мен жұмыс істеу әдісі, өзіндік жұмыс болды ма, оның ұйымдастырылуы, мақсаты, оқушылардың жаңа материалды жете түсіне алғандықтары туралы айту мүмкін бе? Егер болса, онда ненің меңгерілгенін, ненің қиыншылық туғызғанын және не себептен екенін сипаттау.

7. Келесі сабаққа тапсырма қашан және қалай берілді. Оның мақсаты, мазмұны және көлемі, оқушылардың тапсырманы түсінгеніне мұғалімнің көзі жетті ме? Тапсырманы орындау сабақтың мазмұны мен әдістемесін қамтамасыз етті ме?

8. Мұғалім сабақты қалай аяқтады және оқушылардың бағасы.